ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 156

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 27, 2022, 12:03:38 AM7/27/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХУСЕЙН БИН ӘЛИ (радиаллаһу анһума) (5)

∙ Юнус бин Яхия әкесінен, ол атасынан былай риуаят еткен: «Меккеде бір кісіні көрдім. Дене мүшелері қисайып кеткен еді. «Ей, адамдар! Мені Мұхаммедтің (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) баласына апарыңдар» деген еді. Бірнеше кісі оған барып «Не сұрап тұрсың?» деді. Ол «Мен пәленшемін» деп еді, «Жоқ, өтірік айтасың, ол адамның дене мүшелері сау және жүзу сұлу еді. Ал сенің жүзің қара, мүшелерің қисық» деді. Ол «Уаллаһи, мен пәленшемін, айтып берейін, тыңдаңдар» деп былай айта бастады: «Мен хазреті Хусейннің түйесіне қарайтын адам едім. Бір жерге тұрақтаған болатынбыз. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) қажетін өтеу үшін бір жерге отырғанында парсы патшасының қызы Шәһр Бануға үйленгенде сыйлық ретінде келген белдігіне көзім түсті. Сұрап алғым келді, бірақ айбатынан сұрай алмадым. Кербелаға жеттік. Әлгі зұлымдық басталып, оны шәһид етті. Олар шәһидтердің денелерін тастап кеткен еді. Біз Куфаға қайтпақшы едік. Бірден ойыма әлгі белдік келді. Кері қайтып, шәһидтер жатқан жерге бардым. Хазреті Хусейннің мүбәрәк басы кесілген, қан ішінде жатқан еді. Белдігін шешіп алғым келді. Ол оң қолын көтеріп, маған сондай ауыр соққы берді, мүшелерім шашылып кетті деп ойладым. Кейін мүбәрәк қолымен белдігін ұстады. Аяғымды мүбәрәк кеудесіне қойып, белдікті әбден тарттым, саусақтары ашылмады. Сол кезде пышағымды шығарып, мүбәрәк саусақтарын кестім. Кейін сол қолымен ұстады. Оны да кестім. Сол кезде бірнеше аттының келгенін көрдім. Мұрныма хош иістер сезілген еді. Оларды көріп, «Инна лиллаһ уә инна илайһи ражиун» дедім. Келгендер «Шәһидтердің арасында тірі қалғандары бар ма?» деп іздеп жүрген еді. Мен не істерімді білмей, қорыққанымнан жерге жата қалдым. Алдынан біреу келіп «Мен Мұхаммед Расулуллаһпын (саллаллаһу алейһи уәсәлләм)» деген еді. Артынша біреуі «Мен Хамза бин Абдулмутталибпын» деген еді. Тағы бірі «Мен Жафар Тайярмын», басқа бірі «Мен Әли бин Әбу Талибпын», басқа бірі «Мен Хасан бин Әлимін», тағы бірі «Мен Фатима-туз Зәхрамын» деген еді. Бәрі келіп, хазреті Хусейн үшін жылады. «Ей, сүйікті ұлымыз, көзіміздің нұры, сенің шабылған басыңа жылайық па, әлде кесілген қолыңа, жарақаттанған денеңе, тұтқындалған ұлыңа жылайық па?! Сені шәһид еткен екен, қолдарыңды не үшін кесті?» деген еді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Сүйікті ұлымның басын әкеліңдер» деді. Сол мезетте хазреті Хусейннің (радиаллаһу анһ) басын қолында көрдім. Мүбәрәк басын денесіне қойып еді, хазреті Хусейн тіктеліп отырғанын көрдім. Расулуллаһ оны құшақтап, жылап, «Ей, ұлым, сені аш және сусыз күйде шәһид етті, саған ас пен су бергенде, Аллаһу та'ала да оларды аштық пен шөл күні тойдырып, су беретін еді» деді. Кейін «Йа, Хусейн, сені шәһид еткенді білемін, бірақ қолдарыңды кім кесті?» деп сұрады. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) мені көрсетіп, «Міне, мына өлтірілгендердің арасында тығылып жатқан адам кесті» деді. Маған «Ей, шақи (тозақтық), тұр! Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жауап бер!» дегенді естідім. Орнымнан тұрып, алдына бардым. «Ей, Аллаһтың дұшпаны, неліктен менің сүйікті ұлымның қолын кестің?» деп сұрады. Мен «Йа, Расулаллаһ, мен оны шәһид етуге тырыспадым» дедім. Сонда «Саусақтарын кесу одан жаман» деді. Кейін маған «Ей, Аллаһтың дұшпаны, Аллаһу та'ала денеңді қисайтсын» деп дұға етті. Содан кейін дене мүшелерімнің қисайып кеткенін көрдім» деді. Мұны тыңдағандар оған лағнет айтып қарғады».

∙ Уақиди (рахметуллаһи алейһ) былай риуаят еткен: «Малғұн Шимир хазреті Хусейннің (радиаллаһу анһ) мүбәрәк басын кескеннен кейін қапшыққа салып, үйіне әкетті. Қапшықты жерге қойып, үстіне дорба қойды. Әйелі түнде сыртқа шыққанда сол дорбадан нұр шығып, аспанға көтерілгенін көрді. Қасына жақындағанда астынан бір дауыс естіді. Дереу күйеуі Шимирге барып, жағдайды айтып берді де, оның астында не бар екенін сұрады. Шимир малғұн «Бір харижи адамның басы. Язидке апарамын, маған көп ақша береді» деп жауаптады. Әйелі «Есімі кім?» деп сұрады. «Хусейн бин Әли» дегенде әйел айқайлап жіберді де, есінен танып құлады. Есін жиған соң күйеуіне «Ей, мәжусиден де жаман адам! Аллаһтан қорықпадың ба? Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қабірінде ренжіттің. Әлемдердің сәйидінің көз нұрының басын кестің» деді. Кейін жылап Шимирден кетіп қалды. Шимир ұйықтап қалған кезде хазреті Хусейннің мүбәрәк басын алып сүйді де, бөлмесіне апарып қойды. Басқа әйелдерді де шақырды. Есіктерді жауып, бәрі жылады. Түннің бір кезінде әйелді ұйқы басып, ұйықтап қалды. Түсінде үйінің қақ бөлініп, жан-жақты нұр жапқанын көрді. Ақ бұлттың ішінен екі ханым келді. Хазреті Хусейннің басын алып жылады. «Ол екі әйел – хазреті Хадиша мен хазреті Фатима (радиаллаһу анһ)» деген дауыс естілді. Кейін жүзі айдай жарқыраған бір адам келді. «Ол – Мұхаммед алейһиссалам» делінді. Оң жағында хазреті Хамза, Жафар Тайяр және басқа да сахабалар бар еді. Бәрі жылап, хазреті Хусейннің басын сүйді. Хазреті Хадиша мен хазреті Фатима Шимирдің әйелінің қасына келіп, «Сенің біздегі хақың көп, не қалайсың?» деп сұрады. Ол «Егер қабылдасаңыздар, жәннатта сіздермен бірге болайын» деді. Сонда «Аллаһу та'ала істеріңді оң қылсын, сені күтеміз» деді. Шимирдің әйелі оянып, түсін сол жердегі әйелдерге айтып берді. Таңертең күйеуі Шимир келіп, хазреті Хусейннің мүбәрәк басын сұрады. Әйелі бермей қойды. «Бұдан былай сенімен тұра алмаймын, талақ бер, ажырасайық» деді. Шимир талақ беріп, ажырасты. Бірақ ол сонда да «Өлсем де бермеспін» деп мүбәрәк басын бермей қойды. Шимир әйелді өлтіріп, хазреті Хусейннің мүбәрәк басын алды». Хазреті Хусейн хижреттің алпыс бірінші жылы мухаррам айының онында, жұма күні шәһид етілді.

Әһли бәйт имамдарының бір бөлігі баяндалды. Қалғандары Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрмеген болса да, сол алтын шежіренің кереметтерін және үстем хәлдерін аталарынан кейін баяндаған жөн болар. Ғалымдар, әулиелер және әһли яқин ізгіліктері мен қадір-қасиеттері себебімен оларды «Алтын шежіре» деп атаған. Он екі имамның хикаялары баяндалған соң кейбір сахабалардың оқиғалары да баяндалатын болады. (Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages