ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 13

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 10, 2026, 2:22:52 AMOct 10
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (10)

Ибн Абидин кіріспесінде былай дейді: «Халифа Харун Рашид Имам Маликке «Ислам мемлекеттерінің барлық жеріне сіздің кітаптарыңызды таратуды және бәрінің тек осы кітаптарды ұстануын әмір етпекшімін» деді. Сонда Имам Малик: «Йа, халифа, олай істемеңіз! Ғалымдардың мазһабтарға бөлінуі Аллаһу та'аланың бұл үмбетке деген рақымдылығының бірі. Әркім қалаған мазһабын ұстанады. Мазһабтардың бәрі дұрыс» деп жауаптады».

«Мүмин», «Мүслим», «Мұсылман» дегеніміз – Аллаһу та'ала тарапынан Мұхаммед алейһиссалам арқылы адамдарға көрсетілген және ислам мемлекеттеріне тараған діни білімдерге сенетін, қабылдайтын адам деген сөз. Бұл білімдер Құран кәрімде және мыңдаған хадис шәрифтерде білдірілген. Бұл білімдерді асхаби кирам пайғамбарымыздан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) естіген, «Сәләф-и салихин», яғни асхаби кирамнан кейінгі екінші және үшінші ғасырларда келген ислам ғалымдары да асхаби кирамнан естіп немесе сол естігендерден естіп, кітаптарына жазған. Кейіннен келген ислам ғалымдары сәләф-и салихиннің кітаптарындағы білімдерді басқа-басқа түсіндірген, бір-бірінен бөлінген, мағыналары ашық түрде көрсетілмеген, сену қажет болған білімдерде жетпіс үш түрлі топ пайда болған. Олардан тек бір топ қана осы түсіндірмелер жасағанда өз пікірін, көзқарасын араластырмаған, өзгеріс пен қосымша жасамаған. Осы дұрыс иманды топ «Әһли сүннет» немесе «Сүнни» деп аталады. Күмәнді аяттарды және хадистерді қате тәуил етіп, ақидасы (сенімі) бұзылған жетпіс екі топқа «Бидғатшы» немесе «Адасушы» топтар яки мазһабсыз дейді. Олар да мұсылман. Бірақ «Адасқан» жолда.

Мағыналары ашық түрде көрсетілмеген, сену керек болған нәрселерде Құран кәрімге және хадис шәрифтерге тек қана өз ақылы және көзқарасымен мағына беріп, иманы бұзылған, кәпір болған адамды «Мүлхид» деп атайды. «Мүлхид» өзін шынайы мұсылман әрі Мұхаммед алейһиссаламның үмбеті деп біледі. Ал «Мұнафық» мұсылман болып көрінеді. Бірақ ол басқа дінде. «Зындық» – дінсіз. Ешбір дінге сенбейді. Мұсылмандарды дінсіз, атеист қылу үшін мұсылман болып көрінеді. «Дінде реформа» жасау, ислам дінін өзгертіп, бұзып, жойып жіберуге тырысады, ол ислам дұшпаны. Өте зиянды. Масондар мен британдық тыңшылар осындай.

«Мұсылман» болу үшін сену қажет болған білімдер тек сенетін алты нәрсе емес. Баршаға мәлім «Парыз»-дарды орындау керек екеніне және «Харам»-дарды істемеу, олардан сақтану керек екеніне сену де мұсылман болу үшін қажет. Парыздарды орындаудың және харамдардан сақтанудың бірінші міндет екенін қабылдамайтын адамның иманы кетеді, «Мүртәд» болады. Бұларды қабылдайтын, бірақ нәпсіне және жаман достарына еріп, парыздардың біреуін немесе бірнешеуін орындамайтын, яки бір немесе бірнеше харам істейтін адам – мұсылман. Бірақ кемшілікті, айыпты мұсылман. Ондай мұсылмандарды «Фасық» деп атайды. Парыздарды орындауды және харамдардан сақтануды «Ғибадат» жасау дейді. Ғибадат етуге тырысатын, ғибадатында нұқсандық болғанда дереу тәубе ететін мұсылманға «Салих» делінеді.

Қазіргі кезде еркін мемлекеттерде тұрып, иман келтіретін алты нәрсені және баршаға мәлім парыздар мен харамдарды білмеу үзір емес. Үйренбеу үлкен күнә. Қысқаша үйрену және балаларына үйрету қажет. Мән бермей, маңызды санамай үйренбесе кәпір болады. Тек қана «Әшһәду ән лә илаһа иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уә Расулуһ» деген және мағынасын біліп сенген кәпір сол мезетте мұсылман болады, дегенмен ақырындап иман келтіретін алты нәрсені және әр мұсылманға парыз бен харам болған мәшһүр білімдерді үйреніп білуі, білетіндердің, яғни мұсылмандардың оған үйретуі қажет. Үйренбесе мұсылмандықтан шығып «Мүртәд» болады. Бұларды әһли сүннет ғалымдары жазған дұрыс «Ілімхал» кітаптарынан үйренуі қажет. [Әһли сүннет білімдерінен хабары жоқ профессорлардың конференцияларына және кітаптарына алданбау керек].

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages