|
Мидхат пашаның төрағалығымен, Зия бей [паша] мен Намық Кемал да қатысқан бір алқалы топ әзірлеген Конституцияның 113-ші бабында патшаға бір адамды жер аудару құқығы берілген еді. Бұл бапты Мидхат паша әдейі енгіздірген. Себебі ол өмірінің соңына дейін билікте қаламын деп үміттенген. Осы бап арқылы ол қарсыластарын жер аударғысы келген. Тіпті бірнеше мемлекеттік қайраткерді жер аударды. Екінші Абдулхамид хан сотсыз жер аударудың танзимат реформаларына қайшы екенін ескерткенмен, Мидхат пашаны бұл ойынан қайтара алмаған. Мидхат паша конституцияға әркім өз тілінде сөйлеуге құқылы деген бапты да қосуды қалаған, бірақ Сұлтан бұл бапты алып тастаған. Мидхат паша Сұлтанның бүкіл өкілеттігін жою мақсатында Конституцияны ірі мемлекеттердің кепілдігіне алдыртпақ болған. Түрік мемлекетінің тәуелсіздігін жоятын бұл сұмдық бап та қабылданбады. Ресеймен соғыс ашу үшін Баб-и Алиде (үкімет үйінде) ұранды сөздер айтты. Медресе шәкірттерін көтеріліске итермелеп, соғысқа қолдау көрсету мақсатында шерулер ұйымдастырды. Олар Сұлтанның терезесінің түбінде тұрып та «Соғыс!» деп айқайлады. Соғыс болса, ол Англия көмек береді деп сенген. Ішкілік үстінде отырып, Республика жариялаймын деп, үшінші Наполеон секілді алдымен президент, кейін император болатынын айтты және «Неліктен Осман империясы болады да, Мидхат империясы бола алмайды?» деді. Ол бұнымен тоқтамай, жеке әскер жасақтауға кірісті. Бұл жаңа әскер «Ұлт әскері» деген атаумен жаңа бір әскер ретінде құрылып, Мидхат пашаның қарамағында болатын еді. Мұсылман мен христиандардан еріктілер жазылып, бас қолбасшысы Мидхат пашаның пайдасына шерулер өткізген. Олар Стамбұлда тыныштықты бұзып, бүлік туғызған. Янычар ұйқыдан ояна бастағандай еді. Мидхат паша ұлтшылдыққа сай келмейтін әрекеттер де жасады. Боснада Түрік туындағы ай мен жұлдыздың жанына крест белгісін қосуды әмір етті. Мемлекеттік тудың, тіпті бір өңірде болса да садри азамның (премьер-министр) бұйрығымен өзгертілуі оның демократияны қалай түсінетінінің жарқын мысалы болды. Осы крест қойылған түрік туын көтерген бір әскер бөліміне Стамбұлда ресми шеру де жасатты. Осындай шектен шыққан әрекеттері екінші Абдулхамид ханның сабырының таусылуына себеп болып, 5 ақпан 1877 жылы оны садри азам (премьер-министр) қызметінен босатты. Өз өтініші бойынша Иззеддин кемесіне отырғызылып, Италияға жіберілді. Қолына 500 алтын берілді. Ол бір жыл сегіз ай бойы әртүрлі қалаларды аралады. Ағылшындармен халифаға қарсы келісімдер жасағанына байланысты ол қайтадан елге шақырылды. Екі ай Крит аралында, Ханья қаласында тұрған соң, 1295 [м.1878] жылдың соңғы айында Сирия әкімі, 4 тамыз 1297 [м.1880] жылы Айдын әкімі болып тағайындалды. Осы жерде жүрген кезінде, 16 мамыр 1298 [м.1881] жылы, Йылдыз сарайында сотқа тартылуы үшін тұтқынға алу бұйрығы шықты. Ол Франция елшілігіне тығылып, атына дақ түсірді. Франция елшісінің бұйрығымен халифаның қолына тапсырылды. Соттың өлім жазасына кесу шешімін халифа өмір бойы бас бостандығынан айырумен ауыстырды. 28 шілде күні Иззеддин кемесімен Рушду, Махмұд, Нури пашалармен және Хасан Хайруллаһ мырзамен бірге Таиф қаласына айдалып, түрмеге қамалды. 6 мамыр 1301 [м.1883] жылы Махмұд Жәлаледдин пашамен бірге әскерлер тарапынан буындырылып өлтірілді. Англия оны құтқарып қалуға шешім қабылдаған болатын. Қызыл теңізде тұрған бір әскери кемеге бұл міндетті тапсырды. Пашаларды ағылшындар құтқарып әкететінін түсінген Хижаз әкімі мүшир (маршал) Осман Нұри пашаның бұйрығымен өлтірілді деп саналуда». «Жаңа Түркия Тарихы» кітабының жазбасы осы жерде тәмәм болды. 283, 286, 287, 361, 369, 370, 374, 377, 385. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |