АСХАБИ КИРАМ – 179

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 25, 2025, 5:22:14 AM (12 days ago) Oct 25
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (17)

25) АБДУЛМӘЖИД ХАН: Османлы патшаларының отыз біріншісі және ислам халифаларының тоқсан алтыншысы. Сұлтан Екінші Махмұдтың ұлы. Оның сегіз ұлынан төртеуі патша болған. 1237 [м.1821] жылы дүниеге келген. 1255 [м.1839]  жылы таққа отырды. 24 маусым 1277 [м.1861] жылы қайтыс болды. Сұлтан Селим мешітінің бақшасында жерленген. Абдулмәжид ханның үлкен бір қателігі, мемлекетке де, бүкіл ислам әлеміне де ауыр зиян келтірген, кешірілмес айыбы бар еді. Ол сондай бір қателік еді, ол Османлы тарихында қорқынышты бетбұрыс жасап, бұл ұлы ислам мемлекетінде «Жоқ болып кету дәуірінің» басталуына себеп болды. Масондар мен ислам дұшпандары жасырғысы келген, жастардан құпия ұстауға тырысқан бұл қателік – жүрегі таза, ниеті ақ патшаның азулы әрі зымиян ислам дұшпаны болған ағылшындардың жылы сөзіне алданып, шотландиялық масондар тәрбиелеген надандарды билікке әкелуі, олардың мемлекетті іштен құлату саясатын дер кезінде аңғара алмауы еді. Ағылшындардың Османлы мемлекетіне қарсы қорқынышты шабуылдары мен жетістіктері сұлтан Абдулмәжид ханды алдаудан басталды. Исламды жою мақсатында Англияда құрылған «Шотландтық масон ұйымының» айлакер мүшесі Лорд Редклифф Стамбұлға ағылшын елшісі ретінде жіберілді. 1250 [м.1834] жылы Парижде, кейін Лондонда Османлы елшісі болған Мұстафа Рашид паша алданған, масон болған еді. Оны садри азам (премьер-министр) ету үшін Лорд Редклифф сұлтанға көп жалбарынды. «Егер осы білімді, мәдениетті және табысты уәзірді садри азам етсеңіз, Англия империясы мен Османлы мемлекеті арасындағы барлық келіспеушіліктер тоқтайды. Османлы мемлекеті экономикалық, әлеуметтік және әскери салаларда ілгері басады» деп халифаны алдады. 1262 [м.1846] жылы садри азам болған паша билікке келе салысымен сыртқы істер министрі болып тұрған кезінде Редклиффпен бірлесіп дайындаған «Танзимат» заңына сүйеніп, ірі аймақтарда масондық ложалар ашты. Тыңшылық пен сатқындық ұялары жұмыс істей бастады. Жастар діни сауатсыз етіп тәрбиеленді. Лондоннан келген жоспарларға сай бір жағынан әкімшілік, ауыл шаруашылығы және әскери өзгерістер енгізді. Осы өзгерістер арқылы халықтың көзін бояды. Екінші жағынан ислам ахлақын, ата-бабаға деген сүйіспеншілікті және ұлттық бірлікті ыдыратуға кірісті. Өздері жетілдірген адамдарын билікке шығарды. Сол жылдары Еуропада физика мен химия саласында алып қадамдар жасалып жатқан еді. Жаңа өнертабыстар мен жетістіктер пайда болды. Үлкен зауыттар, техникалық университеттер құрылды. Ал Османлыларда мұның ешқайсысы жасалмады. Тіпті Фатих сұлтан дәуірінен бері медреселерде оқытылып келген жаратылыстану және математика пәндерін мүлде алып тастады. «Дін адамдарына ғылым қажет емес» деп білімді, мәдениетті ғалымдардың өсуіне кедергі болды. Сұлтан Абдулмәжид хан заманында дүниеде екі ірі ислам мемлекеті бар еді, бірі Османлы мемлекеті, екіншісі Үндістандағы Моғол патшалығы. Екі мемлекеттің де сұлтандары ислам дінінің қорғаушылары болатын. Исламның дұшпаны болған ағылшындар бұл екі қорғаушыны жою үшін өте айлакер жоспарлар құрған еді. Алдымен Моғол патшалығын бөлшектеуге шешім қабылдады. Осылайша Азиядағы мұсылмандарды басшысыз қалдырып, сонымен бірге Үндістанның байлығына және саудасына ие болмақ болды. Бірақ бұған Османлылардың кедергі келтіруінен қорықты. Сол себепті Османлыларды Ресеймен соғыстыруға тырысты. Австрия мен Пруссия Османлы-Ресей соғысының алдын алуды қалады. Ресей де бұған келісті. Бірақ ағылшындар Рашид пашаны соғыс ашуға үгіттеді. Оған «Біз көмектесеміз, жеңіске жетесің, осылайша Османлы мемлекетінің ең беделді адамы боласың» деп сендірді. Рашид паша Османлы мемлекетін басқаратынын ойлап, соның мастығымен ағылшындардың қолындағы қуыршаққа айналды. 26 қыркүйек 1269 [м.1853] жылы Баб-ы Алиде (үкімет сарайында) жүз алпыс үш (163) адам жиналды. Ресейге соғыс ашу туралы шешім қабылданды. Сұлтан Абдулмәжид ханды да тұзаққа түсіріп, бұл шешімді мақұлдауға мәжбүр етті. Осылайша Ресейге соғыс жарияланды. Османлы мемлекетін қиын жағдайға душар еткен ағылшындар бұл кезде Үндістандағы қырғын мен апаттарды бастады. 1274 [м.1857] жылы Делиде үлкен көтеріліс ұйымдастырды. Екінші Бахадур Шахты ұлдарымен бірге Калькуттаға алып барып түрмеге қамады. Осылайша Моғол патшалығы құлады. Бұл Үндістанның болашақта Англия империясына қосылуының алғашқы қадамы болды. Ағылшындар Ресей патшасы Бірінші Николайдың Құдыста католиктерге қарсы православтарды айдап салып жатқанын алға тартып, Ресейдің Жерорта теңізіне түсуін мүлде қаламаған Франция императоры Үшінші Бонапартты да Түрік-Ресей Қырым соғысына тартты. Өздерінің мүддесі үшін құрған бұл одақтастығын түрік халқына Рашид пашаның дипломатиялық жеңісі ретінде көрсетті. Дұшпандардың жылтыр жарнамалармен және жалған достықтармен бүркемелеуге тырысқан бұл жою саясатын бәрінен бұрын түсінген сұлтан көп уақыт сарайында жылайтын болды. Мемлекетін, халқын іштей жеп бара жатқан дұшпандарға қарсы амал іздеп, Аллаһу та'алаға жалбарынатын. Осы себепті Рашид пашаны бірнеше рет садри азамдықтан алыстатты, дегенмен өзіне «ұлы», «дана» дегендей атауларды тағатын бұл айлакер адам қарсыластарын ығыстырып, қайта-қайта билікке орала алды. Өкінішке қарай сұлтан қайғы-қасіреттен туберкулез ауруына шалдығып, жас шағында көз жұмды. Кейінгі жылдары мемлекет билігіне таласқандардардың, университет профессорлары мен сот төрағалары болып тағайындалғандардың бәрі Мұстафа Рашид паша жетілдіріп шығарған адамдар еді. Осылайша «Қаһт-ы рижал» (кадр жетіспеушілігі) дәуірінің басталуына және Османлыларға «Науқас адам» деген атақ тағылуына себеп болды.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages