|
Сұлтан Абдулхамидті тақтан түсіргендер ақырында мемлекетті дұшпан алдына қалдырып, қашып кетті. Ең алдымен Энвер паша, Талат паша, доктор Бахааддин Шакир, доктор Назым 1918 жылы 30 қазанда Мудрос бітіміне қол қойғаннан кейін бір күн өткен соң түн ортасында қашып кетті. Талат паша [м.1921] жылы қырық тоғыз жасында Берлинде, Энвер паша 40 жасында [м.1922] жылы Түркістанда, ал Жамал паша [м.1922] жылы елу жасында Тифлисте өлтірілді. Еуропадағы масон ложалары бұл жетістіктерін алыстан рахаттана бақылап отырды. Олар Исламды жою үшін жаңа жоспарлар дайындап жатқан еді. Масондар иттихатшыларға жасатқан бұл қылмыстарды Мидхат паша мен оның серіктері сияқты қолшоқпарлар арқылы отыз бір жыл бұрын іске асырмақ болған. Бірақ өте ақылды, зерек, алда болар істі көре білетін әрі нағыз мұсылман болған Екінші Абдулхамид хан мұны түсініп, бұл пәлекеттердің алдын алып, Ислам әлеміне бақыт пен тыныштық әкелген еді. Сол себепті бұл ұлы сұлтанға олар «Қызыл Сұлтан», «Қорқақ», «Залым» сияқты аттар тақты. Осылайша жастарды алдап адастыруға, оған деген сүйіспеншілікті, құрметті, оның ұлылығын халық жүрегінен өшіруге тырысты. «Түркия Тарихы» кітабында былай делінеді: «Екінші конституциялық басқару кезеңінен кейін келген жаңа режим Екінші Абдулхамидті айыптап, тіпті бүгінге дейін бұл көсем туралы оң пікір айту, тіпті бейтарап пікір айту және жазу қауіпті нәрсе болып есептелді. Мұның бір себебі Екінші Абдулхамидтің ешқашан керітартпа болмау шартымен дін мен салт-дәстүрді сақтап қалуы және империяны отыз жыл бойы жеке өзі әділдікпен басқаруы. Екінші Абдулхамидті тақтан түсіргендер өздерін жаңашыл, төңкерісшіл деп санағандықтан, табиғи түрде бұл көсемнің оларға консервативтік болып көрінген ұстанымдарын қабылдай алмады. Алайда тарих саясат емес. Өз уақытының модасына қарап сөйлейтін, жазатын адам тарихшы емес. Өйткені саяси режимдер мен пікір модалары үнемі өзгеріп тұрады. Жуырдағы өткенді халыққа жаман етіп көрсету секілді эмоцияға толы көзқарастар ғылыми зерттеулер жүргізуге кедергі келтіреді. Кейбір үстірт ойлайтын адамдар қазіргі оқиғаларды көлеңкеде қалдырып қояды деп бұрынғы батырларды кемсітіп жатады. Алайда тарихи шындықтан қорқудың мәні жоқ. Түркияда әлі күнге дейін Екінші Абдулхамидке қарсы жалған әңгімелер тарату мода болып отыр. 13 ақпан 1295 [м.1878] күніне дейін Екінші Абдулхамидтің билігінің алғашқы бір жыл, бес ай және он үш күні оның жеке басқаруына қатысы жоқ. Оның жеке билігі 13 ақпанда басталды. 7 зүл-хиджа 1293 жылы және 23 желтоқсан 1876 күні алғашқы конституция жарияланды. Алғашқы халық мәжілісі 19 наурыз 1877 жылы ашылды. Конституцияны дайындағандардың бірі Мидхат паша заңгер емес еді. Екінші Абдулхамид хан өзінің естеліктерінде былай дейді: Мидхат паша бұрыннан конституциялық басқаруды жақтаушы еді. Бірақ тек атауын, кейбір кітаптарда мақталғанын есту арқылы пайда болған қолдау еді. Ол ешбір мемлекеттің негізгі заңын (конституциясын) зерттеп, бұл бағытта терең ой қалыптастырмаған еді. Оның жетекшісі – Қаржы министрлігінің кеңесшісі Одян мырза болатын. Ал Одян мырза сол заманның өзінде біздегі таңдаулы заңгерлердің қатарында емес еді. Мемлекет туралы тіптен білмейтін. Менің ойымша, бұл біліксіздік Мидхат пашамен бірге Таиф бекінісіне дейін бірге барды. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |