|
17) АБДУЛЛАҺ БИН ОМАР: Хижреттен он төрт жыл бұрын дүниеге келіп, 73 жылы Меккеде қайтыс болды. Әкесімен бірге иманға келген. Кіші жаста болғандықтан Бәдір және Ухуд соғыстарына бармады. Басқа соғыстарға, Мута соғысына, Ярмукқа, Мысыр мен Африка жорықтарына қатысты. Расулуллаһ намаз оқыған барлық жерде намаз оқитын. Өте тақуа, жомарт және жұмсақ мінезді еді. Халифалық істерге мүлде араласпайтын. Хижри 73 жылы Хажжаж бин Юсуф Меккеде Абдуллаһ бин Зубәйрді шәһид еткеннен үш ай өткен соң оны аяғына уланған қылышпен ұрып шәһид етті (радиаллаһу та'ала анһ). 40, 65, 73, 118, 124, 125, 165, 176, 182, 185, 196, 209, 231, 345, 400. 18) АБДУЛЛАҺ БИН СА’Д: Хазреті Османның сүт бауыры еді. Уахи хатшысы болған кезінде мүртәд болды. Мекке жаулап алынған кезде өлім жазасына тартылуы әмір етілгенімен, қайта иманға келіп кешірілді. Мысыр жорығына қатысты. 25 жылы Мысырдың әкімі болып, Тунисті жаулап алды. Халифаның шәһид болуында Мәдинаға көмекке келе жатқанда Мысырдағы орнының тоналғанын түсініп, Рамлаға орналасты. 36 жылы қайтыс болды. 120. 19) АБДУЛЛАҺ БИН СӘБӘ: Мұсылмандар арасына алғаш рет сахабаларға деген дұшпандық фитнасын кіргізген яһуди. Хазреті Осман заманында Йеменнен келіп, мұсылман болғанын айтты. Халифаға жақын болғысы келді. Фитна, бүлік шығаратыны мәлім болып, Мәдинадан қуылды. Ол Мысырға барып, надандар арасында халифаны жамандауды, сахабалардың үлкендері туралы аузына келгенін айтып, бауырлар арасына іріткі салуды бастады. Куфаға да барып, хазреті Әлиге жағымпазданды. Тіпті оған «Сіз құдайсыз» деді. Әли (радиаллаһу анһ) та оны Мәдаин қаласына сүргінге жіберді. Хазреті Әли шәһид болғанда «Ол өлмеді, бұлттардың арасына орналасты. Найзағай оның бұйрығымен болады» деді. Осыған ұқсас тағы әр түрлі тоқыма сөздерімен надандарды алдап, әһли сүннетті бөлуге, іштен құлатуға кірісті. Бірақ әһли сүннет ғалымдары (рахимә-һумуллаһу та'ала) аяти карималар мен хадис шәрифтерге жүгініп, ақылға, білімге сүйеніп, оның адасқан, қате сөздеріне өте анық жауаптар берді. Абдуллаһ бин Сәбә мен оның ізбасарларын барлық жерде масқара қылып, қор қылды. Олар тек кітап оқымайтын, уағыз, насихат тыңдауға бармайтын сауатсыздарды ғана алдай білді. 6, 14, 27, 30, 36, 77, 120, 121, 136, 220, 233, 365. 20) АБДУЛЛАҺ БИН УРӘЙКИТ: Бәни Уәйл тайпасынан шыққан кәпір еді. Аманатшы, сыр сақтаушы еді. 99. 21) АБДУЛЛАҺ БИН ЯСР: Шамда ең соңғы қайтыс болған сахаба. Сексен сегізінші жылы қайтыс болды. 19, 252. 22) АБДУЛЛАҺ БИН ЗУБӘЙР: Зубәйр бин Аууамның ұлы. Анасы Әсма бинти Әбу Бәкір Сыддық. Хижреттен жиырма айдан кейін дүниеге келді. Есімін Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қойды әрі дұға етті. Ержүрек, күшті, батыл еді. Түнде ғибадат етіп, күндіз ораза ұстайтын. Тунис жорығында жүз жиырма мыңдық дұшпан әскерімен жиырма мыңдық ислам мүжаһиді шайқасқан кезде дұшпанның қолбасшысы Жәржирді өлтіріп жеңіске себеп болды. Жәмәл оқиғасында Әлиге (радиаллаһу анһ) қарсы еді. Язидке биат етпеді. Тоғыз жыл Меккеде халифа болды. Йемен, Ирак және Хорасан қолында еді. Абдулмәликтің қолбасшысы Хажжаж бин Юсуф 72 жылы Меккені қоршауға алып, катапультамен қаланы талқандады. Абдуллаһ 73 [м.692] жылы маңдайына тиген катапульта тасымен жараланып, шәһид болды (радиаллаһу та'ала анһ). Анасы Хажжаждың алдына шығып ауыр әрі дұрыс сөздер айтты. Ол қирап қалған қағбаны, сондай-ақ пайғамбарымыздың кесенесін жөндеді. Шәһид етілген соң Абдулмәлик бин Мәруан қағбаның бір дуалын құлатып, Хажәр-и әсуад тасын бұрынғы орнына қойғызды. Қазіргі қағбаның үш қабырғасын Абдуллаһ, бір қабырғасын Абдулмәлик жасатқан. 65, 106, 170, 211, 259, 302, 304, 330, 339, 350, 354, 359. 23) АБДУЛЛАҺ ЖӘНГИЗИ ХАН: Мәуереннахрдағы өзбек ханы. Ескендір ханның ұлы. 939 жылы дүниеге келіп, 1005 [м.1596] жылы қайтыс болды. 990 жылы патша болды. 993 жылы Гератты жаулап алды (рахимә-һуллаһу та'ала). 151. 24) АБДУЛЛАҺ АНСАРИ: Әкесі Әбу Мансұр Мұхаммед бин Әли. 396 жылы Гератта дүниеге келіп, 481 [м.1088] жылы сол жерде қайтыс болды. Шәйхул ислам еді. Ханбали мазһабында болған. Үлкен әулиелердің бірі әрі хадис ғалымы еді. «Мәназил-ус саирин» және тәфсир кітаптары атақты. Тасаууфта «Тәарруф» кітабын шәрһ еткен. «Мүнажат» кітабы Стамбұлда басылған. 84, 146, 212, 270, 319, 409. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |