ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 175

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 26, 2022, 4:21:31 AM10/26/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ӘЛИ РИЗА (радиаллаһу анһ) (4)

∙ Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) бір күні бір адамға қарады да, «Ей, Аллаһу та'аланың құлы! Қалағаныңды өсиет ет, ешкім құтыла алмайтын нәрсеге дайындал» деді. Ол адам үш күннен кейін қайтыс болды.

∙ Әбу Исмаил Синди былай айтып берген: «Имам Әли Риза хазреттің алдына бардым. Араб тілінің бір әрпін де білмегенім үшін синди тілінде сәлем бердім. Сәлеміме синди тілінде жауап берді. Біраз сұрақтарымды қойдым. Бәріне синди тілінде жауап берді. Кейін «Мен араб тілін білмеймін, дұға етіңіз, Аллаһу та'ала маған араб тіліне шабыт берсін» дедім. Ол мүбәрәк қолымен ернімді сипады. Бірден арабша сөйлей бастадым».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Қажылыққа бара жатқан едім. Қызметшім маған екі қалың киім дайындап қойған болатын. Ихрам уақыты келгенде ол киім ихрамға жарай ма, жарамай ма деп күмәндана бастадым. Сенімді болу үшін басқа ихрам орандым. Меккеге барғанда Имам Әли Риза хазретке хат жаздым. Хатпен бірге біраз сыйлық қосып жібердім. Бірақ қызметшімнің маған ихрам ретінде дайындаған әлгі қалың киімдерді ихрам ретінде киюге болатын-болмайтынын жазып сұрауды ұмытып кетіппін. Біраздан соң хаттың жауабы келді. Қалың киімдерді ихрам ретінде кию рұқсат екенін, ешқандай зияны жоқ екенін хаттың соңында жазған еді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Бір күні Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) екеуіміз бір үйдің қабырғасының түбінде сұхбаттасып отырған едік. Кенеттен бір торғай келіп, оның алдына қонды да, сайрай бастады. Қатты абыржыған еді. Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) «Мына торғай не дегенін білесің бе?» деп сұрады. Мен «Аллаһу та'ала, Оның Расулы және Расулуллаһтың ұрпағы (сіз) жақсырақ біледі» дедім. Сонда «Торғай мына үйде жылан бар екенін, оның балапандарын жейін деп жатқанын айтты. Тұр, үйге кіріп, сол жыланды өлтір» деп бұйырды. Үйге кірдім. Іште бір жылан жүрген екен, оны өлтірдім».

∙ Бір адам былай айтып берген: «Жұбайым жүкті еді. Имам Әли Риза хазреттің алдына бардым. «Дұға етіңіз, ұлым болсын» деп өтіндім. Ол «Әйелің екі балаға жүкті» деді. Кетерімде «Біріне Мұхаммед, екіншісіне Әли есімдерін беремін» деп ойладым. Имам Әли Риза хазрет мені шақырды. «Біріне Әли, екіншісіне Умму Амр есімін бер» деді. Балалар туылды. Бірі ұл, бірі қыз еді. Есімдерін Әли және Умму Амр деп қойдым. Бір күні анамнан «Умму Амр кімнің есімі?» деп сұрадым. «Анамның есімі еді» деп жауап берді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Хорасанда Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) хазреттен естідім. «Мәдинада мені шақырып жатыр. Бүкіл балаларымды жинап, мен үшін жыламауын айттым. Кейін он екі мың ақшаны араларында бөлістірдім. «Бұдан кейін сендерге оралмаймын» дедім» деген еді.

∙ Мәмун Имам Әли Ризаға (радиаллаһу анһ) халифа болуын ұсынды. Ол қабылдамады. Бұл ұсыныс екі ай жалғасты. Соңында қорқытып мәжбүрлеуге айналды. Осылайша қабылдады. Имам Әли Риза (радиаллаһу анһ) бір жазу жазып, жазудың соңына: «Жәфр мен жамиа кітаптары мұның терісін көрсетеді. Бірақ бұл іс менің қалауымсыз жүзеге асты» деп жазып, «...Маған және сендерге не істелетінін білмеймін...» деген «Ахкаф» сүресінің 9-шы аяты мен «...Үкім тек Аллаһқа тән. Ол хақты айтады. Ол үкім беретіндердің ең қайырлысы» деген «Әнам» сүресінің 57-ші аятын оқыды. «Халифаның бұйрығына бағындым. Аллаһу та'ала мені және сендерді қорғасын» деді.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages