|
226) ШАХ ИСМАИЛ САФЕУИ: Сафияддиннің немерелерінен болғандықтан Сафеуи деп аталған. Сафевид үкіметін құрды. Имам Мұса Казымның ұрпағы екенін айтатын. Бірақ түріктердің Хатай тайпасынан еді. Атасы Сафияддин Ардебили өзін сәйидпін деп айтпаған еді. Бұл кейіннен ойдан шығарылған. Аясофия кітапханасында 3099 нөмірде Сафияддин Ардебилидің хикаясының екі нұсқасы бар. Біріншісі Шах Исмаилдың таққа отыруынан он жыл бұрын, екіншісі 212 нөмірде болып, шах болғаннан алты жыл кейін жазылған. Бірінші нұсқада үлкен әкесінің хикаясы жазылған. Ол жерде шах Исмаилдың алтыншы атасы ретінде Фируз жайлы айтылып, оның немересі Сафияддин Ардебили және ғасырласы Қожа Әли бұл тақырыпта көп күш жұмсаған. Курдистаннан Ғиярға, ол жақтан солтүстікке ығысып, Ардебилге барған. Ол жерде түріктердің арасында жүз мыңға жуық шәкірт тапқан. Сафияддин түрікше білгені анық. Бірақ аузынан шыққан сөздер хикаясында я парсы, я әзірбайжан диалектінде сақталған. Баласы Садреддин заманында олардың қиялына сәйидтік туралы ой келген. Аналары осы бағытта бір түс көрген-міс. Ол кезде ешкім бұған аса мән бермеді, дегенмен шах Исмаил бұған толықтай жармасқан еді. Шах Исмаилдың сәйид болмағанын, Хатай тайпасынан түрік болғанын көрсететін дәлелдер «Саадәти Әбәдия» кітабының соңындағы өмірбаянында жазылған, сол жерден оқыңыз! Сафидың шәкірттері көп және абыройы жоғары еді. Әмір Темірдің өзі зиярат етіп келген. Исмаилдың атасы Жүнәйдті Қарақоюнлы сұлтаны Жиһан шах Әзірбайжандағы Ардебилден шығарып шекараның сыртына қуды. Ол Дияры Бәкірге барып Аққоюнлы Ұзын Хасанды паналады. Көзіне түсіп, қарындасына үйленді. Ұзын Хасан Әзірбайжанды жаулағанда Жүнәйд Ардебилге қайтты. Шәкірттерімен Грузияға шабуылдады. Ширван шахы сұлтан Халил тарапынан өлтірілді. Баласы Хайдар нағашысы Ұзын Хасанның қызын алды. Ол да Ширванға шабуылдады, бірақ өлтірілді. Осы Хайдардың ұлы Исмаил 892 жылы дүниеге келді. 905 жылы шәкірттерімен Ширванға шабуылдап, әкесін өлтірген «Фаррух» сұлтанды өлтірді. 908 [м.1502] жылы Тебризде Сафевид мемлекетін құрды. Бағдатты, Бакуды, Хорасанды басып алды. Шиилікті жариялады. Сүннилерді сүргінге жіберді, өлтірді. Мұны естіген Явуз Сәлим хан үлкен әскермен оған шабуылдады. 920 жылы Чалдыран соғыс майданында шах Исмаилдың әскері, шәкірттері тарады, қашты, көбі қылыш астында қалды. Шах та жараланып қашты. 930 [м.1524] жылы Шараб қаласында өлді. Ардебилде жерленген. Ержүрек, кекшіл, зауқына берілген және ойын-сауыққа құмар еді. 36, 37, 388, 391. 227) ШАРАНИ: 26-шы реттегі Абдулуаһһаб есіміне қараңыз! 228) ШӘМСЕДДИН МАХМҰД: Мұхаммед бин Абдуррахман Исфахани – шафии мазһабының ғалымы. 674 жылы Тебризде дүниеге келіп, 749 [м.1348] жылы Мысырда қайтыс болды. Әбуссәна деп аталған. Усул, бәди, баян, ақаид, мәани, логика, хикмет және тәфсир кітаптарын жазған. Кәлам ілімінен қазы Бәйдауи жазған «Тауали» кітабын шәрһ етіп, «Мәтали» деп атаған. 87. 229) ШӘМСЕДДИН САМИ: Шәмседдин Сами бей 1266 жылы Албанияда дүниеге келіп, 1322 [м.1904] жылы Стамбұлда қайтыс болды. Эренкөй мазарына жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). Француз тілінен түрік тіліне сөздік кітабы өте пайдалы. Тарих және география сөздігі болған «Қамус-ул аләм» кітабы алты томнан тұрады. Әр томында сегіз жүзден астам бет бар. Мұны жазуды 1306 жылы бастаған. 1316 жылы аяқтады. Өте құнды энциклопедия. Келген барлық дін, әр ұлттан атақты адамдар мен елдері, тарихи оқиғалар туралы тұшымды мәлімет беріп түсіндірген. Ислам мәдениеті болса да, фанатизммен және саясатпен жазылған кітаптарды бірден сезіп, Қамусына қате мәлімет қоспайтын, құндылығы одан сайын арта түсетін. Қазіргі таңда шыққан тарих, география кітаптары, журналдары, газет мақалалары, энциклопедиялар, бәрі осы Қамусты пайдаланады. 32, 64, 319. 230) ШӘЙХЗАДА: Мұхаммед бин Муслихиддин Мұстафа мудәррис [профессор] еді. 951 [м.1544] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Бәйдауи тәфсиріне жасаған хашиясы тәфсир кітаптарының ең құндыларының бірі. «Шәйхзада тәфсирі» деп аталады. Төрт үлкен томнан тұрады. Бәрі «Хақиқат кітап үйі» тарапынан офсеттік баспада басылған. «Уиқая шәрһі» және басқа да шәрһтері бар. 86, 125, 130. 231) ШИХАБУДДИН СУХРАУАРДИ: Омар бин Мұхаммед – шафии фиқһ ғалымы және үлкен әулие. Он бесінші атасы хазреті Әбу Бәкір Сыддық. 539 жылы Сухрауардта дүниеге келіп, 632 [м.1234] жылы Бағдатта қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Абдулқадир Гейлани хазреттен көп фәйз алды. Көп рет қажылыққа барды. Кітаптарының ең атақтысы «Ауариф-ул мәариф». Бұл кітабын Меккеде жазды. 32, 196, 211, 384. 232) ШИХРИСТАНИ: Мұхаммед бин Абдулкәрим 479 жылы Хорасандағы Шихристан ауылында дүниеге келіп, 548 [м.1154] жылы Бағдатта қайтыс болды. Фиқһ және кәлам ғалымы еді. Дәрістері мен уағыздары Бағдатта әйгілі болды. Ашари мазһабында еді. Философия және физика білімі де көп еді. Мұсылман, яһуди (еврей) және христиан діндері мен жолдарын баяндайтын «Миләл уә нихал» атты араб тіліндегі кітабы өте құнды. Латын, ағылшын және көптеген Еуропа тілдеріне әрі түрік тіліне аударылған. Араб тіліндегі шәрһі 1395 [м.1975] жылы Бейрутта басылған. Басқа кітаптары да бар. 88, 269, 326. 233) ШИРВАНШАХ: Ширванда билік құрған Дирдендия әулетінің үшіншісі еді. Халил сұлтанның баласы еді. Мемлекетті құрған Ибраһимнің немересі еді. 893 жылы Хайдардың шабуылын тойтарып Хайдарды өлтірді. Шах Исмаил әкесінің кегін алу үшін 906 [м.1500] жылы Ширванға шабуылдады. Ширван шахты адамгершілікке жатпайтын қорлықпен азаптап өлтірді. Әһли сүннетті, бала демей бәрін қылыштан өткізді (рахимә-һумуллаһу та'ала). 37. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |