АСХАБИ КИРАМ – 211

5 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Mar 4, 2026, 5:19:51 AM (6 days ago) Mar 4
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (49)

181) МУСӘЙЛӘМӘТУЛ КӘЗЗАБ: Асри саадатта Ямама деген жерде пайғамбарлық жариялаған адам. Алдымен исламға келгенін айтқанымен, кейіннен мүртәд болып, көп адамды өзіне байлады. Расулуллаһқа хат жолдап, оған сенетінін, бірақ өзінің де пайғамбар екенін айтты. Арабстанның жартысы сізге, жартысы маған болсын деді. Ол кезде Расулуллаһ қайтыс болғандықтан хазреті Әбу Бәкір халифалығының екінші жылында Халид бин Уәлид қолбасшылығында әскер жіберіп, ауыр соғыс болды. Екі жақтан жиырма мың адам өлді. Мүртәдтер жеңіліп, ойран болып, Мусәйләмә Уахши (радиаллаһу анһ) тарапынан өлтірілді. 117, 312, 323, 387, 408.

182) МҮСЛИМ: Әбулхусейн Мүслим бин Хажаж Кушәйри. Хадис имамы. «Сахих Мүслим» кітабы Бұхариден кейінгі ең құнды хадис кітабы. Ол 206 [м.821] жылы Нишапурда дүниеге келіп, 261 [м.875] жылы сол жерде қайтыс болды. Ахмед бин Ханбалдың шәкірті еді. Кітабында жеті мың екі жүз жетпіс бес хадис шәриф бар. Оларды үш жүз мың хадис арасынан таңдаған. Имам Бұхаримен Нишапурда кездесті. Өзара құрметтесіп, жақын болды. Бұхарида да жеті мың екі жүз жетпіс бес хадис шәриф бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 15, 120, 165, 330.

183) МУСТАҒФИРИ: Әбул Аббас «Китабулуәфа» кітабының авторы (рахимә-һуллаһу та'ала). 129.

184) МУЗӘНИ: Әбу Ибраһим Исмаил бин Яхия – шафии мазһабының фиқһ ғалымы. Имам Шафиидың шәкірті. Фиқһ, кәлам және хадис ілімдерінде өте үстем еді. Уәра және тақуа иесі еді. 175 жылы Мысырда дүниеге келіп, 264 [м.878] жылы Мысырда қайтыс болды. Карафә-тус суғра мазарында Имам Шафиидың қасында жерленген. Шафии мазһабының фиқһын жинақтаған әрі кітапқа жазған осы кісі. Оның әр түрлі кітаптары бар. «Әл-мухтасар» кітабы мәшһүр (рахимә-һуллаһу та'ала). 59.

185) НӘЖЖАРЗАДА: Мұстафа Рыдауддин – Ибраһим мырзаның ұлы. Анадолу аймағынан шыққан әулиелердің бірі. 1090 жылы Шебинкарахисарда дүниеге келді. Кіші жасында әкесі қайтыс болды. Он жеті жасында Бешикташта Синан паша мешітінің қасындағы медреседе мүдәррис (ұстаз) болды. Сол кездері Ускурдарда Азиз Махмұд Худайи мешітінің имамы Яқуб мырзаның әкесі Фәнайи мырзаның дәрістерінде фәйз алып, жилуәтия ижазатын алды. Бешикташ мәуләуиханасының имамы Мәмиш мырзадан Мәснәуиді оқыды. Мәскеу соғысына қатысып, жеңістен қайтар жолда Эдирнеде Арабзада қажы Мұхаммед Илми мырзадан 1123 жылы мүжәддидия ижазатын алды. Арабзада Мұхаммед – Әбу Абдуллаһ Мұхаммед Самарқандидың шәкірті болып, 1130 жылы Эдирнеде қайтыс болды. Самарқанди – Ахмед Йәкдәст Журиянидің, ал ол Урвәт-ул вуска Мұхаммед Масум мүжәддиди Сәрһәндидің шәкірті. Бір жылдан кейін Бешикташта Синан паша мешітінің қасынан сатып алған жер теліміне мешіт салып, сол жерде мүжәддидия марифатын жайып, «Тухфәт-ул иршад» кітабын жазды. 1153 жылы қажылыққа барып, харамәйн зияратымен абыройланды. Ахмед Йәкдәсттің шәкірті, Эгрикапы Карамани мешітінің имамы татар Ахмед мырзамен сұхбаты мәшһүр. Садры азам Хакимбашы Нух мырзаның ұлы Әли пашаның Алтымермердегі Жәррахпаша ауруханасына қарама-қарсы мешіті 1147 жылы салынған кезде соның алғашқы уағызшысы болды. Ол 1159 [м.1746] жылы қайтыс болды. Жоғарыдағы мәлімет шәкірті Омар Нузхет мырзаның «Мәнқибә-и Әулия-ия фи-ахуали Ридаийя» кітабынан алынды. Орнында оның ұлы Мұхаммед Сыддық мырза білім мен фәйз беруді бастады. Оның шәкірттерінің бірі Мұхаммед Агах мырза. Одан Мұхаммед Әмин Кәркути, одан Әли Бехчет Конеуи, одан хафыз Фәйзуллаһ мырза фәйз алып кемелдікке жетті. Фәйзуллаһ мырза Мурадия мешітінің имамы және қарилардың басшысы еді. Чаршамбада «Дар-ул мәснәуи»-де мәснәуи оқытатын. Оның да шәкірттерінің танымалы – Сәйид Мұхаммед Ниязи бин Мұстафа мырза. Ол да Сәйид Махмұд Лутфуллаһ бин Мұхаммедке ижазат берген.

Баласы Мұхаммед Сыддық мырзада он бір жасында пайда болған жарық ауруы өмірінің соңына дейін жалғасты. Әкесі сияқты ол да ғажайып пен керемет иесі болды. Румелихисардағы үйінде ол уағыз-насихат айтатын. Аптасына бір күн Бешикташқа келіп хатым оқитын. Он бір ай Азиз Махмұд Худайи мешітінде қызмет атқарды. Әйюбтегі Қашғари мешітінен біреу келіп, ұстаздары Иса мырзаның шипа табуы үшін дұға сұрағанында «Соңының саламаттығы үшін Фатиха оқиық!» деді. Иса мырзаның сол мезетте қайтыс болғаны кейіннен аңғарылды. Ол 1208 [м.1794] жылы Румелихисарда қайтыс болып, Синан паша мешітінің солтүстік қабырғасының алдындағы мешітінде әкесінің қасына жерленді (рахимә-һумуллаһу та'ала).Орнына ізбасары ретінде күйеу баласы Исмаил Хаққы мырза өтті. Бұл мағлұматтар «Мақалат-и Сыддықия» кітабынан алынды.

Әбу Абдуллаһ Самарқандидың «Мухтасар-ул уилая» кітабын Рыдауддин мырза парсы тілінен түрік тіліне аударған. Бұл аударма және «Ахуал-и Рыдайя» рисаласы, мәулана Жамидың ғазелінің Арабзада тарапынан түрікшеге аудармасы, Мұхаммед Сыддық мырзаның «Әсфар-и әрбаа» рисаласы, Фаиқ Омар мырзаның «Мақалат-и Сыддықия» кітабы бірге жинақталып «Матбаа-и амира» баспаханасында 1272 [м.1856] жылы басылған.

186) НӘСӘФИ: Мәймун бин Мұхаммед Нәсәфи сөзіне қараңыз. 118.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages