|
125) ХУСЕЙН ХИЛМИ ЫШЫҚ: Бір мың үш жүз жиырма тоғызыншы [1329] хижри жылына тура келген бір мың тоғыз жүз он бірінші [1911] жылы наурыз айының сегізінші күні шырайлы көктемнің таңында Стамбұлда, Әйюб сұлтан ауданында Серви ықшам ауданының Везиртекке көшесі, Шифа дөңінде [1] нөмірлі үйде дүниеге келді. Әкесі Саид мырза және атасы Ибраһим палуан Плевнаның Лофча ауданы, Тепова ауылынан, анасы Айша ханым және анасының әкесі Хусейн мырза да Лофча ауылынан еді. Саид мырза тоқсан үшінші [хижри 1295, милади 1878] Ресей соғысында босқын ретінде Стамбұлға келген, Везиртеккеде орналасып үйленген еді. Соғыс пен босқындық қиыншылықтары себебімен ешбір мектепке бара алмаған, муниципалдық өлшеу-таразы ісіне жауапты қызметкер болып, қырық жылдан астам уақыт сол қызметті атқарған. Стамбұлдың үлкен мешіттерінде атақты ұстаздардың дәрістеріне үздіксіз қатысып, діни білім алып жетілген. Жұмысына байланысты математиканың төрт есебін бірден ойша шығарып, шебер болғаны соншалық, көргендер таңқалатын. Хусейн Хилми мырза бес жасында Әйюб мешіті мен Бостан айлағы арасындағы Михри Шах Сұлтан бастауыш мектебіне бара бастады. Ол жерде екі жылда Құран кәрімді жаттап алды. Жеті жасында Сұлтан Решад ханның кесенесіне тиіп тұрған «Рәшадия Нумуне мектебінде» алғашқы білімін алған кездері әкесі демалыс айларында «Хаким Кутбуддин», «Календерхане» және «Әбуссууд» діни мектептеріне де жіберіп, баласының жақсы жетіліп шығуына көп күш салатын. Хусейн Хилми мырза [1924] жылы бастауыш мектепті үздік бітірді. Бастауыш мектепте әр сабақтан алған алтын түсті мақтау қағаздары үлкен альбомды толтырған. Сол жылы Кониядан Стамбұлға әкелінген «Халыжыоғлу әскери лицейі» қабылдау емтихандарын ол өте жақсы тапсырып, сол жылы орта мектепке үздік болып өтті. Әр жылы марапаттар алып, [1929] жылы әскери лицейді үздік бітіріп, әскери медициналық мектепке түсті. Медициналық мектепте екінші курсқа үздік болып өтті. Фармацефтикалық мектепті және кейіннен Гүлхана ауруханасында бір жылдық стажын үздік өткізіп, алғаш рет аға лейтенант болып әскери медициналық мектебіне мұғалім болып тағайындалды. Фармацевтика оқуында студент кезінде Абдулхаким мырзаның кеңесімен Парижде шығатын (Le Matin) газетіне жазылып, француз тілін үйренді. Мұғалім болып жүрген кезінде тағы ұстазының бұйрығымен химиялық инженерияның магистратурасын оқи бастады. Үлкен математик Вон Мисестен, механика профессоры Прагерден, физик Демберден, техникалық химияны Гросстан оқыды. Химия профессоры Арндтың қолында жұмыс істеді. Оның мақтауларын алды. Арндпен бірге алты ай жұмыс істеп, «Фенилциано-нитрометан-метил эфирі» затының синтезін жасап, формуласын анықтады. Әлемде алғаш рет жасалған табысты жұмысты ағылшын тілінде 2 том нөмірімен мемлекеттік кітапханада басылған ғылыми факультет журналында және неміс тілінде шыққан (Zentral Blatt) атты химия кітабының [м.1937] жылғы және [2519] санында «Х.Хилми Ышық» есімінде жазылған. Хусейн Хилми Ышық 1936 жылдың соңында 1/1 санды химиялық инженерияның магистратурасының дипломын алды. Сол жылы Түркияда алғаш және жалғыз химия инженері болғаны күндік газеттерде жазылды. Бұл жетістігі үшін әскери химия тобына ауыстырылып, Анкарада, Мамакта улы газдар химигі қызметін атқарды. Ол жерде он бір жыл қалып, Аувер фабрикасының бас директоры Мерцбахер, химия докторы Голдштейн және оптика бас маманы Нейманмен жылдар бойы жұмыс істеді. Олардан неміс тілін де үйренді. Соғыста қолданылатын газдар бойынша маман еді. 1947 жылы Бурса әскери лицейінде химия мұғалімі, кейін оқыту меңгерушісі болып, сол жерде және кейіннен Кулели және Ерзинжан әскери лицейлерінде ұзақ жылдар бойы химиядан сабақ оқытып, жүздеген офицерге ұстаз болды, аға полковник кезінде 1960 жылғы көтерілісте зейнетке шығарылды. Кейін Вефа лицейінде, имам хатиб мектебінде, Чағаоғлу, Бакыркөй кәсіби институттарында математика, химия пәнінен сабақ беріп, өте көп иманды жастарды жетілдірді. 1962 жылы Йешилкөйде орталық дәріхананы сатып алып, иесі және жауапкер директоры ретінде ұзақ жылдар бойы халықтың саулығына қызметін тигізді. Саясатқа мүлде араласпаған, ешбір партияға қосылмаған. Араңдатушылыққа, тариқатшылыққа, мемлекет пен заңға қарсы шығуға қарсы екенін еңбектерінде анық жазған. Түркияның және бүкіл әлемнің барлық жеріне жіберген әр түрлі тілдердегі кітаптарында ислам дінінің дұрыс түсінілуі, ислам үкімдері мен ахлақының жайылуына көп еңбек сіңірді. Осы себепті дінді дүниелік табысқа құрал қылғандар мен мазһабсыздар жала жаба бастады. 1391 [м.1971] жылдың күзінде Делиді, Диобенд пен Сирхиндті, кейін Карачиді зиярат етіп, Панипут қаласында Сәнауллаһ хазрет пен Мазхар Жаны Жананның әйелінің қабірлерінің аяқасты қалғанын көріп, қынжылып, қаражат беріп, екі қабірдің де жөнделуін және қорғалуын қамтамасыз етті (рахимә-һуллаһу та'ала). [Хусейн Хилми Ышық (рахметуллаһи та'ала алейһ) 26 қазан, 2001 [9 шабан, 1422] жылы қайтыс болып, Қашғари медресесі маңында жерленген]. Везиртеккені Сафранболулық Мұхаммед Иззет паша 1210 [м.1795] жылы садры азам (премьер-министр) болған кезінде Нақшибанди ғұламаларына арнап салдырды. 159, 397. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |