МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ЕКІ КӨЗ ҚАРАШЫҒЫ (Хазреті Әбу Бәкір мен хазреті Омар) (6) |
Ухуд соғысында хазреті Әбу Бәкір Расулуллаһты қорғау үшін бар күш-жігерін салды. Хандек соғысында ордың бір бөлігін қорғау міндеті хазреті Әбу Бәкірге жүктелді. Қазір «Мәсжид-и Сыддық» сол жерде орналасқан. Хайбер соғысында бірнеше қамалдың алынуы үшін Әбу Бәкір соғысты. Хакимның кітабында Бәридә Әсләмидің айтуынша, Расулуллаһта шақиқа деген бас ауруы болған кезде бір-екі күн сыртқа шықпайтын. Хайберге келген кезде шақиқа басталды. Ол шатырынан сыртқа шықпады. Байрақты Әбу Бәкір алып, ауыр соғыс өткізді. Расулуллаһ Меккені алып, мешітке кіргенде Әбу Бәкір әкесін байлаған күйде Расулуллаһқа әкелді. Иман келтіруін айтты. Расулуллаһ: «Йа, Әбу Бәкір! Бұл қарияны осында әкеліп шаршатпағаныңда жақсы болар еді. Біз оның үйіне барар едік» деді. Әбу Бәкір «Йа, Расулаллаһ, оның сізге өзі келуі керек» деді. Расулуллаһ Әбу Бәкірдің әкесін мүбәрәк тізесінің алдына отырғызып, кеудесін сипады да, «Мұсылман бол!» деді. Ол бірден иман келтірді. Әкесінің және ұлдарының иман келтіруі асхаби кирам арасында Әбу Бәкірден басқа ешкімге нәсіп болмады (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин). Хижреттің тоғызыншы жылы Расулуллаһ хазреті Әбу Бәкірді қажылық үшін әмір қылды. Хазреті Әлидің ұлы Мұхаммед бин Ханафия айтқан: «Әбу Бәкір қажылыққа кеткен соң «Бәраа» сүресі түсті. Хазреті Әлиге оқып, «Мұны Нахр күні Минада қажыларға оқы» деп бұйырды. Хазреті Әбу Бәкір Меккеде хазреті Әлиді көргенде «Әмір ретінде келдің бе, әлде қызметпен бе?» деп сұрады. Хазреті Әли «Міндетпен келдім» деп жауаптады. Хазреті Әбу Бәкір бәріне қажылық міндеттерін жасатқызды. Нахр күні келгенде хазреті Әли қажыларға азан айтып, «Бәраа» сүресін және Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бұйрықтарын оқыды». Уәда (қоштасу) қажылығында Расулуллаһтың заттары мен Әбу Бәкірдің заттары бір түйеде еді. Расулуллаһ ауырып қалған соң мешітке келді. Ұзақ хұтба оқыды. Алдымен Ухуд шәһидтері үшін дұға мен истиғфар оқыды. Кейін: «Аллаһу та'ала бір құлына дүниеде қалу мен ахиретке көшу арасында таңдау берді. Ол Аллаһу та'аланың ниғметтеріне кенелуді қалады» деді. Бұл сөздердің Расулуллаһтың жақында қайтыс болатынын көрсететінін тек қана Әбу Бәкір түсініп жылады да, «Йа, Расулаллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм), сіз өлмеңіз! Сіздің орныңызға біз өлейік. Балаларымыз өлсін!» деді. Хазреті Омар Расулуллаһтан бұрын жиырма сахабамен бірге Мәдинаға хижрет етті. Хазреті Әбу Бәкірдің кеңесшісі әрі қазысы еді. Алғаш ислам әкімі хазреті Омар. Расулуллаһтың екі ісі бар еді. Біріншісі, кітапты және сүннетті үйрету еді. Екіншісі, тәдбир-и мәнзил және сиясати мәдина еді. Яғни ислам дінін жүргізу, орындату еді. Хазреті Омар халифа болғанда бұл екі міндетті толық орындады. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) түсінде бір стақан сүт ішті. Қалғанын хазреті Омарға берді. Мұны білімімен жорды. Хазреті Омардың заманының ең үлкен ғалымы болғанын асхаби кирам бір ауыздан хабарлады. Оның халифа болуы Аллаһу та'аланың мұсылмандарға берген үлкен рақымы болды. Хижреттің он бесінші жылында Хомс қаласы алынғанда рум кайзері Гераклиус сол жерден Константинопольге [яғни Стамбұлға] қашты. Қадсия соғысында жеті мың мұсылман алпыс мың мәжуси парсыны жеңіп шықты. Он алтыншы жылы Халеп пен Антакья бейбіт келісіммен алынды. Осы жылы Әбу Убәйда Куфа қаласын құрды. Хазреті Омар бәйт-ул муқаддеске келді. Жиырма бірінші жылы Мысыр алынды және Нәһавенд жеңісі орын алды. Жиырма екінші жылы Муғира бин Шубә Әзірбайжанды және Амр бин Ас Траблусғарбты алды. «Раудат-ул ахбаб» кітабында жазылуы бойынша, хазреті Омар заманында бір мың отыз алты үлкен қала алынды. Төрт мың үлкен мешіт құрылды. Төрт мың шіркеу жабылды. Жұма намазы үшін мың тоғыз жүз мінбер жасалды. Алғашқы ислам әскерін құрған, әскерді тәлім және тәрбие еткен хазреті Омар (радиаллаһу та'ала анһ). Пайғамбарлар (алейһимуссалам) бүкіл адамдарға мейірім ретінде жіберілген. Олар надандық пен зұлымдықты тоқтатқан. Бұл қайыр мен рақым шәйхайн заманында да толық орындалды. Халифалық деген де осы. Тарихтың көрсетуі бойынша шәйхайннан кейін ешкім бұл дәрежеге шыға алмады. Бөліну, қан төгу басталды. Шәйхайн исламды ең әлсіз күйден ең күшті күйге шығарды. Бұл қызмет басқаларына нәсіп болмады. Шәйхайн (радиаллаһу та'ала анһума) заманында ижма етілген білімдердің ешбірінде төрт мазһаб арасында бөліну жоқ. Олар хабар бермеген мәселелерде айырмашылық орын алған. Бұл сөзімізді усул ғалымдары түсінеді. Сауатсыз дін адамдары түсінбейді. Әр мұсылман ойлану керек! Кәпірден, мәжусилерден өзін ажырататын қадір не? Бұл қадірлердің біріншісі – Құран жолы. Құран кәрімді жинақтаған шәйхайн. Ақида және фиқһ білімдерін жинақтаған, ижма білімдерін белгілеген, жасырын қалған білімдерді айқындаған және асхаби кирамды жинап қияс жасаған – хазреті Омар. Әр қалаға Құран қариын және хадис ғалымын тағайындады. Қазір белгілі болған ислам ғылымдарының барлығын шәйхайн белгіледі. Арабты да, басқа ұлттарды да хидаятқа түсуіне, мәдениетке жетуіне себеп болды. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Шәйхайнға бүкіл адамзат қарыздар. Мұны түсіне алмау аспандағы күнді көре алмауға ұқсайды. (Жалғасы бар...) |
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |