Жұма мүбәрәк болсын!

42 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Aug 27, 2026, 9:01:21 AMAug 27
to islam...@googlegroups.com

Өзгеден бұрын өзімізді түзейік

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Негізгі жиһад – нәпсімізге қарсы жасалған жиһад, яғни күнә істемеу деген сөз. Күнә – от деген сөз. Бұл оттан алдымен өзімізді құтқаруға тырысуымыз керек. Сол кезде өте пайдалы адам боламыз және тек сол кезде ғана аузымыздан шыққан әрбір сөз адамдардың құтылуына себеп болады. Кейбір адамдар уағыз айтып жатқанда көптеген нәрселер айтады. Алайда айтылғандар тыңдаушылардың жүрегіне әсер етпейді. Есіктен шыққан бірінен уағызшының не жайында айтқаны сұралса, айтылғандарды қатты ұнатқан болса да, не айтқанын толығымен есіне түсіре алмай тұрады. Өйткені уағыз айтқан кісі өзгелерге «Осылай істеңдер, бұлай істемеңдер!» дейді, бірақ өзі бұларды орындамайды.

Құран кәрімде: «Адамдарды жақсылыққа шақырасыңдар да, өздеріңді ұмытып жатырсыңдар ма? Неліктен өздерің істемейтін амалдарды басқаларға уағыздайсыңдар» делінген. Осы себептен әулиелер аз сөйлейтін еді. Бірақ бір рет сөйлейтін болса, айтқан насихаттары мәрмәрге қашалғандай адамның ішіне жазылып қалады, ешқашан ұмытылмайды. Неліктен әулие-ғұламалардың кітаптарын оқығандар Аллаһқа мойынсұнады, намазын бастап, күнәдан бас тартады? Себебі мұны жазған адам алдымен мұны өзі істеді.

Біздің де бала-шағамызға, көршілерімізге, баршаға пайдалы бола алуымыз үшін ең әуелі өз-өзімізге пайдалы болуымыз керек. Алдымен инені өзімізге шаншуымыз керек. Жуалдызды өзгеге шаншу қиын іс емес, мұны онсыз да бәрі істеп жүр. Адам әрдайым алдындағы адамның айыптарын көріп тұрады, өзінікін мүлдем көрмейді. Өзімізге де бір қарайық. Біз кімбіз, не істеп жүрміз? Өзін есепке тартпайтын адамның есебі өте қиын тартылады. Біз, өкінішке орай, өзгелердің есебін тартуға үйреніп қалдық. Ылғи өзгелерді сынауға, өзгелерді дұрыс жолға түсіруге, өзгелерді дұрыстауға тырысамыз. Ал өзіміз қашан түзелеміз?

Әулие-ғұламалардың кітаптары дінімізді үйрену және ұстану үшін жазылды. Ислам дінінің иманнан кейінгі алғашқы әмірі – дінімізді үйрену. Өйткені білмеу сылтау болып саналмайды және надандықпен орындалған ғибадаттар қабыл болмайды. Сондықтан міндетті түрде дінімізді үйреніп, үйренгенімізге сай өмір сүруіміз керек. Осылайша алдымен өзімізге, кейін өзгелерге де пайдамыз тиген болады.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Sep 4, 2026, 2:07:41 AMSep 4
to islam...@googlegroups.com

Салих мұсылман болу үшін

1) Әһли сүннет ғұламаларының білдіргені бойынша сену керек.

2) Төрт мазһабтың бірінің фиқх кітабын оқып, дін ілімдерін дұрыс үйреніп, соған сай ғибадат жасау керек және харамдардан сақтану керек.

3) Жұмыс істеп ақша табу керек. Дінге сай ақша табу керек. Кедей адам ақыр заманда дінін, намысын, өз ақысын да қорғай алмайды. Бұларды қорғау және Ислам дініне қызмет ете алу үшін ғылым тапқан жеңілдіктерден, оңайлықтардан пайдалану керек.

 

Әли Рамитани хазрет былай деген: Салих адам бола алу үшін мына он нәрсе қажет:

1) Таза болу керек. Тазалық екіге бөлінеді:

а) Захири (сыртқы) тазалық: Сыртқы көрінісінің таза болуы. Бұл нәрсе барлық адамдар мән беретін негіздерден. Киетін, ішіп-жейтін және қолданатын бүкіл заттардың таза болуы деген сөз.

ә) Батыни (ішкі) тазалық: Жүректің (көңілдің) жақсы мінездерге толы болуы деген сөз. Хасед етпеу (көре алмаушылық жасамау), басқалар туралы жаман ойламау, Аллаһ дұшпандарын жақсы көрмеу, ал достарын жақсы көру керек. Көңіл – Аллаһу та’аланың назар мекені. Сондықтан көңілге дүние махаббатын, ал асқазанға харам азық кіргізбеу керек! Жүрек (көңіл) таза болмаса, ғибадаттардың ләззаты сезіле алмайды. Аллаһу та’алаға қатысты ілімдерге, яғни марифеттерге қауышу мүмкін болмайды.

2) Тілге ие болу керек. Тілдің орынсыз сөздерді айтуынан тыйылып үндемеуі, Құран кәрім оқуы, әмри ма’руф және нәхий мүнкәр жасауы, яғни діннің әмірлерін орындауды және тыйымдарынан сақтануды білдіруі сияқты. Сүйікті пайғамбарымыз да: «Адамдар тілдерінің кесірінен тозаққа тасталады» деген.

3) Адам көп жиналатын жерлерден ұзақ болу керек. Осылайша көздер харамдарға қарамаған болады. Өйткені жүрек (көңіл) көзге бағынышты. Әр харамға қарау көңіл айнасын қарайтады. Пайғамбарымыз «Бөтен әйелдерге шәһуетпен (құмарлықпен) қарағандардың көздеріне қияметте қызып тұрған балқыған қорғасын құйылады» деген. Еркектердің бөтен әйелдерге, әйелдердің де бөтен еркектерге шәһуетпен (құмарлықпен) қарауы харам болып табылады.

4) Ораза ұстау керек. Адам ораза ұстау арқылы періштелерге ұқсаған болады және нәпсіне соққы берген болады. Бір хадис құдсиде: «Ораза маған тән. Оразаның сауабын мен беремін. Сауабы шексіз» делінген. Басқа бір хадис шәрифте: «Ораза – тозаққа қарсы қалқан» делінген. Ораза тұтып көңілді пәктікке жеткізу керек және шайтанның жолын жауып, қалқан қою керек.

5) Аллаһты өте көп ойлау (еске алу) керек. Аллаһу та’аланы еске алу үшін айтылатын ең құнды сөз – Лә илаһә иллаллаһ сөзі. Мұны әрдайым айтып жүретін адам ықыласты болады. Ықылас – барлық істерін Аллаһ разылығы үшін орындау, дүниелікке қатысты болған мал-мүлік және мансаптардан әуестігін жойып, ахиретті қалау деген сөз. Ықыласты адам «Менің жалғыз мақсатым – Аллаһтың разылығы» дейді. Құран кәрімде де: «Ей иман келтіргендер! Аллаһты көп еске түсіріңдер!» делінген. (Ахзаб 41) Нәпістің барлық зиянды болған қалауларынан құтылу үшін үздіксіз Аллаһу та’аланы ойлап жүру керек.

6) Көңілге келетін ойлардан абай болу керек. Көңілге төрт түрлі ой келеді. Бұлар – Рахманнан, періштелерден, шайтаннан және нәпістен. Рахманнан келетіндер – ғафлеттен оятады, жаман жолдан дұрыс жолға түсіреді. Періштеден келетіндер – ғибадатқа ынтаны ашады. Шайтаннан келетін ой күнәны жақсы, әдемі қылып көрсетеді. Ал нәпістен келетіндер, дүниенің пайдасыз нәрселерін қалауға жол ашады. Шайтани және нәпсәни ойлардан құтылу керек.

7) Аллаһтың үкімдеріне разылық көрсету керек. Хауф және рижа, яғни қорқыныш пен үміт арасында өмір сүру керек. Өйткені имансыз өлетінінен қорқатын адам күнә істемейді. Сонымен қатар мүмин жәннатты үміт етеді, салих адамдармен сұхбаттасады. Салихтармен сұхбат ету – күнәларға перде қояды, харамдарды көзіне жаман қылып көрсетеді.

8) Жақсы қасиеттермен безену керек. Яғни Аллаһу та’аланың ахлақымен мінездену деген сөз.

9) Халал азықтардан жеу керек. Аллаһу та’ала «Халал және таза болғандарын жеңдер» деп бұйырған. (Бақара 168) Ал сүйікті пайғамбарымыз: «Ғибадат он бөліктен тұрады. Соның тоғызы – халалды талап ету» деген. Ал қалған бірі – бүкіл ғибадаттар. Харам жеген адам өзінде ғибадат ету күшін таба алмайды. Халал жеген адам да күнә істей алмайды.

 

Бір хадис шәрифтің мағынасы:

«Ақылды адам, дұға мен ғибадат үшін, нәпсін реттеу үшін, кемшіліктерінің өзіне айтылуы үшін және қажеттіліктері үшін уақыт бөледі. Тіліне ие болып, уақытын жақсы пайдаланады. Жұмысын істейді және ең жақсы досының алдында мұқият (ұқыпты) болады.» (Дәйләми).

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 10, 2026, 8:54:22 AMSep 10
to islam...@googlegroups.com

Өзін жақсы көретін адам басқаны жақсы көре алмайды

Дәрігерлер былай дейді: «Ауру адамның диета сақтауы қажет. Жазылмай тұрып оған майлы, тәтті тағамдар пайда бермейді. Мұндай тағамдар оның ауруын одан сайын қоздыруы мүмкін. Сондықтан тамақтан бұрын адамды аурудан айықтыруды ойлау керек. Одан кейін барып жеңіл азық беру арқылы бұрынғы күшін қалпына келтіру көзделеді». Сол секілді «Көңілдерде (жүректерде) ауру бар» деген аяти кәримада білдірілген көңіл ауруына шалдыққан адамдардың да ешбір ғибадатынан пайда келмейді, керісінше зиян келеді.

«Көп Құран кәрім оқитындар бар, Құран кәрім бұларға лағнет айтады» деген хадис шәриф мәшһүр.

«Көп ораза тұтатындар бар, олардың оразадан алатын пайдасы тек қана аштық пен сусыздық» деген хадис шәриф те сахих.

Көңіл ауруларының маманы болған тасаууф ғалымдары алдымен аурудан жазылу үшін жасалатын нәрселерді әмір еткен. Көңіл ауруы дегеніміз көңілдің Аллаһтан басқаға байлануы, берілуі. Бәлкім өз-өзіне ғашық болуы. Өйткені адамдар барлық нәрсені жеке бастарының қамы үшін қалайды. Ата-ананың өз баласын жақсы көруінің негізінде өз-өздерін жақсы көруі жатады. Әр адам мал-мүлікке, атақ-мансапқа өз нәпсінің армандарына жету үшін ұмтылады. Ондайлардың табынатын құдайлары – өздерінің нәпсілері. Олар нәпсінің қалауларының артынан жүгіруде, өмір өткізуде.

Көңіл осы байланыстардан арылмайынша адамның құтылуы өте қиын. Демек өзін ақылды, зиялы, мәдениетті, білімді деп есептейтін кісілер барлық нәрседен бұрын дәл осы аурудан құтылуды ойлауы керек.

Құлдың тілектері мен қалаулары тек иесі және иесінің қалаулары болуға тиіс. Құлдың басқа ешқандай қалауы болмауы керек. Әйтпесе ол Аллаһқа деген құлдық бауын үзіп, құлдықтан қашқан болады. «Назиат» сүресінің 40-шы аятында «Кімде-кім Раббының ұлылығынан қорқып, өзін нәпсінің қалауларын орындаудан қайтаратын болса, барар жері күмәнсіз жәннат» делінген.

Үнемі жеке басының ләззаттарына, талаптарына, армандарына жетуді көздейтін құл өз-өзінің, өз рахатының және өз нәпсінің құлына айналады. Ол енді үнемі лағнет атқан шайтанның бұйрықтарын орындайды.

Нәпсінің арам-ойларына, зауықтарына жету үшін жұмыс істеп ақша табу жолында халал-харамға мән бермеу, жұрттардың ақысын жеу, алған қарыздарын қайтармау дүниеге көңіл берудің белгісі. Дүниеге көңіл беру бүкіл діндерде үлкен күнә болып табылады.

Аллаһу та’аланы тану және Оған қауышу жолында бөгет болатын адамның ең үлкен дұшпаны – өз нәпсінің қалаулары. Нәпсінің мұндай жиіркенішті армандары ешқашан бітпейді. Тәрбие көрмеген нәпсінің әрбір қалаған нәрсесі адамға тек қана жамандық алып келеді. «Құмарың құдайың» деген ғибратты сөз бар. «Жасиа» сүресінің 23-ші аятында «Нәпсінің қалауларын құдай етіп алған адамды көрдің бе?» деп осы жағдайдан хабар берілген.

Егер адамның мақсаты – оған қол жеткізу үшін кез келген қорлыққа төмендікке де баруына себеп болса, онда бұл мақсат адамның құдайына айналды деген сөз. Сол жолда әр түрлі қорлықтарға разы болуы оның ғибадаты деген сөз. Өйткені ғибадат қорлық пен төмендіктің ең соңғы дәрежесі болып табылады.

Аллаһу та’аладан басқа құдай танымау үшін адамның Одан басқа мақсаты болмауы, Одан басқа мұраты болмауы керек. Ол үшін «Лә илаһә иллаллаһ» дегенде Одан басқа мақсатының жоқ екенін білуі керек.

Бір адам мақсатына жету үшін (Аллаһ сақтасын) діннің шектеуінен шықса, парыздардың бірін тәрк етсе, харам істесе, мәселен намазын, оразасын тәрк етсе немесе спиртті ішімдік ішсе, бұл мақсаты оның құдайына, тәңіріне, пұтына айналған болады. Ал егер мақсаты үшін діннің шекарасынан шықпаса, оған жету үшін харам істемесе, дініміз ол мақсатына тыйым салмайды және оны мақсат деп те көрмейді. Оның мақсаты тек Аллаһу та’ала және оның дініне мойынсұну дейді. Ол адамда осы мақсатқа деген бір қалау пайда болған болса да, бұл қалауы дінімізге деген қалауының мөлшеріне жетпеген.

Мақсаты дүниелік болған адамның кесірі зияны бүкіл әлемге тиеді. Өзі де бар нәрседен шағымдана береді. Адамдарға зиян келтіретін адам тәккаппар және мақтаншақ болады. Еш нәрсеге көңілі толмайды, шағымдана беруі де сол тәкаппарлығынан туындайды. Адамның өз-өзіне деген махаббаты, құштарлығы өзін ұнатып менмендік етуі де тағы сол тәкаппарлығының кесірінен. Өзін ұнатып жер-көкке сыйдыра алмай мақтаншақтық етуі адамның өз-өзіне көңіл қойғанын көрсетеді. Ондай өзін жақсы көретін адамдар басқаларды жақсы көре алмайды, құрметтей алмайды, көңіл бере алмайды.

Адамдарды жақсы көре алу үшін кісі өзін жақсы көрмеуі керек. Ол да тек қарапайым адамдарда болады. Қарапайым адамның бойындағы бұл қасиет өзін ұнатпағандықтан, мақтаншақ-тәкаппар болмағандықтан, жұрттарға жоғарыдан қарамағандықтан туындайды. Сол себепті мұндай қарапайым, сыпайы адамдар басқаларды жақсы көреді, адамдар да оларды жақсы көреді. Қарапайым дегеніміз «өлген» дегенді білдіреді. Өлген адам ешкімнің үстінен шағымданбайды, өлгеннің үстінен шағымданатын адам да болмайды.

Олай болса, топырақтай қарапайым болғандар көп ниғметке қауышады. Шамалы көтерілсе топырақта су тұрмағанындай, адам баласы да көкіректенсе ол жерде адамилық тұрмайды. Дін ғұламаларының әулиелердің фәйз және берекелеріне қауышу үшін топырақтай қарапайым болу керек. Рахметке, ниғметке қауышу үшін топырақ болу керек.

Пайғамбарымыз (алейһиссалам) хадис шәрифте былай деген: «Ақылды адам нәпсін езгілеп, ақыретте керек болатын нәрселер үшін еңбек етеді. Ал ақымақ нәпсінің бұйрықтарын орындаумен айналысып, жәннатқа кіргізуі үшін Аллаһқа дұға етеді».

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 17, 2026, 7:58:04 AMSep 17
to islam...@googlegroups.com

Жақсы адам көркем мінезді болады

Көркем мінезді болу үшін білім алу, әдептілікті үйрену, жақсы адамдармен достық құру керек. Жаман мінез мұның терісі. Яғни сауатсыз қалу, әдепсіз болу, жаман адамдармен достық құрудан пайда болады.

Аллаһу та'ала пайғамбарымызды (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) мақтаған кезде «Расында сен үлкен мінез-құлыққа иесің» деген. Жақсы адам көркем мінезді болады. Дініміз жақсы мінезді, жақсы қасиеттерге ие болуымызды, ал жаман мінезден сақтануымызды бұйырады.

Әһли сүннет Ислам ғалымдары мінез-құлық туралы былай дейді:

«Әр ғимараттың іргетасы бар. Исламның іргетасы – жақсы мінез.»

«Нашар мінез сондай жамандық, онымен жасалған көптеген жақсылықтар пайдасын бермейді. Көркем мінез сондай жақсылық, онымен жасалған күнәлар кешіріледі.»

«Дәрежесі көтерілген барлық адамдар тек қана көркем мінездерінің арқасында көтерілген.»

«Жақсы мінез – жылы жүзді болу, күлімдеп жүру, жомарт болу және ешкімді ренжітпеу деген сөз.»

«Жақсы мінез – Аллаһқа разы болу деген сөз. Яғни жақсылықтың да, жамандықтың да Аллаһтан келетінін білу, ниғметтерге шүкір етіп, бәле-жалаға сабыр ету.»

Мұсылман кісіге қабақ асып, кіжірейіп қарау харам. Жылы жүзді болмаған адам мұсылман сипатты емес. Бәріне күлімдеп, жылы жүзбен қарау керек.

Біреудің жаман мінезіне шағымданған адамның өзі жаман мінезді. Біреудің жаман қасиеттері жайлы айтатын болсақ, бұл өзіміздің жаман адам екендігіміздің белгісі. Жақсы мінез – қиыншылықтарға төзу деген сөз.

Жақсы мінезді болудың белгілері мыналар: Ынсапты болу, достарының қателігін байқамау, барлық адамдар туралы жақсы ойда болу, жаман ойда болудан сақтану, достарынан келетін қиыншылықтарға төзу, оларды ешкімге шағымданбау, үнемі өзінің кемшіліктерімен әуре болу, өз нәпсін жазғыру, күлімдеп, жылы жүзді болып, бәрімен жұмсақ сөйлесу.

Жақсы мінезді адам әдепті болады, аз сөйлейді, оның қателіктері аз, ешкімді ғайбаттамайды, адамдарды Аллаһ үшін жақсы көріп, Аллаһ үшін жек көреді, аманатты сақтайды, көршілері мен достарын қорғайды. Ал бүкіл қасиеттердің басы – ар-ұят.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Аллаһу та'аланың дәргейінде құлдардың ең сүйіктісі – мінезі ең жақсы болғаны.»

«Көркем мінез үлкен күнәларды судың киімді тазалағанындай тазалайды. Ал жаман мінез салих амалдарды сірке суының балды бұзғанындай бұзады.»

Жақсы мінезді бір кісінің әйелінің мінезі өте нашар болады. Бірақ, екеуі тату-тәтті өмір сүреді. Жаман мінезді әйелімен қалай сыйысып жүргені әлгі кісіден сұралғанда, ол былай жауап берген екен:

«Жақсылармен бәрі сыйыса алады. Нағыз ерлік – жамандармен сыйыса алу. Оның жаман мінезіне сабыр етпесем, онда менің жақсы мінезді екенім қалайша белгілісі болсын?»

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Sep 24, 2026, 8:08:22 AMSep 24
to islam...@googlegroups.com

Ақылдасу – ғибадат

Дінімізде кеңес сұрап ақылдасудың, қатені ескертудің ерекше орны бар. Ақылдасып іс жасау сүннет амалға жатады. Ақылдасу адамды өкінуден қорғайтын қамал секілді. Құран кәрімде жақсы адамдар, үлкен тұлғалар мақталған кезде «Олар ісін ақылдасып жасайды» делінеді. (Шура, 38)

Сондықтан да ғұламаларымыз «Ақылдасу – себепке жүгіну және құнды ғибадат саналады» дейді.

Пайғамбарымыз сахабаларымен кеңесетін еді. Кейде бір ісін ақылды, тақуа, дана және тәжірибелі он кісімен ақылдасатын. Біз көп нәрсені білеміз деп санаймыз, алайда білеміз деген көп нәрсемізді білмейтін болып шығамыз. Ақылдасып жасаған істің нәтижесі жақсы шығады. «Ақылдаспай жасаған істің қайыры жоқ» деген даналық сөз бар...

Мәулана Жәлаладдин Руми хазрет «Мәснәуи» кітабында айтады: «Ақылың бар болса, басқа ақылмен дос бол, істеріңді онымен ақылдасып жаса!».

Ақылдаспаудың, кеңес сұрамаудың түбінде тәкәппарлық бар. Тәкәппар, өзін өзгеден үстем санайтын адам біреумен ақылдасқысы келмейді, ешкімнен кеңес сұрамайды. Өз-өзін жақсы көрудің ең жаманы – өз қателерін, нәпсінің қалауларын жақсы көру. Ондай адам үнемі нәпсіне еріп жүреді, насихат тыңдамайды. Өзгелерді ештеңе білмейді деп санайды. Бірақ негізінде ештеңе білмейтін – өзі.

Әбу Бәкір Сыддық (радиаллаһу анһ) халифа еді. Хазреті Омарға бір мүшрик келіп, «Йа, Омар, мынаған қолыңды қойып берші» деп бір қағаз әкелді. Ол адамға Әбу Бәкір Сыддық исламға сүйіспеншілігі оянсын деген оймен жер телісінің құжатын берген болатын. (Пайғамбарымыз «Муәлләфә-и қулуб» деп аталатын, яғни мұсылмандықты қабылдауы ниетімен немесе жамандығының, зиян тигізуінің алдын алу мақсатымен кейбір адамдарға сондай сыйлық беретін еді). Бірақ ол адам «Әбу Бәкірден кейін Омар халифа болары анық. Оның дәуірінде де бұл құжаттың күші жойылмасын, оның да қолын қойдырып алайын» деген оймен жердің құжатын сол кезде Бәйт-ул малдың (мемлекеттің қазынаның) меңгерушісі хазреті Омарға әкелген еді. Хазреті Омар «Олай болса, жүр, бірге Әбу Бәкірге барайық» деп екеуі халифаның алдына барды. Әбу Бәкір Сыддық пен хазреті Омардың арасында мынадай тарихи диалог өтті:

- Мына құжатты сіз бердіңіз бе, йа, Әбу Бәкір?

- Иә, мен бердім, йа, Омар.

- Қалайша бердіңіз?

- Пайғамбарымыз бергендіктен бердім. Ол беретін еді, мен де бердім.

- Бірақ ол кездері ислам әлсіз еді, біз ол кезде қатты қиналып жүрген едік. Қазір ондай жағдайда емеспіз. Мұны өзіңіз шешім қабылдап бере алмайсыз! Ең болмағанда үш-төрт сахабамен ақылдасуыңыз керек. «Мен пәленше кісіге пәлен жерді бермекшімін, берейін бе, бермейін бе?» деп кеңес сұраңыз, одан кейін беріңіз. Ақылдаспай бәйт-ул малдан (қазынадан) бір тиын да жұмсамаңыз!

Хазреті Омар пайғамбарымыздың уәкілі, тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленген Әбу Бәкір Сыддыққа мынаны есіне түсірді:

«Ол пайғамбар еді (алейһиссалату уәссәләм), Ол сонда да ақылдасатын. Өйткені Аллаһу та'ала Оған да: «Ей, сүйіктім! Шешім қабылдамай тұрып ақылдас!» деп әмір еткен».

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 1, 2026, 7:51:29 AMOct 1
to islam...@googlegroups.com

Өзіңнен төмендерге қара

Адам нәпсіне бағынған сайын ештеңеге қанағаттанбайды, ештеңеге разы болмайды, нақтырақ айтқанда, разы бола алмайды. Өйткені адамның нәпсі құдай болуға ұмтылады. Өзімен тең дәрежелі адамдардың болуын да көтере алмайды. Сол үшін де қолдағы бар нәрсеге қанағат ете алмайды, көзі әрқашан өзгенің мал-мүлкі мен мансабында болады. Дүние-мүлік, мансап, лауазым тұрғысынан өзінен жоғарыларды көргенде көре алмаушылықтан жүйкесі жұқарады. Оларды қызғанып, жамандап, ғайбат етеді. Қателік артынан қателік жасайды. Өзінің де, өзгенің де жанына тыныштық бермейді. Ал негізінде пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) былай деп бұйырған: «Дінде (дін істерінде) өзіңнен төмен адамға қарама, өйткені менменсініп өзіңді опат қыласың. Дін жағынан өзіңнен жоғары адамға қара, өйткені ол сенен қайырлы. Дүние-мүлкі көп адамға қарама, Аллаһу та’аланың берген несібесіне наразылық еткен боласың. Азығын қиналып, маңдай термен тауып жүрген адамға қара, сонда Аллаһу та’аланың саған берген ниғметіне шүкір етесің».

Дініміздің ғұламалары шәкірттеріне әрдайым мынадай насихат айтқан: «Дүние-мүлкі сендердікінен аз, жағдайы төмен болғандарға қараңдар. Сонда қолдарыңдағыға және осы жағдайларыңа шүкір етесіңдер. Ал ахирет үшін мұның терісін істеңдер. Ахирет үшін бейнеттеніп бергеніне шүкір етумен қатар одан да көбін тілеңдер. Ахиреті бізден жоғары, үстем болғандарға қарап, солар сияқты болуға тырысыңдар. Олар (ахиреті үстем болғандар) – Әһли сүннет ғұламалары. Осылай еткенде әрі өздеріңді менменсінуден құтқарып, тәкаппарлыққа түспейсіңдер, әрі дұрыс жолдағылардың ізімен жүрген боласыңдар».

Мал-мүліктің, ақшаның көп болуы, лауазым, мансаптың жоғары болуы адамды бақытқа апармайды, мәңгілік азаптан құтқармайды. Бұлар Аллаһу та’аланың разылығына сай қолданылса есебі болады, кері жағдайда азабы болады. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Дүниесі тыныш болған адамның дінінде ақау болады» деген. Ислам ғұламалары бұл хадис шәрифті: «дүние ләззаттарына жету үшін исламның шектеуінен сыртқа шыққан адам ахирет ләззаттарына жете алмайды» деп түсіндірген.

Хазреті Абдуррахман бин Мәһди: «Кімде-кім ілім жағынан өзінен үстем адаммен кезіксе, мұны олжа деп білуі керек. Өйткені оның ілімінен пайдаланады. Өзімен ілімі тең адаммен кезіксе, білгендерін бір-біріне үйретіп, бір-бірінен пайдаланады. Өзінен ілімі төмен болған адаммен кезіксе, қарапайымдылық танытып, білгендерін оған үйретеді» дей отырып, адамның кез-келген жағдайдан пайдалана алатынын және осылайша бақытқа жете алатынын білдіруде.

Хазреті Уәһб бин Мүнәббиһ: «Мына үш нәрсе зұлымдық болып табылады: Өзінен үстем адамдарға қарсы келіп, бұйрықтарын орындамау. Өзінен төмендерге күш қолданып ақыларын жерге таптау. Залымдарға жәрдем ету» дейді.

Хазреті Әбу Бәкір Уәррақ былай дейді: «Құл жасырын болсын, ашық болсын барлық уақытта Аллаһу та’аланың әмірлеріне бағынады. Оның әмірінен шықпайды. Жамандық жасағанға жақсылықпен жауап береді, нәпсінің қалауларына ермейді, ниғмет берілген уақытта шүкір етеді, қиналғанында сабыр етеді. Өзінен төмендерге ізет көрсетеді. Ақыл сұрап келгендердің сөзіне құлақ асады».

Хазреті Әбу Сүлейман Дарани: «Дүниені қуған адамнан дүние қашады, одан қашқан адамды қуады. Қашқан адамды ұстап алса жарақаттайды. Дүниені қалап, оған байланған адамды өлтіреді. Өйткені дүниемен күресуге болмайды. Күрескен адамды жеңеді, жауырынын жерге тигізеді. Дүниеге байлану – Аллаһу та’аланың разылығына қауышуға кедергі болатын перде. Ал ахиретті ойлау көңілдің жандануына себеп болады. Дүние махаббаты орныққан көңілден ахирет ойы көшіп кетеді» деген.

Дүниеге қол жеткізу үшін дінін беру – ақылды адамның жасайтын ісі емес. Дініміздің ғұламалары: «Сухбати ағниядан, яғни дүниеге берілген адамның әңгімесінен қашу керек» деген. Олай болса оларға еліктеп, өзін бақытсыз ету ақылды адамның ісі емес. Хазреті Әбу Сүлейман Дарани: «Ахиретті ойлау ақылдылықтың және көңілдің тірі екендігінің белгісі. Әйел, бала-шаға, мал-мүлік сияқты айналаңдағылардан қайбірі сені Аллаһу та’аланы еске алудан шалғытатын болса, ол қайырсыз (жақсы емес). Аллаһу та’аланы танып білгеннен кейін, өзгеге мойын бұрмаңдар» деп бұйырған.

Хазреті Жәлаләддин Дәуани жүріс-тұрыс әдептерін және адамдардың арасында орындалуы керек әдептерді түсіндіріп жатып: «Бір жиынға барғанда өзінен төмен немесе жоғары болғандардың орнына отырмау керек. Бірақ ол жиналыстағылардың ең үлкені болса, қалаған жеріне отыруына болады. Бұл орындарға байқамай отырып қойған болса, есіне түскен кезде ыңғайлы бір орынға ауысуы керек. Ол жерде бос орын болмаса ешкімді ыңғайсыз жағдайға түсірмей кері қайтуы керек» дейді.

Хазреті Мұхаммед бин Алиян: «Жомарт адам өзінің жомарттығын төмен деп санамайынша және өзін қабыл еткен адамды жоғары деп санамайынша сопы бола алмайды» дей отырып жасағандарымызды көп деп білудің және өзгелердің мал-мүлкіне, мансабына көз тігудің жаман екенін түсіндіруде әрі жан рахатының, шынайы бақыттың қайда екенін бізге көрсетуде.

Хазреті Имам Шафии былай деген: «Ілім үйренуді өзін жоғары санау үшін қалағандардың ешқайсысы құтылмаған. Бірақ ілім үйренуді қарапайымдылық үшін және адамдарға қызмет ету үшін қалағандар әлбетте құтылады».

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 9, 2026, 3:32:04 AMOct 9
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ислам діні үш бөлімнен тұрады:

1) Ілім: Ислам дінінің ең үлкен дұшпаны – надандық. Ілім үйрену парыз болып табылады. Парыздармен харамдарды үйрену – парыз, уәжіптерді үйрену – уәжіп, сүннеттерді үйрену – сүннет. «Еркек-әйел, барлық мұсылмандардың ілім үйренуі парыз» деген пайғамбарымыз. Бесіктен мазарға дейін ілім үйрену керек.

2) Амал: Үйренілген ілімдерді қолдану керек. Мысалы, дәрі – қолдану үшін арналған. Тауда қалған адамның қолында әр түрлі қару-жарақтар болса, бұлардың қолдануын жақсы білсе және өте ер жүрек болса, оған шабуылдаған арыстанға қарсы қолданбайтын болса, бұл қару-жарақтардың пайдасы болады ма?

3) Ықылас: Жүректің дүние сүйіспеншілігінен тазаруға әрекет ету уәжіп. Хусейн Хилми бин Саид хазрет (қуддиса сиррух) былай деген:

«Ахлақ ілімдерін үйрену, мысалы Ислам Ахлақы кітабын оқу парыз болып табылады. Бұл ілімдерді үйреніп, бұларды орындауға тырысумен де жүрек тазаланады. Ислам Ахлақы кітабындағы жүрек (көңіл) ауруларын үйренген адамның, әсіресе бұларды сіңірген адамның жүрегі тазаланады. Парызды орындаған кезде уәжіп болған жүректі тазалау ісі өздігінен орындалған болады.»

Олай болса, ықыласқа қол жеткізу үшін жүректің таза болуы шарт. Мысалы намаз оқу, Құран кәрім оқу, салих достармен бірге жиналып сұхбаттасу секілді амалдар – жүректің тазаруына септігін тигізеді. Егер жүрек нәпістің қалауларынан құтылса, бірден зікір етуді бастайды. Өйткені жүрек бос тұрмайды. Бұл суы төгілген ыдыстың ішіне өздігінен ауаның кіруіне ұқсайды. Сондықтан негізгі қиын болғаны – жүректің және нәпістің тазалануы. Ал бұл нәрсе нәпістің қалауларына бөгет болу арқылы жүзеге асады. Нәпістің азығы дүние ниғметтері емес, харамдар. Бір әулие кісі былай деген:

«Шынайы мұсылман бол, соған сай ғибадат жаса, Аллаһқа бағын, қаласаң дүниеде сұлтан бол! Ешқандай зияны жоқ. Ислам дініне беріліп мойынсұнсаң болғаны!»

Адамдардың жүректері (көңілдері) ауру. Бұл ауруды емдеу шарт. Ал мұның дәрігері – Имам Раббани хазрет сияқты әулие-ғұламалардың рухтары. Иә, олар қайтыс болды, бірақ рухтары бізден алыстамады. Олар қайтыс болуымен бізді қалдырып кетпейді, бізден айрылмайды. Тек пайдалану үшін міндетті түрде оларды ойлау, еске түсіру, оларға Фатиха оқып байланыс құру керек. Әйтпесе тек қарап өтіп кетеді, пайдалана алмай қаламыз. Кітаптарын оқу арқылы болса да, қабірлерін зиярат етіп болса да байланыс құру керек. Олар онсыз да фәйз беруге, емдеуге, құтқаруға дайын. Бір қадам басқан адамға олар он қадам жақындайды.

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 15, 2026, 8:06:35 AMOct 15
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Иман дегеніміз – нұр, мүминдерде бұл нұр жарқырайды. Біз бұл нұрды көрмесек те, періштелер көреді. Түнде аспанда жұлдыздар жеке-жеке немесе шоғырланып қалай жарқырайтын болса, міне осылай дүниеде де мүмин жалғыз болса өзі жарқыраған жұлдыз сияқты, басқа мұсылмандармен бірге жиналғанда да шоғырланып жарқыраған жұлдыздар секілді жарқ-жұрқ етіп жарқырайды. Иманы болғандарға сүйінші болсын. Сайид Абдулхаким Аруаси хазреттері: «Аллаһу та’ала бір құлына иман берген болса, не бермепті? Оған иман бермеген болса, басқа не беріпті?» деген. Яғни иманы болған адам барлық ниғметтерге қауышты деген сөз. Иманы жоқ болса, ниғмет деп санаған нәрселері қиял, бос нәрсе деген сөз. Оған бүкіл дүние берілсе, бұл нәрсе оны тозақтың ауыр азабынан құтқара ала ма?

Сүйікті пайғамбарымыз: «Сендерге жақсылық жасаған адамға рахмет айтпасаңдар, Аллаһу та’алаға шүкір еткен болмайсыңдар» деген. Демек, жақсылыққа рахмет айту керек. Кімнен жақсылық көрген болсақ та, алдымен әр жақсылықтың негізгі иесі болған Аллаһу та’алаға шүкіршілігімізді айтуымыз керек.

Жүз жыл бұрын ешбіріміз жоқ едік. Жүз жылдан кейін де жоқ боламыз. Бізді жоқтан бар қылған, өсірген, азықтандырған, бүкіл мүшелерімізді сау қылып берген, әр сәтте тірі қылатын, бізді және әлемді әр сәтте болмыста ұстап тұрған, ауаны, суды жаратқан – Аллаһу та’ала. Адам денесіндегі отыз триллионнан астам жасуша және осыншама жасушада құралған әр нәрсе аса реттелген күйде жұмыс істеуде. Бұларды жүзеге асыратын ұлы Аллаһу та’ала. Мұндай ұлы Аллаһқа шүкіршілік айтылмай ма?

Аллаһқа шүкіршілік айту тек «Шүкір еттім, Йа Раббым» деу арқылы болмайды. Оның талап еткеніндей шүкір ету керек. Біз өзімізше, өзіміз ұнатқан сөздермен шүкіршілік жасауға тырысатын болсақ, Аллаһ сақтасын, Оған тән болмаған қате сөздер айтамыз немесе жаман істер жасаймыз.

Хақ та’ала құлдарына Раббысын дұрыс тану және берген шексіз ниғметтеріне Оның талап еткеніндей шүкір айтуды үйрету үшін, әлемнің әр жеріне пайғамбарлар жіберген. Аллаһу та’ала үйретпегенде, пайғамбарлар да Оған қалай шүкір айту керектігін білмейтін еді. Осы себептен сүйікті пайғамбарымыз «Мені Раббым тәрбиеледі, барлық нәрсені Раббымнан үйрендім» деген. Ендеше пайғамбарымыз шүкір етуді қалай білдірген болса, солай шүкір етуіміз қажет. Исламның бес шартына мойынсұнған адам Раббымызға шүкір еткен болады.

Сүйікті пайғамбарымыз Аллаһу та’алаға шүкір (рахмет) айтудың Оған иман келтіру арқылы, яғни мұсылман болу арқылы жүзеге асатынын білдірген. Аллаһу та’ала Оған иман келтіріп, Исламның шарттарын орындаған адамдардан разы болады, олардың шүкіршіліктерін қабыл етеді. Исламның бес шартының бірі – намаз. Сондықтан намазын оқымайтын адам Аллаһу та’аланың ниғметтеріне шүкір етпеген болады. Оған шүкір етпейтін, намаздың маңызын білмейтін адамнан да намаз оқу ниғметі кетеді, ол адам намаз оқудан мақрұм қалады.

Намаздан мақрұм қалу дегеніміз не? Ойланып көрейік, намаздың ішінде «Әттахийату»-да бүкіл салих құлдарға сәлем береміз, дұға етеміз. «Салих құл» дегеніміз «Аллаһу та’аланы жақсы көретін құл» деген сөз. Асхаби кирамнан бастап, Әһли сүннет ғалымдары, әулиелер, бүкіл намаз оқитындар және періштелердің барлығы – салих құлдарға жатады. Себебі, олар Аллаһу та’алаға ғибадат етеді. Осы мүбәрәк болмыстардың барлығына сәлем береміз. Олардың да бұл сәлемге жауап беруі керек. Ендеше сәлем берілген кезде осы мүбәрәк салих құлдар да бізге сәлем беріп дұға етуде. Сәлем – дүние мен ахирет бақыты үшін ең жақсы дұға, саламатта болу деген сөз.

Намаз – сондай бір ғибадат, қай жерде болсақ та, әлемде қанша мұсылман намаз оқитын болса, намаз оқығанымыз үшін бізге дұға етеді. Біз бір сәлем береміз, орнына намаз оқитын мұсылмандардың бәрі бізге дұға етеді. Аллаһу та’ала бір адамды осындай бір ғибадаттан мақрұм қылса, бұдан асатын пәлекет болуы мүмкін бе?

Демек, намаз – мүминнің әрі дүниеде, әрі ахиретте рахатта болуын, құтылуын, көп сауап алуын, миллиондаған мұсылмандардың дұғасына қауышуын жүзеге асыратын бір жүйе және теңдесі жоқ бір ғибадат. Әлемнің қай жерінде болса да, қай нәсілден, қай ұлттан болса да, осыншама үлкен қауымның намаздан басқа тәсілдермен бірдей жүйенің ішінде болуы мүмкін емес. Ендеше намаз – бүкіл мұсылмандар арасындағы ортақ тіл, ортақ ғибадат, ортақ дұға, бірлік пен ынтымақтық. Міне үммет деген де осы. Яғни бір уақытта, бір пайғамбарға бірдей сену және оған мойынсұну деген сөз. Намаз – құтылу деген сөз. Күнде азан оқылып жатқанда және әр парыз намазда қамат айтылғанда «Қане, құтылуға келіңдер!» делінеді. Бұл мүбәрәк шақыруға бару керек.

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 22, 2026, 8:31:33 AMOct 22
to islam...@googlegroups.com

Бүгін досым өмірімді құтқарды

Барлық нәрсені жаратқан, тәрбие еткен, жетілдірген, барлық жақсылықтарды жасататын, жіберетін Аллаһу та’ала. Хақ та’ала қаламайынша күш-қуат бермейінше ешкім ешкімге түйірдей де жақсылық немесе жамандық ете алмайды. Сондықтан жақсылық еткендерге рахмет айту, ал жамандық еткендерді кешіру керек, кек сақтамау керек. Аллаһу та’аланың сипаттарынан бірі – Саттар. Яғни күнәларды перделеуші (жасырушы). Мұсылманның да дін бауырының айыбын, кемшіліктерін перделеп, жасырып жүруі керек. Аллаһу та’ала – құлдарының күнәларын кешіруші. Мұсылмандар да бір-бірінің кемшіліктерін, айыбын кешіруі керек. Аллаһу та’ала кәрим және рахим, яғни мейірімі, рақымдылығы, ихсаны мол. Мұсылмандар да жомарт және мейірімді болуы тиіс. «Мәснәуи» кітабында мынадай ғибратты оқиға өтеді:

Шөлде жолаушылап келе жатқан екі дос бір мәселеде ортақ пікірге келе алмай ұрысып қалады. Ашу үстінде біреуі екіншісін шапалақпен тартып жібереді. Таяқ жеген баланың беті қызарып, қатты ауырады, бірақ ештеңе деместен құм бетіне «Бүгін менің ең жақын досым маған шапалақпен соққы жасады» деп жазады. Жолдарын ары қарай жалғап келе жатып, алдарынан бір өзен шығады. Шөлден әлсіреп келе жатқан жолаушылар салқындап, шөлдерін басу үшін дереу өзенге қарай жүгіреді. Досынан соққы жеген бала су ішіп отырып өзенге құлап түседі. Суға батып, тұншыға бастағанында, біраз бұрын ұрған досы оны құтқарып алады. Жағаға шыққан соң өзен шетіндегі жар тастың бетіне «Бүгін ең жақын досым менің өмірімді құтқарды» деп жазады. Сонда құтқарған бала: «Сені ұрып ренжіткен кезімде мұны құм бетіне жазған едің. Ал енді сені суға батудан құтқарғанымда мұны тас бетіне қашап жаздың, мұның себебі не?» деп сұрайды. Ол «Біреу бізді ренжіткен кезде мұны құм бетіне жазуымыз керек. Кешіру желі ескен кезде оны жылдам өшіріп тастасын. Ал егер біреу бізге жақсылық етсе, оны тас үстіне қашап жазу керек, оны ешқандай жел өшіре алмасын» деп жауап береді.

Аллаһу та’ала адамдардың жасаған істерінің бір бөлігін ұнатпайтындығын, бұларды жасағандардан разы болмайтындығын, бірақ өкініп тәубе еткендерді кешіретіндігін білдірген. Сондықтан мұсылман әрқашан жақсыларға жақсылық етуі, ал жамандық еткендерді кешіруі керек.

Қорыта айтқанда мұсылмандардың айыптарын жабу, жасырын күнәларын жарияламау және кемшіліктерін кешіру өте үлкен сауап болып табылады. Мұсылман барлық адамдарға жақсылық етуі, қолымен, тілімен ешкімді ренжітпеуі, ешкімге зиян тигізбеуі, қиянат етпеуі, адамдарға пайдалы болуы, ақыларын өтеуі керек. Кек сақтамауы, кешірім сұрағандарды кешіруі керек.

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Oct 30, 2026, 12:46:57 AMOct 30
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Екі нәрсеге мән берілсе, жеңіс міндетті түрде нәсіп болады: 1) Намазды дұрыс оқу, 2) Әмірге (басшыға) бағыну. Құран кәрімде «Аллаһқа, Расулына және өздеріңнен болған мұсылман әмірлерге бағыныңдар» делінген. Әмірге бағынбау харам болып табылады.

Сүйікті пайғамбарымыз «Менің үмбетім бір дене секілді» деген. Бір денеде екі жүрек, сегіз көз, қырық құлақ болмайды. Жетістікке жету үшін бірлік болу керек. Әмірдің бұйрықтарына бір рет болса да қарсы шығуға немесе сын айтуға ешкімнің ақысы жоқ. Өз ақылын, ой-пікірін айтуға құқығы болса да, бәрібір соңғы сөзді әмір айтады, шешімді әмір береді.

Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) византиялықтармен соғысуға әскер жасақталуын әмір етіп, азат етілген құлы және асыранды баласы Зәйд бин Харисаның ұлы 22 жасар хазреті Усаманы сол әскерге қолбасшы қылды. Әскердің сапында сахабалардың үлкендерінен бәрі бар еді, бірақ ешбірі «Біз қара нәсілді күңнен туған Усаманың қол астында соғысамыз ба?» демеді.

Штаб құрылды, әскер жасақталды. Бастамақшы болған кездерінде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) қайтыс болды. «Кері қайту керек пе, жалғастыра беру керек пе?» деп хабар күтіп отырғанда халифа ретінде сайланған хазреті Әбу Бәкір дереу Асхаби кирамның алдыңғы қатарлыларын жинады. «Көріп тұрсыздар, Расулуллаһтың қайтыс болуымен араб тайпалары билікке қарсы көтеріле бастады, мүртәдтардан мүшриктердің саптарына қосылғандар да болды. Мүшриктер болса Мәдинаның айналасында мүмкіндікті күтіп жүр. Ислам әскері алыста жорықты жалғастырса, қаламызды қоршап тұрған мүшриктер Мәдинаға шабуылдауы мүмкін. Не дейсіңдер, әскер кері қалаға қайтсын ба, әлде жорығын жалғастыра берсін бе?» деп сұрады. Мәдиналықтардың барлығы «Басқа әскеріміз жоқ, әскер кері қайтсын. Жорыққа кейінірек шығады. Дегенмен, соңғы шешім өзіңізден» дейді. Халифа, яғни әмір хазреті Әбу Бәкір «Истишара жасалды (ақылдастық), енді соңғы шешімімді тыңдаңдар. Қалада бірде-бір еркек қалмастан, бәрі әскерге қосылады, әскер жорығын тастап кері қайтпайды» деді. Сол кезде жиналғандардың ішінде  жалғыз өзі ғана осындай ойда еді және осындай шешім қабылдады. Аяғында соғысқа жіберген әскері де жеңіске жетті, әскердің жоқтығынан пайдаланып қаланы басып алуды көздеген кәпірлер де «Осы қайғылы күндерінде осындай үлкен әскер жинақтап соғысқа шығарған болса, қаланың ішінде кім біледі әлі қанша әскер бар екенін?» деп көздері қорыққандықтан шабуылдай алмады. Егер жолдағы әскер кері қайтса, батылдықтары жетіп, қан төгілер еді. Халифа «Истишара жаса (ақылдас), шешім бергеннен кейін Аллаһқа үміттен және шешіміңнен қайтпа!» деген мағынадағы аяти каримаға мойынсұнудың берекетін көрді.

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Nov 5, 2026, 7:01:02 AM (10 days ago) Nov 5
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Екі түрлі ақыл бар: Сәлим ақыл және Сақим ақыл. Сәлим ақыл діннің барлық үкімін еш қарсыласпастан қабыл етеді. Ондай ақыл пайғамбарларда, сахабаларда, ғұлама және әулие кісілерде болады. Сақим ақыл қалған адамдарда болады.

Аллаһу та’ала кім нені қаласа соны жаратады. Сүйікті құлдарының қалауларын кейде жаратпайды. Өйткені ол құлдардың қалаулары кішкентай баланың отқа, ыстық нәрсеге ұмтылуы сияқты. Олай жасаған балаға ата-анасы оны жақсы көргендіктен кедергі болады. Аллаһу та’аланың сүйген құлдарының кейбір қалауларын жаратпауы осыған ұқсайды. Кәпірді жақсы көрмегендіктен оның барлық дерлік қалауын жаратады.

Қандай да бір қайғылы, қиын жағдайға тап болғанда кінәні басқалардан іздемей, өзімізден іздеуіміз керек. Өйткені Аллаһу та’ала құлдарына зұлымдық жасамайды. Дініміздің ішінде ешқандай зиян жоқ, болуы да мүмкін емес. Дініміздің сыртында ешқандай пайда жоқ және бола алмайды. Қиыншылықтан құтылудың шарасы – көп истиғфар етіп, өз-өзін есепке тарту, кінәні, кемшілікті өзінен іздеу.

Имам Раббани хазретке бір шәкірті «Ұстаз, қатты ауырып жүрмін» деп шағымданып хат жазады. Имам Раббани хазрет «Сенің басқа ауруың бар. Сол ауруыңды неге айтпайсың? Ол аурумен өлетін болсаң тозаққа түсесің. Сенің көңілің ауру» деп жауап береді. Шәкірті қателігін түсініп, қайта хат жазады: «Иә, көңілім ауру. Маған дұға етіңіз». Имам Раббани хазрет оған былай жауап жазады:

«Сен дұғаға лайық болу үшін әуелі мына нәрселерді орында:

1) Адам алдымен өз кінәсін, өз ауруын мойындауы керек. Ауру емеспін деген адамға ешкім дәрі бермейді.

2) Өкініп тәубе етуі, күнәдан тыйылуы керек.

3) Тілмен Аллаһу та’алаға жалбарынуы қажет.

Осы үш шарт орындалса дұға қабыл болады. Бұл үш шарт орындалмаса дұғаның пайдасы тимейді».

Адам өзін қаншалықты кемшілікті деп білсе, сонда дін бауырын соншалық кінәсіз, қадірлі көреді. Бұл оның құтылуына себеп болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Өзінікі дұрыс бола тұра «кінә өзімде, сенікі дұрыс» деп айтқан адамға жәннатта зәулім сарай беріледі, мен бұған кепілмін» деген. Ешқандай кінәсі болмаса да, талас-тартыстың алдын алу үшін дін бауырына «Мен кінәлімін, сенікі дұрыс» деу керек. Өйткені қандай ниетпен болса да талас-тартыс басталса, қарсыдағы адам кінәланған болады немесе «сенікі қате» деген сөзге тап болады. Нәтижеде ренжиді, көңілі қалады.

image001.jpg
image002.jpg

in...@islamdini.kz

unread,
Nov 12, 2026, 7:02:57 AM (3 days ago) Nov 12
to islam...@googlegroups.com

Бұл дүние мәңгілік бақыттың мекені емес!

Хадис құдсиде Раббымыздың бізді анамыздан да қатты жақсы көретіндігі білдірілуде. Суфян Сәури (рахимәһуллаһ) бір науқастың көңілін сұрап барады. Науқас өте жас, бірақ ауруы өте ауыр, өмірінің соңғы сәттерін сүріп жатыр екен. Анасы мен әкесі қасында жылап отыр. Мұны көрген Суфян хазрет оларға: «Жыламаңдар, балаларың екеуіңнен де қамқор болған Аллаһтың алдына бара жатыр» дейді.

Раббымыздың бізді қатты жақсы көретінің есепсіз көп белгілері бар:

1) Бізді жаратты. Жаратпауы да мүмкін еді. Жаратпаса, ешкім біздің неліктен жаратылмағанымыздың есебін сұрамайтын еді.

2) Адам қылып жаратты. Қаласа, бізді жануар қылып, жәндік қылып, шаян немесе жылан қылып жарата алатын еді. Адам – жаратылыстардың ең құндысы. Жер мен көкте не бар болса, бәрі бізге қызмет етуде. Күн біз үшін шығады, біз үшін батады. Бұлттар біз үшін жиналып, бізге жаңбыр жаудырады. Ағаштар біз үшін гүлдеп, жеміс береді, лай су ішкен болса да, бізге сондай тәтті және әдемі жеміс-жидектер сыйлайды. Малдар біз үшін қоректенеді, ет пен сүт пайда болып, оларды бізге сыйлайды. Улы жәндіктен бізге бал сияқты тәтті және шипалы азық береді. Тағы бір жәндіктің сілекейінен жібек сияқты құнды, жұмсақ киім беруде.

3) Жасаған ғибадаттарымыздың ақысын бізге берген ниғметтерімен лезде алып жатырмыз. Бұған қарамастан сауаптарымызды ең аз дегенде бірге он және одан да көп беруде. Бізді жақсы көрмесе, қайырлы істерге шын көңілмен ниет еткенімізде ол амалды жасағандай қабыл етпес еді. Күнә жасауға ниет етсек те, оны істемейінше бізге күнә жазылмайды. Бұлардың бәрі үлкен ниғметтер. Күнәларымыз қаншалықты көп болса да, оларға өкініп Раббымыздан кешірім сұрасақ, тәубенің шарттарын орындасақ, мүлдем күнә істемегендей боламыз. Дүниелік ниғметтер қаншалықты көп болса да, бәрі өткінші, қысқа, фәни. Адам баласы осы ниғметтерге тоя алмай айрылуда. Дүние ниғметтерінде кәдімгі ләззат та жоқ. Әрі тісім болсын, әрі ауырмасын десеңіз, бұл мүмкін емес. Сондықтан, бізді қатты жақсы көретін Раббымыз дүние ниғметтері мен бақытын бізге аз деп санауда. Мәңгі бақытқа қауышуымызды қалауда. Мәңгі бақытқа қауыша алуымыз үшін бізге шақыру жіберуде.

Пайғамбарлары арқылы бұл ниғметке қалай қол жеткізетінімізді білдірген және жолдарын көрсетуде. Дүниенің өзі өткінші болғандықтан, бұл жердегі бақыттылық та өткінші. Өмір сүріп жатқан дүниеміз мәңгілік бақытқа қауышудың мекені бола алмайды. Бұл жерден айрыламыз, басқа әлемге кетеміз. Ибн Абди Раббиһ бір күні Мәкхул Димишқиден: «Жәннатқа кіруді жақсы көресің бе?» деп сұрайды. Ол: «Әрине, кім жақсы көрмейді?» деп жауаптайды. Сонда оған: «Олай болса, өлімді де жақсы көруің керек! Өйткені адам өлмей тұрып жәннатқа кіре алмайды. Жәннаттың жолы сол арқылы өтеді» деді. Өлімді жақсы көру, өз-өзіне қол жұмсау дегені емес! Өлгеннен кейін есеп беру керектігін ұмытпай адал өмір сүру деген сөз!

 

Адамның ең үлкен мақсаты

Адамның ең үлкен мақсаты және маңызды талпынысы – иманмен дүниеден айрылуы. Елімізде бостан босқа қайтыс болған адамға «иманы саламат болсын» деп айтылмайды. Осы себептен ғалымдарымыз соңғы демде калима айтып кетуге көп дұға еткен. Хатым дұғаларында да көп естиміз «Йа, Раббым, соңғы демімізді калима-и шаһадат айтып беруімзді нәсіп ет» делінетінін. Адам көбінесе қалай өмір сүрсе, солай қайтыс болады. Қалай өлсе, солай тіріледі. Сондықтан жақсы, адал өмір сүруіміз керек. Адамның табиғаты сондай, барлық нәрсенің ең жақсысын өзімізге қалаймыз. Әрине мүмкіндікке қарай. Ең жақсы үйде тұру, ең жақсы көлікке міну, ең әдемі киімдер мен аяқ-киім киюге тырысамыз. Бұлардан да маңызды болғаны – жақсы күйде қайтыс болуға дұға ету керек және соған тырысу керек. Раббымыз осы ең үлкен ниғметін бізге нәсіп етсін. Әмин!

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages