|
Екінші Абдулхамид ханның көркем мінезін, дінге деген беріктігін, әдебі мен ұяңдығының деңгейін, ақылын, білімін, әділдігін, халық үшін тынымсыз еңбек еткенін, ешкімге қиянат жасамағанын, тіпті дұшпандарына да жақсылық жасағанын, масондар алдаған және құрал ретінде пайдаланған сатқындарды да кешіргенін түсінгісі келгендерге «Мәбейн бас хатшысы» Әсад бейдің «Хатирәт-и Абдулхамид-и хан-ы сани» атты кітабын оқуды ұсынамыз. 21 шілде 1323 [м.1905] күні жұма намазын оқып Йылдыз мешітінен шыққанда армян комитетшілері дайындаған уақыт бомбасы орнатылған арбаның жарылуынан аман қалған сәтінде мыңдаған көрермен мен шетелдік дипломаттардың алдында еш ойланбастан, бірден айтқан келесі сөздері оның жүрегінің тазалығын, елінің мейірімді, кемел әкесі екенін көрсетуге жеткілікті деп санаймыз: «Менің ең үлкен мақсатым – халықтың тыныш және бақытты өмір сүруі. Осы жолда күндіз-түні қанша еңбек, қанша күш жұмсалғаны белгілі. Ынтам мен ізгі ниетімнің Аллаһу та'ала тарапынан марапатталғаны – осы оқиғадан Құдайдың сақтауымен аман қалуым. Сол үшін Аллаһу та'алаға шүкіршілік және мадақ айтамын. Мені ең көп қайғыртатыны – кейбір сарбаз ұлдарым мен бейбіт тұрғындардың қаза тауып, жаралануы. Бұған шексіз өкінемін. Халқымның маған деген шынайы ықыласы үшін шын жүректен ризашылығымды білдіремін және оларды көктен не жерден келетін апаттардан аман сақтауын тілеп дұға етемін». Орталығы Салоникиде орналасқан үшінші армияның кейбір офицерлері британдық тыңшылар тарапынан көп ақша мен мансап уәделерімен алданды. 7 шілдеде Шемси пашаны лейтенант Атиф атып өлтірді. Шабуыл әскері Стамбұлға қарай аттанды. Халифа хазреті Әлидің ижтиһадына сүйеніп, оларға қарсы тұрудан бас тартты. Мемлекетті сол қарақшыларға тапсырып берді. Бұрын Мекке кәпірлері де Мәдинаға шабуыл жасағанда пайғамбарымыз Бәдірде, Ухудта және Хандекте аз әскермен соғысып, олардың Мәдинаға кіруіне тосқауыл болған еді. «Хужурат» сүресінің 9-шы аятында: «Көтерілісшілермен соғысып, оларды бағындырыңдар» деген бұйрыққа бағынбады. Халифа пайғамбарымыздың осы сүннеті мен осы парызға бағынбағандықтан, үлкен қасіреттер мен апаттарға себеп болды. 27 жәмәзиәл-ахир 1326 жылы және 23 шілде 1908 жылы екінші конституциялық басқару жарияланды. Қару күшімен сайлау өткізілді. 17 желтоқсанда мәжіліс ашылды. Осылайша мемлекеттің басқаруы қабілетсіз, тәжірибесіз адамдардың қолына өтті. Британдықтар дайындаған қасіреттер қайта басталды. 5 қазан 1908 жылы Болгария княздігі өз корольдігін жариялап, Османлылардан бөлінді. Сол күні Австрия да Босния-Герцеговинаны аннексиялады. Грекия да көтеріліс жасап, бес жылдан кейін Критті өзіне қосып алды. 14 сәуір 1909 жылы Адана қаласында армян көтерілісі басталды. Олар мұсылмандардың мал-мүлкіне, жаны мен ар-намысына шабуыл жасап, 1850 түрікті өлтірді. Иттихадшылар бұған тек қарап тұрды. Халық он жеті мың армянды өлтіріп, көтерілісті басты. Иттихадшылар Еуропаға жақсы көріну үшін жүздеген мұсылманды өлтіріп, дарға асты. Бұл зұлымдықтарды сол кездегі Адана әкімі атақты Жамал паша жасады. Ішкі істер министрі Талат пашаның мақтауына ие болды. Бұл оқиғаларға байланысты иттихадшылар [1914] жылы мәжілісті жауып тастады. Сұлтан Хамидтің сөзіне еріксіз құлақ асуға мәжбүр болды. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |