Мақтану адамның қадірін түсіреді

0 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 14, 2022, 7:08:50 AM7/14/22
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Мақтану адамның қадірін түсіреді

Адам өзін-өзі мақтай бастаса қадірі түседі. Өйткені пайғамбарымыз: «Мақталуды, мадақталуды жақсы көру адамды соқыр әрі керең етеді. Енді ол өз айыптарын, кемшіліктерін көрмейтін болады. Дұрыс сөздерді, өзіне айтылған насихаттарды естімейтін болады» деген.

Ислам ғалымдары мақталуды жақсы көрудің көңіл (жүрек) ауруы екенін айтып, оны емдеу жолдарын да көрсеткен. Мақталуды жақсы көрудің себебі – адамның өз-өзін ұнатуы, өзін басқалардан үстем, жоғары, жақсы адам деп санауы. Ондай адамдарға мақтаулар жағымды, ләззатты келеді. Уәһб бин Мунәббиһ хазрет: «Мұнафықтың ерекшеліктерінің екеуі – мақталуды жақсы көру, ал басқаларды кемсітуді, қорлауды ұнату» деген.

Бір күні Зуннун Мысри хазреттен:

– Адам өзінің Аллаһу та’аланың пәк құлдарының бірі екенін қашан және қалай біле алады? - деп сұралғанда:

– Адам бұл жағдайды мына төрт нәрсе арқылы біледі: рахаттықты тәрк етсе, аз болса да барын берсе, кедей болу жағымды келсе, жұрттың оны мақтауы да, жамандауы да бірдей болса, - деп жауап береді.

Әбул Аббас Мүрси хазрет айтады:

«Бір түні түсімде хазреті Омарды көрдім. Одан:

– Ей мүминдердің әмірі! Дүниелікке деген махаббаттың белгісі қандай? - деп сұрадым.

– Жамандалудан қорқу және мақталуды жақсы көру, - деп жауап берді.

Дүниені жақсы көрудің белгісі осылар болса, дүниені тәрк етудің белгісі – дұрыс жолда болып жамандалудан қорықпау және мақталуды ұнатпау болып табылады».

Юнус бин Убәйд хазрет напақасын мата сатумен айналысып табатын. Кісі хақысынан қатты қорқатын, күмәнді болады-ау деген уайыммен халалдардың көбін тәрк ететін еді. Тауарын мақтамайтын, өзі де мақтанбайтын. Бір күні қызметшісі бір матаны алушыға көрсетіп: «Йа Раббым! Мына жәннат матасын маған да нәсіп ет!» дегенін естіп, бұл сөздің матаны мақтау мағынасына келуі мүмкін екенін ойлап, ол матаны сатқызбады. Алушылар кемшілігі бар тауарды кемшіліксіз деп санап сатып алады деп ойлап, бұлтты, қараңғы күндері базарға шығып сауда жасамайтын еді.

Әли бин Сәһл Исфахани хазрет: «Байлықты іздедім, ілімде таптым. Мақталуды іздедім, кедейлікте таптым. Күнәсіз болуды іздедім, зухдте, яғни күмәнді нәрселерге түсіп қалу қорқуымен мубахтардың көбін тәрк етуде таптым. Есептің оңайлығын іздедім, үндемеуде таптым. Рахаттық пен бақытты іздедім, қайырымдылықта, жомарттықта таптым» деген.

Адамның тектілігімен, ата-бабаларымен мақтануы және біреулердің алдында өзін олардан үстем санауы, тәкәппарлануы надандық пен ақымақтыққа жатады. Өйткені Қабыл Адам алейһиссаламның, ал Йам Нұх алейһиссаламның баласы еді. Әкелерінің пайғамбар болуы оларды күпірден құтқармады. Адамдардың әкелерінің, аталарының салих болғандығымен мақтануы да орынсыз, ақылы бар адамның ісі емес. Маңызды болғаны, олар сияқты салих болуға және олардың жолында болуға тырысу. Өйткені хадис шәрифте: «Адамның өзі жаман болса, ахиретте тегінің үстемдігі оған пайда бермейді» делінген.

Сүйікті пайғамбарымыз тағы бір хадис шәрифінде: «Ата-бабаларымен мақтанған жаман адам Аллаһтың мейірімінен ұзақ, тозақтың отыны» деген.

Аллаһу та’аланың берген ниғметтерімен басқалардың алдында өзін үстем деп санау және мақтану да дұрыс емес. Өйткені бұлай мақтану харам, күнә болады. Бірақ бұл ниғметтер менде аманат, бұлардың негізгі иесі Раббым деп ойлайтын және айтатын болса, онда бұл жағдай шүкіршілік саналады, құнды әрі қабыл болады. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз: «Аллаһу та’аланың берген ниғметтерін көрсету – оларға шүкір ету болады» деген.

Бір тамшы судан жаратылып, кейіннен топыраққа кіріп, ол жерде құрт-құмырсқаға жем болатын адамның мақтануы, өзін басқалардан үстем деп санауы өте жаман, әбес тірлік. Бұл – жаман ауру. Дініміз осы себепті мақтануға тыйым салған. Пайғамбарымыз: «Аллаһу та’ала надандық дәуірінен қалған мақтануларды сендерден алып тастады. Бәрің Адам алейһиссаламның ұрпағысыңдар. Ал Адам топырақтан жаратылған» деген.

Адамның мақтануы өзгелерді өзінен төмен көргендіктен туындайды. Алайда хадис шәрифте: «Дін бауырын төмен деп санау жамандық ретінде жеткілікті» делінген.

Мақтаншақтық ауруы адамның өзін басқалардан үстем санауынан туындайтындықтан, ондай адамдар әңгімелерінде басқаларды төмендететін, кемсітетін сөздер қолданады. «Бұлар адам болмайды, бұлардан қайыр жоқ» деп өзінің үстемдігін бетке шығарғысы келеді. Ал бұл – тәкәппарлық, адамды пәлекетке жетелейді. Өйткені хадис шәрифте: «Адамдар құрыды дегеннің өзі құрыды» делінген.

Дін ғұламаларының бірі оған мақтау айтып тұрған бір адамға: «Мені не үшін мақтап жатырсың? Ашулы кезде сынап көріп менің сабырлы, кәміл екенімді анықтадың ба? Әлде менімен сапарға шығып, жақсы адам екеніме көз жеткіздің бе? Маған бір аманат беріп, мен оны сақтадым ба? Танымайтын адамды қалай мақтайсың?» деген екен.

Адам үшін өлім сәті, яғни соңғы демінде иманмен кетуі өте маңызды. Өлген кезде иманмен кетпеген адамды өмірінде мақтау не нәрсеге жарайды? Сондықтан өз-өзімізді мақтау, бізді мақтағандарға дауыс шығармау, танымайтын адамдарды мақтауымыз дұрыс емес.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages