|
Дәл осындай жағдай сұлтан Екінші Абдулхамид ханды тақтан түсірген Талат паша, Энвер паша және Жамал пашаларда да көрінді. Олар оның ұлылығын түсіне алмағандарын мойындап, өмірлерін өкінішпен аяқтады. 1326 [м.1908] жылы мемлекет басқаруын қолына алған жастар – надан, тәжірибесіз, дүниежүзіндегі және елдегі жағдайдан бейхабар, ойланбай әрекет ететін адамдар еді. Бірі телеграф қызметкері бола тұра премьер-министр болды. Бірі подполковник кезінде отыз үш жасында әскери министр әрі бас қолбасшының орынбасары атанды, ал бірі жандармерия лейтенанты бола тұра ішкі істер министрі болды. Тарихшылардың бәрі «Иттихад және Таракки» партиясының зорлық-зомбылығы мен азаптауларының Сұлтан Абдулхамид дәуірін аңсатқанын бір ауыздан айтады. «Иттихад және Таракки» қоғамы Түркияда жаман партияшылдықтың басталуына және жікшілдікке жол ашты. Партияшылдар бір-біріне дұшпан секілді болды. Соның салдарынан Балқан соғыстары мен Бірінші дүниежүзілік соғыс жеңіліспен аяқталды. Ақырында империя ыдырады. Екінші Абдулхамид хан тақтан түсірілгеннен кейін діни істерге де бұзақылық араласты. «Иттихад және Таракки» партиясына тіркелген надан адамдар, тіпті масондар да діни қызметтердің жоғары орындарына тағайындалды. Алғашқы істің бірі ретінде Абдулхамид ханның соңғы шәйх-ул-исламы Мұхаммед Зияуддин қызметінен алынды. Оның орнына 1328 [м.1910] жылы Мұса Казым тағайындалды. Бұл кісі қып-қызыл иттихадшы және масон еді. Сол сияқты исламға қайшы әрекеттері мен адасқан жазбалары үшін Екінші Абдулхамид хан тарапынан жер аударылып, Ирак пен Физанға айдалған жікшіл адамдар Стамбұлға қайта әкелініп, оларға діни қызметтер берілді. Мұндай надан әрі партияшыл адамдар бұзылған, адасқан діни кітаптардың жазылуына және таралуына жол ашты. Абдулхамид хан дәуірінде жазылған діни кітаптар арнайы ғалымдар алқасы тарапынан тексерілетін. Тек мақұлданып, рұқсат берілгендері ғана басылып шығарылатын. Сондықтан ол кезеңде басылған діни кітаптарға сенім болған. Ал 1327 [м.1909] жылдан кейін діни кітаптар беделді ғалымдардың бақылауынан тыс қалды. Сол себепті бұл кітаптардың тек құжатпен дәлелденгендеріне ғана сенуге болады. Кім екені белгісіз адамдардың, сондай-ақ шииттер мен уаһһабилерге сатылған мазһабсыз діншілердің жазған бұзылған кітаптарын оқыған мұсылман жастары дінді қате үйренді. Осындай надан тәрбиеленген мұсылмандардың кейбірі саяси айлакерлердің тұзағына түсті. Тіпті өз партиясында болмағандарды кәпір деп айыптайтындай шектен шыққандар да болды. Мұсылмандар арасындағы бұл бүлік ислам дұшпандарының пайдасына жұмыс істеді. Британдықтардың «Исламды жою» жоспарларының жүзеге асуын жеңілдетті. «Қиямет және Ахирет» кітабының 365-ші бетіне қараңыз! Сондықтан Аллаһу та'ала мұсылмандардың бөлінуіне тыйым салып, бір-біріне бауыр екенін білдірген, өзара сүйіспеншілікті нығайтып, отан дұшпандарына қарсы бірігіп, күшті болуын бұйырған. «Бірігуіміз кәпірлерді қорқытады және Аллаһтың жәрдеміне себеп болады. Ал бөлінуіміз кәпірлерді қуантады әрі Аллаһтың қаһарына ұшырауымызға себеп болады» деген насихат әрбір мұсылманның жүрегіне сіңуі тиіс. 193) ОМАР БИН АБДУЛАЗИЗ: Әмәуи халифаларының сегізіншісі. Мәруанның немересі. Анасы Умму Асым бинти Асым бин Омар-ул Хаттаб. 60 жылы, яғни хазреті Муауия қайтыс болған жылы Мәдинада дүниеге келді. Әкесі Мысыр әкімі болғанда олар Мысырға кетті. Ол ұлын Мәдинаға білім алуға жіберді. Әнәс бин Малик, Абдуллаһ бин Жафәр Тайяр, Саид бин Мусәйяб және басқа да ғұламалардан дәріс алды. Әкесі қайтыс болғанда көкесі халифа Абдулмәлик оны Шамға әкелді. Қызы Фатиманы оған жұбайлыққа берді. 99 жылы көкесінің ұлы Сүлейман қайтыс болғанда ол халифа болды. Ол өте әділ еді. Екінші Омар атануға лайықты еді. Хазреті Муауияның қайтыс болуынан кейін хұтбаларда әһли бәйтке лағнет оқу әдетке айналған болатын. Ол халифа болғанда ең алғашқы ісі ретінде осы әдетті тоқтатты. Әһли бәйтке аса құрмет көрсетіп, көмек беретін. 101 [м.720] жылы қырық бір жасында құлы тарапынан улап өлтірілді. Ол ақшыл өңді, жүзі нәзік әрі жіңішке, арық денелі, әдемі сақалды, мінезі жұмсақ және сүйкімді еді. Атқа мінуді өте жақсы көретін. Әнәс бин Малик (радиаллаһу анһ): «Имам болуда Расулуллаһқа Омар бин Абдулазизден көбірек ұқсайтын ешкімді көрмедім» деген. Ол Малатия қаласын римдықтардан жүз мың тұтқынға сатып алды. Ибнулжәузи оның өмірбаянын үлкен кітап күйінде жазған (рахимә-һуллаһу та'ала). 10, 31, 34, 37, 130, 189, 200, 211, 227, 260. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |