ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 163

2 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 10, 2022, 12:57:45 AM9/10/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰХАММЕД БАҚЫР (радиаллаһу анһ) (4)

∙ Бір кісі Имам Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) кереметтерінің бірін былай айтып берген: «Бір күні Имам Мұхаммед Бақыр екеуіміз атпен Мәдинаға бара жатқан едік. Біраз жол жүрген соң алдымыздан екі адам шықты. Ол адамдарды көрсетіп «Мыналар ұрылар, ұстаңдар!» деп бұйырды. Қызметшілері ол екі адамды ұстап алып, аяқ-қолдарын байлады. Басқа адамға «Мына тауға шық, ол жақта бір үңгірден тапқаныңды әкел» деді. Ол адам барып, екі қапшық тауып әкелді. Қапшықтар киімге толы еді. Басқа жерден тағы бір қапшық тауып алды. Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) «Екі қапшықтың иесі күтіп отыр, ал үшінші қапшықтың иесі кейіннен келеді» деді. Мәдинаға жеттік. Екі қапшықтың иесі күдіктенген бірнеше адамын айыптап, қазы оларды тергеп жатқан еді. Имам Мұхаммед Бақыр «Оларды айыптап тергемеңдер, ұрылар мұнда» деп жолда ұстап алған екі адамды көрсетті. Ұрылардың қолдары шабылды. Екі қапшық иесіне қайтарылды. Қолы кесілген ұрылардың бірі «Аллаһу та'алаға шүкір, қолымның кесілуі және тәубеге келуім Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) немересінің қолында болды» деді. Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) оған «Қолың сенен жиырма жылға ерте жәннатқа кірді» деді. Әлгі адам қолы кесілгеннен жиырма жыл өткен соң қайтыс болды. Үш күннен кейін үшінші қапшықтың иесі келді. Имам Мұхаммед Бақыр ол адамға «Сенің қапшығыңда мың динар өзіңнің, мың динар біреудің ақшасы бар. Сонымен қатар мынадай киімдер бар» деді. Ол адам «Қапшығымда мың динары бар адамның есімін де атасаңыз, иман келтіріп, мұсылман боламын» деді. Сонда оған: «Ол адамның есімі Мұхаммед бин Абдуррахман. Көп намаз оқитын және көп садақа беретін салих кісі. Қазір ол сені сыртта күтіп тұр» деді. Қапшықтың иесі христиан болатын. Бұларды естігенде «Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммедтің (алейһиссалам) Оның құлы әрі Расулы екеніне иман келтірдім» деп мұсылман болды».

∙ Әбу Басир айтқан: «Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ): Мен сондай бір адамды білемін, ол теңіздің жағалауына келсе, сол теңіздегі бүкіл жан-жануарды және олардың төлін біледі» деген».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Бір жамағатпен Имам Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) үйінің дәлізіне кірген едік. Біреудің әдемі дауыспен ассирия тілінде бір нәрсе оқып жылағанын естідік. Әһли кітаптың бірі деп ойладық. Үйге кіріп қарасақ, Имам Мұхаммед Бақырдан басқа ешкім жоқ екен. Өзінен сұрағанымызда «Пәлен пайғамбардың дұғасын оқыған едім, жылап жібердім» деді».

∙ Былай риуаят етілген: «Ибн Укаша әл-Әсәди бір күні Имам Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) алдына келген еді. Ұлы Жафәр Садық та қасында еді. Ибн Укаша (радиаллаһу анһ) «Жафәрдің үйленетін уақыты келіп қалды. Оны үйлендірсеңізші» деді. Имам Мұхаммед Бақырдың алдында бір дорба алтын аузы мөрленіп тұрған еді. «Жақында бір жерден тұтқын сатушысы келеді, пәлен жерге тұрақтайды» деді. Басқа күні алдына келгенімізде алдында айтқан сатушының келгенін хабар берді. Әлгі бір дорба динарды беріп, «Мынаған бір күң сатып ал» деді. Біз сатушыға бардық. Бүкіл күңдер сатылып кеткенін, тек бірі бірінен сұлу екі күң қалғанын айтты. «Көрейік» деп едік, алып келіп көрсетті. Біреуін ұнаттық. «Қаншаға сатасың» деп сұрағанымызда «Жетпіс алтынға» деп жауаптады. «Біраз түсір» деп едік, «Жетпіс динардан бір тиынға да төмен болмайды» деді. Дорбаны беріп, «Мына дорбаның ішінде қанша алтын болса ал, біз қанша екенін білмейміз» деді. Сол жерде шашы, сақалы ағарған біреу бар еді, бізге «Алтындарды санаңдар» деді. Сатушы «Жетпей қалса бермеймін» деді. Ақ сақалды кісі қоймаған соң дорбаны ашып санадық. Дәл жетпіс алтын шықты. Күңді алып, Имам Мұхаммед Бақырдың алдына әкелдік. Ұлы Жафәр Садық та сонда еді. Сатушымен арамызда болғандардың бәрін айтып бердік. Ол Аллаһу та'алаға шүкір етті. Кейін күңге «Бойдақсың ба, жесірсің бе?» деп сұрады. Күң «Бойдақпын» деген соң, «Ешбір күң сатушысының қолынан құтыла алмайды. Сен қалай құтылдың?» деп сұрады. Күң «Сатушым маған келіп, жақындағысы келген кезде ақ сақалды қария келіп, оны бір ұрып менен аулақ қылатын. Бірнеше рет осылай болды» деп жауап берді. Кейін Мұхаммед Бақыр ұлы Жафәр Садыққа «Мына күңді алып кет» деді. Жафәр Садық (радиаллаһу анһ) сол күңмен некелесіп үйленді. Одан ұлы Мұса Казим дүниеге келді (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин)».

∙ Имам Мұхаммед Бақыр (радиаллаһу анһ) бір күні Мәдинада бір жамағатпен бірге отырған еді. Кенеттен мүбәрәк басын иіп қалды. Біраз уақыт солай тұрған соң басын көтеріп, былай деді: «Бір кісі осы Мәдинаны көруге келеді. Төрт мың адамдық әскерімен үш күн бойы көп адамды өлтіреді. Одан көп зиян көресіңдер. Бұл оқиға келесі жылы орын алады. Нақты біліп қойыңдар, бұл айтқандарым рас. Бұдан сақтаныңдар!». Мәдиналықтар бұған сенбеді. Тек қана аздаған адам және хашимұлдары сенді. Өйткені хашимұлдары Имам Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) әр сөзінің дұрыс екенін білетін. Бір жылдан кейін Имам Мұхаммед Бақыр және оның сөзіне сенгендер отбасыларымен бірге Мәдинадан шығып кетті. Кейін Нафи бин Әзрақ әскерімен Мәдинаға келді. Имам Мұхаммед Бақыр айтқанындай көп адамды өлтірді. Бұл оқиғадан кейін мәдиналықтар «Имам Мұхаммед Бақырдың (радиаллаһу анһ) әрбір сөзі дұрыс, оның әр сөзіне сенеміз, не айтса да, айтқанынан шықпаймыз. Өйткені ол Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) әһли бәйті. Ол ешқашан өтірік айтпайды» дейтін болды.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages