|
Мысыр, Янина және Морея сияқты аймақтарының көтерілістері, янычарлардың бүліктері мен олардың жойылуы, сондай-ақ орыс әскерлерінің шабуылдары кезінде Сұлтан Махмұд хан Мекке мен Мәдинаны жөндеп қалпына келтіре алған еді. Одан кейін оның ұлы Абдулмәжид хан бұл қасиетті орындарды безендіру үшін таңғаларлық ынта мен жігер көрсетті. Хужрә-и нәбәуияға төсеу үшін жіберген Каштық кірпіштерінің астына өз қолымен өзінің атын кішіпейілділікпен және қарапайымдылықпен жазған. Тіпті Бабуссалам қақпасының доғасына жазылуға дайындалған патшалық мадақ сөздерді қабылдамай, «Екі дүниенің билігі Расулуллаһқа ғана тән» деген. Сұлтан екінші Абдулхамид ханның бұл қасиетті мекендерге және олардың шапағат иесі болған ұлы тұлғаға көрсеткен құрметі мен қызметтері алдыңғылардан бірнеше есе асып түсті. Оның игіліктері мен қызметтері тек әмірлер мен ғалымдарға ғана емес, қарапайым халық пен кедейлердің барлығына жетті. Мәсжид-ул харамды көз қарықтыратындай дәрежеде жөндеп көркемдеді, Хадиша-тул Кубраның кесенесін және Мәулид-ун Нәби мен Мәулид-и Фатима ғимараттарын теңдессіз түрде жаңғыртты, Мина қаласын су жүйелерімен қамтамасыз етті. Сәйид Ахмед Рифаидың және басқа да әулиелердің кесенелерін ерекше ынтамен жөндеді. Меккеде Ғайратия және Хамидия жаяу әскер казармаларын, артиллерия казармасын және үкімет ғимаратын салдырды. Османлы халифаларының әрқайсысының «Хадим-ул харамәйн» (екі қасиетті мекеннің қызметшісі) болғанын олардың еңбектері бүкіл әлемге жария етуде. Уаһһаби қарақшылары Харамәйн-и шәрифәйнді қайтадан қолға түсіргеннен кейін баға жетпес тарихи ескерткіштер мен көркем өнер туындыларын жасырын түрде жойып, өздерінің бұрыс сенімдерімен және тағылық шабуылдарымен исламды іштен ірітуге тырысуда. Сұлтан екінші Абдулхамид хан елдің әрбір бұрышында бірдей үлгіде және бірдей сапада лицейлер салдырды. 1950 жылы Бурса әскери лицейінің командирі Бурса ер балалар лицейін көруге барған еді. Лицей директоры, химик Рифат бейге: «Мектептің ең жақсы бөлмесін өзіңізге алыпсыз. Мұныңыз әділетсіздік емес пе?» деді. Рифат бей: «Бұл мектептің әрбір бөлмесі осындай әдемі, кең әрі жайлы. Сұлтан Абдулхамид хан үлкен қалаларда үнемі бірдей ғимараттарды, бірдей көркемдікпен және бірдей беріктікпен салдырған. Бұл ғимарат әлі күнге дейін жөндеуді қажет еткен жоқ. Ал қарсы алдымыздағы өткен жылы салынған сауда лицейінің қабырғалары биыл-ақ жарылып кетті. Қазір жөнделіп жатыр» деп жауап беріп, көптеген тарихи мәліметтер келтірді. Анкарада, Йенишехир станциясындағы жартастардың үстінде орналасқан «Анкара лицейі» де Бурсадағы лицеймен бірдей еді. Анкара әкімдерінің бірі Абидин паша Алмадағынан Анкараға ауыз су жеткізу үшін халықтан ақша жинаған болатын. Жұмысты бастау үшін халифадан рұқсат сұрады. Екінші Абдулхамид хан әкімге жіберген жауабында: «Шөлдегендерге су беру – үлкен сауап. Бұл дініміздің бұйрықтарының бірі. Бұл міндет пен құрмет маған тиесілі. Жиналған ақшалардың барлығын иелеріне қайтар. Барлық шығынды менің қазынамнан өтеп, жұмысты дереу баста. Халқымды жақсы сумен қамтамасыз ет!» деді. Аз уақыт ішінде анкаралықтар таза ауыз суға қол жеткізді. Сұлтан екінші Абдулхамид ханның Османлы мемлекетін барлық жағынан дамытып күшейтуі ислам дұшпандарының, ең алдымен ағылшындардың әрекетке көшуіне себеп болды. 1308 [м.1890] жылы олар саяси және масондық қызметтерін бастады. Бірнеше әскери және медициналық оқу орындарының студенттері тарапынан «Иттихад және Теракки» қоғамы құрылды. Жеті жылдан кейін бұл ұйым әшкереленіп, таратылды. Бірнеше мүшесі Парижде өз жұмыстарын жалғастырды. Халифа барлау басшысы, генерал Ахмед Желаледдин пашаны Парижге жіберді. Оның насихаты әсер етіп, мүшелердің көпшілігі тәубе етті. Алайда Ахмед Рыза бей және бірнеше серігі бұл насихатты тыңдамады. Крестшілер тарапынан берілген ақшалармен олар сән-салтанатты өмірге, әйелдер мен ішімдікке толы азғындық өмірге беріліп кеткен еді, сондықтан одан бас тартқылары келмеді. Әсіресе Ахмед Рыза бей парламент төрағасы боламын деген уәденің қуанышы мен масайрауының әсерімен түрік дұшпандарының қолшоқпарына айналды. Олар халифаға қарсы баспасөз арқылы үгіт-насихат жүргізе бастады. 1326 [м.1908] жылы екінші конституциялық кезеңнің жариялануына, ал бір жылдан кейін халифаның тақтан тайдырылуына себеп болды. Кейін оның серіктері қызғанышпен оны парламент төрағалығынан алып тастады. Ол олардың жауына айналды. «Жумхурият» газетінде жарияланған естеліктерінде ол бұрын тіл тигізген екінші Абдулхамид ханды мақтап, өкінгенін білдіріп қайтыс болды. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |