|
261) ЗӘЙД БИН ХАТТАБ: Хазреті Омардың (радиаллаһу та'ала анһ) әкесі бір ағасы. Алғашқы мухажирлерден еді. Бүкіл соғыстарға қатысты. Әбу Бәкір Сыддық заманында Йәмама шайқасында шәһид болды (радиаллаһу та'ала анһ). Бұл соғыста ислам туын көтерген еді. Йәмама – Арабстанда Нәжд пен Бахрейн арасында. Мусәйләмә-тул кәззабпен соғыс осы жерде болған. 103. 262) ЗӘЙД БИН САБИТ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Хазреж тайпасынан. Уахи хатшысы еді. Хижретте он жасар болған. Әкесі төрт жыл бұрын қайтыс болған еді. Бала болғандықтан Бәдір соғысында қайтарылған болатын. Хандек және кейінгі соғыстарға қатысты. Хандекте топырақ тасып жүргенде Расулуллаһ көріп қалып: «Бұл неткен жақсы жігіт» деген еді. Өте білімді болған. Суряни тілін үйрену әмір етілді. Сол тілді меңгерді. Келген хаттарды оқитын. Халифа Әбу Бәкірге және Омарға да хатшы болды. Хазреті Омар қажылыққа және Шамға барарында орнына оны өкіл етіп қалдырған. Хазреті Осман заманында бәйт-ул мал меңгерушісі болды. Яғни қаржы министрі болды. Халифа қажылыққа кеткенде оны өкіл етіп қалдырды. Ол хазреті Әлиді қатты жақсы көретін. Бірақ Жәмәл мен Сыффин соғыстарына араласпады. Көп хадис шәриф хабар берді. Алғаш жинақталған Құран кәрімді жазды. 45 жылы қайтыс болды (радиаллаһу та'ала анһ). 30, 168, 251, 260. 263) ЗИЯД БИН ӘБИХ: Әбу Суфянның ұлы. Хижреттің бірінші жылы дүниеге келді. Расулуллаһты көре алмады. Арабстанның әйгілі бес кемеңгерінің бірі. Анасы күң еді. Хазреті Омар оны Басраның әкімі қылды. Хазреті Әли Басрада бәйт-ул мал меңгерушісі қылды және Басра әкімі етіп тағайындаған Абдуллаһ бин Аббасқа Зиядтың айтқаны бойынша әрекет етуін бұйырды. Жәмәл оқиғасына араласпады. Жәмәлден кейін хазреті Әли оны Басра қаржы басшысы қылды. Абдуллаһ бин Аббас Басрадан Куфаға кетерде орнына Зиядты өкіл етіп қалдырды. Хазреті Әли оны Фарис және Кирман әкімі қылды. Ол сол жерлердегі тәртіпсіздікті реттеді. Тыныштық пен бақыт әкелді. Хазреті Муауия халифа болғанда ол Фаристе әкім еді. Биат етпеген болатын. Оны 45 жылы Басраға, кейіннен Хорасанға әкім қылды. Куфаны, Бахрейн мен Оманды да қарамағына берді. Ол биат етіп, көп қызметін тигізді. Асхаби кирамның үлкендеріне жоғары мансаптар берді. Оң қолына жара шығып, 53 жылы қайтыс болды. Баласы 53 жылы 25 жасында Хорасан әкімі болды. Бұхараны жаулады. 55 жылы Басра, 60 жылы Куфа әкімі болды. Омар бин Сад бин Әбу Уаққасты төрт мың әскермен 61 жылы Кербелаға жіберді. Хазреті Хусейнді алып келуін бұйырды. Бағынбаған соң шабуылдап, Шимрдің бұйрығымен Синан бин Әнәс тарапынан шәһид етілді. 62, 385. 264) ЗУБӘЙР БИН АУУАМ: Асхаби кирамның ұлыларынан және Ашәрә-и мубашшарадан. Хадиша-тул кубраның бауырының ұлы. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) апасы (әкесінің бауыры) Сафияның (радиаллаһу та'ала анһа) ұлы. Он бес немесе он сегіз жасында ер адамдардан төртінші немесе бесінші болып исламды қабылдады. Исламда алғаш қылыш көтерген осы кісі. Меккеде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) тұтқындалды деп естігенде қылышын шығарып құтқаруға бара жатқанда жолда Расулуллаһты (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) кездестірді. Дұғаға кенелді. Хабешстанға және Мәдинаға хижрет еткендерден. Бүкіл соғыстарға қатысып, көп жарақат алды. Мысырды жаулауға да қатысты. Өте бай еді. Бүкіл мал-мүлкін Аллаһу та'аланың жолына жұмсады. Жәмәл оқиғасында хазреті Айшамен бірге хазреті Әлиге қарсы соғысты. Кейін соғыстан бас тартты. Бір шетке ығысып, намаз оқып тұрғанда шәһид етілді (радиаллаһу та'ала анһ). 36 жылы қайтыс болып, 67 жаста еді. Жаназасын хазреті Әли оқыды. 13, 14, 19, 20, 24, 30, 49, 60, 75, 76, 77, 106, 113, 122, 129, 166, 175, 176, 185, 209, 215, 235, 236, 250, 251, 258, 259, 323, 330, 365, 384, 395, 396. 265) ЗУФӘР: Әбу Хузәйл Зуфәр бин Хузәйл Куфи. 110 [м.728] жылы Исфеханда дүниеге келіп, 158 [м.775] жылы Басрада қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Имам Ағзамның (рахимә-һуллаһу та'ала) шәкірттерінің ұлыларынан. Мүжтәһид болған. Мәжілісінде дүниелік жұмыстар туралы мүлде сөз қозғалмайтын. Аллаһтан қорқуы тәніне сіңген еді. Абдуллаһ Ансаридың (рахимә-һуллаһу та'ала) айтуынша, Имам Зуфәр қазы тағайындалмақшы болды. Ол қабылдамады. Үйін ауыстырып тығылды. Ауырып қалғанда Әбу Юсуф (рахимә-һуллаһу та'ала) және басқалары «Өсиет етіңіз» деді. «Пәлен мал-мүлік жұбайыма. Мыналар бауырымның ұлына» деді. Бәрі таңқалды. Өйткені бауыры тірі кезде оның баласына ештеңе түспейтін еді. Қайтыс болуынан кейін бауыры Зуфәрдің жұбайын алды. Бір баласы туылды. Мал-мүлік осы баласына қалғанда Имам Зуфәрдің кереметі белгілі болды. Ол айтатын: «Имам Ағзам қайтыс болған соң оған қайшы келетін ижтиһад жасауға тартындым. Өйткені тірі кезінде мені жеңіп, үнемі оның айтқаны дұрыс шығатын. Оның сөзін қабылдауға мәжбүр болатынмын. Қайтыс болуынан кейін оның ижтиһадына сай келмейтін сөзді қалай айта аламын, тірі болса мені қайтадан жеңетін еді». Дауд Таимен дос еді. Көп сыйласатын. Дауд фиқһпен айналысуды қойып, ғибадатпен, зухдпен, тақуалықпен өмір сүрді. Ал Имам Зуфәр ғибадатты, зухдты, тақуалықты фиқһпен біріктірді. Әкесі Хузәйл Басраның әкімі еді. Бауыры Сабах Бәни Тәмимде зекет қызметкері еді. 45, 53.
Бақыт жолын іздесең, оқи берме әр кітапты, Әһли сүннет кітабынан табасың ақиқатты, «Түркістан кітап үйі» жариялап таратуда, Ғалымдар жеткізген осы асыл аманатты!
Өте маңызды ескерту: Пайғамбарлар арқылы Аллаһ тарапынан көрсетілген өмір сүру жолы «Дін» деп аталады. Адамдар құрған өмір сүру жолы «Заң» деп аталады. Дінді ата-анадан және кітаптан үйренеді. Дінсіз адам бола алмайды. Әр адам дінінің бұйрықтарына сай өмір сүреді. Дінін ұстанатын адамның дүниеде тыныш өмір сүретініне, ахиретте жәннатқа кіріп, шексіз бақытқа кенелетініне, ал басқа діндегілердің дүниеде қиыншылық шегіп, ахиретте тозақ отында шексіз азапталатынына сенеді. Әркім өз дінін мақтайды. Үгіт-насихат, жарнама арқылы баршаны өз дініне шақыруда, осылайша өз дінінің дұрыс екеніне сенуде және баршаны сендіруде. Адамның дүние мен ахиретте бақытты болуы дініне байланысты болғандықтан, адам ата-анасынан үйренген дініне байланып қалмауы, үгіт-насихат пен жарнамаға алданбауы керек, діндердің барлығын зерттеп, бұзылмаған, дұрыс екеніне көзі жеткен ислам дінін үйреніп, осы дінді берік ұстануы қажет. Осылайша дүниеде тыныш әрі бақытты өмір сүреді, ахиретте шексіз жәннат нығметтеріне бөленеді. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |