|
1310 [м.1892] жылғы «Салнаме-и Бахри», яғни теңіз күнтізбесі Османлы флотын егжей-тегжейлі сипаттайды. Оның 175-ші бетінде 18 сауытты әскери кеменің әрқайсысының атауы, тоннажы, ұзындығы, ені, сауыт қалыңдығы, суға бату мөлшері, бұранда (пропеллер) саны, машинаның ат күші, қарулары, торпедо түтіктері, қызметке берілген уақыты, жылдамдығы және көмір сыйымдылығы жазылған. Мысалы, «Хамидия» фрегат әскери кемесі үшін бұлар: 6700 тонна, ұзындығы 292 қадам, ені 9 фут және 55 қадам, 7 фут, сауыт қалыңдығы 10 фут және 24 қадам, 1 бұранда, 6800 ат күші, 10 және 15 см-лік 4 Крупп зеңбірегі, 300 фунттық ауыздан оқталатын бір зеңбірек, 6 Армстронг, 7 кіші зеңбірек, 1 Норденфельд, 1 ракета, 2 торпедо түтігі бар екені, 1301 [м.1883] жылы қызметке берілгені, жылдамдығы 13 миль екені және 600 тонна көмір алатыны көрсетілген. Сауытсыз әскери кемелер 40 дана, торпедалық бу кемелері: бірінші сынып - 13, екінші сынып - 7, үшінші сынып - 1, суасты қайықтары - 2 дана. Бұларда қызмет ететін жүздеген теңіз офицерлерінің шендері мен есімдері де жазылған. Хайдарпаша медицина факультеті Вена медицина факультетінен кейін Еуропадағы ең озық оқу орындарының бірі еді. Әр бөлімнің зертханалары ең жаңа құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген болатын. 1931 жылы осы факультетте оқығандар гистология зертханасында әр студентке бір микроскоптан берілгенін, әр микроскоптың үстінде сұлтан Абдулхамид ханның қолтаңбасы (туғра), яғни есімі ойылып жазылғанын айтқан. Еуропадан шақырылған таңдаулы профессорлар дайындаған ассистенттер, доценттер мен оқытушылар жастарға ең заманауи медициналық білім беріп отырды. Құнды мамандар даярланып шықты. Қолағасы (аға капитан) химик Жевад Тахсин бейдің 1321 жылы «Мектеб-и Тыббия-и Шахане баспаханасында» бастырған химия кітабы бүгінгі жаңа білімдер мен талдау әдістерін барлық қыр-сырымен баяндап береді. Миралай Мехмед Шакир бейдің 1319 жылы басылған «Дурус-и Хаят-и Бәшәрия» кітабындағы заманауи медицина мәліметтерін көргендер және медицина факультетінің гигиена профессоры Мұхаммед Фахри бейдің 1324 жылы басылған «Ит’ам уә Тағдия» кітабындағы медициналық білімдерді оқығандар, сондай-ақ медицина факультетінде химия мұғалімі болған дәрігер колағасы Васил Неун бейдің 1312 жылы басылған «Илм-и Кимя-и Тыбби» кітабын және сол жылы Мысырда басылған «Хуласатул қаул фи тахлил әл-бәул» кітабын оқығандар, әрі Мектеб-и Тыббия-и Шаханенің (сұлтан қарамағындағы жоғарғы медициналық оқу орны) ботаника мұғалімі дәрігер Шәрәфәддин бейдің 1305 жылдан бері студенттердің қолынан түспей келе жатқан «Илм-и Нәбатат» кітабын оқығандар, сондай-ақ мектеб-и мүлкия-и шахане мен политехникалық университеттің физика мұғалімі Салих Зеки бейдің «Хикмет-и табиия» кітабын және осы сияқты көптеген құнды еңбектерді көргендер Сұлтан екінші Абдулхамид хан дәуірінде өте құнды маман дәрігерлер мен ғылым адамдарының тәрбиеленгенін мойындауға мәжбүр болады. Османлы сұлтандары ғылым мен техникаға осыншалықты үлкен мән беріп, құнды мамандар даярлап, еңбектердің жазылуына себепкер болғаны сияқты, исламға қызмет етуде де Аббаси, Әмәуи және басқа ислам мемлекеттерінен асып түсіп, осы еңбектері арқылы тарихта даңқ пен абырой қалдырды. Явуз Сұлтан Сәлим ханға Қағбаның ішін тазалауға арналған сыпырғыштардың бірі әкелінгенде ол сыпырғышты тәж сияқты көтеріп, басына қойған. Одан кейінгі сұлтандардың тәждеріндегі сыпырғыш белгісі осыдан шыққан. Кануни Сұлтан Сүлейман Арафат алаңындағы бітеліп қалған су жолдарын ашып, Арафат пен Меккені сумен қамтамасыз етті. Екінші Абдулхамид хан бұл су жолдарын қайта тазалап, кеңейтіп, қажыларды сумен қамтамасыз етті. Мәдинадағы Айн-ы Зерка су көзін Абдулмәжид хан жөндеп, кеңейтті. Уаһһабилер Мекке мен Мәдинада ешбір кәпір мен залым жасамаған жауыздықпен әһли сүннет мұсылмандарды қырып, сәләфтардан жәдігер ретінде қалған барлық кесенелерді, мешіттерді және зиярат орындарын қиратты. Қасиетті орындар мен зираттарды шөлге айналдырды. Екінші Сұлтан Махмұд хан уаһһаби бүлікшілерін жеңіп, қуып шыққаннан кейін, осының бәрін қайтадан тұрғызып, жандандырды. 1235 [м. 1819] жылы Хужра-и Саадатқа сыйлаған шамдалмен бірге жіберген төмендегі жазуы Османлы сұлтандарының Расулуллаһқа деген құрметі мен сүйіспеншілігінің дәлелі болып табылады: Шамды сыйлауға батылдық еттім, йа Расулаллаһ! Мақсатым – ұлы дәргейге қызмет, йа Расулаллаһ! Бұл әлсіз сыйым лайық емес Раудаға, Қабыл ет, мейірім мен рақым қыл, йа Расулаллаһ! Сенен басқа кімім бар халімді баян етер, Барлық игілік пен жомарттық Сенен, йа Расулаллаһ! Панаңды тілеймін, амандық сұраймын, есігіңе келдім, Рақым ет, маған шапағат қыл, йа Расулаллаһ! Екі дүниеде әділ Махмұд ханды қолда, Басында да, соңында да билік Саған тән, йа Расулаллаһ! (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |