ПАЙДАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР - 7

2 views
Skip to first unread message

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 19, 2026, 1:30:15 AMSep 19
to islam...@googlegroups.com

Бірінші бөлім (4)

Христиандардың діни қызметкерлерін поп және монах (Prétre) деп атайды. Православтардың (ортодокс) ең жоғарғы басшысы «Патриарх» деп аталады. Орта деңгейдегі поптарды «Пастор» (пастырь) дейді. Інжіл оқитындарын «Қыссис», ал қыссистың жоғары дәрежесін «Үскүф» деп атайды. Бұлар олардың мүфтилері. Үскүфтердің жоғары дәрежесіндегілерін «Епископ» (Evéque), одан да жоғарыларын «Архиепископ» немесе «Митрополит» немесе «Матран» деп атайды. Бұлар олардың қазылары, яғни төрешілері. Шіркеуде құлшылық қылдыратындарды «Католикос», төменгі дәрежедегілерін «Кюре немесе Шаммас» және «Диакон», ал шіркеу қызметшілерін «Эрмит» немесе «Шамамаси» дейді. Тек ғибадатпен айналысатындарды «Монах» деп атайды. Католиктердің бас поптары «Папа», яғни «аталардың атасы». Папа Римде орналасқан. Оның кеңесшілері «Кардинал» деп аталады.

Осы діни қызметкерлердің барлығы Аллаһу та'аланың бір екенін ұмытты. «Трините» деп аталатын «Тәслис»-ке (үш тәңір) сене бастап, Иса Аллаһтың ұлы деп мүшрик болды. Біраз уақыттан кейін Рим императоры екінші Клаудиус [215-271 милади жылы] заманында Антакья патриархы Юнус Шәммас Аллаһу та'аланың бір екенін жариялады. Көп адамды тура жолға түсірді. Бәрі әһли кітап болды. Бірақ кейіннен келген поптар қайтадан үш нәрсеге табынуды бастады. Үлкен Константин [274-337] исауилікке пұтқа табынушылықты да араластырды. Миладтың 325-ші жылы Изниктегі рухани мәжілісінде 318 попты жинап, ширк араласқан жаңа христиандық дінін шығарды. Бұл мәжіліске қатысқан Ариус есімді епископ Аллаһтың бір екенін, Иса алейһиссалам Оның құлы екенін айтқанымен, мәжіліс басшысы Александрия патриархы Александриус Ариусты шіркеуден қуды. Үлкен Константин Ариустың кәпір болғанын жариялады және «Миләл уә Нихал» кітабында, Рим тарихшысы Жиржус Ибнуламидтың [601-671] (м.1205-1273) Шамда] кітабында жазылған «Мәләкаия» ағымының негізін құрғызды. 381 жылы Стамбұлда екінші мәжіліс құрылып, Рухул-құдс аталған Иса алейһиссаламды жаратылыс деген Макдониус лағнеттелді. Миладтың үш жүз тоқсан бесінші [395] жылы Рим мемлекеті екіге бөлінді. 421 жылы Константиния [яғни Стамбұл] патриархы Несториустың кітабын зерттеу үшін Стамбұлда үшінші жиналыс жасалды. Несториус «Иса (алейһиссалам) адам. Оған табынуға болмайды. Екі укнум бар. Аллаһ бір. Оның вужуд, хаят, ілім сипаттарынан хаят сипаты – Рухул-құдс. Алғашқы укнумы [сөз] Исаның бойына еніп, ол құдай болды. Мәриәм құдайдың анасы емес, адамның анасы. Иса Аллаһтың ұлы» деген еді. Оның бұл пікірлері қабылданды. Несториус ағымы шығыс елдеріне тарады. Бұл ағымды ұстанушылар «Нестури» деп аталды. 431 жылы Эфесте төртінші мәжіліс құрылып, Диоскорустың пікірлері қабылданды. Несториус кәпір деп жарияланды. Несториус (439) жылы Мысырда өлді. Бұдан жиырма жыл өткен соң Кадыкөйде 451 жылы бесінші мәжілісте 734 поп жиналып, Александрия патриархы Диоскорустың жазбаларына тыйым салынды. Диоскорустың пікірлеріне «Монософия» делінеді, «Иса (алейһиссалам) – құдай» деген еді. Мұны «Яқубия» ағымы деп те атайды. Өйткені Диоскорустың шын есімі Яқуб. Сол кезде шығыс Рим (Византия) императоры болған Меркянус тыйым салынуы туралы шешімді жан-жаққа жеткізді. Диоскорус қашып, Құдыс пен Мысырда ағымын таратты. Олардың да көбі мүшрик. Иса алейһиссаламға табынады. Қазір Иракта, Сирияда, Ливанда тұратын «Суриянилер» мен «Маронилер» Яқубия ағымын ұстанады.

Кадыкөй мәжілісін қабылдап, король Меркянус растаған ағым «Мелекаия» деп аталады. Бірінші Изник мәжілісінде қабылданған ағым да Мелекаияға жақын. Басшылары Антакья патриархы. Ілім сипатына «Сөз», хаят сипатына «Рухул-құдс» дейді. Бұл сипаттар адаммен қосылғанда «Укнум» дейді. Құдай үшеу. Бірі – вужуд укнумы болып, әке. Иса оның ұлы. Мәриәм да құдай дейді. Иса алейһиссаламға «Иисус христос» (Jesus christus) дейді.

Христиандардың жетпіс екі ағымы үндістандық Рахметуллаһ мырзаның (рахметуллаһи та'ала алейһ) араб тіліндегі «Изхар-ул хақ» кітабында және харпуттық Исхақ мырзаның түрік тіліндегі «Дия-ул қулуб» кітабында ұзақ жазылған. Бұл кітап 1987 жылы «Жауап бере алмады» атымен Стамбұлда басылған, ағылшын тіліне аудармасы 1990 жылы басылып шыққан. «Изхар-ул хақ» кітабы 1280 [м.1864] жылы араб тілінде Стамбұлда басылған. Рахметуллаһ мырза бұл кітабында 1270 жылы Үндістанда, кейіннен Стамбұлда христиан поптармен жасаған пікірталастарын және оларды қалай жеңгенін ұзақ жазған. Парсы тіліндегі «Сәйф-ул әбрар» кітабының Стамбұл басылымына осы пікірталастар туралы мәлімет енгізілген. «Изхар-ул хақ» кітабы екі бөлімнен тұрады. Оқу-ағарту министрлігінің хатшысы Нузхәт мырза кітаптың бірінші бөлімін түрік тіліне аударып, «Изаһ-ул хақ» атымен Стамбұлда басылған. Екінші бөлімін 1292 жылы Сәйид Омар Фехми бин Хасан түрік тіліне аударып, «Ибраз-ул хақ» атымен 1293 [м.1876] жылы Боснияда басылған.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages