Жұма мүбәрәк болсын!

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Mar 26, 2026, 8:10:51 AMMar 26
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Кешке мұсылман, таңертең кәпір!

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Шынайы мейрам – соңғы демде Аллаһ дей алу, иманмен жан бере алу. Құнды болғаны өмірдің соңы. Соңғы демде Аллаһ деп айтудың орнына «Дәрігер, мені құтқар!» деген адам қауіпте. Егер соңғы демдегі жағдайымыз күмәнді болса, онда әрдайым қорқуымыз және истиғфар етуіміз керек. Ғибадат етуіміз де әмір етілді. Ғибадаттарымыздың қабыл болуы үшін де жалбарынуымыз керек. Себебі, сахих болса да егер ықыласпен орындалмаса, қабыл болмауы мүмкін, яғни сауап берілмеуі мүмкін.

Сүйікті пайғамбарымыз «Ей Асхабым, сендер сондай заманда келдіңдер, әмірлердің онда бірін орындамасаңдар, құрисыңдар. Ақыр замандағы үмбетім әмірлердің онда бірін орындаса құтылады» деген. Бұл жерде Асхаби кирамның құрып кетуі дегені – құндылықтарын ала алмауы деген сөз. Бұл нәрсе олар үшін құрып кету болып саналады. Ақыр замандағы үмбеттің онда бірін орындап құтылуының мағынасы – имандарын қорғап, иманмен жан тапсырулары.

Асхаби кирам қажетсіз сөйлемеу үшін немесе Аллаһ расулы бір нәрсе бұйырған кезде «Жоқ» деп жауап берсе кәпір болатындығын ойлағандықтан, тілдерінің астына тас салып жүретін еді. Себебі сүйікті пайғамбарымыз «Жәннатта менің жанымда болуды қалайтын адам бос сөз сөйлемесін» деген. Қиямет жақындаған сайын өте жаман нәрселер орын алатынын білдірген. Бір хадис шәриф:

«Қиямет жақындаған сайын фитналар көбейеді. Түннің басында қараңғылықтың артуы секілді болады. Таңертең үйінен мұсылман болып шыққан көптеген адамдар кешке кәпір болып қайтады. Кешке мұсылман бола тұра, түнде имандары кетеді».

Бұдан құтылу үшін Фатиха сүресінің соңғы үш аятын оқыған кезде мағынасын ойлау керек. Тәпсірде білдірілген мағынасы мынадай: «Йа Раббым, маған дұрыс иманды, Әһли сүннет сенімін көрсет, сол ұлыларға ихсан еткен жолыңды бізге де нәсіп ет, Әһли сүннет ғалымдары білдірген жаман адамдардың күпірінен, адасушылығынан, қате жолынан мені қорға!» Кімде-кім, осы мағынасын ойлап оқыса, Аллаһу та’аладан дұрыс иманды сұраған, кәпірлік пен адасушылықтан Оған сыйынған болады және күпірден қорғалады. Сонымен қатар тәубе еткен де болады. Дініміз ауруды да, оның емін де білдіруде. Өйткені, бұл заманның ауруы – күпіршілік. Бұл заманда харам-халал, иман-күпір істер бір-біріне араласып кеткендіктен, харамдарға жеңіл қарап немесе діни бір мәселені мазақ қылып күпірге түсіп жатқан көптеген адамдар, тіпті күпірге түскенін де білмейді, сол жағдайымен тәубе де етпей жүреді. Міне осы қорқынышты аурудың емі – осы үш аяти кариманы мағынасын ойлап оқу.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdini_kz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 2, 2026, 8:01:40 AM (13 days ago) Apr 2
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жәннаттың жолы дүние арқылы өтеді...

Барлық адам ұзақ өмір сүргісі келеді, сол үшін қолынан келетін бәрін істейді, дұға етеді. Өмір сүру шарттары қаншалықты қиын болса да, бәріміз өмір сүре бергіміз келеді.

Дініміз де ұзақ өмір сүруді ниғмет деп қабылдаған. Хадис шәрифте айтылғанындай: «Адамдардың ең қайырлысы – өмірі ұзақ, амалдары салих болғаны!».

Жақсы түрде сүрмейтін болса, ұзақ өмір сүру пәлекет болады! Бұл да хадис шәрифте: «Адамдардың ең жаманы – өмірі ұзақ, амалдары жаман болғаны!» деп түсіндірілген. Жаман өмір сүрген адам өмірде қалған сайын күнәларын арттыра береді. Бәрінен бұрын өзіне, туған-туыстарына және халқына зиянын тигізеді. Ондайлардың өмірі қысқа болуы бәлкім жақсырақ болар.

Дүниенің өзі де бір жағынан жаман. Сүріп жатқандарын алдаған, ахиретін ұмыттырған, тозаққа апаратын жол күйіне келтірген болса, ол пәлекет. Бірақ дүниенің жақсы жақтары да көп. Бұл – пайғамбарлар намаз оқыған, ғибадат жасаған жер. Періштелер зиярат еткен мекендер. Біз Раббымызды осында танимыз, Оған жалбарынудың дәмін осында сеземіз.

Жәннаттың жолы дүние арқылы өтеді. Дүниеге келместен жәннатқа кіру адамдарға мүмкін емес.

Дүниедегі ниғметтер өткінші, фәни. Бірақ мәңгілік ниғметтерге қол жеткізуге септігін тигізеді. Сондықтан да өте құнды.

Бүкіл әлемге билік құрғандардың бірі – Сүлейман пайғамбар (алейһиссалам). Ешкімге нәсіп болмаған патшалық оған берілген болатын. Адамдар, жындар, жан-жануарлар, жел, бәрі оның бұйрығында еді. Бір күні бір жерден келе жатқанында адамдар оң жағында, жындар сол жағында ілесіп бара жатқан еді. Күннен қиналмасын деп құстар қанаттарын жайған еді. Осылай кетіп бара жатқанында бір адамға кезігеді. Ол адам:

- Ей, Даудтың ұлы! Аллаһу та'ала саған неткен үлкен патшалық нәсіп етіпті, ешкімге бермегенін саған берді, - дейді.

Сүлейман алейһиссалам оған былай жауап береді:

- Бізге берілген патшалық бір рет «Субханаллаһ» деп айтатындай құнды емес. Өйткені бұл патшалық өткінші. Ал «Субханаллаһ» деп айту қалады. Өткінші, фәни болған нәрсені мәңгі, қалатын нәрсемен салыстыруға келе ме?

Өткінші нәрселерде бақыт пен шаттық іздегеніміз үшін еш бақытты бола алмай жүрміз. Бақыттың кілтін басқа кілтпен ашуға тырысып жатырмыз. Бұл біздің уақытымызды босқа кетіруімен қатар, ешқандай нәтижеге де жеткізбей жатыр. Босқа әуре болып шаршап жүрміз.

Сүріп жатқан шағымызды «Жылдамдық дәуірі», «Ғылым мен технология заманы» деуге болады. Бірақ бұл дәуірді ешкім «Бақытты шақ», «Шаттық заманы» дей алмайды.

Сахабалардың бірі «Йа, Раббым, ниғметті толықтай сұраймын» деп дұға етеді. Мұны естіген сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) одан: «Ниғметтің толығы қандай екенін білесің бе?» деп сұрайды. Ол «Жоқ» дегенінде:

«Ниғметтің толығына жәннатқа кіргенде қол жеткізесің. Сол кезде ғана мәңгілік бақытқа жеткен боласың» деп түсіндіреді Аллаһу та'аланың расулы.

Осы ниғметтердің бәріне тек қана осы дүние арқылы қол жеткізу мүмкін...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 9, 2026, 8:35:52 AM (6 days ago) Apr 9
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылман тек жәннаттың ниғметтері мен мәңгілігін немесе тозақтың мәңгі екенін және азабының ауырлығын ойласа, басқа нәрселерге қажеттілігі қалмайды. Өлім жазасына тартылған адам асылатын жібінен басқа не ойлайды? Тәбеті қашады, «Ананы істеймін, мынаны істеймін» деген қиялдары тоқтайды. Дәрігер анализден соң «Сен қатерлі ісік ауруына шалдықтың» деген кезінде ол адам да қатерлі ісік болғанын түсінсе, түңіліп қайғыра бастайды...

Өлімнің басымызға келетінін ешқашан ұмытпау керек. Бәрі бұған душар болады, бәрі өледі. Адам өлген кезде ешкім болып қалады. Мал-мүлік, бала-шаға және басқа да несі бар болса, бәрі бір сәтте жоқ болады. Негізгі өмір міне сол күні басталады. Осыншалықты қысқа өмірде дүниелікке берілуге, құтыруға, бір күні сені тастап кететін мал-мүліктің соңынан жүгіруге, бұларды жақсы көріп өлуге арзиды ма?

Аллаһу та’алаға тәуекел ету, үміт ету және иман азайған сайын адам өз-өзін қауіпсіз сезіну үшін көптеген шаралардың соңынан жүгіреді. Мына қызмет, мына егістік, мына банк, мына үй деп солармен әуре болады. Алайда бұлардың бәрі бос нәрсе.

Тек кәрілер емес, жастар да қайтыс болады. Әр күні жұбайымыздан, достарымыздан, таныстарымыздан біреудің қайтыс болғаны жайында хабар келіп тұрған жоқ па? Түсінетін адамға бұл хабарлар өлімді еске алу және ғибрат алу тұрғысынан өте маңызды. Өйткені «Қуаныштарыңды басатын, ләззаттарыңды жоқ қылатын өлімді өте жиі еске алып тұрыңдар» хадис шәрифі мұның астын сызып көрсетуде. Өлім – қиял болған осы өмірдің соңы және мәңгі болған шынайы өмірдің басы.

Хақ та’ала бір капиллярлық тамырымызды бітесе, денеміздегі ұштарын жалғаса әлемді қоршайтынтдай өте жұқа тамырлар, аздаған уақыт бітеу қалса сал (параллич) боламыз да қаламыз. Осы бітеуді өзіміз ашып жібере аламыз ба? Әсіресе миға баратын немесе жүрекке кететін жолда ұйысқан қан бірден сал қылады, бұл кезде триллиондаған ақшамыз болса да неге жарайды? Бір қылдай тамыр немесе бір жүйке үзілсе, бәрі бітеді... Жағдай осындай болуына қарамай, «Бір ай немесе бір жылдан кейін мен немен күн көремін?» деп ойланамыз. Біз қазір өмір сүріп жатырмыз, аяқтамыз, деніміз сау, осы қызметтерді атқарып жатырмыз. Бұлардың бәрі қаржының арқасында ма, әлде Хақ та’аланың құдіретімен орындалып жатыр ма? Мұны жақсылап ойлаған жөн. Алдымен бұл ниғметтердің шүкірін өтеу керек. Бұдан кейін онсыз да ақшаға, мал-мүлікке көңіл байлаудың реті келмейді...

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages