|
Хулефа-и рашидин заманы отыз жыл еді. Осы отыз жыл пайғамбарымыз (алейһиссалам) заманындай жақсы өтті. Осы төрт халифадан кейін әһли ислам арасында бидғаттар және қате жолдар шығып, көптеген адам тура жолдан айрылды. Тек қана асхаби кирам секілді иман келтіргендер және ахкам-и исламияға олардай бағынғандар құтылды, олардың жолын «Әһли сүннет уәл жамағат» деп атайды. Әһли сүннет ғалымы дегеніміз – төрт мазһабтың бірінің ғалымы деген сөз. Дұрысы тек осы жол. Пайғамбарымыз (алейһиссалам) және асхаби кирам (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жүрген тура жол – әһли сүннет ғалымдары көрсеткен жол (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин). Уақыт өте қате ағымдар, жолдар ұмытылды. Қазірде ислам елдерінің көбі осы дұрыс жолда. Осы әһли сүннет уәл жамағатқа бағынбаған тек яһуди «Абдуллаһ бин Сәбә» құрған шии ағымы ғана қалған. Шиилер «Халифалық Әлидің (радиаллаһу анһ) хақы бола тұра Әбу Бәкір мен Омар (радиаллаһу та'ала анһума) күшпен оның хақын тартып алды» дейді. Асхаби кирамның көбін жамандайды. [Қазіргі таңда мұсылман аталған және Мұхаммед алейһиссаламның үмбеті ретінде танылғандар әһли сүннет, шии және уаһһабилерден құралғандай. Британдықтар Үндістанда құрған «Ахмадия немесе Қадияни» деп аталған зындықтар мен Бахаилердің және «Таблиғ-и жамағат» деген мазһабсыздардың, зындықтардың мұсылмандарға ешқандай қатысы жоқ. Олардың үшеуі де «Әһли сүннет»-тен айрылған]. Әһли сүннет жолы амал мен ғибадат тұрғысынан төрт «Мазһаб»-қа бөлінген. Біріншісі, «Ханафи мазһабы» болып, Имам Ағзам Әбу Ханифа Нұғман бин Сабиттың (рахметуллаһи алейһ) мазһабы. Ханиф – дұрыс сенген, исламға берік байланған адам деген сөз. Әбу Ханифа – шынайы мұсылмандардың атасы деген сөз. Имам Ағзамның Ханифа есімді қызы жоқ еді. Әһли сүннеттің төрт мазһабының екіншісі «Малики мазһабы» болып, Имам Малик бин Әнәстің (рахметуллаһи алейһ) мазһабы. Үшіншісі «Шафии мазһабы», Имам Мұхаммед бин Идрис Шафиидың (рахметуллаһи алейһ) мазһабы. Имамның атасының атасы «Шафи» хазрет асхаби кирамнан болғандықтан, оны және мазһабын Шафии деп атайды. Төртіншісі, «Ханбали мазһабы», Ахмед бин Ханбалдың (рахметуллаһи алейһ) мазһабы. Имам Ағзам 80, Малик 90, Шафии 150, Ахмед 164 хижри жылдарында дүниеге келіп, 150 [м.767], 179, 204, 241 жылдары қайтыс болғаны Ибн Абидин кіріспесінде жазылған (рахметуллаһи алейһим). Әһли сүннет жолын үйренуді қалайтын адам төрт мазһабтың бірінің кітаптарын оқуы қажет. Бұл төрт мазһаб сенім бойынша бір-бірінен өзгеше емес. Бәрі әһли сүннет жолында болып, имандары, сенімдері, діндерінің негізі бір. Ислам қауымында осы төрт имам – ұлы, барша қабылдаған, сенімді мүжтәһидтер. Тек қана ахкам-и исламияда, яғни амал тұрғысында кейбір шағын мәселелерде бөлінген. Мәселен былайша: Аллаһу та'ала және пайғамбары (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мүминдерге қамқор болғандықтан, кейбір амалдың қалай орындалатынын Құран кәрім мен хадис шәрифтерде ашық түрде айтпады. [Ашық түрде айтса, сол күйде орындау парыз және сүннет болар еді. Парызды орындамағандар күнә істеген болып, парызға және сүннетке мән бермегендер кәпір болар еді. Мүминдердің жағдайы қиын болар еді]. Осындай амалдарды ашық түрде айтылғандарға ұқсатып орындау қажет болады. Дін ғалымдары арасында амалдарды қалай орындауға болатынын, осылай ұқсатып түсіне алғандарды «Мүжтәһид» деп атайды. Мүжтәһидтің бір амалды қалай орындау керектігін түсіну үшін бар күш-жігерімен тырысып шығарған көзқарасы, дұрысқа ең жақын деп санаған пікірі бойынша амал етуі оған және оған ергендерге уәжіп болады. Яғни аяти карималар мен хадис шәрифтер осылай істеуді әмір етуде. Мүжтәһид бір амалды қалай орындау керектігін түсінуге тырысқанда қателесетін болса күнә болмайды. Сауап болады. Сол мәселемен айналысуының сауабын алады. Өйткені адамның күш-қуаты жеткенше еңбектенуі әмір етілді. Мүжтәһид қателессе, еңбегіне бір сауап беріледі. Дұрысын тапса, он сауап алады. Асхаби кирамның барлығы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) үлкен ғалым, яғни мүжтәһид болған. Олардан кейін келгендер арасында алғашқы замандарда ижтиһад жасай алатын үлкен ғалым көп еді. Олардың әрбіріне көптеген адам еретін. Уақыт өте олардың көбі ұмытылып, әһли сүннет ішінде тек осы төрт мазһаб қалды. Кейіндері болар-болмас адамдар шығып, мүжтәһидпін деп қате ағымдар шығармауы үшін әһли сүннет осы төрт мазһабтан басқа мазһабқа бағынбады. Осы төрт мазһабтың әрқайсын әһли сүннеттен миллиондаған адам ұстанды. Төрт мазһабтың ақидасы бір болғандықтан, бір-біріне қате демейді, бидғатшы, адасушы деп білмейді. «Дұрыс жол осы төрт мазһабта» деп әрқайсы өз мазһабының дұрыс болу ықтималы көбірек деп біледі. Ижтиһадпен аңғарылатын мәселелерде исламның айқын әмірі болмағандықтан, бір адамның мазһабы қате болып, қалған үш мазһабтың бірінің дұрыс болу ықтималы бар болса да, әркім «Менің мазһабым дұрыс, қате болу ықтималы да бар, басқа үш мазһаб қате, дұрыс болу ықтималы да бар» деуі керек. Осылайша зәру жағдай, қиындық болмайынша бір амалды бір мазһаб бойынша, басқа амалды басқа мазһаб бойынша орындап, төрт мазһабты араластыру рұқсат болмайды. Кімде-кім төрт мазһабтың қайбірін ұстанатын болса, яғни қай мазһабты таңдаған болса, сол мазһабтағы білімді үйренуі, зәрулік, қиындық болмайынша барлық амалында сол мазһабқа бағынуы қажет. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |