ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 159

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Aug 6, 2022, 12:47:37 AM8/6/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ЗӘЙНӘЛ АБИДИН ӘЛИ БИН ХУСЕЙН (радиаллаһу анһ) (3)

∙ Имам Зәйнәл Абидиннің (радиаллаһу анһ) бір түйесі бар еді. Соған мініп Меккеге барды. Ұрудың қажеті болмағандықтан, қамшысы ер-тоқымда асулы тұратын. Мәдинаға оралған соң Имам Зәйнәл Абидин қайтыс болды. Сол түйесі қабіріне келіп, кеудесін қабірге басып, ыңырсыды. Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) түйеге «Аллаһу та'ала саған берекет берсін, тұра ғой» деді. Түйе тұрмады. Сонда «Оны тұрғызып әуре болмаңдар, түйе осында өледі» деді. Үш күннен кейін түйе сол жерде өлді.

∙ Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) шәһид етілген соң Мұхаммед бин Ханафия (радиаллаһу анһ) Имам Зәйнәл Абидинге (радиаллаһу анһ) келіп, «Мен сенің көкеңмін, менің жасым сенен үлкен. Имамдыққа саған қарағанда мен лайықтырақпын. Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қаруын маған бер» деді. Имам Зәйнәл Абидин (радиаллаһу анһ) «Көкешім, Аллаһу та'аладан қорық, хақың болмаған нәрсені сұрама» деді. Сұрап қоймаған соң «Онда қазыға барайық» деді. Мұхаммед бин Ханафия (радиаллаһу анһ) «Ол қазы кім?» деп сұрағанда «Хажәр-ул әсуәд тасы» деді. Сөйтіп екеуі Хажәр-ул әсуәд тасының алдына барды. «Ей, көке, имамдыққа кімнің лайық екенін сұра» деді. Мұхаммед бин Ханафия (радиаллаһу анһ) сұрады, ешқандай жауап келмеді. Имам Зәйнәл Абидин (радиаллаһу анһ) қол жайып, Хажәр-ул әсуәдтің тілге келуін тілеп Аллаһу та'алаға дұға етті. Кейін Хажәр-ул әсуәд тасына қарап, «Хазреті Хусейннен (радиаллаһу анһ) кейін имамдыққа кімннің лайықты екенін айт» деді. Хажәр-ул әсуәд тілге келіп, анық сөзбен «Хазреті Хусейннен (радиаллаһу анһ) кейін имамдық Зәйнәл Абидиннің хақысы» деді.

∙ Қағбаны тауаф ету барысында бір ер және бір әйел кісінің қолдары Хажәр-ул әсуәд тасына жабысып қалды. Адамдар қанша тырысса да қолдарын босата алмады. Сол кезде Имам Зәйнәл Абидин (радиаллаһу анһ) сол жерге келді. Мүбәрәк қолын оларға тигізді. Бірден қолдары босап, өз жолдарымен кетті.

∙ Абдулмәлик бин Мәруан Хажжажға «Абдулмутталиб ұлдарын өлтіруші болма! Әбу Суфянның туысқандары осы мәселеде шектен шыққан болатын. Олардың билігі тез бітті» деп хат жазып, жасырын түрде жолдады. Бұл жайт Имам Зәйнәл Абидинге (радиаллаһу анһ) мәлім болып, Абдулмәлик бин Мәруанға «Пәлен күні, пәлен уақытта сен Хажжажға осындай хат жаздың. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) маған осы ісіңнің Аллаһу та'аланың разылығына себеп болғанын, мүлкіңді сенде қалдыратынын және сенің патшалық мерзіміңнің тағы біраз ұзағанын хабар берді» деп хат жазып жіберді. Хатты қызметшісіне беріп, өз түйесімен жолдады. Абдулмәлик бин Мәруан хатты алып, хаттағы уақытты өз хатының уақытымен бірдей екенін көріп, хабардың рас екеніне сенді. Түйеге көтере алғанша сыйлықтар жүктеп, Имам Зәйнәл Абидинге (радиаллаһу анһ) жіберді.

∙ Минхал бин Амр былай айтып берген: «Қажылыққа барған болатынмын. Зәйнәл Абидин Әли бин Хусейнге (радиаллаһу анһ) кірдім. Менен Хузәйма бин Кахил әл-Әсәди туралы сұрады. «Куфада кезімде тірі еді» деп жауаптадым. Қол жайып «Аллаһым! Хузәймаға темірдің және оттың ауыртпалығын сездір» деп дұға етті. Куфаға қайттым. Мұхтар бин Әби Убайд менен бұрын жолға шыққан еді. Онымен бұрыннан дос едім. Оған жетіп алдым. Жолды бірге жалғастырдық. Жолда бір жерде тоқтады. Біреуді күтіп тұрды. Сол кезде бір адамдар Хузәйманы алып келді. Мұхтар бин Әби Убайд «Аллаһу та'алаға шүкір, сені ұстап алдым» деді. Кейін баскесерді шақырды. Бұйрық бергенде Хузәйманың аяқ-қолдарын шауып тастады. От жағуын бұйырды. Бір құшақ қамыс әкеліп, өртеп, Хузәйманы отқа тастады. Ол оңбаған отта жанды. Бұл жағдайды көріп «Субханаллаһ» дедім. Мұхтар маған «Неге олай айттың?» деп сұрады. Мен Зәйнәл Абидиннің (радиаллаһу анһ) дұғасын айтып бердім. «Сен мұны өзің естідің бе?» деп сұрады, «Иә, өзім естідім» дедім. Мұхтар дереу екі рәкат намаз оқыды және ұзақ сәжде жасады. Кейін орнынан тұрды. Кейін бірге жолымызды жалғастырдық. Біздің үйдің алдынан өтіп бара жатқанда Мұхтар бин Әби Убайдқа «Үйге кір, тамақ жейік» дедім. Маған «Ей, Минхал, әрі Аллаһу та'ала Зәйнәл Абидин Әли бин Хусейннің (радиаллаһу анһ) дұғасын қабыл еткенін айтасын, әрі тамақ жейік дейсің. Бұл күні соның шүкірі ретінде мен ораза ұстадым» деді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages