ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 21

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Nov 7, 2026, 4:58:16 AM (8 days ago) Nov 7
to islam...@googlegroups.com

ӘҺЛИ СҮННЕТ СЕНІМІ (2)

Ұлы ғалым және мүршид-и кәміл сәйид Абдулхаким Арваси (рахметуллаһи алейһ) былай деген: «Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) үш түрлі міндеті бар еді: Біріншісі, ахкам-и Құранияны, яғни иман келтіру керек болған білімдерді және ахкам-и фиқһияны барша адамға «тәблиғ» ету, жеткізу еді. Ахкам-и фиқһия – орындалуы әмір етілген немесе тыйым салынған амалдар. Бұл білімдерді «Ахкам-и исламия» (ислам үкімдері) деп атайды. Екінші міндеті, Құран кәрімнің ахкам-и мағнауиясын, яғни Аллаһу та'аланың затына және сипаттарына қатысты марифаттарды тек үмбетінің жоғары дәрежелі болғандарының жүректеріне ағызу. Бұл міндетті бірінші дінге шақыру міндетімен шатастырмау керек. Мазһабсыздар бұл екінші міндетке сенбейді. Алайда Әбу Хурайра (радиаллаһу анһ) айтқан: «Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) екі түрлі ілім үйрендім. Олардың бірін сендерге айттым. Екіншісін айтсам, мені өлтіресіңдер». Әбу Хурайраның бұл сөзі «Бұхари», «Мишкат», «Хадиқа» кітаптарында және «Мәктубат аудармасы»-ның 267-ші хатында жазылған. Үшінші міндеті, ахкам-и фиқһияны уағызбен, насихатпен жасамайтын мұсылмандарға күш қолданып, мәжбүрлеп жасату.

Расулуллаһтан кейін (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) төрт халифаның әрбірі (радиаллаһу анһум) осы үш міндетті толықтай атқарды. Хазреті Хасанның (радиаллаһу анһ) имамдығы заманында фитналар, бидғаттар көбейді. Ислам діні үш құрлыққа жайылды. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) нұры жер жүзінен алыстады. Асхаби кирам (радиаллаһу анһум) азайды. Бұл үш міндетті бір кісі атқара алмайтын болды. Бұл үш міндет басқа-басқа үш санатқа бөлінді. Усул және фуру үкімдерін дінге шақыру міндеті, яғни иманды және ахкам-и фиқһияны [яғни ахкам-и исламияны] жеткізу міндеті дін имамдарына, яғни мүжтәһидтерге берілді. Бұл мүжтәһидтерден иманды үйрететіндер «Мутәкәллимин», фиқһты [яғни ахкам-и исламияны] үйрететіндер «Фуқаһа» деп аталды. Екінші міндет, яғни талапкер мұсылмандарды Құран кәрімнің рухани үкімдеріне жеткізу әһли бәйттің он екі имамына және тасаууф ғұламаларына берілді. Жүнәйд Бағдади мен Сырри Сәкати осындай ғұламалардан. Жүнәйд Бағдади хижреттің 207-ші жылы дүниеге келіп, 298 [м.911] жылы Бағдатта қайтыс болды. Сырри Сәкати (рахметуллаһи та'ала алейһ) 251-ші жылы Бағдатта қайтыс болды.

[Әһли сүннет ғалымдары Расулуллаһтың осы екінші міндетін он екі имамнан үйреніп, тасаууф ілімін пайда қылды. Базбіреулер әулиелерге, кереметтерге және тасаууфқа сенбейді. Олардың бұл сенбеуі он екі имамға қатысы жоқ екенін көрсетеді. Әһли бәйттің жолында болса, пайғамбарымыздың осы екінші міндетін он екі имамнан үйреніп, араларынан тасаууф ғалымдары, әулиелер жетіліп шығар еді. Олар жетіліп шықпауымен қатар, олардың бар екеніне де сенбейді. Көрініп тұрғанындай, он екі имам – әһли сүннеттің имамдары. Әһли бәйтті жақсы көретін және он екі имамның жолында болғандар – әһли сүннет (сүнни). Ислам ғалымы бола алу үшін Расулуллаһтың осы екі міндетінде оның мұрагері болу керек. Яғни осы ілімдердің екеуінде де маман болу қажет. Осындай ұлы ғалымдардың бірі Абдулғани Наблуси «Хадиқат-ун нәдия» кітабының 233-ші және кейінгі беттерінде және 649-шы бетінде Құран кәрімнің рухани үкімдерін көрсететін хадис шәрифтерді түсіндіруде, бұған сенбеудің надандық және нәсіпсіздік белгісі екенін жазуда].

Үшінші міндет, яғни ахкам-и динияны күшпен, айбынмен және билікпен жасату ісі патшалар мен сұлтандарға, яғни үкіметтерге берілді. Бірінші санаттың бөлімдерін «Мазһаб», екіншісінің бөлімдерін «Тариқат», үшіншісін «Заң» деп атайды. Иманды білдіретін мазһабтарға «Сенімдегі мазһаб» дейді. Сенімде мазһабтардың жетпіс үшке бөлінетінін, олардың жалғыз бірі дұрыс, қалғандары қате болатынын пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар берген еді. Солай болып шықты. Дұрыс жолда екені сүйіншіленген топ «Әһли сүннет уәл жамағат» мазһабы деп аталады. Қате екені хабарланған жетпіс топ «Бидғатшы топтар», яғни адасушылар деп аталады. Олардың ешбірі кәпір емес. Бәріне мұсылман деп айтылады. Бірақ жетпіс екі топтың қандай да бірінде екенін айтатын адам Құран кәрімде немесе хадис шәрифтерде ашық түрде айтылған және мұсылмандар арасында тараған білімдердің біріне сенбесе, кәпір болады. Қазір «Әһли сүннет» мазһабынан шығып адасушы немесе кәпір болған, мұсылман атанып жүрген адамдар көп». Абдулхаким Арваси хазреттің жазбасы осы жерде тәмәм болды. Ол хижреттің бір мың екі жүз сексен бірінші (1281) жылы Ван облысының Башқала ауылында дүниеге келіп, 1362 [м.1943] жылы Анкарада қайтыс болды. Бағлұм ауылында жерленген.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages