Жұма мүбәрәк болсын!

37 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Feb 6, 2025, 7:35:34 AM2/6/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Аллаһ үшін жұмсаған ақшамыз біздікі

Ешбір адам соңының не болатынын біле алмайды, оны қандай қиыншылықтар күтіп тұрғанынан хабары жоқ. Әр адамды төрт түрлі тонау күтіп тұр:

1) Әзірейіл алейһиссалам және оған көмектесетін періштелер рухымызды тонайды. Өлім періштесі рухымызды алған соң салихтардың рухын рахмет періштелеріне тапсырады. Ал жаман адамдардың рухын азап періштелеріне қалдырады. Осылайша әрбір рух лайықты болған жеріне барады.

2) Мирасқорларымыз мал-мүлкімізді тонайды. Мал-мүлкіміз қанша көп болса да, кебіннен артығын өзімізбен бірге әкете алмаймыз. Оның өзі де шіріп кетеді.

Күн-түн демей жұмыс істеп жинаған мал-мүлкімізге бәлкім ең жақсы көрмейтін адамдар иемденіп, тәбетпен жей бастайды. Ал оның есебін бізден сұрайды!

Абдуллаһ бин Омар хазрет бір адамның ақша санап отырғанын байқап, одан: «Кімнің ақшасын санап отырсың?» деп сұрайды. Адам ашуланып, «Өз ақшамды санап отырмын» дейді. Сонда оған былай жауап берген екен:

«Қолыңдағы ақшаның кімге нәсіп болатыны белгісіз. Өлсең мирасқорларыңа қалады. Жоғалтсаң тапқан адам алады. Ұрлатсаң басқаларға өтеді...».

Қалтамыздағы ақша біздікі болмауы мүмкін. Бірақ Аллаһ үшін жұмсаған ақшамыз біздікі. Ол ұрланбайды да, жоғалмайды да, иістенбейді де, шірімейді де. Сенімді жерде сақталып тұрады, ең қиын кезімізде бізге келеді...

Әмәуи халифаларынан Сүлейман бин Абдулмәлик сол заманда өмір сүрген үлкен ғұлама Әбу Хазым хазреттен: «Біз өлімнен неге сонша қорқамыз?» деп сұрайды. Ол былай жауап берген екен: «Екі себебі бар. Біріншісі, сіз мал-мүлкіңізді дүниеде қалдырдыңыз, Аллаһ үшін жұмсамадыңыз! Адам баласы табиғатынан мал-мүлкін жақсы көретін болып келеді, одан айрылғысы келмейді. Екіншісі, сіз дүниеңізді жайлы еттіңіз, ал ахиретіңізді құрттыңыз! Ешкім жайлы жерден қираған жерге барғысы келмейді. Мал-мүлкіңізді ана дүниеге жібергеніңізде өлімнен қорықпас едіңіз, тіпті мал-мүлкіңізге қауышу үшін жақсы көрер едіңіз».

3) Денемізді қабірдегі құрт-құмырсқа тонайды. Құрттар да майлы етті жақсы көреді. Сондықтан семірмеуге мән берген жөн!

4) Соңғы тонау амалымызға, сауаптарымызға болады. Мойнымызда кісі ақысы болса, алашақтар жиналып сауаптарымызды бөліседі. Кезінде біреудің мал-мүлкін жедік, біреуді ғайбаттадық, біреуді көре алмадық, біреуді ұрып-соқтық. Оларға ақылары шамасында жақсы амалдарымыз таратылады. Сауаптар бітіп, әлі де алашақтар болса, онда олардың күнәлары алынып, біздің күнәларымызға қосылады. Мұндай адамның соңы не болатыны белгілі.

Раббымыздың рақымы шексіз, үмітті үзбеу керек. Қанша көп күнә істесек те, тәубе етіп, тәубенің шарттарын орындасақ, мүлде күнә істемегендей боламыз.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 13, 2025, 7:41:21 AM2/13/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Бәрат түні

Адамдардың өмірі бұрынғы замандарда өте ұзын болатын. Нұх алейһиссаламның 950 жыл пайғамбар болғаны аяти каримамен бекітілген. Шит алейһиссалам 500 жыл шатыр астында өмір сүрген. Оған жанашырлары «Жайсыз жерде өмір сүріп жатырсыз, сізге үй соғып берейік» деген екен, сонда ол «Өміріміздің жартысы өтіп кетті, бар қалғаны 500-ақ жыл, өміріміздің қалғанын да осында өткіземіз» деп жауаптады. Үмбеті оған «Ақыр заманда адамдарды орташа есеппен өмірі 60 жыл болады, соған қарамастан олар үлкен үйлер, зәулім сарайлар соғады екен...» деді. Мұны естіген пайғамбар қатты таңқалып: «Менің өмірім 60 жыл болса, бүкіл өмірімді бір сәждеде өткіземін» деген екен.

Басқа үмбеттердің өмірінің ұзақ, ал біздің өміріміздің қысқа болуы біздің сүйікті пайғамбарымызды мұңайтты. Олардың ұзақ өмір сүріп, көбірек ғибадат жасайтынын және сауапта бізден озатынын ойлаған еді. Раббымыз сүйікті пайғамбарын ренжіткісі келмеді. Бізге сондай қасиетті күндер мен түндер нәсіп етті – әр түн бір өмірге тең. Мысалы, Қадір түні мың айдан да қайырлы. Бұл Құран кәрімде анық айтылған. Мың ай шамамен 80 жылға тең. Бір мұсылман 10 Қадір түнін ғибадатпен өткізе алса, 800 жылдан артық ғибадат етудің сауабын алады. Басқа үмбеттерге мұндай ниғмет берілмеген.

Бәрат түні де осындай қасиетті түндердің бірі. Осы түнде бір жылдың ішінде болатын құбылыстардың, ризықтардың, ажалдардың, аурулардың, зілзала және сол сияқты орын алатын нәрселердің тізімі тиісті періштелерге тапсырылады, олар күні келгенде бұйырылғандарды орындайды. Құран кәрім де осы түні Ләух-и махфуздан тұтас күйде осы дүниенің аспанына түсірілген, кейіннен 23 жыл ішінде әртүрлі жерде және әртүрлі уақытта пайғамбарымызға түскен.

Бәрат түніне пайғамбарымыз ерекше мән беріп, ғибадат ететін еді. Хазреті Айша анамыз айтып берген: «Бір түні пайғамбарымыз төсегінен тұрды, дәрет алып, намазға тұрды. Намазды ұзақ оқыды, сәждеде ұзақ қалғаны соншалық, мен қайтыс болды ма деп ойлап қалдым. Мүбәрәк аяғын ұстап едім, қимылдағанын көріп қуандым. Намазы біткенде: «Сәждеде ұзақ қалғаныңыздан, сізді уайымдап кеттім. Неге ұзақ сәжде еттіңіз, бұған дейін сізден ондайды байқамаған едім?» деп сұрадым. Сонда пайғамбарымыз: «Йа, Айша! Бұл түннің қандай түн екенін білесің бе? Бұл түн – Шабан айының 15 түні болған Бәрат түні. Бұл түнде амалдар ұлы Раббымызға ұсынылады. Келер жылда кімнің ризығы қанша болатыны жазылған тізім Микайл періштеге (алейһиссалам) беріледі. Қайтыс болатын адамдардың тізімі Әзірейіл періштеге (алейһиссалам) тапсырылады» деп жауап берді. Егер Бәрат түніне дейін аман-есен жеткен болсақ, демек өткен жылдың тізімінде біздің атымыз жазылмаған деген сөз. Келер жылы немесе одан кейінгі жылдары жазылатын тізімде міндетті түрде біздің есіміміз де жазылады. Әр сәтте өлімге дайын болуымыз қажет. Қолымызда осындай мүмкіндік тұрғанда, жіберіп алмауымыз керек. Ондай мүмкіндіктер ендігәрі келмеуі де мүмкін. Тағы Бәрат түні келеді, бірақ біз көрмеуіміз мүмкін. Расында, өткен жылдың қасиетті түндерінде бірге болғандарымыздың кейбірлері бұл жылы арамызда жоқ.

Хадис шәрифте: «Бәрат түнін ғибадатпен, ал күнін оразамен өткізіңдер» делінген. Бәрат түнінде күн батқаннан кейін Раббымыз мейірімімен осы дүниенің аспанына назар салып: «Кешірім сұраушылар жоқ па? – Оларды кешірейін. Ризық сұраушылар жоқ па? – Оларды ризықтандырайын. Аурулар немесе дерттілер жоқ па? – Оларға шипа және дертіне дауа берейін. Менен тілейтіндер жоқ па? – Құлдарымның қалағанын берейін...» дейді. Бұл таңға дейін жалғасады. Оған жайылған қолдар (әсіресе осындай түндерде) бос қайтарылмайды. Көп тәубе етейік, дұға етейік. Ренжіскендер татуласуы қажет, үлкендерімізді және сүйіктілерімізді қасиетті түнмен құттықтап, дұғасын алуымыз керек. Барша мұсылмандарды Бәрат түнімен құттықтаймыз! Бұл қасиетті түн бәрімізге және Ислам әлеміне мүбәрәк болсын!

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 20, 2025, 7:22:53 AM2/20/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Парақорлық – әлеуметтік індет

Парақорлық – жеке басының пайдасын алу, бір мәселесін тындыру мақсатымен үкіметтік қызметтегі адамға заңға қайшы түрде берілетін ақша, мүлік секілді бір пайда деген сөз. Осы жолмен әділетсіз пайдаға қол жеткізіледі немесе біреудің хақысы желінген болады. Тартып алынған затты және зұлымдықпен, ұрлықпен алынған әрі пара, өсім, құмар ақылары және басқа да қиянат жолдардың бірімен алынған табысты жеуге және басқаларға да жегізуге дініміз тыйым салған. Аллаһу та'ала:

«Бір-бірлеріңнің мал-мүліктеріңді өзара (құмар, ұрлық, тартып алу, пара беру секілді) жаман себептермен жемеңдер!» деген.

Сотта пара беру арқылы әділетсіз үкім шығаруына себеп болатындарға пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):

«Үкім шығарғанда пара бергенге және алғанға Аллаһ лағнет етсін!» деген.

Парақорлық – мемлекетке қарсы жасалатын қылмыстардың бірі. Бұл адамды қарабет қылатын әрекет. Үкімет қызметкерінің мемлекет берген билікті жаман жолда пайдалануға жатады.

Парақорлық – әлеуметтік індет. Қоғамда парақорлықтың тарауы мемлекетті әлсіретеді және азаматтардың үкіметке деген сенімін түсіреді. Ал бұл жағдай мемлекеттің беделінің түсуіне, басқаруда немқұрайлықтың өршуіне, анархияның дамуына әкеп соғады.

Парақорлық себебімен зұлымдықтың, әділетсіздіктің көбеюі, осылайша адамдар арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің жоғалуы да мемлекеттегі бірлік пен ынтымақтың жойылуына, ақыр соңында құлауына жол ашатын себептердің бірі.

Парақорлық – елді рухани және материалдық тұрғыда құлдырататын індет екені ақиқат. Уәкілеттілерге көмектесу – әр адамның міндеті.

 

Хазреті Әлидің көз жасы!

Жабир бин Абдуррахман хазрет түнде түс көріп, түсінің үрейімен таңды әрең аттырады. Таң намазына мешітке келген бойда, тікелей хазреті Әлидің алдына барады. Намаздан кейін Хазреті Әлиге:

- Йа, әмир-ул мүминин! Түс көрдім, қатты қорықтым, өтінемін, жорып беріңізші. Үлкен-үлкен сиырлар көрдім, кішкентай сиырларды сауып жатты. Өзендер көрдім, кеуіп кеткен еді, бір тамшы суы да жоқ, бірақ жағасы жап-жасыл... Мешіттер көрдім, михрабтарында, мінберлерінде үлкен-үлкен пұттар отырған еді,- дейді.

Мұны естіген хазреті Әли жылай бастайды да, былай жориды:

- Көрген түсің бұл үмбеттің соңына таман басына келетін пәлекеттерге ишара! Бірінші белгі, мансап иесі болған, басшы, басқарушы болған адамдар пара алмағанша жұмыс істемейді, парамен күн көреді, мансабын ақшаға ауыстырады. Екінші белгі, іші бос болса да, өздерін өте қасиетті санайтын және өзгелерге өзін солай көрсететін адамдар болады, бәрі оларды әдептілігі, абыройы үшін құрметтейді. Ол адамдар – өздеріне берілген билікке,  беделдікке, әдептілікке сүйеніп, айналасындағыларға зұлымдық көрсететін залым басқарушылар... Мешіт мінберіндегі, михрабтағы пұттар болса ең үлкен пәлекет болып, дін атынан шығып сөйлейтіндер, жазатындар. Олар өздеріне сенгендердің діннен шығуына, сенімдерінің бұзылуына себеп болады...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Feb 27, 2025, 6:52:39 AM2/27/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ораза ұстағандар қауышатын ниғметтер

Бірер күннен кейін басталатын қасиетті Рамазан айында ораза ұстау барша мұсылманға парыз. Раббымыз бізге нені әмір еткен болса, нені істеуімізді бұйырған болса, міндетті түрде сол істің бізге заттық және рухани пайдалары тиеді. Оразада есепсіз пайдалар бар. Бірақ біз оразаны ол пайдалары үшін емес, дініміздің бұйрығы болғаны үшін ұстаймыз. Бәрінен бұрын денсаулығымыз үшін ораза ұстауымыз керек.

Өйткені хадис шәрифте: «Ораза тұтыңдар да денсаулыққа қол жеткізіңдер»,- деп бұйрылған. Ораза ұстаған кісі денсаулығын жақсартады. Біз күні бойы жұмыс істеп шаршаған мүшелерімізді түнде ұйықтап жатқанда демалдырамыз. Бірақ демала алмайтын, тыныға алмайтын кейбір мүшелер бар, олар: асқазан, ішек-қарын және асқорыту жүйесі. Бұлар үздіксіз жұмыс істейді, демалудың не екенін білмейді. Қатты тойып жатсақ та, оянған кезімізде қарнымыздың ашқанын байқаймыз. Біз есімізді білмей ұйықтадық, бірақ асқорыту жүйеміз түнімен ұйықтамастан тоқтамай жұмыс істеген. Бұл үздіксіз жұмыс істеу оларды шаршатады, тоздырады. Ұйықтағанда көзіміз, құлағымыз, аяқ-қолдарымыз және миымыз, бәрі тынығады. Тыныға алмайтын мүшелерімізді ең болмағанда жылына бір рет, тек қана күндіздері ораза ұстау арқылы тынықтыруға мүмкіндік берген боламыз.

Ораза ұстаған кезімізде жүрегіміз де демалады, асқазан бос болғанда оңай жұмыс істейді. Мұны тексеру оңай, ораза ұстаған кезде жүрек қағысымызды санайық, одан кейін ауыз ашқаннан кейін санап көрейік. Жүрегіміздің кемінде минутына он ретке көбірек соққанын көреміз. Асқазандағы асты қорыту үшін жүрегіміз жылдамырақ жұмыс істеуге мәжбүр болады.

Денсаулық тұрғысынан тағы бір пайдасы – бауырдағы ас қорының еруі. Дәрігерлердің айтуынша, бауырымыз азық қоймасы. Денемізге керек болған азықтарды қажеттілік туындағанда автоматты түрде керекті шамада беріп отырады. Ораза ұстамағандар бұл қажеттіліктерін жеген тамақтарынан алғандықтан, бауырдағы сақталып тұрған азықтарға тиіспейді. Олар осылай қала беріп ескіріп қалады. Жылдап ауыспай тұрып қалған азықтар қажеттілік туындаған кезде дереу айналымға түсіп кете алмағандықтан жақсы нәтиже бермейді.

Ғылым дамыған сайын ораза ұстаудың денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екені жақсырақ аңғарылуда. Жақын болашақта дәрігерлер ауруларға дәрі жазғанда тізімге «ораза ұстау» деп те қосып жазатын болады.

Құран кәрімде адамды сабырға шақыратын және бұйыратын жетпістен астам аяти карима бар. Олардың ең үлкені «Раббымыз сабыр етушілермен бірге» деген сүйінші. Сабыр ету адамдарға тән. Періштелер сабыр етпейді, өйткені олар ішіп-жемейді және ауырмайды. Жануарларға да сабыр ету міндеттелмеген, өйткені оларда ақыл жоқ, ешнәрсеге жауапты да емес.

Аллаһу та'алаға бағынбай қарсы шыққандар, харамдардан сақтанбағандар қиямет күні тозаққа тасталған кезде «Әттең-ай, біз дүниеге адам болып келмегенімізде ғой, жылан, шаян болып келіп, мына ауыр азапқа душар болмағанымызда ғой» дейді. Отта жану өте ауыр азап, оны жанбағандар түсінбейді.

Жақсылар мәңгі бақытқа кенелетінін, ал жамандар өздері лайықты болған азаптарына міндетті түрде душар болатынын ұмытпайық...  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 7, 2025, 12:46:50 AM3/7/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Пайғамбарымыз дәуірінен Рамазан естеліктері

Рамазан – ораза айы болуымен қатар, тамақтың да айы. Өйткені бүкіл ай бойы күнде не пісіру керек, не жеу керек, не жемеу керек туралы үнемі айтылып жатады. Ал енді пайғамбарымыз дәуірінде адамдар оразаны қалай ұстайтын еді, не жейтін еді?

Көне Мекке дәуірінде оразаны адамдар білетін еді. Пайғамбарымыз және кейбір сахабалар мүстаһаб ретінде қандай екенін біз білмейтін түрде ораза ұстайтын еді. Пайғамбарымыз Мәдинаға келгенінде жергілікті яһудилердің Мухаррам айының оныншы Ашура күнінде ораза ұстағанын көрді. Себебін сұрағанда олар перғауынның қолынан құтылған күні болғандықтан, хазреті Мұса бұл күні ораза ұстағанын айтты. Осыған орай пайғамбарымыз «Бауырым Мұсаның сүннетін орындауға біз лайықтырақпыз» деп ораза ұстады. Мұсылмандарға да әмір етті. Кейінірек Рамазан оразасы парыз болған кезден бастап Ашура күнінде қалаған адам ораза ұстады, қалаған ұстамайтын болды. Бұл ораза дәстүрінде түнде сәре асына тұру жоқ еді. Жұлдыздар көрінгенде ауыз ашылатын еді. Оразада ауыз ашқаннан кейін де жұбайымен қосылуға тыйым салынған еді. Ислам діні бұлардың бәрін алып тастады.

Рамазан оразасының парыз етілуі хижреттен 18 ай кейін Шабан айының соңғы күндерінде болған. Бәдір соғысы бұдан кейін басы сол кезде 624 жылдың 26 ақпанына тура келген Рамазан айында басталған еді. Сапарда болған адамның оразаны қазаға қалдыра алатындығына қатысты аят әлі келмегендіктен, мұсылмандар оразалы күйде соғысқан еді. Демек пайғамбарымыз 9 рет Рамазан оразасын ұстады деген сөз. Қыста ұсталған оразаға «Қиыншылықсыз қолға түскен олжа» деп айтқан. «Ораза – сабырдың жартысы, дененің зекеті, тазалануы» дейтін еді.

Пайғамбарымыз ауызашарды жұлдыздар көріне бастағанға дейін кешіктірген әһли кітапқа (кітапты кәпірлерге) қарсылық болу үшін ауызашарда асығуға, сәре асын да кеш жеуге кеңес беретін еді. Оның бір құрма немесе бір жұтым сумен ауыз ашып, кейін намаз оқығандығы хабар берілген. Ақшам намазында және ауызашарда асығу керектігін білдірген хазреті Айша хадисінен де ақшам намазының оқылуы ауызашарды ерте бастауға кедергі емес екендігі де аңғарылып тұр. Расында хазреті Омар және Осман ақшам намазын уақыты кірген сәтте оқып, намаздан кейін ауыз ашатын еді.

Расулуллаһтың ауызашар дастарханы қарапайым еді. 10 жыл қызмет еткен Әнас бин Малик хазрет Расулуллаһтың уақыт кіргенде бірнеше жас құрма, жоқ болса кептірілген құрма, ол да жоқ болса бірнеше жұтым сумен ауыз ашқандығын айтқан. Тамақты тұзбен бастау да мақталған. Қыста құрмамен, жазда сумен ашқандығы да жеткен. Абдуллаһ бин Әби Әуфа Расулуллаһтың ауызашарда қуырылған ұнның су немесе сүтпен араласуы арқылы пісірілген сәуик сорпасын (һәллә) әзірлеткендігін риуаят еткен. Пайғамбарымыз «Кімде-кім ораза ұстаған кісіге ауыз ашқызса, оның сауабындай сауапқа кенеледі» деген. Осы себептен Ол ауыз ашарға сахабаларды шақырып, өзі де ауызашарға шақырылғанда баратын еді. Ол Сад бин Убадәнің ауызашарына барған, дастарханға қойылған нан және зәйтүн майын жегеннен кейін дұға еткен.

Пайғамбарымыз маңыздылығын көрсету үшін ауызашарға да, сәре асына да қонақ шақыратын еді. Мысалы, Ирбад бин Сарияны сәресіне шақырған. «Бір жұтым сумен болса да сәресін жасаңдар, онда берекет бар. Сәре асы оразаға, күндізгі ұйқы түнгі ғибадатқа демеуші» дейтін еді. Сәресі мен сахур, сәһәр сөздерінің мағыналары бір. «Имсак» деп де айтылады. Имсак – ұстау, өзін бір нәрседен кері тарту деген сөз. Шығыс аспанында фәжрдің, яғни күннің алғашқы сәулелері шыға бастаған сәті. Осы сәттен бастап ораза басталады. Таң намазының уақыты кірді деген сөз. Ықтият ретінде біраз күткеннен кейін таң намазы оқылады. Зәйд бин Сабит: «Расулуллаһпен сәресін жегеннен кейін елу аят оқитындай уақыт өтті, кейін біз таң намазын оқыдық» деген.

Рамазанда қара жіп пен ақ жіп бір-бірінен ажыратыла алатын уақытқа дейін ішіп-жеуге рұқсат беретін аят келгенде Ади бин Хатәм бір қара,  бір ақ жіп алып, жастығының астына қойды. Түнде бұларға қарап ажырата алмағаны үшін ораза уақытын да біле алмады. Таңертең жағдайды пайғамбарымызға айтып берді, Расулуллаһ: «Сенің жастығың енді және ұзын екен» деп қалжыңдады. Аяттың ауыспалы мағынада айтылып, қара және ақ жіптің түңгі қараңғылық пен күндізгі жарықтық деген мағынада екендігін айтты. Шынында аяттың соңындағы «Шапақ атқанға дейін» тіркесі осыны білдірген еді.

Сахабалар имсак және ауызашарда азанға жүгінетін еді. Әуелі Билал Хабаши, кейіннен Ибн Умми Мәктум азан оқитын еді. Пайғамбарымыз «Ибн Умми Мәктумның азанын естігенге дейін ішіп-жеңдер» дейтін еді. Өйткені хазреті Билалдың азаны ұйықтап жатқандарды ояту үшін қажет еді. Ауызашар үшін де Құран кәрімде: «Кейін оразаны түнге дейін бітіріңдер» мағынасындағы аяты «Түн келіп, күндіз жоғалған кезде, яғни күн жоғалғанда ауыз ашыңдар» түрінде тәфсирленді.

Қайс бин Сырма Рамазан күні шаршап, қажыған күйде үйіне келді. Ауыз ашпастан ұйықтап қалды. Осылайша еш тамақтанбастан ертеңгі күннің оразасын бастады. Күннің ортасында талып қалды. Бұл жағдай жайында Расулуллаһқа хабар берілді. Сәресінің атын шығаратын аят түсті. Хазреті Әнас айтып берді: «Бір сапарда кейбіріміз ораза ұстаған едік, кейбірлері ұстамаған еді. Ыстық бір күнде демалуға тоқтадық. Ораза ұстағандар құлап қалды. Ораза ұстамағандар шатырлар құрды, малдарды суарды. Расулуллаһ «Бүгін сауапты ораза ұстамағандар алды!» деді. Ораза ұстағаны үшін адамдар оған көлеңке жасап тұрған біреуді көргенде «Сапарда ораза ұстау үлкен діндарлық емес» деді.

Пайғамбарымыз ауыз ашпай тұрып «Йа, Раббым, сенің разылығың үшін ораза ұстадым, саған сендім, саған жүгіндім, сенің ризығыңмен ауызымды аштым. Ей, кешірімі мол Раббым! Мені, ата-анамды, ұрпағымды және мүминдерді кешіре гөр» деген мағынадағы дұғаны, ауыз ашып болғаннан кейін «Шөл басылды, тамырлар сергіді, сауап пайда болды, иншаллаһ» мағынасындағы дұғаны оқитын еді. «Ораза ұстаушының екі қуанышы бар: біріншісі ауыз ашқанда, екіншісі бұл сауаппен Раббына қауышқан кезінде» сөзін де Ол айтқан.

Пайғамбарымыз Рамазан түнінде құптаннан кейін сахабаларына 20 рәкат намаз оқытқан. Кейін «Парыз деп санамасын, мұсылмандардың шамасы жетпей қалмасын» деген оймен бір бөлігін жалғыз оқуды жөн көрді. «Кімде-кім тарауих намазын сеніп және сауабын Аллаһтан үміт етіп оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі» деп айтып, бұл намазға ынталандырды, шақырды. Рамазан айында Мәсжид-и Нәбиде бұл күндердің құрметіне көбірек шамдар жағылатын еді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 14, 2025, 2:44:29 AM3/14/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ораза ұстау арқылы періштелердей боламыз

Раббымыздың бізге берген ниғметтері санауға келмейтіндей көп. Берілген осыншама ниғметтерді біз сұрамадық, ондай талабымыз болмады. Біздің оларға мұқтаж болғанымыз, оларсыз өмір сүре алмайтынымыз белгілі болғандықтан бізге берілді. Біз білсек те, білмесек те, ақиқат осы. Иә, ниғметтердің ішінде жүзіп жүрміз. Ал осыншама ниғметтерге шүкір етеміз бе? Шүкір етпейтінімізді мойындайық. Раббымзы да «Шүкір ететін құлдарым аз» дейді.

Шүкір етпесек немесе аз шүкір етсек, мұның көптеген себебі бар. Біріншісі, тегін болып көрінген және ешқашан бітпейтін ниғметтерді ниғмет ретінде көрмейміз.

Ауа – үлкен ниғмет. Ол болмаса тірі қалуымыз мүмкін емес. Жер бетінде ауа жоғалса, көп дегенде он минутта бәріміз өлеміз. Ауаны жаратқан әр минутта өмірімізді құтқарып жатыр. Қанша шүкір етсек те, аз.

Оттегінің қаншалықты үлкен ниғмет екенін ауасыз қалған кезде түсінеміз. Біреу тамағымызды қысса немесе монша секілді ауасыз жерде ұзақ отырсақ, сол кезде ауаның қадірін түсінеміз.

Денсаулықтың, сау жүрудің рахатын таңға дейін ауырып, қиналып шыққандар біледі. Көздің қадірін соқыр түсінеді. Құлақтың қадірін керең адам біледі.

Бір кедей кісі ұстазына келіп, дертін айтып шағымданады, өте кедей екенін, ештеңесі жоқ екенін айтады. Сонда ұстазы одан сұрайды: «Егер саған біреу келіп, көзің үшін он мың дирхам беремін десе, беруге разы боласың ба?» Ол «Жоқ» деп жауаптайды. Ұстазы жалғастырып: «Егер керең болсаң, тағы он мың» дегенде бұған да «Жоқ» дейді. «Егер тілсіз қалсаң, сөйлей алмасаң, он мың дирхам» дегенінде тағы «Жоқ» дейді. «Аяқ-қолың істемей, сал болсаң он мың» дегенде бұған да разы болмайды. «Ақылыңнан айрылсаң тағы он мың дирхам берсе разы боласың ба?» деген сұраққа: «Ақылымды жоғалтсам, ақшаны қайтейін?!» дейді.

Сонда ұстазы: «Аллаһтан қорықпайсың ба? Үстіңдегі ниғметтердің бірнешеуі ғана елу мың дирхам құнынан артық, кедей екеніңе қалай шағымданасың?» деген екен.

Еркіндіктің қадірін қамаудағы біледі. Өмірдің қадірін өлі біледі. Өмірге бір күнге болсын қайтқысы келмейтін бірде-бір өлі жоқ. Бәрі келгісі келеді. Салих амал жасағандар көбірек сауап алу, дәрежелері тағы жоғарылау үшін. Ал азаптағылар тәубе ету үшін қайтып келуді қатты қалайды, бірақ мұндай мүмкіндік ешкімге берілген емес, берілмейді де.

Сусыз өмір сүре алмаймыз. Өміріміз судың арқасында жалғасып жатыр. Судың қаншалықты үлкен ниғмет екенін шөлдеген кезде түсінеміз. Шөл ораза кезде, әсіресе ұзақ және ыстық күндері ораза ұстағанда сезіледі.

Ораза ұстау арқылы біз періштелердей боламыз. Өйткені олар ештеңе жемейді және ішпейді. Раббымызға шүкірімізді толық жасауымыз мүмкін емес. Ниғметтерді Ол жібергенін білейік, соның өзі жетеді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 21, 2025, 2:00:24 AM3/21/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Рамазан айының әр күні мейрам

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әр мейрам құндылығына қарай ұзақ немесе қысқа уақытқа созылады. Мысалы ораза айт үш күн, Құрбан айт төрт күн. Сондай бір мейрам бар, отыз күнге жалғасады. Ол мейрам – қасиетті Рамазан айы. Өйткені бұл айда күн сайын мыңдаған, жүз мыңдаған мұсылман кешірілуде. Қабірдегілер жәннатқа жіберілуде. Дүниедегілердің күнәлары өшіп жатыр. Бұдан үлкен мейрам болуы мүмкін бе?

Сондықтан әр күні кешірілгендердің көптігін ойлап, өзін де қосып, кеш болмай тұрып «Қап, мейрамның тағы біреуі өтті», ертеңіне кешке «Қап, тағы бір күн кетті» деп айту жолымен Рамазан айында әрбір күннің әр сағатын, әр түнін өте құнды деп біліп, соған сай қадірлендіру керек.

Қасиеттілігіне қараңыз, бұл айда орындалған зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалған парыздар секілді. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған жетпіс парыз секілді. Сондықтан бұл айда тілімізге ие болу керек, яғни аузымыздан ғайбат, өсек, жаман сөз айту былай тұрсын, тіпті бостан бос дүниелік сөздер де шықпау керек. Қайырлы істер жасап, қайырлы сөздер айтқан жөн. Құран кәрім оқу қажет. Қаза намаздарын өтеу керек. Уақыт тапқанда зиярат жасау, адамдардың көңілін аулап, сыйлық беріп сыйласу керек. Мүмкіндік болса, әһли сүннет ғалымдарымыздың кітаптарын, мысалы «Ислам Ахлақы» кітабын берген жақсы болады. Яғни жақсылық пен қайырымдылық нағыз қабыл болатын, қайтарылмайтын бір ай бойы бұл мүмкіндікті жақсылап пайдаланған жөн.

Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Мені ұмытсаңдар ризықтарыңды азайтамын» деген. Аллаһты ұмытып, дүниеге берілсек, иман, денсаулық, мал-мүлік, адамгершілік, мейірім ризықтары және басқа да әртүрлі ризықтар азаяды. Қасиетті Рамазан айында Хақ та'ала көп еске алынғандықтан, ораза ұсталып, Құран кәрім оқылғандықтан, мейірім көбейгендіктен, ауызашарлар, зекеттер, пітірлер берілгендіктен, иман ризығынан бастап заттық және рухани ризықтар артып жатыр. Тіпті мұсылмандықтан ұзақтау болғандардың өзі дін, иман жайында сөз қозғайды. Ал мұсылмандар ғибадатқа қаттырақ беріледі, мешіттер толады. Ауруханалар болса басқа айлардағыдай толмайды. Өйткені денсаулық ризығы молаяды. Ораза ұстаған адамның денсаулығы мықты болады. «Асқазан тамақтан бос болса, дене сау болады. Жүрек дүниеліктен бос болса, мұсылмандығымыз қуатты болады» делінеді. Демек, жүректе дүниелік жоқ болса, ақшаға, мал-мүлікке және мансапқа, яғни жүрек осыларға деген махаббатқа толы болмаса, ол адамның имандылығы дұрыс әрі мықты болады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Mar 27, 2025, 8:56:58 AM3/27/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Аллаһу та'ала жайылған қолды бос қайтармайды

Дұғаны кезкелген уақытта жасауға болады, бірақ кейбір уақыттардағы дұғалар құндырақ. «Он бір айдың сұлтаны» болған қасиетті айда жасалса, қабыл болу ықтималы көбірек болады.

Дұға ету – өзі жеке ғибадатқа жатады, сауап беріледі. Раббымызға деген жақындықты тудырады. Хадис құдсида айтылған: «Құлым мені қандай деп білсе, оған солай қараймын. Маған дұға еткенде онымен біргемін.» Қабыл болмаса да, осы ниғметтің өзі бізге жеткілікті. Бірақ қабыл болмауы мүмкін емес. Бір хадис шәрифте «Аллаһу та'ала кәрім (жомарт), өзіне жайылған қолды бос қайтарғысы келмейді» делінген.

Тағы бір риуаят бойынша, жасалған дұғаларға марапат ретінде үш нәрсенің бірі беріледі: 1) Дереу қабыл болады, дәл сұрағанындай беріледі. 2) Кейінге қалдырылады, кейінірек беріледі. Сұраған нәрсе оған сол сәтте пайдалы болмауы мүмкін. Қант диабеті ауруының тәтті жегені сияқты. 3) Дүниеде мүлдем берілмейді, бірақ ахиретте оған сауап күйінде беріледі де, оған «Сен дүниеде дұға еткен едің, қабыл болмаған еді, мына сауаптар соның марапаты» делінеді. Мұны естіген сахабалар (алейһимурридуан) «Олай болса, онда біз көбірек дұға етеміз» десті. Сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) жауап ретінде: «Ол да сендерге көбірек береді» деді.

Дұғалардың қабыл болуы үшін халал азық жеуіміз керек. Денеміз харамдармен азықтанса немесе үстіміздегі киім харамнан алынса, жасалған дұғалар қабыл болмайды.

Мұңды көңілмен және сәре уақытында жасалған дұғалар көбірек қабыл болады.

Дұға еткенде қабыл болатынына сену керек. «Менің дұға етуімнен не пайда, мен жаман құлмын, осыншама уақыт бойы дұға етіп жүрмін, ештеңе өзгермеді? Ешқандай нәтижесін көрмедім» деп айту үлкен қателік.

Жаратылыстың ең жаманы болған шайтан жәннаттан шығарылғанда «Йа, Раббым, қияметке дейін рухымды алма, маған сондай өмір бере гөр» деп дұға етті. Дұғасы қабыл болды. Тіпті өз дұшпанының да дұғасын қайтармаған Раббымыз біздің дұғамызды қайтарады ма?

Дұға еткенде жалбарынып дұға етіп, мұқтаж және әлсіз екенімізді ойлауымыз керек.

Бейқам, аман-сау кездері дұға етсек, бұл қиналған және науқастанған кездегі дұғамыздың қабыл болуына себепші болады.

Дұға етуді бастамай тұрып алдымен тәубе етуіміз керек. Біліп немесе білмей жүздеген күнәлар істеп жүрміз. Тәубенің шарттары орындалса, мүлдем күнә істемегендей боламыз.

Дұғаны Раббымызға мадақтау айтып, салауат оқып бастау қажет, соңында да тағы салауат оқу керек. Салауат – қабыл болған дұға. Раббымыз періштелері арқылы сүйікті пайғамбарымызға салауатты жеткізеді.

Қалай дұға етсек те, әрдайым «қайырлы болғанын» сұраған жөн. Ненің қайырлы, ненің қайырсыз екенін біз біле алмаймыз, бірақ Раббымыз біледі...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 3, 2025, 8:02:55 AM4/3/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бұл әлемде дұшпаны ең көп болған – Аллаһу та'ала. Риядун насихин кітабында жазылғанындай, Аллаһу та'ала жаратқан құлдарының арасында әр мың адамнан 999-ының Аллаһқа иманы дұрыс емес. Тек біреуі ғана Аллаһқа шынайы және дұрыс иман келтіреді. Басқаларының иманының дұрыс болмауының себебі - олар Аллаһу та'алаға Ол талап еткендей сенбейді. Олардың сендім дегендері Аллаһу та'ала емес. Аллаһу та'ала білдіргендей, яғни «Маған былай иман келтіріңдер» деп көрсеткені бойынша сенген кезде ғана ол иман болады. Әлемдегі әр түрлі ұлттардағы әр түрлі адамдар белгілі бір нәрселерге тәңір деп сенеді, кәпірлер де құдай дейді, бірақ олар өз ойларындағы, өз қиялдарындағы нәрсеге құдай деп жүр. Аллаһу та'аланы Аллаһ ретінде білмейді. Білудің нышаны – Оған ол білдіргендей иман келтіру. Содан кейін Оған бағыну. Оған ғибадат жасау.

Дұрыс иман мен ғибадат болмағанша адамның Аллаһты жақсы көремін деп айтуы өтірік болады. Кейбірлері иманы мен ғибадатын реттемей жатып дұғаларының қабыл болғанын да айтып жүреді. Бір ғалымнан шәкірттері: «Ұстаз. Халық арасында өздері дінсіз болса да, пұтқа табынушы болса да, мұсылмандыққа ешқандай қатысы болмаса да, «Мен дұға еттім, бүкіл дұғаларым қабыл болды» деп айтатындар бар. Шынымен олардың дұғалары қабыл болғаны ма?»- деп сұрайды. Ол ғалым былай жауап береді:

Дұғаларының қабыл болғаны рас. Негізінде дұғаның қабыл болуы үшін кісінің Әһли сүннет сенімінде болуы, харамдардан сақтануы, парыздарды орындауы және мойнында құл ақысының болмауы қажет. Тіпті көйлегінің бір жібі харамнан болса, сол көйлекпен оқылған намаз қабыл болмайды. Ал адамның сенімі қате, намазы жоқ, құлшылығы, діні жоқ болса, дұғасы қалай қабыл болмақ? Оларда бұл шарттардың ешбірі жоқ, бірақ дұғалары қабыл болды. Бұл қант диабетімен ауыратын адамның кәмпит жеуіне ұқсайды. Қант диабеті науқасы кәмпитті жейді, ол кәмпит ішінде уға айналады. Оның өліміне себеп болады. Олардың дұғаларының қабыл болуы олардың көбірек пәлекетке түсуіне, жаман болуына, Аллаһтан көбірек алыстауына себеп болады. Тілегінің қабыл болғанына сеніп, өз жағдайын, сенімін, жолын дұрыс деп санайды. Олар дұғаның қабыл болуына қажет болған шарттарды орындамаған және бұзық жолды ұстанған болса да, дұғалары қабыл болғандықтан, хақ жолға түсу ойларына да кірмейді. Олардың дұғаларының қабыл болуы истидраж, яғни ағзасында уға айналған кәмпит сияқты әсер береді. Бұл жақсылықтың емес, жамандықтың белгісі. Егер сенімі дұрыс болмаса да, харамдармен айналысқан болса да дұғалары қабыл болып жатса, бұл ол кісінің өзі үшін пәлекет. Дұғаларының қабыл болуы оның пәлекетін арттырады. Аллаһ сақтасын, иманы әлсіз болған адамдар да олардың дұғалары қабыл болғанын көріп, оларды хақ жолда жүр деп санауы мүмкін. Бұл өте қауіпті.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Apr 10, 2025, 10:27:31 AM4/10/25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Иманды кісі ұрлық жасамайды

Ұрлық – өзгенің мүлкін ұрлау, рұқсатсыз алу, өзгенің меншігін ақысыз (әділетсіз) түрде өз иелігіне өткізу деген сөз. Рұқсатсыз алынған және ұрланған нәрселер аз да болса, үкімдері бір және харам болып табылады. Әркімнің қолындағы меншігі оның меншігі емес екендігі дәлелденбегенше өзінің мүлкі болып қала береді. Ұрлық, күштеп тартып алу, зұлымдық, парақорлық, пайыз, қарақшылық және қиянатпен қол жеткізілген мүлік, меншік болмайды. Мұндай нәрсені сатып алу, жеу, ішу жаиз емес. Хадиқа кітабында былай делінеді: “Күштеп немесе ұрлық, қиянат секілді харам жолдармен қол жеткізілгені мәлім болған нәрсені, сыйлық, садақа және төлемақы ретінде алу, жалға алып қолдану халал емес. Тек мұрагердің мұраға қалған нәрселердің иесін білмеген жағадайда, сол нәрселерді алуы халал болады. Мүліктің осы сияқты харам екені толық мәлім болмаса, барлық адамның алуы жаиз болады.”

Ұрлық жасау – үлкен күнәлардың бірі. Еркектерден де, әйелдерден де, бұл күнәға тұтылған адамдар өте көп. Ұрлықтың тұзағынан құтыла алған адам өте аз. Сондықтан ұрлықтың не екенін біліп, одан сақтану керек. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің затын рұқсатсыз алулары, жаратулары, қолданулары ұрлық болып, үлкен күнә жасалуда. Бұл жағдай көп адамда бар. Аллаһу та'аланың сақтаған өте аз адамдары бұдан құтылған. Кейбір адамдар мұның ұрлыққа жататынын, күнә екенін де білмейді. Тіпті халал деп ойлайды. Бұлай ойлап, сеніп имандарын қауіпке соғуда. Бұлай сенген ерлі-зайыптылар бір-бірінің заттарын рұқсатсыз алуды әдетке айналдырғандықтан, өзгелердің затын рұқсатсыз қолданудың жаман екенін ойлап та көрмейді. Соның салдарынан көпшілік өзгенің мүлкіне тартынбай қиянат етуде және ұрлық жасауда. Ниса сүресінің 29-аятында: «Ей иман еткендер, бір-бірлеріңнің меншіктеріңді араларыңда бұрыс жолмен жемеңдер. Яғни Исламның харам еткен пайыз, құмар, ұрлық және күштеп тартып алу секілді бұрыс жолдарымен жемеңдер. Тек қана бір-бірлеріңнен разы болатын түрде, сауда жолымен болсын.» деп бұйырылған.

Өтірік айту, өсек айту, ғайбат ету, жала жабу, ұрлық, айла, қиянат ету, адамдарды ренжіту, фитна шығару, өзгенің затын рұқсатсыз қолдану, жұмысшының, жүк тасушының бейнетақыларын бермеу күнә болады. Бұларды мұсылман болмаған адамға қарата да, мұсылман болмаған мемлекетте де жасау күнә болады. Ғибадаттардың қабыл болуы үшін ұрлық, айла және қиянат секілді күнәлардан тыйылу керек.

Шақырылмаған жерге бару өз-өзін қорлау болып есептеледі. Хадис шәрифте: «Шақырған жерге бармау күнә болады. Шақырмаған жерге бару ұрлық жасау болады.» делінген.

Бір күні хазреті Бәһлүл Дананың үйіне ұры түсіп, үйден тапқан нәрсесінің барлығын алып кетеді. Таң атқанда хазреті Бәһлүл Дана тұрып мазаратқа барып, мазаратқа кіретін есіктің алдына отырып алады. Бұл жағдайды естігендер:

- Не үшін ұрының ізіне түспедің, неге бұл жерге келіп отырсың? – деп сұрайды. Хазреті Бәһлүл Дана:

- Жолынан адасқан ол адамды осы жерде күтіп отырмын,- деп жауап береді. Бұл сөзге сол маңдағылар күледі.

- Аллаһ оңынан қайырсын, ол адам бұл жерге келіп қайтеді? – дейді әлгі адамдар. Оларға хазреті Бәһлүл Дана:

- Сендер уайымдамаңдар, ол міндетті түрде бұл есікке келеді. Ажал оны бұл жерге әкеледі – деп жауап береді. Бұл сөзді естіген сол жердегілер терең ойға шомады.

Әһли сүннет ақидасында амал иманның бөлігі емес. Еріншектікпен әмірлерді орындамаған және нәпісіне еріп күнә жасаудан тыйылмағандардың иманы кетпейді, кәпір болып қалмайды. Үлкен күнә жасаған мұсылмандар бұл дүниеде тәубә етпей, ахыретте де шапағатқа қауыша алмаса, күнәлары мөлшерінде тозақта жанады, одан кейін өздерінде болған иман нұрының себебімен Аллаһу та'аланың кешіріміне қауышады.

 Қорыта айтқанда, адам өлтіру, ұрлық жасау, өтірік айту секілді күнәлар адамның иманын кетірмесе де, бұлар үлкен күнә болып табылады. Кішкентай күнә жасауды тоқтатпау үлкен күнәға, үлкен күнә жасауды тоқтатпау иманға қатер алып келеді. Пайғамбарымыздың айтқанындай: «Иманы болған адам зина, ұрлық жасамайды.»

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages