|
27) АБДУРРАХМАН БИН АУФ: Асхаби кирамның ұлыларынан. Ашәрә-и мубашшарадан. Алғаш иманға келген сегіз адамның бірі. Хабешистанға және Мәдинаға хижрет етті. Бүкіл соғыстарға қатысты. Ухуд соғысында жиырма бір жерінен жараланды. Аяғына тиген жарақаттан ақсандайтын болып қалды. Сол соғыста он екі тісі сынды. Ол көп садақа беретін. Бір күнде Аллаһ разылығы үшін отыз құлды азат еткен. Ол өте бай еді. Саудагер болған. Хазреті Омардан кейін халифалыққа үміткер болған алты кісінің бірі еді. Бірақ халифа болуды қаламай бастартты. Хазреті Османның халифа болуын ең алғаш қалаған ол. Отыз бірінші жылы жетпіс бес жасында қайтыс болды. Ірі денелі, ақ тәнді, сымбатты кісі еді (радиаллаһу та'ала анһ). 129, 166, 167. 28) АБДУРРАХМАН БИН СУМӘР: Мекке жаулап алынған кезде исламға келді. Басрада орналасты. Ауғанстанды жаулап алған. Хасан Басри де оның әскерінің арасында еді. 45 жылы уәли (әкімдік) лауазымнан босатылды. 50 жылы Басрада қайтыс болды. 62. 29) АБДУРРАЗЗАҚ ЛАХИЖИ: Әкесі Әли. Кум қаласында мудәррис (мұғалім) еді. Шии ағымының ғалымы болып, көп кітап жазған. 1051 [м.1642] жылы қайтыс болды. 18, 22. 30) АХМЕД АСЫМ МЫРЗА: Ғалым еді. Айнтап (Газиантеп) тумасы. Арабша «Қамус», парсы тіліндегі «Бурхан-и қати» сөздік кітаптарын түрік тіліне аударған. «Әмали қасидасын» түрік тіліне шәрһ еткен. Тарих кітабын да жазған. 1235 [м.1820] жылы қайтыс болды. Ускударда Нұх құдығы мазарында жерленген. Фатих ауданында Явуз Сәлим аялдамасынан Ескі Әлиге түсетін көшеге оның аты берілген. 87, 104, 108. 31) АХМЕД БИН ӘЛИ НӘСАИ: 215 [м.831] жылы Хорасанда дүниеге келіп, 303 [м.915] жылы Шамда қайтыс болды. Хадис ғалымы. Мысырда аты шыққан еді (рахимә-һуллаһу та'ала). 128. 32) АХМЕД БИН ХАНБАЛ: Ханбали мазһабының құрушысы. Әкесі Мәрвтық. 164 [м.780] жылы Бағдатта дүниеге келіп, 241 [м.855] жылы сол жерде қайтыс болды. Өмірбаяны туралы көп кітап жазылған. Хадис пен фиқһта өз дәуірінің теңдессіз ғалымы еді. «Құран кәрім – жаратылыс» деп айтпағаны үшін түрмеге қамалып, дүре соғылған еді. Жаназасында табытын жүз қырық мың адам тасыды. Тақуалығы, білімі мен кемелдігі өте жоғары еді. Үш жүз мың хадис шәриф жаттаған болатын. «Зухд деген не?» деген сұраққа «Зухд үш түрлі: Надандардың зухды – харамдардан тыйылу. Ғалымдардың зухды – халал етілгендердің көбінен сақтану. Арифтердің зухды – Аллаһу та'аланы ұмыттыратын барлық нәрседен тыйылу» деп жауап берді (рахимә-һуллаһу та'ала). 23, 25, 43, 45, 57, 63, 84, 176, 178, 195, 219, 224, 324, 362, 388, 401. 33) АХМЕД БИН МҰСТАФА: Ташкөпрүзада атымен танымал болған. 901 жылы Бурсада дүниеге келіп, 968 [м.1560] жылы қайтыс болды. Ашықпаша ауданында жерленген. Әр түрлі медреселерде мудәррис (ұстаз) болды. Соңғы уақыттарында көзі көрмей қалды. Ол көп кітап жазған (рахимә-һуллаһу та'ала). 105. 34) АЙША СЫДДЫҚА (радиаллаһу анһа): Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ардақты жұбайы және Әбу Бәкір Сыддықтың қызы. Анасы Умму Руман. Хижреттен сегіз жыл бұрын дүниеге келіп, 57-ші жылы 65 жасында Мәдинада қайтыс болды. Бақи мазарында жерленген. Баласы болмады. Хадиша-и кубраның қайтыс болуынан бір жыл өткен соң, хижреттен екі жыл бұрын некесі қиылды. Үш жылдан кейін Мәдинада хужрә-и саадатқа келтірілу абыройына ие болды. Ақылы, зеректігі, ар-намысы және тақуалығы таңданыс тудыратындай көп еді. Расулуллаһ тарапынан жақсы көрілген және көп мақталған еді. Некесі Аллаһу та'аланың бұйрығымен қиылды. Ол аяти каримамен мақталған. Асхаби кирам қиын мәселелерін шешу үшін оған жүгінетін болған. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болуында он сегіз жасында еді. 12, 13, 20, 24, 30, 47, 48, 60, 69, 74, 75, 76, 105, 110, 114, 119, 122, 123, 127, 128, 130, 133, 165, 171, 175, 176, 178, 185, 196, 207, 212, 234, 235, 242, 249, 256, 311, 340, 345, 355, 358, 387, 409. 35) ӘЛИ БИН ӘМРУЛЛАҺ: Әли Челеби, Анадолы қазы әскері еді. Яғни әскери соттың басшысы еді. 916 жылы дүниеге келіп, 979 [м.1571] жылы Едирнеде қайтыс болды. «Ахлақ-и Алаи» кітабы түрік тілінде жазылып, екі томнан тұрады. Мысырда басылған. Бәйдауи тәфсиріне хашиясы, «Дүрәр» және «Гурәр» кітабына хашиясы, «Кәшшаф» тәфсиріне хашиясы, түрікше өлеңдердің жинағы, «Қасида-и бурда» шәрһі және тағы көптеген еңбектері бар (рахимә-һуллаһу та'ала). 66. 36) ӘЛИ БИН ОСМАН: Сиражеддин Уши, 557 [м.1162] жылы оба ауруынан қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). «Фәтауа-и сиражия», «Мәшариқул-әнуар» және «Әмали қасидасы» танымал. Мұны «Ламийя» қасидасы деп те атайды. 87. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |