|
«Бахр-ул Улум» атты тәфсирде хабар берілген хадис шәрифте: «Үмбетімнің ең мейірімдісі Әбу Бәкір. Дінде ең күштісі Омар. Ар-ұяты ең көбі Осман. Ислам үкімдерінде әр сұраққа жауап беретін Әли. Халал мен харамды ең жақсы білетін Муаз. Құран кәрімді ең әдемі оқитын Убәйй бин Ка’б. Мұнафиқтарды танитын Хузәйфәтәбни Йәман. Иса алейһиссаламның тақуалығын көргісі келетін адам Әбу Зәрдің тақуалығына қарасын! Жәннат Салман Фарисиға ғашық. Халид бин Уәлид Аллаһтың қылышы. Хамза Аллаһу та'аланың арыстаны. Хасан мен Хусейн жәннат жастарының ең үстемі. Жафар бин Әбу Талиб жәннатта періштелермен бірге ұшады. Жәннат есігін алғаш ашатын адам Билал. Менің Кәусар бұлағымнан алғаш су ішетін адам Суһәйб Руми. Қиямет күні періштелер бәрінен бұрын Әбуддәрдамен қол алысады. Әр пайғамбардың досы бар. Менің досым Са’д бин Муаз. Әр пайғамбардың сахабаларынан таңдаулылары бар. Менің таңдаулыларым Талха мен Зубәйр. Әр пайғамбардың жеке жұмыстарын атқаратын көмекшісі бар. Менің көмекшім Әнәс бин Малик. Әр үмбетте данышпан бар. Менің үмбетімде көп даналық айтатын Әбу Хурайра. Хассан бин Сабиттің сөздері Аллаһ тарапынан әсерлі. Әбу Талханың соғыс майданындағы дауысы бір қол әскерден мықтырақ» деді. «Бахр-ул Улум» кітабын жазған Алауддин Әли Самарқанди сегіз жүз алпысыншы (860) жылы Анадолыда Ларенде қаласында қайтыс болды. Имам Суюти хазреттің «Тарих-ул Хуләфа» кітабында былай делінген: хадис шәрифтерде: «Үмбетімнің ең мейірімдісі Әбу Бәкір. Аллаһу та'аланың әмірлерін орындауда ең қайраттысы Омар. Ар-ұяты ең көбі Осман. Ислам үкімдеріндегі қиындықтарды ең көп шешетін Әли. Үмбетімнің ең сенімдісі Әбу Убәйда бин Жәррах. Үмбетімнің ең тақуасы Әбу Зәр. Ғибадаты ең көп адам Әбуддәрда. Үмбетімнің ең жұмсақ мінездісі және жомарты Муауия бин Әбу Суфян» делінген. Расулуллаһтың әкімдері: Диярбәкірлік қазы Хусейннің тоғыз жүз қырқыншы (940) жылы жазған «Хамис» кітабында былай делінген: «Базан» парсы шахы Хусрев тарапынан Йеменнің әкімі болып тағайындалған болатын. Ол иманға келді. Расул алейһиссалам оны әкім ретінде орнында қалдырды. Алғаш ислам әкімі – Базан. Расул алейһиссалам Халид бин Саидтың Сана қаласына, Зияд бин Әсәдті Хадремут қаласына, Әбу Мусәл Ашариды Аден қаласына, Әбу Суфян бин Харбты Нәжран ауданына, Муауияның ағасы Язидты Тәйма қаласына, Аттаб бин Әсиәдті Мекке қаласына, Амр бин Асты Умман қаласына әкім қылған еді. Қазы Хусейн бин Мұхаммед хижреттің тоғыз жүз алпысыншы жылы Меккеде қайтыс болды. Расулуллаһтың хатшылары: Хазреті Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли, Талха, Зубәйр, Са’д бин Әби Уаққас, Мұхаммед бин Сәләмә, Әркам бин Әби Әркам, Абдуллаһ бин Әркам, Муғира бин Шу’бә, Убәйй бин Ка’б, Зәйд бин Сабит, Әбу Суфян бин Харб және ұлы Муауия мен оның ағасы Язид бин Әбуссуфян, Халид бин Уәлид, Амр бин Ас, Хузәйфа бин Йәман. Олардан басқа да хатшылары бар еді. Барлығы қырық үш адам. Араларында ең көп хатшы болған Зәйд бин Сабит пен Муауия бин Әбуссуфян еді (радиаллаһу та'ала анһума). Шетелге жіберген елшілері он төрт адам. Олардың бірі Амр бин Ас хазрет. Оны Умманға елші ретінде жіберген болатын. Кейін оны Умманға әкім қылды. «Исти’аб» атты кітапта екі мың жеті жүз жетпіс ер және үш жүз сексен бір әйел сахабаның өмір баяны жазылған. «Исти’аб фи марифатил Асхаб» кітабын жазған хафыз Юсуф бин Абдуллаһ Қуртуби 463 [м.1071] жылы қайтыс болды. «Мәуаһиб-и ләдунния» кітабында жазылуы бойынша, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуына дейін иманға келгендер сансыз және есепсіз. Мекке жаулап алынғанда он мың, Тәбук соғысында жетпіс мың, қоштасу қажылығында тоқсан мың және Расулуллаһ қайтыс болған кезде жер жүзінде жүз жетпіс төрт мыңнан астам сахаба бар еді. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) туыстарынан бірнеше адамнан басқа асхаби кирамның барлығы (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) жасы жағынан Расулуллаһтан кіші еді. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |