|
Мәулана Халид Матуриди ақидасында және Шафии мазһабында еді. Көп ғалым, көп әулие жетілдіріп шығарды. Сансыз кереметтері байқалды. Олардың көбі түрік тіліндегі «Шәмс-уш шумус» және «Мәжд-и талид» кітаптарында жазылған. Мысалы, Сұлтан Махмұдтың сарайдағы уәзірлерінің бірі Халет мырза мәуләуи еді. Мәулана Халидтың абыройы мен даңқын көре алмай, оны халифаға жамандады, «Он мыңдаған адамы бар. Бұл мемлекетке және сұлтандыққа қауіпті. Оның көзін құрту керек» деді. Сұлтан Махмұд «Дін адамдарынан мемлекетке зиян келмейді» деп оның сөзіне мән бермеді. Мәулана Халид хазрет мұны естіп халифаға қайыр дұға етіп, саламаттық тіледі де, «Халеттің мәселесі пір Жәлаледдин Руми хазретке тапсырылды. Оны алдына шығарып, жазасын береді» деді. Аз уақыттан кейін Сұлтан Махмұд хан оны Мора көтерілісіне себеп болғаны үшін Конияға сүргінге жіберді. Ол жақта өлім жазасына тартылды. Мәулана Халид 1192 жылы Зур ауылында дүниеге келіп, 1242 [м.1826] жылы Шамда оба ауруынан қайтыс болды (қаддәсаллаһу та'ала сиррәһул азиз). «Жалиәт-ул әкдар» салауат кітабы әр апта оқылады. Өте пайдалы. Оның нахв, кәлам, фиқһ, тасаууф ілімдерінде құнды кітаптары бар. Парсы тіліндегі «Итиқаднама» атты «Әмәнту» шәрһінің және рабыта рисаласының аудармалары басылған. «Итиқаднама»-ның түрік, француз, неміс және ағылшын тілдеріндегі аудармалары Хақиқат Кітап үі тарапынан басылған. 88, 154, 392, 411. 116) ХАМЗА БИН АБДУЛМУТТАЛИБ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көкесі. Әрі сүт бауыры. Анасы Халә Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) анасы хазреті Әминаның көкесінің қызы еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қырық алты жасында болғанда бір күні Сафа тауында отырған еді. Әбу Жәһл қасынан өтіп бара жатып Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) балағат сөз айтты. Ол мүбәрәк аузын да ашпады, ештеңе демеді. Бірақ бір қызметші қыз мұны естіген еді. Хамза (радиаллаһу анһ) ол күні аңшылықтан келе жатқан болатын. Әдеті бойынша тауаф жасау үшін Харам шәрифке кірді. Қызметші қыз оған келіп: «Әбу Жәһл бауырыңның ұлына былай былай айтты» деді. Хамза ол кезде әлі мұсылман болмаған еді. Бірақ бауырының ұлына балағат айтылғанын естігенде туыстық сезімі оянды. Қаруланған күйінде құрайш кәпірлеріне барды. «Бауырымның ұлына жаман сөз айтқан, оны ренжіткен сенсің бе?» деп мойнындағы садақпен Әбу Жәһлдің басын жарды. Ол жақтағы кәпірлер Хамзаға жабылмақшы болды. Үлкен қақтығыс шығатын еді. Бірақ Әбу Жәһл: «Тиіспеңдер! Хамзаның айтқаны дұрыс. Оның бауырының ұлына біліп әдейі жаман сөздер айттым» деді. Осылайша Хамзадан тезірек құтылды. «Оған тиісуші болмаңдар! Бізге ашуланып мұсылман болар. Солай Мұхаммед күшейіп кетеді» деді. Хамза мұсылман болмасын деп басының жарылуына разы болды. Өйткені Хамза құрметті, қадірлі және күшті еді. Хамза Расулуллаһқа барып: «Йа, Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)! Әбу Жәһлден кегіңді алдым. Оны қанға боядым. Ренжіме, қуан» деді. Расулуллаһ: «Мен мұндай нәрселерге қуанбаймын» деді. «Сені қуанту, ренішіңді басу үшін не қаласаң соны істейін» деді. «Мен тек қана сенің иман келтіруіңе, қадірлі денеңді тозақ отынан құтқаруыңа қуанамын» деді. Хамза (радиаллаһу анһ) дереу мұсылман болды. Құрайштың алдына барып, мұсылман болғанын және Аллаһтың пайғамбарын барлық жолмен қорғайтынын әдемі қасида оқып хабар берді. Оның мұсылман болғанына Мұхаммед (алейһиссалам) қатты қуанды. Мұсылмандар едәуір күшейді. Ол Мәдинаға хижрет етті. Бәдір соғысында үлкен қаһармандық көрсетті. Ухуд соғысында да отыз бір кәпірді тозаққа жіберген соң Уахши тарапынан шәһид етілді (радиаллаһу та'ала анһ). Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұған қатты қайғырды. Көп жылады. Оның жаназа намазын оқыды. Шәһид болған кезінде ол елу жеті жасында еді. Уахши да (радиаллаһу анһ) кейіннен мұсылман болды. 134, 250, 379, 380, 381, 384, 397, 398. 117) ХАРУН РАШИД: Аббаси халифаларының бесіншісі. Мұхаммед Мәһдидің ұлы, Жафәр Мансұрдың немересі. 148 жылы дүниеге келіп, 193 [м.809] жылы Тус қаласында қайтыс болды. Туста жерленген. 170 жылы бауыры Мұса Хади қайтыс болғанда халифа болды. Әкесінің билігі кезінде екі рет римдықтармен соғысқан еді. Қаһармандық көрсетіп, Ускударға дейін барған еді. Ол халифа кезінде Эреглиге дейін басып алды. Тоғыз рет қажылыққа барып, Мәдина, Мекке халқына көп сияпат пен көмек көрсетті. Білім мен кәсіп иелеріне көп көмектесетін. Өте әділ еді. Бірақ уәзірі бәрмәкилерге өте ауыр жаза берді. Император Карлмен достық құрды. Оған сыйлықтар жіберді. Сол кезде жіберген сумен істейтін сағаты еуропалықтарды таңқалдырған еді. Жұбайы Зубәйда Меккенің барлық жеріне «Айн-и Зубәйда» деп аталатын су көздерін және хауыздар жасатты. 83, 88, 311, 315, 329, 338, 350, 360, 399. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |