|
Хазреті Әбу Бәкір Меккеде, хижрет еткенде, Мәдинада әр соғыста және соғыс болмаған кездерде Расулуллаһтың қасынан айрылмады. Бір-екі рет рұқсат алып айрылғаны болған. Ол Расулуллаһтың адал досы және сырласы әрі барлық ісінде кеңесшісі еді. «Аллаһу та'ала мені төрт уәзірмен күшейтті. Екеуі періште. Есімдері Жәбрейіл мен Микаил. Екеуі адам. Есімдері Әбу Бәкір мен Омар» хадис шәрифі оның абыройының биік екенін көрсетеді. Асхаби кирам Расулуллаһты айналдыра қоршап отыратын еді. Расул алейһиссалам оң жағына Әбу Бәкірді, сол жағына Омарды отырғызатын. Әбу Бәкірден жоғары және ол жоқ кезде орнына ешкімді отырғызбайтын. Орны бос қалатын. Оның көркем мінезі, батылдығы, жомарттығы, білімі, зеректігі, әсіресе тақуалығы сахабалардың барлығынан артық еді. Хазреті Әли: «Арамызда ең ержүрек – Әбу Бәкір» дейтін. Расулуллаһ қайтыс болған кезде Арабстандағы қара халықтың көбі діннен шығып мүртәд болды. Хазреті Әбу Бәкір халифа болғанда мүртәдтермен соғысуды әмір етті. Асхаби кирам «Бүкіл Арабстанға қарсы қалай соғыса аламыз?» деп сұрады. Ол қылышын шығарып алға басты. Сахабалар артынан ерді. Ол «Уәлләйл» сүресінің он жетінші аятымен мақталды. Расул алейһиссаламның «Әбу Бәкірдің мал-мүлкіндей ешбір адамның мал-мүлкі маған пайдалы болмады» дегенін Имам Ахмедтің Мүснәд кітабында және Мунауиде жазылған. Ол сауда-саттығының барлық табысын Расулуллаһ үшін таратты. Ол халифа кезінде қиын сұрақ туындағанда жауабын Құран кәрімнен, одан кейін білетін хадис шәрифтерінен іздейтін. Таба алмағанында сахабалардан сұрайтын. Хадис шәрифпен шеше алмаса, бірге іздестіріп, бір ауыздан келісімге келсе, солай амал ететін. Ауызбіршілік болмаса, өзі ижтиһад ететін. Хазреті Омар (радиаллаһу та'ала анһ) халифа кезінде Құран кәрімде және хадис шәрифтерде таба алмағанын Әбу Бәкірдің (радиаллаһу та'ала анһ) ижтиһадынан тапса, соны ұстанатын. Таба алмаса өзі ижтиһад ететін. Оның зеректігі таңқаларлықтай жоғары еді. Бір күні Расул алейһиссалам: «Аллаһу та'ала бір құлынан «Дүние мен ахиреттің қайбірін таңдайсың?» деп сұрады. Ол құл «Раббымның қасындағы ниғметтерді қалаймын» деп жауаптады» дегенде ол Расулуллаһтың қайтыс болатынын бірден түсініп, көп жылады. Асхаби кирам хазреті Әбу Бәкірдің осылай тез түсінгеніне таңқалды. Расул алейһиссалам: «Құран кәрімді ең көп білетіні имам болады» деген еді. Қайтыс болатын кезінде хазреті Әбу Бәкірдің имам болуын әмір еткенде асхаби кирам арасында Құран кәрімді бәрінен жақсы түсінетін адамның ол екені хабар берілген болды. Хадис шәрифтерді және Расулуллаһтың әдептерін бәрінен жақсы ол білетін еді. Асхаби кирам шешуге қиналған мәселелерін одан сұрап білетін еді. Одан бізге аз хадис шәриф жетіп келуінің себебі Расулуллаһтан кейін аз өмір сүргендіктен және осы қысқа уақытты мүртәдтермен, көтерілісшілермен соғысумен өткізгендіктен еді. Ол түс жоруда асхаби кирамның ең озаты еді. Табииннің ұлыларының бірі және түс жорумен танымал болған Ибн Сирин: «Расулуллаһтан кейін түс жоруда ең үстем Әбу Бәкір» деген. Араб тайпаларының, әсіресе құрайш тайпасындағылардың шежіресін тануда ең білімдісі еді. Оның көрегендігі, тапқырлығы, ықтияттылығы да бәрінен жоғары еді. Расул алейһиссалам дүниелік жұмыстардың барлығын онымен ақылдасатын. Хадис шәрифте: «Жәбрейіл маған: «Аллаһу та'ала Әбу Бәкірмен ақылдасуды саған әмір етуде» деп айтты» делінген. «Али Имран» сүресінің жүз елу тоғызыншы аятында: «Жұмыстарыңды олармен ақылдасып атқар!» бұйрығы хазреті Әбу Бәкір және хазреті Омармен ақылдасу үшін келді. Асхаби кирам арасында Құран кәрімді толықтай жаттаған бірнеше адамның бірі хазреті Әбу Бәкір. Хазреті Әбу Бәкірдің пайғамбарлардан кейін адамдардың ең үстемі екенін көрсететін аяти карималар мен өте көп хадис шәрифтер бар. Олардың бірнешеуін жазып өтейік: «Тәубе» сүресінің қырық бірінші аятында: «Үңгірдегі екі адамның екіншісі» делінген. Бұл аяти карима хазреті Әбу Бәкірді (радиаллаһу та'ала анһ) мақтауда. «Уәлләйл» сүресінің бесінші аяты хазреті Әбу Бәкірдің абыройын көрсетіп тұрғаны бір ауыздан хабар берілген. Тағы осы сүренің он жетінші аяты хазреті Әбу Бәкірге қатысты түскен. «Бақара» сүресінің 274-ші аяты Әбу Бәкірге қатысты түскені де хабар берілген. Өйткені садақа берудің түрлі сауабын алу үшін түндері он мың алтынды жасырын түрде, он мың алтынды әшкере түрде және күндіздері де осылай он мыңдаған алтын садақа берген. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |