ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 183

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Nov 23, 2022, 4:17:51 AM11/23/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХУЖЖӘТ МҰХАММЕД БИН ХАСАН (радиаллаһу анһ) (2)

∙ Басқа бір адам былай айтып берген: «Бір күні Әбу Мұхаммед Имам Әскеридің (радиаллаһу анһ) алдында отырған едім. Оң жағында бір бөлме көрдім. Есігі пердемен жабылған еді. «Сізден кейін сіздің міндетіңізді атқаратын мұрагеріңіз кім болады?» деп сұрадым. Маған «Мына бөлменің есігіндегі пердені көтер» деді. Пердені көтергенімде іштен нұрлы жүзді бір бала шықты. Оң бетінде қал бар және шашы ұзындау еді. Келіп, Имам Әскеридің тізесіне жақындап отырды. Имам Әскери хазрет «Белгілі бір уақытқа дейін мына бөлмеге кір» деді. Ол бөлмесіне кіріп бара жатқанында мен оған қарап тұрдым. Кейін маған «Тұр, бөлмені көр, ішінде кім бар екен?» деді. Бала бөлмеге кірген соң Имам Әскеридің бұйрығы бойынша бөлменің ішіне қарадым. Ішінде ешкім жоқ еді».

∙ Тағы бір кісі былай айтып берді: «Халифа Мүтәдид мені екі кісімен бірге шақырды. Имам Әскери Хасан бин Әлидің (радиаллаһу анһ) қайтыс болғанын айтты. Серменрайға барып, үйін құлатуды, үйінен кімді тапсақ, басын әкелуімізді бұйырды. Серменрайға барып, Имам Әскеридің (радиаллаһу анһ) үйіне бардық. Жаңадан соғылғандай өте әдемі, тап-таза үй еді. Үйінде перде бар еді. Пердені көтердік, алдымыздан қойма шықты. Қойманың арғы жағында теңіз көрдік. Келбетті бір кісі судың үстіне алаша төсеп, үстінде намаз оқып тұрған еді. Бізге мән бермеді. Қасымдағы екі досымның бірі біраз алға жүргісі келді, бірақ суға батып кетті. Оны қолынан тартып құтқарып алдым. Екінші досым да алға жүргісі келді, ол да батты. Оны да әрең құтқарып алдық. Мен бұл жағдайға таңырқап, не істерімді білмей қалбалаңдадым. «Ей, үйдің иесі, біз қайда келгенімізді біле алмадық. Аллаһу та'аладан кешірім, сенен ғафу өтінеміз» дедім. Бізге мүлде мән бермеді. Кері қайтып, халифа Мутәдидке бардық. Оқиғаны толықтай айтып бердік. Халифа «Бұл сырды жасырыңдар. Ешкімге айтпаңдар. Әйтпесе бастарыңды шабамын» деді».

Шиилердің Имамия ағымы Имам Хужжәттің ғайып болуының екі түрлі нұсқасын айтады. Біріншісі, туылуынан міндетінің, имамдығының соңына дейінгі қысқа уақыттық ғайып болуы. Екіншісі, ұзақ ғайып болуы, міндетінің, имамдығының аяқталуынан Аллаһу та'ала қайтадан оны шығаруын қалаған уақытына дейінгі ғайып болуы. Олардың айтуынша, Имам Хужжәттің (радиаллаһу анһ) қысқа ғайып болуында екі елшісі бар. Олар адамдардың қажеттіліктерін кетіруде және сұрақтарына жауап беруде Имам Хужжәт пен адамдар арасындағы арашы. Елшілік Әли бин Мұхаммед есімді адаммен тоқтаған. Ол адам хижри үш жүз жиырма алтыншы жылы қайтыс болған еді. Риуаят бойынша, Мұхаммед бин Хасан Әскери (радиаллаһу анһ) қайтыс болуынан алты күн бұрын Әли бин Мұхаммедке: «Бисмиллаһир рахманир рахим. Ей, Әли бин Мұхаммед! Аллаһу та'ала саған көп сауап жазсын. Сен алты күнде өлесің. Жұмыстарыңды бітір және мансабыңды ешкімге тапсырма! Өйткені нағыз көзден ғайып болатын уақытың келді. Имамдық бұдан кейін тек Аллаһу та'аланың рұқсатымен ғана шығады. Бұл дүние өміріне берілуден, жүректер қарайғаннан, жер жүзі жамандыққа толғаннан кейін орын алады. Ол кезде маған бағынатындардың бірі келеді. Кім Дәжжал шықпай тұрып және адамдар зарламай тұрып оны көргенін айтса, ол өтірікші және жалақор. Лә хаула уәлә қууата илла биллаһил алийил азыйм» деп жазды және Әли бин Мұхаммед алты күннен кейін ешкімге өсиет қалдырмай қайтыс болды. Олар сол уақыттан бастап Аллаһу та'ала қалаған уақытқа дейін ұзақ ғайып болу басталғанына сенеді. Бұл ағымның ғайбәти касри (қысқа ғайып болу) уақытында Имам Хужжәт хазретке қатысты көп хикаялары бар.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages