|
Ғибадаттарды өзгерткісі келгендер, әһли сүннет ғалымдарын (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) қор қылағандар тарихта көп байқалды. Мазһабтардың жеңілдіктерін таңдап, төрт мазһабты алып тастау керек дейтіндердің мазһаб имамдарының кітаптарының тіпті бір бетін де дұрыс оқып түсіне алмағаны көрініп тұр. Өйткені мазһабтардың және мазһаб имамдарының ұлылығын түсіне алу үшін ғалым болу керек. Ғалым адам наданша, ақымақша бір жол ашып, адамдарды пәлекетке жетелемейді. Тарих бойы пайда болған надандарға, адасушыларға алданғандар пәлекетке түскен. Мың төрт жүз жылдан бері әр ғасырда келген және хадис шәрифтерде мақталған «Әһли сүннет» ғалымдарына ергендер бақытқа кенелген. Біз де ата-бабаларымыздың, сол салих, таза мұсылмандардың Аллаһ үшін, ислам дінінің тарауы үшін жандарын берген шәһидтердің дұрыс жолын ұстануымыз керек, тексіз, көргенсіз діндегі реформисттердің улы, зиянды жазбаларына алданбауымыз қажет! Бірақ, өкінішке қарай Каирде масон ложасының басшысы Абдухтың улы пікірлері бір жағынан Мысырда «Жами-ул әзхар» медресесінде тарады. Осылайша Мысырда Рашид Рыза, Әзхар медресесінің ректоры Мұстафа Мераги, Каир мүфтиі Абдулмәжид Сәлим, Махмұд Шәлтүт, Тәнтауи Жәухари, Абдурразиқ паша, Зеки Мүбарак, Фарид Уәжди, Аббас Аққад, Ахмед Әмин, Доктор Таха Хусейн паша, Қасым Әмин және Хасан Бәнна секілді «Діндегі реформисттер» тарады. Бір жағынан ұстаздары Абдухқа айтылғанындай, олар да прогресшіл (ілгерішіл) ислам ғалымы аталып, кітаптары түрік тіліне аударылды. Сауатсыз дін адамдарының және жастардың тура жолдан таюына себеп болды. Ұлы ислам ғалымы, он төртінші ғасырдың мүжәддиді сәйид Абдулхаким Арваси (рахметуллаһи алейһ): «Каир мүфтиі Абдух ислам ғалымдарының ұлылығын түсіне алмаған, ислам дұшпандарына сатылған, соңында масон болып исламды іштен құлатқан азғын кәпірлерден болған» деді. Абдух секілді күпірге немесе бидғатқа, адасушылыққа түскендер өздерінен кейін келген жас дін адамдарын да тура жолдан шығару үшін бір-бірімен жарысқандай, «Үмбетімнің пәлекеті фажир [адасушы] болған дін адамдарынан шығады» хадис шәрифі хабар берген пәлекеттерге бастамашы болған. Абдух 1323 [м.1905] жылы Мысырда өлгенде жетілдірген шәкірттері де бос отырмай, Аллаһтың ашуы мен азабының келуіне себеп болған өте көп зиянды кітаптар шығарып таратқан. Олардың бірі Рашид Рызаның «Мухауарат» кітабы. Бұл кітабында ұстазы секілді әһли сүннеттің төрт мазһабына тиіскен, мазһабтарды пікір өзгешелігі деп санап, ижтиһадтың усул мен шарттарын діни фанатизм мен сөз тартысу күйінде көрсетіп, «Ислам бірлігін бұзған» деуге дейін барып адасушылыққа түскен. Төрт мазһабтың бірін ұстанған, мың жылдан бері келген миллиондаған таза мұсылмандарды мазақ қылғандай болды. Заманның қажеттілігін өтеуді дін мен иманды өзгертуде іздейтіндей исламнан алыстаған. Діндегі реформисттер біріккен жалғыз жері – өздерін шынайы мұсылман және заманның қажеттіліктерін қаптаған, ауқымды мәдениет иесі ислам ғалымы ретінде танытуы, ислам кітаптарын оқып, түсініп, Расулуллаһтың мұрагері екені сүйіншіленген және «Замандардың ең қайырлысы – олардың заманы» хадис шәрифімен мақталған әһли сүннет ғалымдарының жолымен жүрген шынайы, салих мұсылмандарға да сауатсыз халық секілді ойлайтын еліктеуші деуі. Исламның үкімдерінен, фиқһ білімдерінен хабары болмағанын, яғни діни білімдерден мақұрым, тас қараңғы сауатсыз екенін сөздері мен жазбалары айқын көрсетіп тұр. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Адамдардың ең үстемі – иманы дұрыс болған ғалымдар», «Дін ғалымдары – пайғамбарлардың мұрагерлері», «Жүрек білімдері – Аллаһтың сырларының бірі», «Ғалымдар қиямет күні шапағат етеді», «Фиқһ ғалымдары қадірлі. Олармен бірге болу ғибадат» және «Шәкірттерінің арасындағы ғалым – үмбеті арасындағы пайғамбар секілді» хадис шәрифтерімен мың үш жүз жылдан бері келген әһли сүннет ғалымдарын мадақтауда ма? Әлде олардан кейін тараған Абдух пен оның шәкірттерін мақтаған ба? Бұл сұраққа да Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) жауап берген: «Әр ғасыр әуелгі ғасырдан жаманырақ болады. Осылайша қияметке дейін бұзылады!» және «Қиямет жақындаған сайын дін адамдары есек өлексесінен де жаман, одан да сасық болады» деген. Бұл хадис шәрифтер «Тәзкирә-и Қуртуби мұхтасары» кітабында жазылған. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтаған, мадақтаған ислам ғалымдарының барлығы және мыңдаған әулиенің бәрі бір ауыздан хабар бергені – тозақтан құтылатыны сүйіншіленген бір топ «Әһли сүннет уәл жамағат» деп аталатын ғалымдардың жолы. Әһли сүннет болмағандар тозаққа түседі. Тағы хабар берілгені: «Мазһабтардың біріктірілуі» қате. Яғни төрт мазһабтың жеңілдіктерін жинап жалғыз бір тоқыма мазһаб жасау қате, мәнсіз, ақылға қонымсыз бір нәрсе болатынын да бір ауыздан айтқан. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |