|
[Тек қана бір амалды орындауда қиындық туындаса, яғни өз мазһабы бойынша орындауға мүмкіндік болмаған бір амалды басқа мазһабқа жүгініп орындау рұқсат болады. Бірақ екінші мазһабтың сол амалға байланысты шарттарына, яғни парыздары мен мүфсидтеріне мән беруі керек. Ханафи мазһабының ғалымдарының осындай амалдарда малики мазһабын тақлид етуге (үкімін ұстануға) фәтуа бергені Ибн Абидиннің «Никахи-и рижи» бөлімінде жазылған]. Ғалымдардың көбі ханафи мазһабының дұрысырақ екенін айтқан. Сондықтан ислам мемлекеттерінің көбінде ханафи мазһабы орныққан. Түркістан мен Үндістанның және Анадолының толығы дерлік ханафи. Африканың батыс тарапының бәрі малики. Үндістанның кей жағалауларында да бар. Шафиилер Мысырда, күрдтерде, Арабстанда және Дағыстанда көп. Ханбалилер аз. Кезінде Шам мен Бағдатта көп еді. «Әдиллә-и шәрия» [яғни діни білімдерде мүжтәһид имамдарға дәлел, қайнар] төртеу: «Құран кәрім», «Хадис шәрифтер», «Ижма-и үммет» және «Қияс-и фуқаһа». Мүжтәһидтер бір амалдың қалай орындалатынын Құран кәрімде анық таба алмаса, хадис шәрифтерге қарайды. Хадис шәрифтерде де анық таба алмаса, бұл мәселеде «Ижма» бар болса, солай орындау керектігін айтады. [Ижма – сөз бірлігі деген сөз. Яғни сол амалды асхаби кирамның барлығының бірдей түрде орындауы немесе айтуы деген сөз. Асхаби кирамнан кейін келген табиин буынының да ижмасы дәлел, құжат. Одан кейін келгендердің, әсіресе осы замандағы адамдардың, діндегі реформисттердің, дін надандарының істегендеріне, айтқандарына ижма деп айтылмайды]. Бір амалды қалай орындау керек екенін ижмамен де біле алмаса, мүжтәһидтердің қиясы бойынша орындау қажет болады. Имам Малик (рахметуллаһи алейһ) осы төрт дәлелден басқа Мәдинаның сол замандағы халқының сөз бірлігін де дәлел деп қабылдады. Бұл әдеттері ата-бабаларынан және соңында Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) көрініп салт-дәстүр ретінде келген деді. Бұл дәлелді қиястан да берік деді. Бірақ басқа үш мазһабтың имамдары Мәдина халқының сөз бірлігін дәлел ретінде алмады. Ижтиһад жолы екеу: бірі Ирак ғалымдарының жолы болып, мұны «Рәй жолы» деп атайды. Яғни қияс жолы. Бір амалдың қалай орындалатыны Құран кәрімде және хадис шәрифтерде айқын көрсетілмеген болса, соған ұқсайтын басқа амалдың қалай орындалатынын іздеп табады. Осы амалды сол сияқты орындайды. Асхаби кирамнан кейін (радиаллаһу та'ала анһум әжмаин) бұл жолдағы мүжтәһидтердің көшбасшысы Имам Ағзам Әбу Ханифа (рахметуллаһи алейһ). Екінші жол Хижаз ғалымдарының жолы болып, мұны «Риуаят жолы» деп атайды. Олар Мәдинаның сол замандағы халқының әдет-ғұрпын қиястан жоғары санайды. Бұл жолдағы мүжтәһидтердің көсемі Имам Малик (рахметуллаһи алейһ), ол өзі Мәдинада тұратын. Имам Шафии мен Ахмед бин Ханбал да (рахметуллаһи та'ала алейһима) Имам Маликтың сұхбатына қатысқан. Имам Шафии Имам Маликтың жолын үйренген соң Бағдат тарапына барып, Имам Ағзамның шәкірттерінен білім алып, бұл екі жолды біріктірді. Бөлек ижтиһад жолын құрды. Өзі тілмар, шешен, әдебиетші болғандықтан, аяти карималар мен хадис шәрифтердің баяндау түріне қарап, күштірек деп санаған тарапы бойынша амал ететін. Екі тарапта да басымдылық таппаса, сол кезде қияс жолымен ижтиһад ететін. Ахмед бин Ханбал да Имам Маликтың жолын үйренген соң Бағдат тарапына барып, Имам Ағзамның шәкірттерінен қияс жолын алды, дегенмен көп хадис шәриф жаттағандықтан, әуелі хадис шәрифтердің бір-бірін күшейтуіне қарап ижтиһад еткен. Осылайша ахкам-и исламияның көбінде басқа үш мазһабтан бөлінген. |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |