Сұрап үйренген ғалым...

16 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Dec 1, 2025, 12:31:57 AM12/1/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ризығы берілмейтін бірде-бір жанды жоқ!

Сұрақ: Адамның ризығы тағдырға ежелден жазылғандықтан, адамға тек әмір етілген себептерге жүгіну ғана қала ма?

Жауап: Хатим Әсам хазрет ұстазы Шақиқ Бәлхи хазреттің бір сұрағына орай мынадай сөз қозғайды:

«Адамдарға қарадым, бәрі ішіп-жеу, ақша табу үшін барын салып тырысып жүр. Сондықтан да харам және күмәнді нәрселерді де алып, қорлауға, кемсітуге шыдап жүр. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тарапынан ризығы жіберілмейтін жер бетінде бірде-бір жанды жоқ». Құран кәрімнің әлбетте дұрыс екенін және сол жандылардың бірі мен екенімді білдім. Ризығымды жіберетініне сөз бергеніне, әлбетте жіберетініне сеніп, Оның әмір еткеніндей еңбектендім.

Әр адамның біреуге немесе бір нәрсеге сеніп жүгінгенін көрдім. Кей адамдар алтындарына, мал-мүлкіне, кей адамдар кәсібі мен табысына, кей адамдар мансап пен абыройына, ал кейбірлері өзі секілді адамға сенеді. Бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Аллаһу та'ала тек Оған ғана сеніп жүгінгендерге әрдайым көмектеседі». Әр уақытта және әр ісімде жалғыз Аллаһу та'алаға жүгіндім. Ол әмір еткендіктен жұмыс істедім, себептерге жүгіндім. Бірақ тек қана Одан сұрадым.

Адамдарға қарадым. Бір-бірінің мал-мүлкіне, мансабына және біліміне көз тігіп, топ-топ болып бөлініп, бір-біріне дұшпан болып жүргенін көрдім және бір аяти кариманың мына мағынасын ойладым: «Сендердің дұшпандарың шайтан. Яғни сендерді Аллаһ жолынан, мұсылмандықтан айыруға тырысатындар. Оларды дұшпан деп біліңдер». Құран кәрімнің дұрыс айтқанын білдім және шайтан мен ол сияқты мұсылмандарға қарсыларды өзіме дұшпан деп біліп, сөздеріне алданбадым, оларға ермедім. Олардың табынғандарына табынбадым. Аллаһу та'аланың әмірлеріне бағындым. Әһли сүннет ғалымдары көрсеткен жолдан шықпадым. Құтылу жолының, тура жолдың тек қана әһли сүннет жолы екеніне сендім. Сондықтан мұсылмандарды алдауға тырысқандарды тыңдамадым. Мұхаммед алейһиссаламның жолын көрсеткен әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан айрылмадым».

Шақиқ Бәлхи хазрет бұл сөздерді естігенде:

«Ей, Хатим! Аллаһу та'ала жарылқап, әр ісіңе көмектессін! Таурат, Інжіл, Забур және Құран кәрімге қарадым. Бұл төрт кітаптың осы негіздерге сүйенгенін көрдім. Осыны ұстанатындар осы төрт кітапты ұстанған, әмірлерін орындаған болады» деді.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 8, 2025, 2:45:28 AM12/8/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Кінәні өзімізден іздеу

Сұрақ: Кінәлі болмасам да кейде түрлі жалаларға тап боламын. Біреуге берген қарызымды ала алмай жүремін, кейде біреулер қарызсың деп жағамнан алады. Дұғаларым қабыл болмайды. Қара басымнан қиыншылықтар кетер емес, мұның себебі не болуы мүмкін?

Жауап: Дерт, қиыншылықтар адамға екі себептен келеді:

1) Күнәсыз адамдарға, әулиелерге келеді. Бұл олардың дәрежелерінің көтерілуіне себеп болады. Басқа хикметтері де болуы мүмкін. Өйткені хадис шәрифте: «Ең ауыр бәлелер әнбия, әулие және соларға ұқсағандарға келеді» делінген. (Тирмизи).

2) Қиыншылықтардың, бәле-жалалардың келуінің себебі күнә істеу немесе қажетті себептерге жабысуда кемшілік жіберу. Құран кәрімде былай делінген: «Сендерге келген әр қиындық өз қолдарыңмен істеген күнәлардың кесірінен. Әйтсе де Аллаһу та’ала көбісін кешіреді (қиыншылыққа ұшыратпайды)». (Шура 30).

Бала-шағада, жануарларда, басшыда, қол астыдағыларда қандай да келеңсіздік көргенде кінәні өзімізден іздеуіміз керек. Фудайл бин Ияд хазрет: «Дінге сай болмаған іс жасағанымды әйелімнің мінез өзгерісінен аңғаратын едім. Дереу ол ісіме тәубе еткенімде әйелімнің мінезі де дұрысталатын. Осылай тәубемнің қабыл болғанын түсінетін едім» деген. Демек қиыншылықтар өз қателеріміздің кесірінен келуде. Біздің кемшілігіміз қатемізді көрмеуде.

Үстімізге шекер сеуіп қойғанбыз, сөйте тұра шекерге қонған шіркейлерді кінәлап жүрміз. Араның ұясын шыбықпен шұқылап отырудамыз, кінәны бізге бас салған аралардан іздеудеміз. Салихтер (жақсылар) қиыншылықтарда кемшілікті өздерінен деп білетін еді. Бір ғалым кісі жолда келе жатқанында бір әйел байқаусызда терезеден үстіне күл төгіп жібереді. Әйел кешірім сұрамай тұрып әлгі ғалым: «Бұл басқа күл емес, от лайық еді, оңай құтылдық» деген екен. Өз кемшіліктеріне қарамай басқалардың кемшіліктерін іздейтін, кемшіклікті үнемі басқалардан көретін адам басына одан да үлкен бәле келмегеніне шүкір етуі керек.

Аллаһу та’ала ешкімге зұлымдық етпейді. Себепсіз қиыншылық жібермейді. Басымызға келетін әрбір қиыншылық күнәларымыздың кесірінен туындауда. Бәлкім ол істе кінәсыз көрінсек те, басқа бір істегі кемшіліктеріміздің себебімен бұл қиыншылықтардың келіп жатқандығын ұғынуымыз керек.

Күнәларға тәубе етіп, нәпісті төмендетіп тәрбиелеуге тырысу керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Нәпсін төмендеткен адам дінін жоғарылатқан болады, ал нәпсін жоғарылатқан адам дінін төмендеткен болады». (Әбу Нуайм). Өйткені нәпіс Аллаһу та’аланың дұшпаны. Әрдайым зиянды істер жасағысы келеді. Құран кәрімде «Нәпіс әрдайым жамандықты әмір етеді» делінген. (Юсуф 53).

Шайтанның арбауы әлсіз, ал нәпсіміз одан да қауіпті. Хадис шәрифте: «Адамның ең қуатты дұшпаны нәпісі» делінген. Нәпістің әрбір қалауы Аллаһу та’аланың тыйым салған нәрселері. Әрдайым қас дұшпаны болған шайтанға мойынсұнады. Нәпсіне ерген адам үнемі ислам шеңберінің сыртына шығады.

Діннің бүкіл әмірі мен тыйымдары нәпісті әлсірету, шектен шығаратын азулы қалауларының алдын алу үшін. Дінге мойынсұнған сайын нәпістің қалаулары азаяды. Нәпіс тазаланбайынша адам үстемдік қалауынан, өзін ұнатудан бастарта алмайды. Хадис шәрифте былай делінді: «Нәпіске мойынсұну және өзін ұнату адамды пәлекетке жетелейді.» (Табарани)

Жоғарыда кемшілікті әрдайым өзімізден деп білу керектігін айтқан едік. Кінәні үнемі басқалардан көріп, өзімізді ұнататын болсақ, басқаларды төмен көретін болсақ бұлар біздің тоқырауымыз, пәлекетімізге айналады. Өзіміз мақталуға, марапатталуға лайықты адам болсақ та өзімізді мақтауымыз қате болады. Өйткені «дұрыс та болса, адамның өзін мақтауы өте жаман қасиет» деген даналық сөз бар. Мақтану тәкаппарлықтан туындайды. Құран кәрімде былай делінеді:

«Аллаһ өзін ұнатып мақтанған адамды жақсы көрмейді». (Лұқман 18).

«Аллаһ тәкәппар адамдарды жақсы көрмейді». (Нахл 23).

Хадис шәрифте былай делінеді: «Досын төмен көру адам үшін жамандық ретінде жеткілікті». (Мүслим).

Өзін ұнататын адам насихатты қабыл етпейді, үнемі қарсы шығып, өзін көрсетіп жүреді. «Олай емес», деп өзінікін дұрысқа шығарып, қарсыдағы адамды дұрыс емеске шығаруға тырысады. «Аллаһтан қорқ, бұл тірлігің дұрыс емес, бұлай істеме» делінген жағдайда дереу қарсы шығады. Бір хадис шәрифте: ««Аллаһтан қорық» деген адамға «сен алдымен өзіңе қарап ал» дейтін адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді» делінді. (Бәйһақи).

Қарсы шығуды әдетке айналдыру, «жоқ олай емес» деп айту өте жаман әдет. Өйткені бұлай айту «сен білмейсің, бұл істі сен түсінбейсің, сен ақымақсың, мен ақылдымын, көп білемін» дегенді меңзейді. Бұл болса өзін үстем деп біліп, басқаларға тап беру деген сөз. Қажетсіз жерде қарсыдағы адамның кемшіліктерін тауып бетіне басу күнә болып табылады. Өйткені оның қатесін айту арқылы оны ренжіткен боламыз. (Зәру жағдай болмайынша) адамды ренжіту харам болып табылады. Мұндай жағдайларда өзгенің қатесін айту қажет емес. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Дін бауырыңа қасарыспа». (Тирмизи).

«Өзінікі дұрыс бола тұра, қарсы шықпай, сөз таластыруды тәрк еткен адамға жаннатта бір сарай беріледі». (Табарани).

Дұрыс нәрсені дұшпаның айтса да қабыл ету керек. Дұрысты қабыл етпеу тәкәппарлықтың белгісі. Ал тәкаппарлық үлкен күнә болып табылады. Дұрысты қабыл етпеуге қырсықтық делінеді. Қырсықтық алдыңдағы адамды төмен көруден пайда болады.

Имам Раббани хазрет былай деген: «Бақара сүресінің «көңілдерінде ауру бар» деген мағынадағы аяти кәримада білдірілген ауру емделмейінше шынайы иман пайда болмайды. Көңілі ауру болған адамның иманы, иманның көрінісі. Нәпсін тазалаған адам шынайы иманға қауышады. Юнус сүресінің «Аллаһтың әулиесі үшін қорқынышпен қайғы жоқ» деген мағынадағы 62-ші аяти кәримадағы сүйінші шынайы иманға қауышқандар үшін». (1/46).

Демек Аллаһу та’аланың досы болу және шынайы иманға қауышу үшін көңілдегі ауруларды, яғни жаман мінездерді тазалау, өзін ұнатпау, кінәны өзінен деп білу, қырсық болмау, дұрысты кім айтса да қабылдау керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 15, 2025, 1:49:12 AM12/15/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Қабір сұрақтары

Сұрақ: Қабірде қандай сұрақтар қойылады, жауаптары қандай?

Жауап: Қабірдегі сұрақтарға жауап беру үшін мыналарды үйрену керек:

 

Раббың кім? – Аллаһу та’ала.

 

Дінің не? – Ислам діні.

 

Қай пайғамбардың үмметіненсің? – Мұхаммед алейһиссаламның.

 

Кітабың не? – Құран кәрім.

 

Құбылаң қай жақта? – Қағба-и муаззама.

 

Итиқадта (сенімде) мазһабың қандай? - Әһли сүннет уәл жамағат.

 

Амалда мазһабың қандай? – Төрт мазһабтың қайбірін ұстанса, соны, мысалы Ханафи, Малики, Шафии және Ханбали мазһабтарының бірі айтады.

 

Одан бөлек төмендегі негіздерді де білу қажет:

Кімнің нәсіліненсің? – Адам алейһиссаламның.

 

Кімнің ұлтынансың? – Ибрахим алейһиссаламның.

 

Иман деген не? Әмәнту-дің негіздері қандай? – Иман дегеніміз – Мұхаммед алеййһиссаламның Аллаһу та’ала тарапынан келтірген әмір мен тыйымдарға сену және сенгенін тілмен айту деген сөз.

Иман – Әмәнту-де білдірілген алты негізге сену және Аллаһу та’ала тарапынан білдірілген әмір мен тыйымдардың барлығын толығымен қабылдау, әрі ұнату.

Әмәнту дегеніміз:

Әмәнту биллаһи уә мәләикатиһи уә кутубиһи уә русулиһи уәл йәумил әхири уә бил қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл бә’су бә’дәл мәути хаққун. Әшһәду әнлә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһу.

(Яғни Аллаһқа, періштелеріне, жіберген кітаптарына, пайғамбарларына, ахирет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Аллаһтан екеніне, өлгеннен кейін тірілуге сенемін. Аллаһтан басқа илаһ (тәңір) жоқ екеніне және Мұхаммед алейһиссалам Аллаһтың құлы, әрі соңғы пайғамбары екеніне куәлік етемін.)

 

Исламның шарттары қандай? – Мыналар:

1) Кәлимаи шахадат келтіру.

«Әшһәду ән лә илаһә иллаллаһ уә әшһәду әнна Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ» деп айту. Мағынасы мынадай:

«Мен куәлік етемін (яғни көргендей білемін және білдіремін), Аллаһтан басқа илаһ (тәңір) жоқ. Тағы куәлік етемін, Мұхаммед алейһиссалам Оның құлы және расулы.)

Расулуллаһқа сену дегеніміз – Оның келтіргендерінің барлығын толығымен қабылдау, сену және барлығын ұнату деген сөз.

2) Намаз оқу.

3) Зекет беру.

4) Ораза тұту.

5) Қажылыққа бару.

 

Аллаһу та’аланың сипаттары қандай? – Мынадай:

Аллаһу та’аланың заттық сипаттары алты:

1) Вужуд.

2) Қыдем.

3) Бәка

4) Уахданийат.

5) Мухаләфәтун лил хауадис.

6) Қиям би нафсиһи.

 

Аллаһу та’аланың субути сипаттары сегіз:

1) Хаят.

2) Илм.

3) Сәм.

4) Басар.

5) Ирада.

6) Құдірет.

7) Кәлам.

8) Тәкуин.  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 22, 2025, 12:57:35 AM (12 days ago) 12/22/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Ражаб айы

Сұрақ: Ражаб айы туралы мәлімет бересіздер ме?

Жауап: 21 желтоқсан күні жаңа Ражаб (ережеп) айы басталған еді. Ражаб – қасиетті үш айдың бірі. Бұл ай тәубе, құрмет және ғибадат, ал Рамазан жақындық пен ниғмет айы болып табылады. Зуннун Мысри былай дейді: «Ражаб – егіннің ұрығын егу, Шабан айы – егінді суару, ал Рамазан болса – өнімді жинау айы».

Ражаб (ережеп) айы кешірім, Шабан айы шапағат және Рамазан айы сауаптар еселеніп берілетін ай екендігі хабар берілген. Бұл айларды құрметтеу күнәлардан аулақ тұру және ғибадат ету арқылы жүзеге асады. Құрмет көрсеткен адам оның марапатын алады. Осы қасиетті уақыттарда уәде етілген сауаптарды алу үшін ең алдымен жүректегі сенімді түзету керек. Ілімхал білімдерін үйреніп, соларға сай өмір сүру керек. Көп тәубе жасап, кешірім сұрау керек. Қаза болған намаздарды оқуды бастау қажет. Тезірек қарыздардан құтылуға тырысқан жөн.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ражаб айында Аллаһу та’алаға көп истиғфар айтыңдар, өйткені Ражаб айының әрбір уақытында Аллаһу та’аланың тозақтан азат еткен құлдары бар. Сонымен қатар, жәннатта өте әсем сарайлар бар, оларға тек Ражаб айында ораза тұтқандар кіреді». (Дәйләми)

«Аллаһу та’ала Ражаб айында ораза тұтқандарды кешіреді». (Ғуния)

«Қасиетті Ражаб айының басында бір күн, ортасында бір күн және соңында бір күн ораза тұтқан адамға Ражаб айын толығымен тұтқандай сауап беріледі». (Мифтахул-жәннә)

«Мына бес түнде жасалған дұға босқа кетпейді: Рағаиб түні, Шабан айының 15-ші түні, жұма түні, Рамазан айтының түні және Құрбан айттың түні». (Ибн Асакир)

«Аллаһу та’ала Ражаб айындағы жақсы амалдарды көп еселендіреді. Бұл айда бір күн ораза тұтқан кісі бір жыл ораза тұтқандай сауап алады. Жеті күн ораза тұтқан адамға тозақ есіктері жабылады. Сегіз күн тұтқанға жәннаттың сегіз есігі ашылады. Он күн тұтқан адамға Аллаһу та’ала сұрағанын береді. Он бес күн тұтқанға бір хабаршы «Өткен күнәларың кешірілді» деп айтады. Аллаһу та’ала Нұх алейһиссаламды Ражаб айында кемеге мінгізді. Ол Ражаб айын оразамен өткізіп, жанындағыларға да ораза тұтуларын әмір етті». (Табарани)

«Ражаб айында тақуалыққа сай бір күн ораза тұтқан адамға ораза тұтқан күндері тілге келіп «Йа, Раббым, оны кешіре гөр» деп тілейді». (Әбу Мұхаммед)

 

Рағаиб намазы деген жеке намаз түрі жоқ

Кейбір адамдар Рағаиб, Бәрат дәне Қадір түндерінде нәпіл намаздарын жамағатпен оқуда. Алайда, нәпіл намазын жамағатпен оқу мәкрух болады. Бұдан бөлек «Рағаиб намазы» деген намаз да оқылуда. «Рағаиб намазы» хижреттен төрт жүз сексен жылдан кейін пайда болған. Көптеген ғұламалар мұның жаман бидғат екенін жазуда. Көп адамның оқып жүргеніне алданбай, мұны сүннет деп ойламау керек.

Бұл түнді өзге қасиетті түндердегі секілді ғибадатпен өткізу қажет: Құран кәрім оқу, қаза намазын оқу, күндіз ораза ұстау керек.

 

Ражаб айындағы намаз және дұға

Пайғамбарымыз Ражаб айының туғанын көргенде Салман Фариси хазретке былай деді:

«Ей, Салман, ер және әйел мұсылмандардың бірі Ражабта әр рәкатында Фатиха-и шәрифті бір рет, Ихлас пен Кафирун сүресін үш рет оқып, отыз рәкат намаз оқыса, Аллаһу та'ала оның күнәсін әлбетте кешіреді және оған толық бір жыл ораза ұстағандай сауап беріледі. Ол адам келесі жылға дейін намаз оқығандардан болады және махшар алаңында шөлден сақтанған болады».

Салман Фариси «Бұл намазды қалай, қашан оқиын?» деп сұрағанда Пайғамбарымыз былай жауап берді: «Ей, Салман, Ражаб айының бірінші күні он рәкат оқисың. Әр рәкатта бір Фатиха, үш рет Кәфирун және үш рет Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергеніңде қол жайып: «Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду, йухйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала кулли шәйин қадир, Йа, Раббым, Cен бергің келсе, ешкім кедергі бола алмайды, Cен кедергі болсаң, ешкім ешнәрсе бере алмайды» дейсің. Кейін қолдарыңмен бетіңді сипайсың.

Кейін, айдың ортасында он рәкат оқы. Әр рәкатта бір Фатиха, үш Кәфирун және үш Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергенде екі қолыңды көкке қаратып: «Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду йуһйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала кулли шәйин қадир. Илаһән уаһидән, фардән, самәдән, уитрән уә ләм йәттаһиз сахибәтән уә ләуәләдә» деп қолдарыңмен бетіңді сипайсың.

Айдың соңында он рәкат оқып әр рәкатта бір Фатиха, үш рет Кәфирун және үш рет Ихлас сүресін оқисың. Сәлем бергенде екі қолыңды жайып: «Лә илаһә иллаллаһу уаһдаһу лә шәрикәләһ, ләһул мулку уә ләһул хамду йуһйи уә йумиту уә һуә хаййун лә йәмуту бийәдиһил хайр уә һуә ала алиһиттахиринә уә лә хаулә уә лә қуата иллә билләһил алиил азыйм» деп не сұрасаң да дұғаң қабыл болады. Әр рәкаты үшін саған миллиондаған рәкат намаз сауабы беріледі».

Салман Фариси бұл хадис шәрифті айтқаннан кейін «Мен бұл хадис шәрифтегі сауап және шексіз мейірімдер мен медеттерді көргенде шүкір сәждесін жасадым» деді. (Қаза намаздары барлар мұның орнына қаза намаздарын қойып оқуы керек. Осылай жасағанда әрі қазаларынан құтылады, әрі осы айтылған көп сауапқа кенеледі. Парыз намазынан қазасы барлардың нәпіл намаздары қабыл болмайды).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 29, 2025, 12:49:34 AM (5 days ago) 12/29/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D1576A.90232FB0

Жаңа жыл тойлау және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл мен Рождество жайында мәлімет бересіз бе? Жаңа жыл тойлауға болады ма?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі бір емес, бірақ Рождество тойлаудың жалғасы болып саналғандықтан, жаңа жыл түнін христиандар сияқты тойлау, шыршаны кесіп, үйді шыршамен безендіру жаиз (рұқсат) емес. Өйткені мейрамдарында олар сияқты көңіл көтеру – оларға ұқсау болып табылады.

Діни кітаптарда жазылған:

Рождество күнінде және түнінде кәпірлердің пасха және діни мейрамдарында олар сияқты тойлаған адам күпірге түседі.

Жаңа жыл себебімен Қазақстанда және әлемнің әр түрлі жерлерінде миллиондаған шырша ағаштары Рождество аңызы үшін кесіліп жойылуда. Христиан мемлекеттерде болғанындай, мұсылман мемлекеттерде де осы қылмыстар жасалмау керек. Христиандарға ұқсамау үшін жаңа жыл түнінде күркетауық жемеу керек! Желінетін болса, мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жей беруге болады. Құмар ойнау, лоторея тарту сияқты ойындар болса онсыз да барлық уақытта жаиз (рұқсат) емес. Бұл түнде кәпірлерге ұқсау мақсатымен әр түрлі тағамдар, сусындар алу да жаиз болмайды.

Күнде не алынатын болса, соларды алудың зияны жоқ. Бұл түнге ерекше қарамау керек.

Тек христиандардың ғана емес, яһудилердің және бүкіл қате діндердің ғибадаттарын орындау оларға ұқсау болып саналады. Мысалы 21 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау да осындай. Кәпірлердің ғибадаттары және жаман істерінен басқа мубах болған әдеттерін жасаудың зияны жоқ. Яғни оларға ұқсаған болып саналмайды.

Рождествоны тойлау түбегейлі жаиз емес. Бір зәрулік болса ғана жаиз болады. Мысалы мемлекеттер арасындағы ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтауға болады. Бірақ Рождествоға қатысы болмаған жаңа жылда бір мұсылманға құттықтау хатын жазып, жаңа жылдың адамдарға, мұсылмандарға қайырлы болуын тілеу күнә емес. Немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенің де жаңа жылың құтты болсын» деп айту күнә болмайды. Осы айырмашылықты түсіну керек!

Мұсылман әр түні не істеп жүрген болса, бұл түні де соларды істеу керек! Қасиетті күндей мәуліт оқыту, сұхбаттар ұйымдастыру дұрыс болмайды. Бұл түннің өзге түндерден айырмашылығы жоқ. Бұл түнді қадірлі санағандай әрекет ету дұрыс емес. Мұсылман әр түні не істейтін болса, бұл түнді де солай өткізуі керек!

 

Рождествоны тойлау

Сұрақ: Бір жазушы: «Христиандардың өз мейрамдарын тойлауы – өз ақылары. Мұсылмандар да екі жақты құрмет ішінде ынтымақта өмір сүріп жүрген әһли кітаптың (кітапты кәпірлердің) қуанышына қосылады, олардың мейрамдарын тойлайды. Бұл мәселеде ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын» дейді. Бұл күпір болмайды ма? Дінімізде мұсылман болмағандардың мейрамдарын тойлау рұқсат па?

Жауап: Мүлдем рұқсат емес. Бұл туралы діни кітаптарда былай жазылған:

Мәжусилердің мейрамдары болған Наурыз және Михрижан күні құрметіне бір нәрсе беру жаиз емес. Бұл күндердің аттарын атап немесе ниет етіп бір нәрсе сыйлау да харам. Егер бұл күндерді қадірлі санап орындаса, кәпір болады, өйткені бұл күнді мүшриктер қадірлі тұтады. Әбул Хафс-и Кәбир айтқан: Бір адам Аллаһу та'алаға елу жыл ғибадат жасаса, кейін бір мүшрикке Наурыз күнінің құрметіне жұмыртқа сыйласа, кәпір болады. Егер бір мұсылманға сыйлық беріп, бұл күнді қадірлі тұтпаса, қалыптасқан әдет бойынша берсе, кәпір болмайды. Басқа күні алмаған нәрсені сол күні сатып алса, ол күнді қадірлі санаса, кәпір болады. Қадірлі деп санамай, тек ішіп-жеу үшін алған болса, кәпір болмайды. (Дуррул мухтар, 5/481)

Бәззазияда: «Наурыз күні – мәжусилердің (отқа табынушылардың) мейрамы. Ол күні мәжусилерге қосылып, олардың істегендерін қайталап істеу күпір болып табылады» делінген. Рождествоны және кәпірлердің пасхаларын олар сияқты тойлаған адам да кәпір болады. (С.Әбәдия)

«Зуннар» деп аталатын поп белбеуін байлау және пұттарға, мүсіндерге, мысалы крест деп аталатын Иса алейһиссалам керілді деп саналған бір-біріне перпендикуляр жабысқан екі таяққа табыну, оны мойынға іліп құрметтеу, құрметтеуіміз әмір етілген нәрсені қорлау, қорлауымыз әмір етілген нәрсені құрметтеу күпір болып табылады. Бұларды жасаған адамның иманы кетеді, кәпір болады. (Биргиуи өсиетнамасы шәрһі, 115, 202 беттер)

Имам Раббани хазрет былай деген: «Үнділердің мейрам күндерін (отқа табынушылардың Наурыз күндерін және христиандардың Рождество түндерін және басқа да пасхаларды) құрметтеу және сол уақыттарда олардың әдеттерін олар сияқты жасау ширк болады. Күпірге себеп болады. Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары кәпірлердің жасағандарын қайталап істеп жүр және бұл күндерді мұсылман мейрамы санап жүр. Кәпірлер сияқты бір-біріне сыйлық беріп, жіберіп жүр. Заттарын, дастархандарын кәпірлер сияқты безендіріп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекше қылып өткізеді. Бұлардың бәрі ширк, кәпірлік». (Мәктубат 3/41, С.Әбәдия)

Ибн Абидин хазреттері 5-ші томда, истибра бабында: «Қажеттілік туындағанда зиммиге (мұсылман мемлекетінің азаматы болған кәпірге) сәлем беру және қол алысу рұқсат. Ал құрмет үшін болса рұқсат емес. Кәпірді құрметтеу күпір болады» делінген. (С.Әбәдия)

Кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, «Ұстазым» деп айту күпір болады. (Бәриқа, И.Ахлақы)

Бұл жазушы мұсылмандардың кәпірлерді құрметтеуін қалайды. Жоғарыдағы жазбалардан ондай құрметтің де күпір болатындығы аңғарылуда. Христиандарды разы қылу үшін күпірге түсу ақылды адамның ісі емес.

 

Рождество түнінің уақыты

Сұрақ: Христиандардың діни мейрамы болған Рождество түні қашан?

Жауап: Иса алейһиссалам дүниеде аз өмір сүріп, аспанға шығарылғандықтан, оны тек 12 хауари біліп, Исауилар аз және ғасырлар бойы жасырын өмір сүргендіктен, Рождество түні дұрыс анықтала алмаған. 25 желтоқсан, 6 қаңтар немесе басқа бір күн. Нақты емес. (Тәкуим-и Әбуззия)

«Григоряндық жыл санағы ең аз дегенде 300 жылға кем, өйткені Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасындағы уақыт мың жылдан аз емес». (Бурхан-и кати)

«Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасында 963 жыл бар». (Мәуаһиб-и ләдуния)

«Хижри жыл санағы нақты. Григоряндық жыл санағы қате, нақты емес. Күні де, жылы да қате». (С.Әбәдия)

 

Сұрақ: Христиандар хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне сенгені үшін жаңа жылды тойлайды ма?

Жауап: Христиандардың хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне қатысты сенімдері жоқ. Олар хазреті Исаның крестке керіліп өлгеніне сенеді. Олар «Адамдарды күнәдан құтқару үшін құдай өз ұлы Исаны өлтірді» дейді. Кейде Иса алейһиссаламды «Тәңір баласы», кейде «Тәңір үшеу, үш тәңір біреу» дейді. Бұл сандырақтар Інжілдерде жасалған өзгерістер кесірінен туындаған. Христандардың көңіл көтеруі «Аяз Ата» деп атаған қияли болмыстары үшін.

Құран кәрімде Ниса сүресінің 157 және 158 аяти карималарында Иса алейһиссалам өлтірілмегені, өлтірілген (крестке керілген) адамның басқа біреу екені, Иса алейһиссаламның аспанға көтерілгені білдірілуде. Али Имран сүресінің 54 және 55 аяттары мен басқа сүрелерде де бұл жайында мәлімет бар. Иса алейһиссалам хазреті Мәһди (және Дәжжал) заманында аспаннан түседі. (Мәктубати Раббани 2 том, 67 хат)

Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің бірнешеуі мынадай:

«Рухым құдірет қолында болған Аллаһқа ант етемін, Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы ретінде араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрсені қабыл етпейді». (Бұхари)

«Уаллаһи Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы болып түседі, крестті бөлшектейді, шошқаны өлтіреді, кекшілдік, өшпенділік және көре алмаушылық кетеді». (Мүслим)

«Иса түседі, Ислам жолында соғысады. Оның заманында Аллаһу та'ала мұсылмандардан басқа бәрін құртады. Дәжжал да құриды. Иса қырық жыл жер бетінде өмір сүреді, кейін қайтыс болады. Жаназасын мұсылмандар көтереді». (Әбу Дауд)

«Иса менің қасыма жерленеді». (Тирмизи)

(ТҮСІНДІРМЕ: Хадис шәрифте өткен Шошқаны өлтіреді дегені – шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етін жеуге тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни христиандықты алып тастайды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарды сындырады» делінген. Яғни түрлі музыкалық аспаптарға тыйым салады).

 

Сұрақ: Жаңа жылда христиандарға құттықтау хаттарын жазу рұқсат па?

Жауап: Жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін рұқсат емес.

 

Сұрақ: Христиан біреу Рождество күнінде Рождество мақсатымен бір мұсылманға (досына немесе туысына) сыйлық берсе, бұл мұсылманның бұл сыйлықты алуы және қолдануы рұқсат болады ма?

Жауап: Рождество мақсатымен берілмейді, жаңа жыл мақсатымен беріледі. Рождествоға құрмет көрсеткен адам кәпір болады. Берілген сыйлықтың зияны жоқ. Жейтін нәрсе болса, жаңа жылдан екі-үш күн өткеннен кейін жеуге болады.

 

Сұрақ: Жаңа жылда кейбір отбасылар теледидар көріп, жанұясымен отырып уақыт өткізеді, ішіп-жейді. Бұлардан харам істейтіндердің (мысалы ішкілік ішетін, билейтін, лоторея ойнайтын және т.б.) кәпір болу қаупі бар ма? Бұларды істемей қалыпты жанұя жиындарын осы күнге сай қылудың зияны бар ма?

Жауап: Кәпір болу ниетке байланысты. Кәпірлердің Рождествосын тойлау ниетімен болса, күпір болады. Жаңа жылдық көңіл көтеру күйінде болса, күпір болмайды. Әрине ішкілік, құмар болса, онсыз да харам.

 

Сұрақ: Жаңа жыл келді деп тойлаған, сыйлық берген, қуанған мұсылман кәпір болады ма?

Жауап: Ниеттері маңызды, жаңа бір жыл келді деп қуанса, сыйлық берсе, күпір болмайды.

 

Сұрақ: Біреудің бұл түнге арнап пісірген мубах тағамдарды (күркетауық сияқты) жеу дұрыс болады ма?

Жауап: Арнайы тағамдарды сол түні жеу мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жеудің зияны жоқ.

 

Хижри шәмси және хижри қамари күнтізбе

Сұрақ: Хижри шәмси мен хижри қамари күнтізбе деген не? Бұлар қашан басталды?

Жауап: Хижрет кезінде Мәдина қаласының Қуба ауылына келген 622 жылғы 20 қыркүйек күні «Хижри шәмси» жыл санағының басы болды. «Хижри қамари» санағы да сол жылдың Мухаррам айынан басталды, яғни хижри қамари бойынша жаңа жыл – 1 Мухаррам. Хижри қамари жылдың басы 622 жылғы 16 шілде күні еді.

 

Сұрақ: Кәпірлерге еліктеу қалай болады?

Жауап: Кәпірлерге ғибадатта ұқсау харам немесе күпір. Бірақ әдеттерде ұқсау жаиз (рұқсат). Ұшаққа, пойызға, көлікке міну, шалбар кию рұқсат. Пайғамбарымыз поптың аяқ киімін, Рим шапанын киген. Кәпірдің дініне ұқсау жаиз болмайды, крест тағу, зуннар тағу сияқты. Рождествоны тойлау жаиз емес. Бірақ жаңа жыл басқа. Рождествоны тойлаған адам кәпір болады. Жаңа жылда біреуге «Жаңа жылың құтты болсын, жаңа жылың мұсылмандарға қайыр және берекет әкелсін» деп айту рұқсат. Бұл баршаға жаңа жыл. Ал рождество баршаға емес, тек христиандардың мейрам күні.

 

Жаңа жыл және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл және Рождествоны тойлау, григоряндық жаңа жыл үшін құттықтау хаттарын сату, жаңа жыл үшін құттықтау хатын жіберу рұқсат па?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі екі бөлек. Рождество – христиандардың діни мейрамы. Рождествоны тойлау түбегейлі рұқсат болмайды. Бір зәрулік болса, мысалы мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтау рұқсат болады. Бір қажеттілік туындағанда жаңа жылды адамдар үшін, мұсылмандар үшін қайырлы болуын тілеу немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенікі де құтты болсын» деп айту рұқсат. Бірақ бұл түнге өзгеше қарамау керек, әр түні не жасалатын болса, соларды жасау керек. Мысалы, бұл түні үйді шыршамен безендірмеу, күркетауық сойып жемеу керек. Құттықтау хаты да жаңа жыл үшін рұқсат, Рождество үшін зәруліксіз рұқсат емес.

 

Григоряндық жаңа жылда ғибадат

Сұрақ: «Григоряндық жаңа жыл түні Иса алейһиссаламның туылған түні болса, бұл түнді Құран оқып, намаз оқып, мәуліт оқып, илаһи айтып өткізу керек» деп жатады. Бұл түн дінімізде қасиетті түн ретінде білдірілмегендіктен, қасиетті түндей өткізу, мәуліт оқу қате болмайды ма?

Жауап: Әлбетте қате болады. Әр түні Құран кәрім оқитын адам бұл түні де оқи алады, бірақ бұл түнге ерекше қарамау керек, әр түні не істеп жүрген болсақ, бұл түнде де соны істеуіміз керек. Иса алейһиссаламның сол түні туылғандығы онсыз да белгілі емес.

Белгілі болса да, дінімізде қасиетті деп білдірілмеген күнге ерекше қарау, мәуліт оқыту дұрыс болмайды.

 

Жаңа жылдық күркетауық

Сұрақ: Григоряндық жаңа жылда немесе жаңа жылға дайындық жасалатын күндерде Рождествоны ойламай күркетауық, шырша және осыған ұқсас нәрселерді алып-сатудың зияны бар ма?

Жауап: Мәкрух болады. Жаңа жыл өткеннен кейін алып-сатудың зияны жоқ.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages