ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 19

3 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 31, 2026, 1:17:53 AMOct 31
to islam...@googlegroups.com

Екінші бөлім (6)

Діндегі реформисттер Ибн Нужәймнің (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Қадихан фәтуасында уақыф етілген (қайырымдылыққа, барша адамдардың пайдалануына берілген) жер ғабен-и фахишпен (нарықтан тым жоғары бағамен) сатылса, Әбу Юсуфтың үкімі бойынша ғабен-и фахиш болғандықтан жаиз болмайды. Ал Имам Ағзамның үкімі бойынша уақыф (қор) қызметкерінің сату үшін міндеттеген өкілінің ғабен-и фахишпен сатуы жаиз болады дейді. Әбу Юсуфтың үкімі бойынша уақыфтың айырбастау жолымен сатылуы Әбу Юсуфтың үкімі бойынша да өкілдің ғабен-и фахишпен сатуы жаиз болып, екі ижтиһад біріктіріліп, бұл сатылым сахих болады» жазбасын тәлфиқтың сахих болатынына мысал ретінде көрсетеді. Алайда бұл жердегі тәлфиқ бір мазһабтың ішінде болып жатыр. Екеуінің де сөздері бірдей усулден шыққан. Екі мазһабтың тәлфиқы ондай емес. Ибн Нужәймнің тәлфиққа рұқсат демегені «Кәнз» кітабына жасаған «Бахр-ур раиқ» шәрһіндегі «Басқа мазһабтағы жамағатқа имам болған адамның сол мазһабтың шарттарын орындауы қажет» сөзінен де аңғарылуда». «Хуласат-ут тахқиқ» соңынан аударма тәмәм болды.

Үндістан ғалымдарынан Мұхаммед Абдуррахман Силхәти (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Сәйф-ул әбрар-ил мәслүл аләл-фужжәр» кітабында парсы тілінде жазылуы бойынша, ғұлама хафыз Хасан бин Мұхаммед Тайиби «Мишкәт» шәрһінде «Жеңілдетіңдер! Қиындатпаңдар!» хадис шәрифін түсіндіргенде «Мазһабтардың жеңілдіктерін жинаған адам зындық болады» деген. Тайиби 743 [м.1343] жылы Шамда қайтыс болды. «Сәйф-ул әбрар» кітабының бірінші басылымы 1300 [м.1882] жылы Үндістанда шыққан. Хақиқат кітап үйі тарапынан 1415 [м.1994] жылы жаңадан басылған. Демек, қорыта айтқанда:

1) Әр мұсылманның ғибадат, амал жасағанда төрт мазһабтың бірін ұстануы қажет. Төрт мазһабтың ғалымдарынан басқа ғалымға еру рұқсат емес.

2) Әр мұсылман өзіне оңай келетін қалаған мазһабын ұстануына болады. Бір амалын бір мазһаб бойынша, басқа амалын басқа мазһаб бойынша орындай алады.

3) Бір амалды түрлі мазһабтарды ұстанып орындауға келер болсақ, ол мазһабтардың бірінде сол амалдың дұрыс болуы үшін шарт болған нәрселердің бәрін орындау қажет. Сол амал сол мазһаб бойынша сахих болады. Бұған «Тақуалық» делінеді, өте жақсы болады. Сол мазһабты «Тақлид» еткен, басқа мазһабтарға да мән берген болады. Бір мазһабты тақлид ету оның бүкіл шарттарын орындау арқылы рұқсат болады. Бір ғибадатты, амалды ұстанатын мазһабтарының ешбірі бойынша сахих болмаса, бұған «Тәлфиқ» делінеді. Тәлфиқ ешбір түрде рұқсат емес.

4) Адам таңдаған мазһабына әрдайым байланып қалуға мәжбүр емес. Қалаған кезінде басқа мазһабқа ауыса алады. Бір мазһабты ұстану үшін сол мазһабтың фиқһ білімдерін жақсылап үйрену қажет. Мұны ілімхал кітаптарынан үйренеді. Сондықтан әрдайым бір мазһабты ғана ұстану оңай болады. Бір мазһабтан шығып, басқа мазһабқа өту немесе қандай да бір амалда басқа мазһабты тақлид ету қиын. Басқа мазһабты тек қажеттілік кезінде, яғни хараж (зәру) болғанда және барлық шарттарын орындап тақлид етуге болады.

Басқа мазһабтың да фиқһ білімдерін үйрену қиын болғандықтан, сауатсыздардың, яғни фиқһ білімі жоқ адамдардың басқа мазһабты тақлид етуіне фиқһ ғалымдары тыйым салған. Мысалы «Бахр-ул фәтауа» кітабында: «Ханафи мазһабын ұстанатын адамның жарасы тоқтамай қанаса, әр намаз уақытында дәрет алуы қиын болса, шафии мазһабын ұстанып намаз оқуы рұқсат болмайды» деп жазылған. Өйткені шафии мазһабының шарттарын орындамағанда намазы сахих болмайды. Ибн Абидин тазир жазасы бөлімінде мұны кеңінен түсіндірген. Әһли сүннет ғалымдары (рахметуллаһи та'ала алейһим әжмаин) сауатсыздардың ғибадаттарын бүліктен қорғау үшін хараж, яғни машақат болмайынша мазһаб тақлид етуіне рұқсат бермеген.

Тахтауи «Дуррул мухтар хашиясында» Зәбаих бөлімінде былай дейді: «Тәфсир ғалымдарының кейбірінің айтуынша, «Али Имран» сүресінің жүзінші «Аллаһтың жібін берік ұстаңдар!» аяти каримасы фиқһ ғалымдарының айтқандарын берік ұстаныңдар деген сөз. Фиқһ кітаптарына бағынбағандар адасушылыққа түседі және Аллаһу та'аланың жәрдемінен мақұрым қалады әрі тозақ отында жанады. Ей, иман иелері! Осы аяти кариманы ойлап, тозақтан құтылатыны сүйіншіленген «Әһли сүннет уәл жамағат» тобына байланыңдар! Өйткені Аллаһу та'аланың разылығы, жәрдемі осы топта болғандарға беріледі. Бұл топтан болмағандарға Аллаһу та'ала ашуланады. Тозақта азап береді. Әһли сүннет болу үшін төрт мазһабтың бірін ұстану қажет. Бұл төрт мазһабтың бірін ұстанбайтын адам әһли сүннет (сүнни) емес. Жетпіс үш топтан тек біреуі әһли сүннет. Қалған жетпіс екі топ – бидғатшылар. Олар тозаққа түседі. Оларды «Діндегі реформисттер» деп атайды. Зындық болудан құтылу үшін бір мазһабқа кіру, яғни әһли сүннет болу қажет». Төрт мазһабтың жеңілдіктерін жинаған адам төрт мазһабтың ешбірін ұстанбаған, әһли сүннеттен айрылған болады. Мазһабсыз болады. Көрініп тұрғанындай, төрт мазһабтың ешбірін ұстанбайтын адам – мазһабсыз. Төрт мазһабты тәлфиқ еткен, яғни төрт мазһабты араластырған адам – мазһабсыз. Төрт мазһабтан тек біреуін ұстанып жүрсе де, бір сенімі әһли сүннет ақидасына қайшы болса, ол адам да мазһабсыз. Бұл үш адам әһли сүннет емес, бидғатшы. Адасушылық жолын ұстануда. Ал шынайы мұсылмандар төрт мазһабтың бірін, яғни хақ жолды ұстанып, әһли сүннет болуда. Төрт мазһабтың иман білімдері бірдей. Ғибадаттарында ұсақ өзгешеліктер бар болғанымен, бұл айырмашылық Аллаһу та'аланың мейірімі. Әркім төрт мазһабтың өзіне оңай болғанын таңдайды.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages