АСХАБИ КИРАМ – 214

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Mar 14, 2026, 6:56:49 AM (2 days ago) Mar 14
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (52)

1253 [м.1837] жылы сыртқы істер министрі Мұстафа Рашид паша Лондонда елші болған кезінде масон болған еді. Масон досы Стамбұлдағы ағылшын елшісі Лорд Редклифпен жаңа заңдар дайындады. Қаһарман және үздік дипломат ретінде танымал болып бедел жинау үшін батыстағы елдермен бейбіт және тыныштық құрды. Ресей соғысынан және уаһһаби қарақшыларының қорлығынан шаршаған халық батыстан келген бейбітшілік самалына алданды. «Гүлхане хатт-ы хумаюны» жарлығының жарқын сөздеріне сенді. 26 шабан, 1255 [м.1839] жылы Гүлхане алаңында Рашид паша жариялаған осы жаңа Конституция діни бауырмалдықтың орнына басқа бауырмалдықтардың шығуына жол ашты. Исламның көркем мінезінің орнына батыстың жаман әдеттерін әкелді. Стамбұлда, кейіннен Салоникида ағылшын, француз масон ложалары ашылды. Бұл жерлерде алданғандардың тәтті, жарқын сөздері және көп уәделерімен халықтың ақылы, зейіні жабылды. Осылайша османлыларға батыстың алғашқы уланған қанжары қадалды. Алып Осман Империясын іштен құлату, бөлшектеу жоспарының бірінші әрі ең әсерлі қадамы басылған болды. Жаңадан таққа отырған он сегіз жасар Сұлтан Абдулмәжид хан да осы масон ойынының шын мәнін түсіне алмады.

1967 жылы басылған «Жаңа Түркия тарихы» кітабының он екінші томында қысқаша былай жазылған: «Танзимат Хатты Хумаюны» Рашид пашаның еңбегі болғанындай, 1272 [м.1856] жылы жарияланған «Ислахат Хатты Хумаюны» да Әли пашаның еңбегі. Бұл жаңа жарлығы үшін көп адамнан сын алды. Сол күнге дейін әскерге мүлде алынбайтын христиан бодандар да әскер болу хақысын алды. Зиммилерден алынып жүрген «Жизия» атты ислами салық тоқтатылды. Мұсылман халық бұларды ой жүзінде қабылдамаған еді. Әли, Фуад, Жевдет, Сафвет және Уәфик пашаларды Мұстафа Рашид паша жетілдірді. Әли мен Фуад пашалар қызғаншақтық немесе ұзақты болжай алмау кесірінен [халықтың пайдасына] ештеңе істемеді. Империяны құрдымға жетеледі. 1284 [м.1868] жылы мамыр айында «Шурайы Девлет», яғни Даништай ашылғанда Сұлтан Абдулазиз хан оқыған сөзін Әли паша дайындап берген еді. Садри азам (премьер-министр) Әли пашаның 1287 [м.1871] жылы Бебектегі үйінде туберкулездан өлуіне Намык Кемал, Зия паша және Әли Суави секілді ойшылдар қуанды. Зия паша оны тірі кезінде де көп мазақ қылатын. Өйткені Зия паша садри азам болуды, Намык Кемал сыртқы істер министрі болуды, Әли мен Фуад пашалар тобының орнына империяны басқаруды қалаған еді. «Түркия тарихы» кітабынан алынған қысқаша мазмұндау аяқталды.

Әли пашаның «Ислахат заңы» және «Шурайы девлет»-тің басына Мидхат пашаны қоюы Османлы мемлекетінің ислам дінінен тағы біраз алыстауына себеп болып, пікірлердің және ақыр соңында империяның бөлінуіне жол ашты. 1288 [м.1872] жылы садри азам болған Мидхат паша мемлекет басқаруды, әсіресе сыртқы саясатты мүлде білмейтін. Оның үстіне шетел тілін де меңгермеген еді. Англияда масон қылынды. Мысыр уәзірі Исмаил пашадан жүз елу алтын пара алып, оған Еуропадан қарыз ала алу хақысын беретін жарлық шығаруы және тапшылығы бар бюджетті кірісін көп қылып көрсетіп патшаны алдамақшы болуы себебімен екі жарым айдан кейін қызметінен босатылды. 1293 [м.1876] жылдың соңғы айында қайтадан садри азам (премьер-министр) болды. Шурайы девлет басшысы кезінде Абдулхамид ханмен келісіп дайындаған «Бірінші конституциялық кезеңнің негізгі заңнамасын» садри азам болуының төртінші күні жариялады. Мидхат пашаның басқаруында, Зия паша және ақын Намык Кемал да қатысқан алқа дайындаған бұл заңнаманың кейбір бөлімдері адам құқығына, мемлекеттің билігіне сәйкес келмейтінін айтып, Абдулхамид хан өзгертіп дұрыстаған.

Хижреттің 1293 жылы зүл-хиджа айында және миладтың 1876 жылының соңғы айында Сұлтан Абдулхамид хан өзгерткен және растаған «Османлы мемлекетінің негізгі заңнамасы», яғни конституциясы 1334 [м.1916] жылы «Илмия салнамасы», яғни діни күнтізбенің басында жазулы. Бұл Османлы конституциясы 121 бөлімнен құралып, олардың кейбірлері төмендегілер:

Бөлім: 1 – Осман империясы мемлекеттерді, қазіргі иеліктегі аймақтарды және автономияларды қамтып, біртұтас дене болғандықтан, ешбір уақытта және ешбір себеппен бөлінуді қабыл етпейді.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages