АСХАБИ КИРАМ – 157

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 2, 2025, 3:02:27 AM7/2/25
to islam...@googlegroups.com

СЕКСЕНІНШІ ХАТ (4)

Ислам ғалымдарының мұсылмандарға насихат айту үшін жазған кітаптарынан қолымызға түскендерінің бірнешеуі төмендегілер:

1) «Ибтал-ул Мәнһәж-ил батыл» кітабын Фадл бин Рузбәхан жазған. Шии сектасынан Ибнул Мутаххирдың «Минхаж-ул кәрама» кітабын теріске шығаруда, қателіктерін дәлелдермен көрсетуде. Кітапты 852 [м.1448] жылы Исфеханда жазды.

2) «Нузһәт-ул исна ашария» кітабы. Парсы тілінде жазылған. Мырза Ахмед бин Абдуррахим Хинди жазған. Шиилер туралы баяндаған. 125 [м.1839] жылы қайтыс болды.

3) «Нәуакид» кітабын Мырза мақдум жазған. «Ән-нәуакид лил Рәуафид» кітабын сәйид Мұхаммед бин Абдуррасул Бәрзәнжи жазған. 1103 [м.1711] жылы теңізге батып қайтыс болды.

4) «Мухтасар-и Нәуакид» кітабы Нәуакид кітабының қысқартылған нұсқасы. Мұхаммед бин Абдуррасул Бәрзәнжи қысқартқан.

5) «Сәйф-ул батир ли-риқаб ишшиати уәррафида-тил кәуафир» кітабын шәйх Әли бин Ахмед Хити 1025 [м.1615] жылы Стамбұлда жазған.

6) «Әжуибә-тул Ирақия аләл әсиләтил-Ирания» кітабын Шихабуддин сәйид Махмуд бин Абдуллаһ Алуси жазған. Бағдатта шафии ғалымы еді. 1270 [м.1854] жылы қайтыс болды.

7) «Әжуибә-тул Ирақия аләл әсиләтил-Ирания» кітабын Алуси жазған. Хайдери де осындай кітап жазған.

8) «Нәфәхат-ул қудсия фи мәбаһис-ил имамия фи рәдд-иш-шиа» кітабында да Алуси шиилерге жауап беруде.

9) «Нәжһ-ус-сәлама» кітабын да Шиһабуддин Алуси жазған.

10) «Сарым-ул-хадид» кітабын Мұхаммед Әмин бин Әли Бағдади жазған. Ибн Әби Хадидтың жалаларына жауап берген.

11) «Рәдди аләл имамия» кітабын Әли бин Мұхаммед Сувәйди Бағдади жазған. Шафии мазһабында болып, 1237 [м.1822] жылы Шамда қайтыс болды.

12) «Хадиқа-тус-сәраир» кітабын Абдуллаһ бин Мұхаммед Битуши жазған. Шафии мазһабын ұстанып, Бағдат тумасы болып, 1211 [м.1797] жылы Басрада қайтыс болды.

13) «Тухфә-и исна ашария фи рәдд-ир-рәуафид» кітабын шах Абдулазиз Деһлеуи парсы тілінде жазған. 1239 [м.1824] жылы қайтыс болды. Араб тіліне аудармасы Шукри Алуси тарапынан қысқартылып, «Мухтасар-и тухфә» атауымен Бағдатта және 1976 жылы Стамбұлда басылған.

14) «Минха-тул илаһия мухтасар-и Тухфә-и исна ашария» кітабын Махмуд Шукри Алуси жазған. 1373 [м.1953] жылы Каирде басылған.

15) Имам Раббани (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Мәктубат» кітабында асхаби кирамның үстемдіктерін өте күшті дәлелдермен баяндаған.

16) «Хужәж-и қатия» кітабын Абдуллаһ Сувәйди араб тілінде жазған. «Ән-Нахия ән тани Әмирил мүминин Муауия» атты араб тіліндегі кітаппен бірге 1402 [м.1981] жылы Стамбұлда басылған.

17) Шихристанидың (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Миләл-Нихал» кітабында және мұның түрік, ағылшын, француз және латын тілдеріндегі аудармаларында шиилік ұзақ баяндалған және жауаптары берілген.

18) Түрік тіліндегі «Тәзкирә-и әһли бәйт» кітабы шиилерге жауап беруде. Йеникапы мәуләуи-хана шәйхы Осман мырза тарапынан жазылған, 1295 [м.1877] жылы Стамбұлда басылған. «Хужәж-и қатия» кітабымен бірге латын әріптерімен Стамбұлда басылған.

19) Имам Раббани хазреттің (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Рәдди рәуафид» кітабы парсы тілінде жазылып, түрікшесі Стамбұлда басылған.

20) Үлкен ғұлама Ибн Хажәр Хәйтәми (рахметуллаһи та'ала алейһ) «Сауаик-ул мухрика» кітабында шиилердің қателескенін аяти карималар және хадис шәрифтер арқылы дәлелдеген.

21) Тағы Ибн Хажәрдің «Татхир-ул жәнан уәл-лисан ән Муауиятәбни Әби Суфян» кітабында хазреті Муауияға (радиаллаһу анһ) тіл тигізуге болмайтынын өте көркем түрде дәлелдеген.

22) Ибн Тәймия «Минхаж-уссуннә-тиннәбәуия фи нақди кәламиш-шиа уәл қадария» кітабында шии ғалымдарынан Ибнил Мутаххирдың «Минхаж-ул-кәрама» кітабын күшті дәлелдермен теріске шығарған.

23) Тағы Ибн Тәймия «Фәдаил-и Әби Бәкір және Омар» кітабында асхаби кирамның үстемдіктерін күшті дәлелдермен баяндауда.

24) «Мәуаһиб-и ләдунния» аудармасында және түрік тіліндегі «Мират-и каинат»  кітабында асхаби кирамның абыройы баяндалған.

25) Сәйид Абдулхаким хазреттің (рахметуллаһи та'ала алейһ) түрік тіліндегі «Сахаба-и кирам» кітапшасы Стамбұлда басылған.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages