|
115) ХАЛИД БАҒДАДИ: Зияддин Мәулана Халид Османидің әкесі Ахмед бин Хусейн, Бағдаттың Зур ауылынан. Осман бин Аффан (радиаллаһу анһ) тегінен. Мәулана Халид фиқһ, хадис, тәфсир, тасаууф, кәлам, сарф, нахв, бәди, мәани, баян, бәлағат, уад, бахс, адаб, аруз, лұғат, логика, физика, математика, геометрия, астрономия және т.б. ілімдерде заманының теңдесі жоқ ғұламасы еді. Фирузабадидің үлкен Камус сөздік кітабын жатқа білетін. Заманындағы Бағдат ғалымдарының және тасаууфшыларының бәлкім сол ғасырдағы бүкіл ғалымдардың үстінде еді. Құран кәрімнің сырларына ие еді. Бүкіл өмірі зухдпен және уәрамен өтті. Оны көрген, естіген әр ғалым оның жоғары дәрежесін, үстемдігін айтатын. Ол әр ілімнен, әр кітаптан сұралған барлық сұраққа ойланбастан бірден дұрыс, негізіне сай жауап беретін. Баршаға таңданыс тудыратын. Аты барлық жаққа жайылды. Сүйлеймания әкімшілігінен Абдуррахман паша бір медреседе сабақ беруін, барлық қажеттілігін молынан қамтамасыз ететінін айтып, көп сұрағанымен ол қабылдамады. Бұл істі атқара алмаймын деді. 1203 жылы ұстазы сәйид Абдулкәрим Бәрзәнжи оба ауруынан қайтыс болғанда оның шәкірттері бос қалмасын деп оларға дәріс берді. Жан-жақтан ғалымдар оның дәрсіне жиналды. Ол барлық қиын мәселені шешіп, барлық дертке дауа табатын. Ол ешкімге мән берместен күндіз-түні ғибадат ететін. Жәзбә хәлінде болып, көп жылайтын. Тым ойшаң еді. 1220 жылы қажылыққа барды. Жолда Шам ғалымдарынан көп қошемет көрді. Берген жауаптарымен ғалымдарды таңқалдырды. Кішіпейіл болғандықтан ол жақта ғұлама Мұхаммед Кузбәриден хадис риуаяты ижазатын алды. Мұстафа Курдиден хадис және Қадири ижазатын алды. Жолда айтқан парсы тіліндегі өлеңдері өте нәзік рухының үні еді. Диуанын көрген әркім қайран болады. Мәдинада йемендік бір ғалымнан насихат сұрағанында ол: «Меккеде дінге қайшы бір әрекет көрсең, бірден қарсы шықпа!» дейді. Меккеде бір жұма күні қағбаға қарап «Дәлаил-и шәриф» оқыған еді. Надан көріністі, қара сақалды біреудің қағбаға арқасымен бұрылып, оған қарап тұрғанын байқады. «Ұялмастан қағбаға теріс бұрылып тұр» деп ойлағанында: «Мұсылманға құрмет қағбаға құрметтен бұрын тұрады. Осы себепті саған жүзімді бұрдым. Неге мені жазғырдың, Мәдинадағы кісінің насихатын ұмыттың ба?» деді. Ол кісінің үлкен әулиелердің бірі екенін түсінді. Одан кешірім сұрап, маған білім бер деп жалынды. Ол «Сен бұл жерде жетіле алмайсың» деді де, қолымен Үндістанды көрсетті. «Сенің мәселең сол жақта шешіледі» деп кетіп қалды. Сөйтіп ол қажылықтан еліне қайтып, дәріс бере бастады. Бірақ күндіз-түні Үндістанды ойлаған еді. Бір күні Үндістанның құтбы Абдуллаһ Деһлеуидің шәкірттерінің бірі келді. Екеуі бір бөлмеге кіріп, шықпайтын болды. Содан дәріске келмей кетті. Шәкірттер үндістандыққа ашулана бастады. 1224 [м.1809] жылы екеуі Үндістанға жолға шықты. Барша халық, шәкірттер, ғалымдар жылап, жалбарынып жолдан қайтаруға көп тырысты, дегенмен пайдасы болмады. Тегеранда шии ғалымы Исмаил Кашиды шәкірттерінің арасындағы сөз сөйлеуінде масқара етті. Кезінде шии тәфсирлерінде: «Бәдр тұтқындарын босатқаның үшін Аллаһу та'ала сені кешірді аяты Әбу Бәкірге сөгіс айтуда» деп оқыған болатын. Кашиден «Пайғамбарлар күнә істей ме?» деп сұрады. Каши «Жоқ, істемейді» деп жауаптады. «Аллаһу та'ала сені кешірді аяты пайғамбарлардың күнә істегенін көрсетеді» деді. Каши: «Бұл аят пайғамбарға айтылмаған, Әбу Бәкірге сөгіс айтуда» деді. «Олай болса Аллаһу та'ала Әбу Бәкірді кешірдім деп тұр ғой, неге сендер кешіре алмай жүрсіңдер?» деді. Каши жауап бере алмай масқара болды. Кейін ол Бистам, Харкан, Сәмнан мен Нишапурдан өтті. Кірген жерлеріндегі әулиелерді өлеңдерімен мақтады. Тус қаласында Имам Әли Ризаның кесенесін зиярат еткенде өте әдемі қасида оқып мадақтады. Жам және Гераттан өтті. Әр қаладан кетерінде ғалымдар, халық ғашық болып, сағаттап шығарып салатын. Кандагар, Кабул, Пишавер ғалымдарының сұрақтарына берген жауаптарымен бәріне таңданыс тудыратын. Лахорға және толық бір жыл жаяу жүріп Делиге жетті. Ол жақта уарис-и улуми раббани, жамии кәмали сури уә манеуи Сәйид Абдуллаһ Деһлеуи [1158-1240] хазреттің жүрегіне орнықтырған зікірді үзбей және тоғыз ай оқып, хузур және мушаһада дәрежесіне жетті. Уилаят-и кубра пайда болды. Мужәддидия, Қадирия, Сухрауардия, Кубрауия және Чәштияда кемелдікке жетті. Абдуллаһ Деһлеуидің мүбәрәк жүрегіндегі бүкіл сырларға ие болды. 1226 жылы отаны Сүлейманияға оралды. Ол жақтан Бағдаттағы Абдулқадир Гейлани үйіне орналасты. Саид паша бин Сүлейман паша Бағдаттың әкімі еді. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |