ИМАМ МҰХАММЕД БАҚЫР (радиаллаһу анһ) (2)

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 3, 2022, 12:00:46 AM9/3/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰХАММЕД БАҚЫР (радиаллаһу анһ) (2)

∙ Бір кісі былай айтып берген: «Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) екеуіміз Мекке мен Мәдина арасында жолда едік. Ол қашырға, ал мен есекке мінген едім. Бір кезде таудан төмен бір қасқыр түсіп, жақындап, екі аяғымен қашырдың еріне асылып бір нәрсе айтты. Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) тыңдады. Кейін «Бара бер, айтқаныңды істедім» деді. Маған қарап «Қасқырдың не айтқанын білесің бе?» деп сұрады. Мен «Аллаһу та'ала мен Расулы және Расулуллаһтың ұлы жақсырақ біледі» дедім. «Қасқыр ұрғашысының ауырып қалғанын айтты. «Дұға етіңіз, жазылып кетсін және сіздің достарыңыздан ешкімге менің ұрпағым жоламасын» деді. Мен дұға еткенімді айттым» деді».

∙ Сәләфтан бір кісі былай айтып берді: «Меккеде едім. Мұхаммед Бақырды (радиаллаһу анһ) қатты көргім келді. Жолға шығып, Мәдинаға бардым. Мәдинаға жеткен түні қатты жаңбыр жауып, күн суытып кеткен еді. Түн жарымында Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) үйінің есік алдына бардым. «Есікті қағайын ба, әлде таңға дейін күтейін бе?» деп ойланып тұрдым. Сол кезде Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) дауысын естідім. Қызметшісіне «Пәленшеге есікті аш, түнде жаңбыр астында қалып, жаурап қалды» деген еді. Есік ашылып, мен ішке кірдім».

∙ Бір кісі былай айтып берді: «Бір күні Мұхаммед Бақырды (радиаллаһу анһ) көруге үйіне бардым. Басқалардың кіруіне рұқсат берген еді, бірақ маған рұқсат бермеді. Қатты мұңайып, үйіме қайттым. Сол түні ұйықтай алмадым. Терең ойға шомып, өз-өзіме «Енді кімге барамын?» дедім. Егер муржия тобына барсам, олардың мынадай қате сөздері бар. Қадария тобына барсам, олар да қате сенеді. Зәйдия тобына барсам, олар былай-былай деп жүр» деп әрқайсысының қате, адасқан сенімдерін ойладым. Мен осылай ойланып отырғанымда таң намазына азан айтыла бастады. Сол кезде есігімді біреу қақты. Сыртқа шығып, келген адамнан «Сен кімсің?» деп сұрадым. Ол «Мен Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) елшісімін. Сені шақырды» деді. Дереу киініп бардым. Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) алдына келгенімде маған «Ей, пәленше, Муржияға, Қадарияға, Зәйдияға және Харунияға неліктен бармақшысың, одан да бізге кел» деді».

∙ Тағы бір кісі былай айтып берді: «Мекке мен Мәдина арасында жолда едім. Бір кезде кенеттен алыстан қарайып бір нәрсе көрінді. Кейде көрініп, кейде көзден ғайып болған еді. Жақындаған кезде жеті-сегіз жасар бала екенін көрдім. Маған сәлем берді, сәлеміне жауап бердім. «Қайдан келесің?» деп сұрадым, «Аллаһу та'алаға бара жатырмын» деді. «Азығың не?» деп сұрағанымда «Тақуалық» деп жауап берді. «Сен кімсің?» деп сұрап едім, «Арабтардың бірімін» деді. «Нақтырақ айт» дедім. «Құрайштықпын» деді. «Тағы нақтырақ айт» дегенімде «Хашимимын» деді. «Одан да нақтырақ айт» дегенімде «Хазреті Әлидің ұрпағымын» деді. Кейін мына мағынадағы өлең жолдарын оқыды:

Берекесі толып тасқан хауыздамыз,

Ризықтанып сол жерден бақ табамыз.

Нәбидің жеткеніне жетпес ешкім,

Қапы қалмас баптаған адамымыз.

 

Одан кейін «Мен Мұхаммед (Бақыр) бин Зәйнәл Абидин Әли бин Хусейн бин Әли бин Әби Талибпын» деді. Кейін көзден ғайып болды. Аспанға шығып кетті ме, әлде жерге тығылып қалды ма, түсінбей қалдым».

∙ Бір кісі былай айтып берген: «Имам Мұхаммед Бақырдан (радиаллаһу анһ) «Мұсылманның Аллаһу та'аладағы хақысы қандай?» деп сұрадым. «Менен бетін бұрды. Қайталап сұрадым, жауап бермеді. Үшінші рет сұрағанымда «Мұсылманның Аллаһу та'аладағы хақысын айтсақ, мына құрма ағашына кел дегенде ол құрма ағашының келуі» деп жауап берді. Бір қарасам, көрсеткен құрма ағашы келе бастады. Сонда ол құрма ағашына «Орныңда тұр, бұл сөзіммен сенің келуіңді көздемедім» деді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) үйіне бардым. Есікті қақтым. Бір жас қызметші қыз есікті ашты. Қолымды қызметшіге тигізіп, «Қожайыныңа сыртта пәленше келіп тұр деп айт» дедім. Сол мезетте іштен «Ішке кір, жүгермек» деген дауыс естілді. Ішке кірдім де, «Мен оған жаман ештеңе істемедім» дедім. «Рас айтасың. Бірақ мына дуалдар сендерге перде болғанындай бізге де перде болады деп ойлайсың ба? Онда не ерекшелігіміз қалады? Ендігәрі олай істеуші болма!» деді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages