АСХАБИ КИРАМ – 167

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Aug 16, 2025, 1:25:14 AMAug 16
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (5)

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (5)

Сұлтан Абдулазиз Чыраған мен Бейлербейі сарайларын салдырды. Түрлі жерлерде де қосымша кіші сарайлар салдырды. Солардың бірі — Бейкоз сарайы. Чыраған сарайын алғаш рет Невшехирлік Дамад Ибрахим паша салдырған. Кейін оны Селим ханның қарындасы Бейхан ханым қайтадан салдырды. Ол ағаштан жасалып, өте сәнді болған. Ханым бұл сарайды бауыры Селим сұлтанға сатқан. Кейінірек Екінші Махмұд хан 1252 [м.1836] жылы оны бұзып, орнына ағаштан сарай салдырды. Бұл сарайда Сұлтан Абдулмәжит хан тұрған. 1271 [м.1855] жылы сарай бұзылған. Ал 1288 [м.1871] жылы Абдулазиз хан соңғы көркем сарайды төрт миллион алтын лираға салдырды.

Бейлербейі сарайының орнында биікте бұрын бірінші Ахмед ханның «Шевк-абад» сарайы бар еді. Жағалауындағы сарайды екінші Махмұд хан ағаштан салдырған. Молткені (пруссиялық офицер) осы сарайында қабылдағанда шылым шегіп отырған еді. Абдулмәжит хан 1249 [м.1833] жылы осы сарайда Құран кәрімді хатым ету рәсімін өткізген. Сұлтан Абдулазиз хан 1282 [м.1865] жылы бұл ағаш сарайды бұзып, оның орнына мәрмәрдан салынған еңселі сарай салдырды. Сұлтан 1865 жылдың 21 сәуіріндегі жұма күні сарайға қоныстанды. Жаз мезгілдерін осы сарайда өткізетін. Балқан соғысындағы жеңілістен кейін Энвер және Талат пашалар екінші Абдулхамид ханды (рахимә-һуллаһу та'ала) Салониктен «Лорлей» атты неміс кемесімен Стамбұлға алып келіп, Бейлербейі сарайына орналастырды. Босфор жақ бетіндегі төменгі қабатта, артқы жақтағы бөлмеде орналасып, жетпіс алты жасында өкпе қабынуы (пневмония) дертінен 1336 [м.1918] жылдың 10 ақпанында қайтыс болғанға дейін осы жерде өмір сүрді. 294, 368.

3) АБДУЛБАҚИ МЫРЗА: Махмұд Бақи – Османлы ақындарының ұлыларынан. 933 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1008 [м.1600] жылы қайтыс болды. Едирнекапы мазарында жерленген. Сүлеймания медресесінде ұстаз еді. Рәйс-ул уләма (ғұламалардың жетекшісі) болды. Халид бин Зәйд хабар берген хадис шәрифтерді жинақтаған. «Мәуаһиб-и ләдунния» аудармасы мәшһүр. 63, 353.

4) АБДУЛЖӘББАР ХАМАДАНИ: Мутәзили сенімінде еді. Қазы болған. Үш жүз елу тоғызыншы (359) жылы дүниеге келді Төрт жүз он бесінші 415 [м.1024] жылы Рәй қаласында қайтыс болды. Әкесі Ахмед. 91.

5) АБДУЛҒАНИ НАБЛУСИ: Исмаил Наблусидің ұлы. 1050 жылы Шамда дүниеге келіп, 1143 [м.1730] жылы сол жерде қайтыс болды. Үлкен ғұлама және кемел әулие еді. Фиқһ, тәфсир және хадис ғалымы болған. Жиырма жасында дәріс беруді бастады. 1075 жылы Стамбұлға келді. Көп кітап жазды. Екі томдық «Хадиқат-ун-нәдия» атты кітабы өте құнды. Темекінің күнә емес екенін мәлімдейтін кітабы және аудармасы «Нури Османия» кітапханасында бар. 10, 366.

6) АБДУЛХАҚ ДЕҺЛЕУИ: Әкесі Сәйфәддин. Үндістан ғалымдарынан. 958 [м.1551] жылы дүниеге келіп, 1052 [м.1642] жылы қайтыс болған. Делиде жерленген. Көптеген құнды кітаптар жазды. 128, 130, 147, 148, 149, 245, 246.

7) АБДУЛХАКИМ АРВАСИ: Ұлы ғұлама еді. Өмірбаяны 157-ші бетте жазылған. Ван аймағының Башқала ауылында 1281 [м.1865] жылы дүниеге келіп, 1362 [м.1943] жылы Анкарада қайтыс болды. Коммунисттер, масондар, уаһһабилер, мүртәдтер, шиилер, яһудилер, христиандар жазбаларымен, үгіт-насихаттарымен, британ империясының күшімен әрі материалдық қолдауымен ислам дінін құлатуға тырысқан, мұсылман перзенттерін дінсіз, имансыз қалдыруға тырысқан заманда оның дәрістері, уағыздары және жазбалары әһли сүннетті жоқ болып кетуден сактаған, жастардың бойына сіңдірген улы өтіріктерді өте сауатты жолмен тазалай білген. Осыны жүзеге асыру үшін өте ауыр, қиын қорлықтарға төзген (рахимә-һуллаһу та'ала). Абдулхаким мырзаның әкесі Халифа Мұстафа мырза Хаккаридың Юксекова ауданының Сакитан ауылынан.

Абдулхаким мырзаның атасының атасы сәйид Абдуррахман сәйид Абдуллаһтың ұлы еді. Сәйид Абдуллаһ Арваста сәйид Фәһимнің бас жағында жерленген. Сәйид Абдуллаһ қайтыс болғанда Арваси тегінің жалғаса алуы үшін сәйид Абдуррахманды анасы жас кезінде қинап үйлендірді. Тахир, Абдуррахим, Лутфи, Абдулхамид және Мұхаммед есімді бес ұлы туылды. Сәйид Тахир Басра әкімі болған. Сәйид Абдуррахим 1200 [м.1786] жылы қайтыс болды. Баласы қажы Ибраһим және немересі Абдулазизбен бірге Шығыс Баязидте Ахмед Хани кесенесінде жерленген. Абдулазиз мырзаның үш баласы: Мұхаммед Әмин мен Омар мырзалар және сәйидәт Хадиша. Әрқайсының балалары мен немерелерінің әрбірі діни және дүниелік білімдерде жеке қазына болған. Мұхаммед Әмин мырзаның төрт ұлы болды. Олар Абдулазиз, Абдулқадир, Абдулхаким және Махмұд. Абдулхаким мырзаның ұлы Ахмед мырза «Түркия» газетінің сериялық жарияланымдар редакторы болған шағында 1409 жылы 1988 (жылдың соңғы күні) Стамбұлда қайтыс болды.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages