ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 153

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jul 13, 2022, 12:14:41 AM7/13/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХУСЕЙН БИН ӘЛИ (радиаллаһу анһума) (2)

∙ Риуаят бойынша, бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Жәбрейіл алейһиссаламнан «Аспаннан мұнда қалай келесің?» деп сұрады. Ол «Қанатымның астында дұға бар. Ол жерде Хасан және Хусейн деп жазылған. Осы екі есімнен күш-қуат аламын» деп жауаптады.

∙ Бір күні хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасында отырған еді. Анасына қайтқысы келді. Ол кезде жаңбыр жауып тұрған болатын. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) дұға етті, хазреті Хусейн үйіне жеткенше жаңбыр тоқтады.

∙ Бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) намаз оқып жатқан еді. Құлағына бір баланың жылағаны естілді. Намазын тез оқып бітіріп, сыртқа шықты. Бұл әрекетінің себебін сұрағанда «Бір баланың жылағанын естідім. Оны Хусейн деп ойлап қалдым» деп жауап берді. Кейін «Аллаһым, Хусейнді жылатқанды кешірме!» деп дұға етті.

∙ Умму Харис (радиаллаһу анһа) былай айтып берген: «Бір күні Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) алдында отырғанда «Йа, Расулаллаһ! Түс көрдім, қорықтым» дедім. «Не көрдің?» деп сұрағанында, «Сіздің мүбәрәк денеңізден бір кесек ет кесіп алып, маған қосқан екен» дедім. «Жақсы түс көрдің. Фатиманың ұлы туылады, ол сенімен бірге қалады» деді. Біраз уақыттан кейін хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) дүниеге келді».

∙ Риуаят етілуі бойынша, бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хазреті Хусейнді оң тізесіне, ұлы хазреті Ибраһимді сол тізесіне отырғызды. Жәбрейіл алейһиссалам келіп «Аллаһу та'ала бұл екеуін бірге саған қалдырмайды, бірін алады. Екеуінен бірін таңда» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Егер Хусейн қайтыс болса, одан айрылудан менің қайғыруыммен қатар Әли мен Фатима да қайғырады. Егер Ибраһим кетсе, бәрінен көп мен қайғырамын. Олар қайғырғанша мен қайғырайын» деді. Үш күннен кейін хазреті Ибраһим қайтыс болды. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қасына әр келген сайын «Қош келдің, ей, ұлым Ибраһимді пида еткен адамым» дейтін.

∙ Умму Сәләмә (радиаллаһу анһа) былай айтып берген: «Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір түні менің үйімде еді. Сыртқа шықты, ұзақ уақыттан соң қайтып келді. Мүбәрәк шашы ұйпа-тұйпа және шаң еді. Мүбәрәк қолында бір нәрсе ұстап тұрды. Мен «Йа, Расулаллаһ! Бұл не жағдай, не болды?» деп сұрадым. «Бұл түні мені Иракта Хусейн және оның ұрпағынан бір топ шәһид етілетін Кербела деген жерге апарды. Олардың қанын жинадым, қолымдағы сол жинағаным» деді. Мүбәрәк қолындағын маған беріп «Мұны сақтап қой» деді. Қолынан алдым, қызыл түсті топырақ еді. Бір ыдысқа салып, аузын жауып қойдым. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) Иракқа жорыққа шыққанда күнде сол ыдысты шығарып, қарап жылайтынмын. Мухаррам айының оныншы күні таңертең қарасам, ыдыстағы топырақта жаңа қан байқадым. Хазреті Хусейннің шәһид етілгенін түсініп, әбден жыладым. Бірақ дұшпандар бүлік шығармасын деп жасырдым. Қайтыс болуы туралы хабар келді, сол күні шәһид етілген екен. Хижреттің алпыс бірінші жылы мухаррам айының онында, «Ашура» күні, сенбі еді. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) елу жеті жыл, бес ай өмір сүрді».

∙ Хазреті Айша (радиаллаһу анһа) айтып берді: «Бір күні Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Жәбрейіл алейһиссаламмен бірге отырған еді. Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) ішке кірді. Жәбрейл алейһиссалам «Бұл кім?» деп сұрады. Расулуллаһ «Ұлым» деп оны бауырына басты. Жәбрейіл алейһиссалам «Оның шәһид болуы жақын» деді. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Оны кім шәһид етеді?» деп сұрағанда Жәбрейіл алейһиссалам: «Сенің үмбетің шәһид етеді. Қаласаң, қайда шәһид етілетінін саған айтайын» деді. Кербела тарапын ишара етіп, біраз қызыл топырақ алды. Расулуллаһқа (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрсетіп, «Мына топырақ – шәһид етілетін жерінің топырағы» деді».

∙ Имам Зәйнәл Абидин (рахметуллаһи алейһ) айтып берген: «Хазреті Хусейн (радиаллаһу анһ) Куфаға бара жатқанда жолда тұрақтаған әр жерімізде Яхия бин Зәкәрия (алейһимассалам) туралы айтатын. Бір күні: «Дүниенің төмен және қадірсіздігінің бірі – хазреті Яхияның (алейһиссалам) мүбәрәк басының Бәни Исраилдың қадірсіз бір әйеліне сыйлық ретінде апарылуы!» деді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages