Жұма мүбәрәк болсын!

74 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 11, 2025, 8:03:05 AMSep 11
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Қиыншылықтар негізінде ниғмет

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бұл дүние – тікендер даласы. Бұл далада адамдардың іздеп таба алмай жүрген екі нәрсесі – қуаныш пен рахаттық. Екеуі де жәннатта болады. Ал бұл дүниедегілер өткінші және алдамшы.

Дерт пен бәле-жала ең көп пайғамбарларға келеді, одан кейін оларға ұқсаған үлкен әулиелерге келеді. Аллаһу та’ала бәле-жаланы ең көп Ислам дініне ең көп мойынсұнғандарға береді. Хазреті Әли: «Мүмин бәле-жаладан құтыла алмайды» - деген. Бұның көптеген хикметтері бар. Ахиретте дәрежесі жоғары болсын және қателіктері, күнәлары кесірінен ахиретте қиыншылық тартпасын деп Раббымыз мұсылмандарға көп бәле-жала береді.

Мүминнің қуанышы жүзінде, белгісі күлімдеген жүзі. Ал мұнафиқтың белгісі қабағын түйіп жүруі.

Кедейлерге берілген садақа намаздағы кемшіліктерді кетіреді. Аллаһу та’ала кедейлерге қаншалықты қадір берген, оларға берілген садақа біздің намаздарымыздағы кемшіліктерімізді жабуда. Сондықтан адамдардың емес, Аллаһтың қадір бергендеріне құрмет көрсетуіміз керек.

Бұл дүниеде ешкімі жоқ ғарип, жолаушы сияқты болу керек және өзін әлдеқашан өлген деп қабылдау керек. Не істесек те, қаншалықты ұзақ өмір сүрсек те, бір күні міндетті түрде өлеміз. Өлгеннен кейін өкіну пайда бермейді. Олай болса, қазірден соған дайындалуымыз керек.

Әдетте жас келген сайын адамдардың дүниеге деген сүйіспеншілігі арта түседі. Бұрынғылар бұған хырси пири (кәрілік құштарлығы) деген. Бұл нәрсе өте жаман. Адам қартайған сайын негізі мұның терісі болуы, дүниеден барған сайын көңілі қалып, суып бара беруі керек. Өлімнің жақындағанын ойлап дүниелік жұмыстарды азайтудың орнына терісін істеп дүниелікке жабысу ақылды адамның тірлігі емес. Сондықтан жас келген сайын дінімізге, яғни Әһли сүннетке қызметті арттыру керек. Ахиретке жарамды істерді көбейту керек. Мұсылманның бұл дүниеде демалысы болмайды, оның демалысы оған жаназа оқылған кезде басталады.

 

Қайғылы адамның дұғасы

Бір шәкірті Суфйан Саури хазретке былай дейді:

– Ұстазым, біздің жанұяда адам көп, ал табысымыз өте аз, қиын өмір сүріп жүрміз. Кейде үйден «ұн алып кел, май алып кел» - деп сұрап жатады, ал сондай кездерде менде мүлдем ақша болмайды, бұған қатты қынжыламын. Дұға етіңізші, Раббымыз бізге көбірек жіберсін.

Суфйан Саури хазрет оған:

– Сол азық-түлік сұралған кезде сенде ақша жоқ болса, көңілің қайғырады. Аллаһу та’ала хадис құдсиде: «Мен көңілі ренжулі, қайғылы болғандардың жанындамын» - деген. Яғни «Науқастардың, дерттілердің, қиналып жүргендердің, қарызға батқандардың жанындамын. Олардың дұғаларын қабыл етемін», - деген. Бұл жағдайда сенің дұғаң біздің дұғамыздан құндырақ, сен мұндай жағдайларда өз-өзіңе, әрі бізге де дұға ет! – деп жауап береді.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 18, 2025, 8:25:12 AMSep 18
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Кейін істеймін деген адам құриды

Бұл дін бізге өте қиын шарттарда келді. Көптеген еңбектің, машаққат пен қажырлықтың арқасында жетті. Әһли сүннет ғұламаларының, Силсилә-и алия ұлыларының өмірбаяндарын оқыған адам мұны көреді. Кейбірлері шәкірттерімен және жақындарымен де көріспей, өмір бойы кітап дайындаумен айналысқан. Кейбірі демалуды, серуендеуді ысырып қойып, айт күндерінің өзінде кітап жазған. Осы ұлы ғалымдардың бірінің жұбайы бір күні былай деп әңгімелеген:

«Айт намазын оқып үйге келді. Мейраммен құттықтағаннан кейін үндеместен үстеліне барып отырып кітап жазу жұмысына кірісіп кетті. «Мырзам, бүгін айт қой ешқайда бармаймыз ба?» - деп сұрап едім, «Мына кітаптар барда мен ешқайда бара алмаймын. Жұрттар қалаған жеріне барсын, айттассын» деп жауап берді. Үш-төрт күндік айт бойынша кітабынан айрылмады».

Осы ғалымның бір шәкірті де былай айтып берген:

«Бір күні түнгі сағат екі жарымда есік қағылды. Бір ауру немесе маңызды бір нәрсе болып қалды деп қорқып кеттім. Сыртқа шықтым. Мүбәрәк ұстазым екен, қолында қағазы бар еді. «Ұстазым, тыныштық па?» - дедім. «Бір мәселе ұйқымды кетірді. Кітапқа бір нәрсе қостым. Мұны ертең баспаға апарыңдар, мына жеріне қосып қойыңдар!» - деп бұйырды. «Құп болады, ұстазым» - дедім, бірақ ішімнен «Неге таңертең әкелмей, қазір әкеліп тұр» деп ойлап тұрғанымда, «Таңертеңге дейін өліп қалсам, бұл қағазды сендерге кім береді, кім түсіндіріп береді? Таңертеңге дейін өмір сүретініме сенімді болмағаным үшін, менен кейін бұл ұмытылып кетпесін деп сендерді осы уақытта мазалап тұрмын» - деді. Сосын осылай ойлағаныма дереу тәубе еттім».

Көрініп тұрғанындай бізге дінімізді дұрыс әрі толық жеткізетін, үйрететін бұл кітаптар оңай жазылған жоқ. Тағы сол ғалым кісі былай деген:

«Осынша кітапты қалай оқыдыңыз, үйдің жағдайында, бала-шаға, тірлік бар кезде осынша кітапты қалай жаздыңыз, осынша кітапты мынадай мүмкіншіліктермен бір өмірге қалай сыйдырдыңыз деп сұрайтындарға жауабымыз былай:

«Хәләкәл мусаууифун», яғни «Кейін істеймін деген адам құрыды» деген хадис шәрифті өзіме нұсқау еттім. Өмірім бойынша «мына істі кейінірек істеймін» деген бірде-бір ойым болмады. Бір істі ертеңге түгіл, бірнеше сағатқа да шегермедім. Сол мезетте істеп, бірінші мүмкіндікте бітірдім. Күндіз болсын, түнде болсын, үйде немесе сыртта, қай жерде болса да істі шегермедім. Біраздан кейін істеймін демедім. Міне Аллаһу та'ала маған осы ұстанымым үшін жетістікке жеткізді. Бізді жақсы көргендер де осы хадис шәрифті нұсқау етіп алуы керек. Бүгіннің тірлігін ертеңге қалдырмау керек...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 25, 2025, 8:15:31 AMSep 25
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Әрбір ата-ананың ең маңызды міндеті – балаларына намаз оқытуы. Намаз оқымайтын перзент болашақта ең үлкен кәсіпкер, ең жоғарғы мансап иесі немесе өте бай кісі болса да, оның өзіне де өзгеге де ешқандай пайдасы тимейді. Бұлар намазбен бірге болатын болса, дінімізге және мұсылмандарға қызмет ету ниетімен жасалса, тек осы жағдайда ғана пайдалы болады. Олай болмаса, ертең ахиретте ата-анасының көз алдында тозақ отына апарып жатқанда сол перзенттің «Әттең, менің дүниелік пайдамды ойламай, қазіргі жағдайымды ойлағандарыңызда ғой. Оқымаған намаздарымның кесірінен мені тозақ отына апара жатыр» деп айтқанда ата-ана бұған қалай шыдай алады?

Баланың алдына қандай мақсат қойылса, ол сол мақсатқа жетеді. «Бала-шағасына Ислам дінін, Құран кәрімді үйретпейтін ата-анадан аулақпын. Олар да менен аулақ. Олар «Уәйл» деп аталатын тозаққа түседі» хадис шәрифін естіген адам дүниелік бір нәрсе үшін өзінің және бала-шағасының ахиретін, мәңгі бақытын қалайша пида етеді?

Өмір – қиял. Өткен күндер, жылдар, сүрген өміріміз – бәрі қиял болып өтіп кетті. Өлімнің қай кезде келетіні белгісіз. Олай болса, бүгінгі күнімізді қадірлендіруіміз керек, ахиретке қарай бұрылуымыз керек, Аллаһу та'аланың алдына намаз қарызы болмастан шығуға тырысуымыз керек. Әһли сүннет ғалымдары «Намаз уақыты өтіп бара жатқанда оқымағанына қайғырмаған адамның иманы кетеді немесе соңғы демде имансыз өледі» деген. Намаз оқымау – күнәлардың ең үлкені. Оқымағаны үшін іштей қынжылған адамның иманы бар екендігі аңғарылса да, сонда да намаз оқымағаны үшін үлкен күнә істеген болады. Сондықтан, бес уақыт намазды сүйсініп оқу керек және балаларымызды да бұған үйрету керек. «Балаларыңа намаздың оқылуын үйретіңдер! Жеті жасына келгенде оқуын бастатыңдар, ал он жасқа толғанда міндетті түрде оқытыңдар!» хадис шәрифін ұстану керек.

 

Қаза намазының маңызы

Намазды уақытында оқу осыншалықты маңызды болғанындай, уақытында оқылмаған намаздардың қазасын оқу да өте маңызды. Сондықтан қаза қарызымыз бар болса да, болмаса да, өмір бойы қаза намазын оқуды жалғастыруымыз керек. Таң намазынан басқа қалған төрт уақыт намаздың сүннеттерін оқитын кезде қазаға да ниет ету керек. Алдыңғы намаздарымызда бір кемшілік, намаздың дұрыс болуына бөгет болатын нұқсандық немесе бір мәкрух бар болуы мүмкін. Дәретімізде немесе ғұсылымызда да кемшіліктер бар болуы мүмкін. Имам Раббани хазрет Имам Ағзам хазреттің дәреттің бір әдебін тәрк еткені үшін қырық жылдық намазының қазасын оқығандығын білдірген. (1/29).

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 2, 2025, 8:26:19 AMOct 2
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ниеттің дініміздегі маңызы

Аллаһу та'ала адамның киіміне, сыртқы келбетіне, мал-мүлкіне, мансабына қарап сауап бермейді. Бұларды қай оймен және қандай ниетпен істегеніне қарайды. Хадис құдсида:

«Аллаһу та'ала сендердің сыртқы көріністеріңе, мал-мүліктеріңе қарамайды. Жүректеріңе және амалдарыңа қарайды» делінген.

Олай болса әр мұсылманға бәрінен бұрын қажет болған нәрсе – иман. Одан кейін парыздарды, харамдарды үйреніп білу. Харам болған нәрсені, мысалы ішкілікті дініміз тыйым салған үшін емес, асқазанына жақпағаны үшін ішпесе сауап ала алмайды. Харамнан тек қана Аллаһу та'аладан қорқып, ол тыйым салғандықтан сақтанатын адам сауап алады.

Кей адамдар харамға, халалға мән бермейді. Ол жетпегендей тағы «Сен менің жүрегіме қара, менің жүрегім таза. Аллаһ жүрекке қарайды...» дейді. Бұл сөздің дінде орны жоқ. Адамның жүрегінің таза және дұрыс екенінің белгісі – діннің бұйрықтары мен тыйымдарын ұстануы. Олай айтатындардың мақсаты мұсылмандарды алдау.

Дұрыс ниет етпейінше ешбір парыз қабыл болмайды. Мұны жасай алу үшін білім қажет...

Ислам дініне сай келмейтін нәрселердің ешқайсын Аллаһу та'ала жақсы көрмейді. Жақсы көрмейтін нәрсесіне сауап берілмейді. Сондықтан мұсылман не істегенін біліп, саналы түрде жасауы қажет. Ахыретте барлық істегендерінің есебін беретінін және не үшін істегенінен сұралатынын ұмытпаған жөн.

Ғибадаттарды Аллаһу та'ала әмір еткені үшін орындау керек. Жасалатын ғибадаттарда құлдарға дүниесі мен ахыретіне көптеген түрлі пайдасы бар болса да бұл үшін істемеу керек.

Мысалы намаз оқитын адам мұны парыз болғандықтан емес, гимнастика ретінде қабылдап, сол мақсатта оқыса, ғибадат еткен болмайды. Спортпен айналысқан болады.

Ораза ұстаған адам да тек асқазанын тынықтыруды ойлап, сол ниетпен ұстаса, оразасы қабыл болмайды.

Соғыста жанын қауіпке қойған мұсылман Аллаһтың дінін күшейту, исламды жер бетіне жаю үшін емес, атақ пен абырой, мал-мүлік пен мансап үшін шайқасса, ғибадат жасаған болмайды. Жиһад сауабын алмайды. Өлсе шәһид болмайды.

Ғибадаттарда ниеттің үлкен маңызы бар. Жасалған әрбір істің исламға сай болған-болмағанын ниет арқылы аңғарылады.

Тасаууф ғұламалары, үлкен ғалымдар ғибадаттарын ықыласпен орындайтын. Олар тек қана Аллаһу та'ала разылығын көздейтін.

Ниеттің дініміздегі маңызы үлкен болғаны сонша, ғибадаттар дүниелік пайда үшін орындалса сахих және қабыл болмайды. Дүниелік іс болып саналады. Ал кезкелген дүние ісі ахырет пайдасы үшін орындалса, ғибадатқа айналады.

Хадис шәрифте: «Мұсылманның жұбайына берген әр үзім нанның өзінен сауап алатыны» хабар берілген. Бұдан аңғаратынымыз, ниетін дұрыстаған адам тамақтануда, ішіп-жеуде және түрлі дүниелік істерде ахырет пайдасын көздеу арқылы сауап алуына болады. Тек ниеті Раббымыздың разылығын алу болса болғаны...

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 9, 2025, 7:50:29 AMOct 9
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ата-анаңды мұра үшін емес, Құдай үшін бақ

Аллаһу та'аланың разылығы дінін ұстанған ата-ананың разылығында, Аллаһу та'аланың ашуы дінін ұстанған ата-ананың ашуында болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Жәннат ана мен әкенің аяғының астында» деп айтқан.

Бұл хадис шәрифте айтылған «аяғының асты» сөзін әһли сүннет ғұламалары ата-ананың разылығы деп түсіндірген. Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламға уахи етіп: «Ей, Мұса! Ата-анасын разы еткен адам мені разы еткен болады. Ата-анасын разы етіп, менің айтқандарыма құлақ салмаған адамды да жақсылар қатарынан санаймын. Ата-анасына қарсы болып, маған мойынсұнған болса да оны жамандар қатарына жатқызамын» деген.

Хазреті Хасан Басри Қағбаны тауаф етіп жүріп, жүк арқалаған бір кісіні көреді. Одан:

- Не үшін жүгіңмен тауаф етіп жүрсің? – деп сұрайды.

- Арқамдағы жүк емес, әкем. Оны Шамнан (Дамасктан) 7 мәрте арқалап әкеліп, тауаф етіп жүрмін. Себебі ол маған дінімді, иманымды үйретті. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі,,- деп жауап береді. Сонда Хасан Басри:

- Әкеңді қияметке дейін осылай арқалап өтсең де, бір рет ренжітетін болсаң, бұл жақсылықтарыңның бәрі босқа кетеді. Егер бір рет қуантатын болсаң, осыншама қызметтердің сауабына кенелесің,- дейді...

 

Бір күні пайғамбырымызға бір адам келіп:

- Йа, Расулаллаһ! Менің ата-анам қайтыс болған. Олар үшін не істеуім керек? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз:

- Оларға әркез дұға ет! Олар үшін Құран кәрім оқы және истиғфар ет! – деп бұйырады. Сол жерде тұрған сахабалардың бірі:

- Йа, Расулаллаһ, бұдан артық істейтін нәрсе бар ма? – дегенінде, Пайғамбарымыз:

- Олар үшін садақа беріңдер және қажылыққа барыңдар! – дейді.

 

Бәни Исраил заманында салих бір кісінің үш ұлы болады. Бір күні бұл кісі ауруға шалдығып, ары қарай өмір сүруінен үміт үзіледі. Ұлдарының ең үлкені інілерін шақырып:

- Ей бауырларым, әкеміз өте ауыр халде, оған бір адам қарауы керек. Бірақ, оған қарау, қызмет ету де өте ауыр және қиын. Әкеміздің көп мүлкі бар. Менің сендерге айтар ұсынысым – әкеміздің мүлкін сендер алыңдар, ал қарауды маған қалдырыңдар,– дейді. Інілері ағасының ұсынысына қарсы келмей қабыл етеді, мүлікті өзара бөлісіп, әкеге қарау қызметін ағаларына қалдырады. Үлкен ұлы салих болғандықтан әкесіне қызмет етуді өзіне берілген ниғмет, ғанимет және ғибадат деп біледі де әкесіне соңғы деміне дейін қызмет етеді. Бірақ оның бұл әрекетіне әйелі наразы болады және мирастан да өз үлесін алмағаны үшін айқай-шу шығарады. Ол болса әйеліне:

- Ей ханым, мен әкеме мұра үшін емес, Аллаһ разылығы үшін қызмет етіп жүрмін және әкемнің игі дұғасын (батасын) алғым келеді. Ал игілік сендер ойлағандай мал-мүлікте, мансапта емес. Адамның мүлкі көп болып, бірақ мүлкінің берекесі болмаса, ол мүлікте не қайыр бар? Қайыр тек берекеде,- дейді. Бір күні осы үлкен ұлға түсінде:

- Пәлен жерге барсаң, сол жерде жүз алтын бар. Сол алтынды алып өзіңе нәпақа ет! – делінеді. Үлкен ұл болса:

- Ол алтында береке бар ма? – деп сұрайды. Жауабында:

- Жоқ, ол алтында береке жоқ, – делінеді. Бұл жауапқа жігіт:

- Берекесі болмаған нәрсенің маған керегі жоқ,– деп жауап береді және бұл көрген түсін әйеліне айтады. Әйелі түсінде білдірілген алтындарды барып алмағаны үшін оған тағы да ашуланып, аузына келгенін айтады.

Ертеңіне тағы да түсінде: «Пәлен жерде он алтын бар, барып ал» делінеді. Жігіт ол алтынның берекесі бар-жоғын сұрайды. Берекесі жоқ делінгеннен кейін тағы да бармайды. Үшінші түні тағы түсінде: «Пәлен жерде бір алтын бар, соны ал да қажеттіңе жарат» делінеді. Ол алтынның берекесін сұрағанында «Өте берекелі» деген жауап алып оянады. Дереу түсінде айтылған жерге барып, бір алтынды алып базарға барады. Базардан екі балық сатып алады. Үйіне әкеліп ішін жарған кезде, балықтардың екеуінің де ішінен өте құнды және екі дирхам салмағында қызыл гауһар тастың жатқанын көреді. Бұл гауһар тастардың біреуін базарға апарып сатқысы келеді. Бірақ оны сатып алуға ешкімнің шамасы келмейді. Соңында отыз мың алтын құнымен сол елдің әміріне сатады. Қуанышпен үйіне келіп Аллаһу та'алаға шүкіршілік етеді. Әлгі әмір гауһар тастың екінші сыңарын іздейді, бірақ еш жерден таба алмайды. «Біріншісін сатқан жігіттен сұрайық, бәлкім ол жігітте екіншісі де бар шығар» деген оймен жігітке келеді. Сөйтіп жігіт екінші гауһарды жетпіс мыңға сатып, асқан бай болады. Түнде ұйықтап жатқанда түсінде оған:

«Ей жігіт, Аллаһу та'аланың саған деген мұнша ілтипаты мен ихсаны (сияпаты) қарауға мұқтаж болған әкеңе шын ықыласыңмен қарағаның үшін берілді. Ал ақыретте берілетін ихсанды айтып жеткізу мүмкін емес» делінеді.

Қорыта айтқанда, ата-анаға олар көмекке мұқтаж болса да, мұқтаж болғандықтары үшін емес, Аллаһу та'аланың әмірі болғандықтан және Оның разылығы үшін қарау керек, қызмет ету керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 16, 2025, 8:33:24 AMOct 16
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Қолыңа тікен кірсе де, өзіңнен көр...

Адамның басына дерттердің, бәлелердің келуіне себеп өзінің істеген күнәлары. Өйткені Аллаһу та’ала ешбір құлына зұлымдық етпейді. Адамдар өздеріне зұлымдық етеді. «Нахл» сүресінің отыз үшінші аятында: «Аллаһу та’ала құлдарына зұлымдық етпейді. Оларды азапқа апаратын өздерінің жаман істері. Осылайша олар өз-өздеріне зұлымдық етеді» делінген.

Адамдар Аллаһу та’аланың әмірлері мен тыйымдарына мойынсұнбай, ислам дінінің бақыт жолынан ажырайтын болса, дүниеде тыныштық пен береке қалмайды. Ризықтар азаяды. «Таха» сүресінің 124-ші аятында «Мені ұмытсаңдар, ризықтарыңды азайтамын» делінген.

Сондықтан адамдар күнә істеп, дінге мойынсұнбаған сайын иман ризығы, денсаулық ризығы, азық ризығы, адамгершілік және т.б. көптеген  ризықтар азаюда. Өйткені «Рад» сүресінің он бірінші аятында: «Бір қауым өзін бұзбайынша, Аллаһ та олардың халдерін өзгертпейді» деген.

Бір топ адам Әбу Аббас Сәбти хазретке барып: «Адамдар құрғақшылық және қымбатшылық себебімен қатты қиналуда» дегендерінде оларға: «Сараңдықтарының кесірінен Аллаһу та’ала оларға жаңбыр жаудырмауда. Егер сендер тапқан табыстарыңның зекетімен кедейлерге садақа бергендеріңде бұған қайтарым ретінде Аллаһу та’ала да сендерге жаңбыр берер еді» деген.

Күнә – Аллаһу та’аланың әмірлерін орындамау, тыйым салғандарынан сақтанбау деген сөз. Әмірлер мен тыйымдар имандыларға берілген дәулет. Өйткені Аллаһу та’ала имансыздарға (кәпірлерге) әмір жіберіп, ғибадат еттіру деген мәртебені бермеді. Олар жануарлар сияқты қалағандарын істейді, күнә болмайды. Олар ғибадат етпегендері үшін, күнә істегендері үшін дүниеде азап шекпейді. Әр түрлі ниғметке қауышады. Қалағандарына, көздегендеріне қол жеткізеді. Кәпірлерден тек бір ғана нәрсе талап етілген. Ол иман келтіруі, мұсылман болуы. Кәпірлер осы әмірді тыңдамағандары үшін өте үлкен кінә істеген болады. Бұл кінәнің жазасы өте ауыр және шексіз болғандықтан жазасы дүниеде берілмеуде. Бұл шексіз, мәңгілік жаза оларға ахыретте, тозақта беріледі.

Күнә істеу мен иман келтірмеу, яғни күпір екеуі екі бөлек нәрсе. Күнәлардың жазасы тәубемен және түрлі дүниелік қиыншылықтармен кешірілуі мүмкін. Алайда күпірдің жазасы ондай емес. Мұның жазасы ахыретте беріледі. Адамдардың басына бәле келуінің негізгі себебі адамның өзіне байланып қалуынан. Өз нәпсін жақсы көргендігі, нәпсінің қалауларының артынан қуғаны үшін қиыншылықтарға тап болуда. Нәпсінің қалауын қуғандар негізінде өз нәпсілеріне табынуда. Өйткені «Жасиә» сүресінің жиырма екінші аяти кәримасында: «Өз нәпсілеріне табынғандарды көрдің бе?» делінген.

Күнә істеу нәпсіге жағымды келеді. Бүкіл бидғаттар, күнәлар Аллаһу та’аланың дұшпаны болған нәпісті қуаттандырады, оған азық болады. Кез келген күнәнің істелуі нәпіске күш береді. Нәпіс – иманның ең үлкен дұшпаны. Ол адамның иманын жоюды қалайды. Бұдан зауық алады. Сондықтан нәпісті жақсылап тану, қулықтарын білу керек. Хадис шәрифте: «Нәпсін таныған адам Раббысын таниды» делінген.

Ал нәпісті әлсірететін бірден-бір шара – Исламға мойынсұну. Харамдардың барлығы, дүниенің мал-мүлкіне, мансабына, зауықтарына байлану нәпістің азығы. Оны азықтандырып күшейтеді. Нәпіс күшейгенінде бүкіл жақсылықтардың, көркем мінездің және мәдениеттің негізі болған Исламға бас салады. Дінді, иманды, Аллаһу та’аланың әмірлерін мазақ етеді. Өйткені нәпсіміз Аллаһу та’аланың дұшпаны. Аллаһу та’ала: «Нәпсіңе дұшпандық етіп маған дос бол!» деп бұйырған.

Күнәлардан сақтану нәпіске ғибадат жасаудан да ауыр келеді. Сондықтан күнәлардан сақтанудың сауабы өте үлкен. Күнәларға тәубе етуді кешіктіру Аллаһу та’алаға қарсы тәкаппарлық ету деген сөз.

Күнәлар көңілге ғафлет (қараңғылық) береді. Ғафлет болса көңілдің қатаюына себеп болады. Көңілдің қатаюы адамды Аллаһу та’аладан алыстатады. Аллаһу та’аладан алыстық болса тозаққа алып барады. Әбу Абдуллаһ Әл-Қураши хазрет «Күнә істеудің себебі ғафлет. Яғни Аллаһу та’аланы ұмыту» деген.

Көңілдің қарайғанының белгісі адамның күнәларға өкінбеуі, тартынбастан күнә істеуде қайсарлық етуі. Мұндай адамның істеген күнәларының кесірінен көңілі қараятыны соншалық, бұдан былай ол адамға насихат әсер етпейтін болады және ол ғафлеттен оянбайды. Сол себепті дін ғұламаларымыз: «Күнә істеуді қорлық, күнәні тәрк етуді үстемдік деп біліңдер. Өйткені күнәлар иманды әлсіретеді» деген.

Қорыта айтқанда адамның қолына тікен кірсе де бұл істеген күнәсының кесірінен. Күнәның жазасы дүниеде беріліп жатса үлкен ниғмет. Ахыретте берілсе пәлекет. Кінә бар болса, жаза да бар. Әбу Мұхаммед Расиби хазреттің айтқанындай: «Қиыншылық пен қайғылар – күнәлардың жазасы».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 23, 2025, 7:25:05 AMOct 23
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Дүние мен ахиреттің арасы көзді ашып-жұмғандай қысқа. Бұл дүние қиял және өткінші. Негізгі өмір – ахирет өмірі, ол өмір мәңгі. Ол жақта жәннат пен тозақтан басқа жер жоқ.

Аллаһу та’ала «Құлым менен не сұраса, оған сол есіктерді, сол жолды ашамын» деген. Жүрегіміздегі (көңіліміздегі) бағыт өте маңызды. Қайда бағытталғанымызға, неге ниет еткенімізге қарайық, жақсылап ойланайық.

Дүниенің сұлтаны болуға емес, ахирет сұлтаны болуға тырысу керек. Ибрахим бин Әдхам хазрет Дижла өзенінің жағасында шапанын жамап отырғанында сарайдағы бұрынғы достары оны көріп, бұл жағдайына таң қалады. «Сарайыңда қалуың керек еді, қандай тамаша сұлтан едің, дәруиш болып, неге қол жеткіздің?» дейді. Ибрахим бин Әдхам хазрет оларға ұзақ қарап тұрады да, қолындағы инені өзенге тастап «Ей, Аллаһтың махлұқтары, менің инемді әкеліңдер!» дейді. Бүкіл балықтар инені әкелу үшін жарыса бастайды. Ибрахим бин Әдхам хазрет инесін алып «Міне, осыған қол жеткіздім. Сендерге сұлтан болмағаныммен, мен бұларға сұлтан болдым» дейді.

Адам қайда сұлтан болатындығын жақсылап шешуі, таңдауын жасау керек. Нені сатқанын және мұның орнына нені алғанын жақсылап ойлауы қажет!

Олай болса, өзімізге келейік, өмір су сияқты ағып өтуде, біз де келдік, кетіп бара жатырмыз. Оқыған намазымыз соңғы намаз болуы мүмкін, өйткені әр күні мыңдаған адам өліп, ахиретке кетіп жатыр. Бүгін болмаса ертең, ертең болмаса басқа күні, әйтеуір бір күні Әзірейіл алейһиссалам міндетті түрде аманатты алады. Соңында бәрі жоқ болатын мына дүниелік мал-мүлік және атақ-даңқ үшін күнәға түсу, харам істеу – ақылды адамның тірлігі емес. Дінімізді үйренуіміз, үйренгенімізді орындауымыз, уақытымызды босқа өткізбеуіміз керек. Аллаһ алдында жағымды болғаны – мал-мүлік пен атақ-даңқ емес, тақуалық, жұмсақтық, адамдарға жақсылық жасау және дінімізге қызмет ету.

Ең үлкен қорқынышымыз соңғы демде, Аллаһ сақтасын, кәпір болып жан тапсыру. Өйткені кіші күнәларды үзбей істеу үлкен күнә болады. Үлкен күнәны үздіксіз істеу күпірге жетелейді. Ал кәпірдің жазасы – тозақта мәңгі жану. Бұдан үлкен пәлекет болуы мүмкін бе?

Діни кітаптарымыз бұл дүниенің төмен екендігін, бұл күнәлардың пәлекетін, ахиреттің азаптарын ұзақ-ұзақ баяндауда. Ал құтылудың шарасы қандай? Мұның тек бір ғана шарасы бар – құтылғандармен, яғни дұрыс иман иелері болған адамдармен, тақуалармен, күнәдан сақтанып жүргендермен бірге болу. Өйткені «Адамның діні досының діні сияқты болады» делінген.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Oct 30, 2025, 8:14:14 AMOct 30
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Кемшіліксіз жар іздегендер бойдақ қалады

Әйелін басқара алмаған еркек, бір сөзбен айтқанда, әлсіз адам. Дініміздің бұйрықтары мен тыйымдарына мән беретін мұсылман адам әйелімен жақсы тұрады, тату болады. Жер бетінде мінсіз әйел жоқ. Бәрінің жақсы қасиеттері болуымен қатар, жаман жағы да болуы мүмкін. Әйелден көп нәрсе күту дінді білмеудің белгісі.

Құран кәрімде адамға келген қиыншылықтардың бәрі өз күнәлары себебінен келетіндігі айтылған. Фудайл бин Аяз хазрет: «Жұбайым жаман мінезін көрсеткенде дінге қайшы бір нәрсе істегенімді түсінетін едім. Дереу сол іске тәубе еткенде жұбайымның жаман мінезі де басылатын. Осылайша тәубемнің қабыл болғанын аңғаратын едім» дейтін. Олай болса, ер кісі жұбайына жақсы қарап, тату болуы керек. Үйге келгенде әйеліне сәлем беріп, қал-жағдайын сұрап, қайғысы мен қуанышына ортақ болу керек. Өйткені, ол басқалардан үмітсіз және тек өзіне ғана адал досы, дерт ортағы, өзін қуантушысы, балаларының тәрбиелеушісі және әртүрлі қажеттіліктерге жәрдемшісі. Хадис шәрифте былай делінген:

«Әйелдеріңді қорламаңдар! Олар Аллаһу та'аланың сендерге берген аманаты. Оларға жұмсақ болыңдар, жақсылық жасаңдар!» (Мүслим).

Жақсы мінезді адам екі өмірде де бақытты болады. Кемшіліксіз пенде жоқ. Кемшіліксіз дос іздегендер доссыз қалады, кемшіліксіз жар іздегендер де таба алмайды...

Үйдің ішінде ешқай жерден кемшілік іздемеу керек! Сынау, сөз тартысу жанұяның құлдырауына немесе бақытсыз жағдайға түсуіне себеп болады. Тек ерлі-зайыптылар ғана емес, жалпы ешбір адам сын естуді ұнатпайды. Бәрі мақтау күтеді. Әйелдер жаратылысынан сәнденуге, әшекейге бейім, киімдеріне аса мән береді. Алған киімін көргенде «Саған қандай күшті жарасады» десек неміз кетеді?

Әсіресе әйелдер қарапайым нәрселерге көп мән береді. Мейрамдарда, мерекелерде, үйленудің пәлен жылдығында кішкентай болса да сыйлық беруді ұмытпаған жөн.

Үлкен Ислам ғалымы Хусейн Хилми бин Саид (қуддиса сиррух) былай деген:

«Әйел – үйде қызметші емес, ханшайым. Әйелін ренжіту ақылды адамның ісі емес. Мұсылман адам өз әйелін қалайша ренжітеді, мұны еш түсінбеймін. Ақылы бар ерлі-зайыптылар бірін-бірі ренжітпейді. Өмірлік жарын ренжіту ақымақтықтың белгісі. Залым, жаман мінезді адамның әйелі үздіксіз ренжіп, сөгіс естіп, жүйкесі бұзылады. Жүйке ауруына айналады. Ал жүйке жүйесі бұзылғаннан кейін әртүрлі аурулар шыға бастайды. Өмірлік досы ауру болған адам құрыған, бақыттылығы біткен деген сөз. Жұбайының қызметі мен көмегінен мақұрым қалған болады. Өмірі оның дерттерін тыңдаумен, оған дәрігер іздеумен, оған өзі үйренбеген қызметтерді жасаумен өтеді. Иә, осы пәлекеттердің барлығына, бітпейтін қиыншылықтарға өзінің жаман мінезі себеп болды. Енді бармағын тістесе де, қанша өкінсе де, бұл өкінудің еш пайдасы болмайды».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 6, 2025, 7:24:53 AMNov 6
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әйелінің жаман мінезіне шыдаудың марапаты

Өткен сұхбаттарымызда («Кемшіліксіз жар іздегендер бойдақ қалады» мақаласында) әйелдің күйеуі алдындағы ақысы туралы жазған едік. Ал енді еркектің әйелі алдындағы ақысы туралы сөз қозғайық.

Құнды кітаптарда «Еркектің әйелінің мойнындағы ақысы одан да көп» делінген. Әйел күйеуіне қолынан келгенше жылы жүзбен күлімдеп қарап, сүйіспеншілік көрсетуі керек, тілімен оны ренжітпеуі қажет. Хадис шәрифте былай делінген:

«Қияметте Аллаһу та'ала күйеуін тілімен жәбірлеген әйелдің тілін 70 аршын ұзын қылып, мойнына орайды. Күйеуіне жаман көзбен қараған әйелді де басы кесілген және денесі бөлшектенген күйге түсіреді». (Шира).

Ерлі-зайыптылар жақсы қарым-қатынаста болып, бір-бірінің разылығын алуға тырысуы керек. Бір-бірінің жаман мінездеріне сабыр етуі қажет! Хадис шәрифте: «Жұбайының жаман мінезіне шыдаған еркек бәле-жалаға сабыр еткен Әйюб алейһиссалам сияқты марапаттарға қауышады. Күйеуінің жаман мінезіне сабыр еткен әйел де хазреті Әсия сияқты сауапқа қауышады» делінген. (И.Ғазали).

Бір күні хазреті Фатима жылап әкесінің алдына келді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм):

- Йа, Фатима, неге жылап жатырсың, - деп сұрады.

- Байқамай айтып қойған сөзіме күйеуім Әли маған ашуланды. Кешірім сұрадым. Бірақ, сонда да оны ренжіткенім үшін жылап жатырмын.

- Қызым, білмейсің бе, Аллаһу та'аланың разылығы күйеуінің разылығына байланысты. Әрдайым күйеуінің разылығын көздейтін, күйеуі одан разы болатын әйел қандай бақытты. Әйелдерге ең үстем ғибадат – күйеуіне бағыну. Еркек әйелінен разы болса, ол әйел қалаған есігінен жәннатқа кіруге ерікті болады. Күйеуін ренжіткен әйел, оны разы қылғанға дейін, Аллаһу та'аланың лағнетінде болады. (Р.Насихин).

Заманымыздың жұмыс шарттары ауыр, ақша табу өте қиын. Іскерлік әдеп, көркем мінез жоқ дерлік. Ер кісі көбінесе осы шарттар арасында көп қиыншылық шегеді. Кешке үйіне шаршап, дымы құрып келеді. Осындай күйде үйге келген еркек әйелінен ең аз дегенде жылы сөз, күлімдеген жүз және қамқорлық күтеді. Мұны көрмейтін болса, көңіл күйі бұзылып, күйзеліске түсіп, сөздері мен әрекеттері әдеттегідей қалыпты болмайды. Әйелдің міндеті – осы аталғандарды жасай алмаса, ең болмағанда үндемей отырып, оның көңіл күйін бұзбау. Ғалымдарымыз «Шаңырағында бақыты болмаған адам – зынданда» деген екен.

Дін ғұламалары айтады: «Шайтандар кәпірлермен емес, мұсылмандармен әуре болады. Шайтан әскерін таңертең жіберіп, кешке есеп сұрайды. Біреуі «Намазын бұздым» десе, екіншісі «Оразасын бұздым» дейді. Ал басқасы «Харам жегіздім» дейді. Шайтан бәріне «Жарайды» деп құптайды. Бірақ араларынан біреуі «Мен ерлі-зайыптылардың арасын бұздым» деген кезде шайтан бұған қатты қуанып, «Жарайсың» деп әбден мақтап, «Ең үлкен жұмысты сен атқардың, мұны жасай алған болсаң, қалғанының бәрі уақыт өте бұзылады» дейді. Сондықтан, үнемі сақ болып, шайтан мен нәпіске бұл мүмкіндікті бермеу керек».

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 13, 2025, 6:36:02 AMNov 13
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Жан дос туған бауырдан да үстем

Біздер адам ретінде қоғамда, басқа адамдармен бірге өмір сүруге мәжбүр болғанымыз үшін жақсы дос табуға да мәжбүрміз. Өзімізге дос іздегенде мән беруіміз керек болған кейбір шарттар бар. Бұл шарттарды ескермесек, мән бермесек, көп қиындықтарға жол ашуы мүмкін.

Бірінші шарт, достың ақылды болуы. Ақылды болмаса, бізге пайдасы тиюінің орнына зияны тиеді. Яғни шаш аламын деп бас алады.

Екінші шарт, діндар болуы. Дінін ұстанбай өмір сүретін адам ең үлкен жамандықты өзіне жасайды, өзін-өзі тозаққа дайындайды. Өзіне пайдасы жоқ, тіпті керісінше зияны бар адамның біреуге қандай пайдасы тиюі мүмкін?

Діндар достың шапағаты адамды тозақ отынан құтқарады. Адамдар тозаққа тасталып, қиямет күні: «Бізге шапағат ететін ешкім жоқ па? Бізді осы азаптан, осы қиындықтан құтқаратын шынайы жан досымыз жоқ па?» деп шақырады.

Тәфсиршілер бұл аят кариманы тәфсир еткенде мына жайтқа назарымызды аударады:

Шынайы дос туған бауырдан да үстем. Олар: «Бауырым келіп мені құтқарсыншы» демейді. «Шынайы жан досын» іздейді және оны айқайлап шақырады.

Үшінші шарт, жақсы мінезді болуы. Ондай дос дүниедегі ең құнды болмыс. Одан көп жақсы, пайдалы нәрселер үйренуге болады. Фудайл бин Ияд (рахметуллаһи алейһ) айтқан: «Мінезі жаман салих адамның достығына қарағанда мінезі жақсы күнәһар адамның достығын таңдаймын».

Дүниелікті қатты жақсы көретін ашкөз адамдардың достығынан сақтанғанымыз жөн, себебі жеке пайдасы үшін адамды кезкелген уақытта сатып кетуі мүмкін.

Қайырлы дос өз балаларымыздан да, туған бауырымыздан да жақсы.

Хасан Басри хазреттің көңілін сұрап келушілері және достары көп еді. Үлкен ғалым болғандықтан адамдар оған үздіксіз келіп білім алатын. Оның жасы ұлғайып, аурулар шыға бастады. Содан қонақтармен сұхбаттасу қиынға соға бастады. Мұны көрген балалары әкелері шаршамасын деп маңызды болмаған қонақтарды қабылдамайтын болды. «Әкеміз ауырып жатыр, қазір қабылдай алмайды, кейінірек келіңіз» деп қайтаратын болды. Хасан Басри хазрет мұны байқап, балаларына:

«Менің қонақтарымды неге кіргізбейсіңдер? Мен оларды сендерден көбірек жақсы көремін. Мен өлгенде сендер мирасымды бөлісесіңдер, олар болса азаптан құтылуымды тілеп маған дұға етеді» деген екен.

Жақсы адамдармен достық құру қаншалықты құнды болса, жаман дос та соншалықты қауіпті. Жаман дос улы жыланнан да зиянды. Жылан адамды шағып, бірнеше күндік аурумен қинайды, уы көп болса өліміне себеп болады. Біз онсыз да бұл дүниеге мәңгі қалу үшін келмедік. Ал жаман жос адамның дүниесін де, ахиретін де құртып жібереді, төтеп бере алмайтындай қиындықтарға душар етеді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 20, 2025, 6:58:08 AMNov 20
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ақылдың екі түрі бар: Сәлим ақыл және сақим ақыл. Сәлим ақыл – діннің барлық үкімдерін ешбір күмәнсіз қабылдайды. Мұндай ақыл пайғамбарларда, сахабаларда, ғалымдар мен әулиелерде болады. Ал сақим ақыл – қалған адамдардың ақылы.

Хақ та’ала кім нені қаласа соны жаратады. Ең сүйікті құлдарының қалауларын кейде жаратпайды. Өйткені олардың бұл қалаулары кішкентай баланың отқа жақындауы сияқты. Әрине бұлай істеген балаға ата-анасы оны жақсы көргендіктен бөгет болады. Аллаһу та'аланың да сүйікті құлдарының кейбір қалауларының жаратылмауы осыған ұқсайды. Ал кәпірдің қалауларын оны жақсы көрмегендіктен  дереу жаратады.

Бір қайғы, бір қиындық болса, айыпты ешкімнен іздемеу керек, өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Аллаһу та'ала құлдарына зұлымдық жасамайды. Дініміздің ішінде ешқандай зиян жоқ, бола алмайды да. Ал дініміздің сыртында ешқандай пайда жоқ және бола алмайды. Қиыншылықтан құтылудың шарасы – көп истиғфар айтып, өз-өзін есепке тарту, айыпты өзінен табу.

Имам Раббани хазретке бір шәкірті «Ұстазым, қатты ауырып жатырмын» деп дертін хатпен жазып жібереді. Жауап ретінде «Сенің басқа ауруың бар. Осы негізгі ауруыңды неге айтпайсың? Бұл аурумен өлетін болсаң, тозаққа кетесің. Сенің жүрегің (көңілің) ауру» деп жазады. Әлгі адам қатесін түсініп, дереу тағы бір хат жазып, «Иә, жүрегім (көңілім) ауру, маған дұға етіңізші!» деп өтінеді. Имам Раббани хазрет оған мынадай жауап жазып жібереді:

«Сен алдымен мыналарды істе, сонда дұғаға лайық боласың:

1)   Адам алдымен айыбын, ауруын мойындауы керек. Ауруым жоқ деген адамға не үшін дәрі беріледі?

2)   Өкініп, тәубе ету керек, күнәлардан бас тарту керек!

3)   Тілмен Аллаһу та'алаға жалбарыну керек!

Осы үш шарт орындалса, жасалған дұға қабыл болады. Бұл үш шарт орындалмаса, дұғаның пайдасы болмайды».

Адам өзін неғұрлым кемшілікті санаса, сол кезде дін бауырларын соншалықты дұрыс, құнды және құрметті санайды. Бұл нәрсе оның құтылуына себеп болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам «Өзінікі дұрыс болса да, «Айып менде, сенікі дұрыс» деген адамға жәннатта зәулім сарай беріледі, мен бұған кепілмін» деді. Айыбы жоқ, бірақ ең болмағанда сөз тартысу ұзамасын, ол ренжімесін деп, дін бауырына «Айып менде, сенікі дұрыс» деу керек. Өйткені қандай ниетпен жасалса да, сөз тартысқан адам қарсы тарапты айыптаған болады немесе оның қателігі айтылған болады, нәтижеде оны ренжітеді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Nov 27, 2025, 6:48:09 AM (10 days ago) Nov 27
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бір заманда енді үйленген бір жас жігіт ілім үйрену ынтасымен ауылдан кетеді. Ұзақ сапардан кейін қалаға жетіп, медресе іздеп жүргенінде жұмысшы іздеп жүрген бір бай кісімен кездеседі. Бай кісі жоғары ақы ұсынғандықтан, ниетін өзгертіп, оның қолында жұмыс істей бастайды. Жиырма жыл оның қасында жұмыс істеп, үш мың дирхам ақша жинайды. Сөйтіп, ауылына қайтуға шешім қабылдайды.

Жолда түнеген жерінде біреу «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді» дейді. Әлгі адам «Үйден ілім үйрену үшін кеткен едім, ілім үйрене алмадым, ең болмағанда осы насихатты алайын, қалған екі мың дирхам маған жетеді» деп оған мың дирхам беріп, орнына «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» насихатын алады. Сапарын жалғастырады. Басқа бір түнейтін жерде тағы да осындай біреуге кезігеді. Ол да «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Әлгі адам «Мың дирхам ақшама да мұны алайын, қалған мың дирхам маған жетеді» деп мың дирхам төлеп, орнына «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу!» насихатын алады. Жолын жалғастырып бара жатқанда басқа бір түнейтін жерде тағы біреуді кездестіреді. Бұл кісі де «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Адам бұл жолы өз-өзімен күресе бастайды. Бір жағынан ілім үйренбегенінің ауыртпалығы, бір жағынан қалған соңғы ақшасы! Ақыр соңында ілім үйрену ынтасы ауыр басып, «Тағы жұмыс істеп ақша табармын» деп мың дирхамын оған береді, орнына «Өзің ұнатпайтын, түсініксіз жағдайға тап болғаныңда асықпа!» деген насихатты алады.

Сапарын жалғастырады. Жолда топталған адамдарға кезігеді. Жандарына жақындағанда олар: «Мына құдықтың ішінде бір жынды бар, қасында бір қыз бар. Ауылымыздың суын тоқтатты. Ішіне кім түссе де бәрін өлтіріп жатыр. Бізді бұл қиыншылықтан құтқарған адамға мына ыдыстағы алтындарды береміз» дейді.

Адамның ойына бірінші «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» деген насихат келеді. Құдыққа түседі. Жынды «Саған бір сұрақ қоямын, жауап берсең суды ашамын. Мына қыз сұлу ма, әлде мына құрбақа ма?» деп сұрайды. Екінші насихат ойына келеді, «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу» деп жауап береді. Жынды «Жарайсың! Осы кезге дейін бәрі қыз сұлу деді, олар білмеді, сен таптың» дейді. Жынды құрбақаны жақсы көргендіктен, бұл жауапты ұнатады, сөйтіп суды ашады. Ал әлгі адам алдыңғы ақшасынан да көп болған алтындарды алып ауылына қайтады.

Үйінің терезесінен қарағанында ішінде әйелінің жанында бір жас жігіттің қалжыңдасып тұрғанын көреді. Бірден пышағын қынынан суырып тұрғанда үшінші «Асықпа!» деген насихат есіне түседі. Пышағын жасырып, есікті тоқылдатады. Жұбайы есікті ашып жанындағы жас жігітке «Қара балам, әкең келді!» деп қуанады.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Dec 4, 2025, 6:53:57 AM (3 days ago) Dec 4
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Асхаби кирамның (ардақты сахабалардың) ешбірі ешбір сахабаны жамандамаған. Аллаһу та’ала Асхаби кирамды басқа жақсы қасиеттерімен емес, жақсы мінездерімен, бір-бірін жақсы көрулерімен мақтаған. «Олар бір-бірін қатты жақсы көреді, бір-біріне өте мейірімді, бірақ Аллаһ дұшпандарының алдында өте қатал және қатаң еді» деген.

Бір шәкірт ұстазына келіп достарының кемшіліктерін айтып беріп жатқанда, әулие кісі:

Сен достарыңды осылай сынай беретін болсаң, адамдардың арасына жік салу жолындасың деген сөз. Өзіңді бұл пәлекеттен қорға, тәубе ет! Сенің бұл сынауларыңның реті уақыт өте бізге де келеді. Ахиретте «Неге маған мұны айтпадың» демесін деп саған ескертіп жатырмын, – дейді.

Адамдардың арасына жік салу – қиыншылықтардан, қателіктерден туындайды. Бұл сынау соңында адамдардың арасына жік салуға, одан кейін де сол жолдан айрылуға жол ашады.

Әулиелер «Өзін кәпірден, қотыр иттен үстем санаған адам Аллаһу та’аланы тани алмайды» деген. Олай болса, иманы бар, дінге қызмет етіп жүрген, әулиелерді танып жақсы көретін дін бауырына бір-екі айыбы үшін кек пен дұшпандық сақтаған адам не болмақ?

Бір мүршиди кәмілдің шәкіртіне қарата жасалған нәрсе, оның ұстазына жасалған болады. Себебі әулие адамдар «Әр шәкіртіміз – біздің перзентіміз» дейді. Перзентке жасалған нәрсе әкеге жасалғандай болады. Олар шәкірттеріне өз балаларынан да көбірек қамқорлық танытады.

Дін бауырын сыйламаған адам оның ұстазын да сыйламаған болады. Әһли сүннет ғалымдарын немесе Асхаби кирамды жақсы көрмейтін адам Расулуллаһты (алейһиссалам) жақсы көре алмайды. Расулуллаһты жақсы көрмейтін адам да Аллаһу та’аланы жақсы көре алмайды.

 

Ниғметке шүкір ету

Құран кәрімде «Берген ниғметтеріме шүкір етсеңдер – арттырамын, шүкір етпесеңдер, қолдарыңнан алып, ауыр азап беремін» делінген.

Аллаһу та’аланың бұл дүниеде бір құлына беретін ең үлкен ниғметі – Имам Раббани хазрет сияқты өзі сүйген құлын оған таныстыруы. Осы әулиені тану ниғметі қалай артады? Екі жолмен артады:

Біріншісі: Сол мүбәрәк адамның еңбектерін оқу және басқаларға оқытуға тырысу. Өйткені сүйікті пайғамбарымыз «Менен естігендеріңді басқаларға да естіртіңдер» деген.

Екіншісі: Дін бауырларын, әсіресе сол әулиенің шәкірттерін қатты жақсы көру. Тіпті өзінен де қатты жақсы көру. Өзінен қатты жақсы көретін болса, сол кезде сүйіктінің сүйіктісі болады.

 

Жақсы көрудің шарты

Адамның діні досының діні сияқты болады. Біздің кім екеніміз мәлім, бірақ негізгісі, маңызды болғаны – біздің кімдермен бірге болғанымыз. Бір адам гүл бақшасына барады. Айналасының бәрі гүл, бірақ кей жерлерде шөптер бар, кейбірлерінің тікені бар. «Мына тікендер болмаса гүл бақшасы қандай әдемі» деп ойлап тұрғанда, шөптің бірі тілге келіп «Мырзам! Бір адамның кім екеніне емес, кіммен бірге тұрғанына қаралады. Иә, біздің тікеніміз бар, бірақ біз гүлдермен біргеміз» дейді. Олай болса, күнә тікендері болса да, гүлдермен, яғни салихтармен бірге болған адамның тікендері көзге онша батпайды.

Аллаһу та’аланың дүниеде құлына берген ең үлкен ниғметі – оған дұрыс иманды (Әһли сүннет итиқадын) нәсіп етуі және бұл жолдың ұлыларын танытуы. Тану – сену, жақсы көру және бағыну арқылы орындалады. «Жақсы көремін» деп айту оңай, алайда айтқан адам сөзінде берік пе? Шынайы махаббаттың, жақсы көрудің үш шарты бар:

1) Жақсы көрген адамының сүйгендерін сүйеді, сүймегендерін сүймейді: «Аллаһты қатты жақсы көремін» деген адам Аллаһ дұшпандарымен достық құра алмайды. Хақ та’ала Құран кәрімде «Кәпірлермен дос болмаңдар!» деген. Сондықтан бұл істің іргетасы хуббы филлаһ және буғды филлаһ. (Яғни Аллаһу та'аланың жақсы көргендерін жақсы көру және Аллаһу та’аланың жақсы көрмегендерін жақсы көрмеу.) Кез келген адам «Мен Раббымды жақсы көремін» дей алады, бірақ анықтау қажет. Кім Аллаһу та’аланы жақсы көретін болса, Оның сүйгендерін де жақсы көруге мәжбүр. Аллаһу та’ала мұсылманды және әсіресе дінімізге қызмет етіп жатқан адамды қатты жақсы көреді. Егер бұған мән берілмейтін болса, махаббат тек тілде ғана қалады.

2) Оның дертіне ортақ болады: Қайғысымен бөліседі, қарызы болса жәрдемші болады, аурып қалса емдеуге асығады. Жақсы көрген адам махаббатын дәлелдеу керек. Дін бауырмашылығы осындай болады. Асхаби кирамнан бір сахаба соғыста өлім жағдайда жатып су сұрайды. Әкелінген суды ішейін деп жатқанда, жанындағылардан «Су!» деген үнді естіген кезде «Мені қоя бер, алдымен суды бауырыма бер!» дейді. Осылайша бірінші, екінші, үшінші кісі де суды ішпей, бір-біріне ұсынып жатқанда қайтыс болады. Сол бір кесе су ешбіріне нәсіп болмайды, себебі бәрі дін бауырларын өзінен артық деп білетін еді.

3) Оған білдірмей сыртынан дұға етеді: Аурып қалса, қиыншылығы, қарызы көп болса «Йа Раббым, оған шипа бер! Оны бұл қиыншылықтардан құтқар!» деп дұға етеді.

Осы үш шартты жүзеге асыра алған адам шынымен дін бауырын жақсы көреді деген сөз. Бұл шарттар болмаса, әсіресе Аллаһ сақтасын, әлі бұрылмай тұрып ғайбаттай бастайтын болса, ол жерде шынайы махаббат туралы сөз де қозғала алмайды. Марқұм ұстазымыз «Мүминдер бір-бірінің сыртынан дұға етеді, ал мұнафықтар ғайбаттайды» деген еді.

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages