|
154) МАЛИК БИН НУВӘЙРА: Бәни Тәмим тайпасының көсемі еді. Тайпасымен бірге мұсылман болған еді. Расулуллаһ оған тайпасынан зекетін жинап Мәдинаға әкелу міндетін тапсырған болатын. «Мәдариж-ун нубуввә» кітабының 690-шы бетінде жазылуы бойынша, Малик Расулуллаһтың қайтыс болғанын естігенде зекетті жібермеді, иелеріне таратып қайтарды. Халид бин Уәлидпен сөйлескен кезде Расулуллаһ туралы: «Сендердің иелерің тек өзі ғана айтқанын ойлайды» және «Естуімше, мырзаларың былай айтқан екен...» деді. Бұл сөз Халидке өте ауыр келді. Асхаби кирамнан Дырар бин Малик-ил Әзуар Әсәдиге бұйрық берді, Дырар оны өлтірді. Дырар Расулуллаһтың елшісі еді. Ярмук, Шам және Ямама соғыстарында көп қаһармандық көрсетіп, шәһид болды. Малик бин Нувәйраның інісі ақын еді. Ағасына жоқтау оқыды. Халифа Әбу Бәкір (радиаллаһу анһ) Халидтың үзірін қабыл етті. 114, 116. 155) МӘҺДИ: Фатима-туз Зәхра ұрпағынан қияметке жақын келетін тұлға. Есімі Мұхаммед, әкесі Абдуллаһ болады. Ғалым әрі әулие болады, жер бетінің халифасы болады. Иса (алейһиссалам) аспаннан Шамға түскенде хазреті Мәһдимен кездеседі. Мәһди мүжтәһид болып, басқа мазһабтардың үкімін жойып, бүкіл әлем оның мазһабын ұстанады. Ол өте әділ болады, ешбір жаратылыстың арасында дұшпандық қалмайды. Асхаби Кәһф оянып, үңгірден шығады да, Мәһдиге қызмет етеді. Хадис шәрифтер осыларды және тағы басқа көптеген белгілерін хабар беруде. Ибн Хажәр Мекки «Қаул-ул мұхтасар фи аламат-ил Мәһдийил мунтазар» атты кітабында ұзақ баяндаған (рахимә-һуллаһу та'ала). 59, 74, 142. 156) МӘНАУИ [немесе Мунауи]: Абдуррауф бин Әли – хадис және фиқһ ғалымы. Шафии еді. 924 жылы Мысырда дүниеге келіп, 1031 [м.1622] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Тәфсир, хадис, фиқһ, тасаууф, тарих, ахлақ және медицина туралы жүзге жуық шәрһтері мен еңбектері бар. «Кунуз-уд дақаиқ» кітабында он мың хадис шәриф бар. 1281 жылы Стамбұлда басылған. 120, 128, 248, 249, 252, 254, 255, 256, 257. 157) МӘРУАН БИН ХАКЕМ: бин Әбил Ас бин Умәйя – төртінші Әмәуи халифасы. Хижреттің екінші жылы дүниеге келді. Хазреті Османның көкесінің ұлы. Әкесі Таифқа сүргінге жіберілгендіктен, ол Таифта өсті. Хазреті Осман оны Таифтан Мәдинаға әкеліп, өзіне хатшы қылды. Хазреті Османды шәһид етуге Мысырдан келген сыған әскерімен сарайдың бақшасында қақтығысып жатқанда мойны жараланды. Мойны қисайып қалды. Хазреті Муауия заманында Мәдина мен Хижаз әкімі болды. 49 жылы босады. Абдуллаһ бин Зубәйрдің халифалығын қабыл етпекші еді. Бірақ Ибн Зиядтың сөзіне алданып, 64 жылы хақ бойынша халифа болған Абдуллаһқа қарсы шықты. Шамда өзі халифа болды. 65 [м.684] жылы 63 жасында әйелі тарапынан ұйықтап жатқанда өлтірілді. Кейбір кітаптар оба ауруынан қайтыс болғанын жазады. Ол ғалым еді. Фақиһ еді. Өте зерек әрі ақылды еді. Құран кәрімді өте әдемі оқитын. Күнәлардан аса сақтанатын. Әкесі Хакем бин Ас Мекке жаулап алынған күні иман келтірген болса да мұнафиқ еді. Жәмәл оқиғасында Мәруан атқан оқ хазреті Талханы шәһид етті. Алайда екеуі де хазреті Айшаның әскері еді. Бұл соғыста қатты жараланды. Хазреті Әли оны кешіріп, Мәдинаға жіберді. Оның мөрінде «Аллаһқа сиынамын, оған жүгінемін» деп жазылған еді. Саяси өмірі аралас әрі қараңғы болғанымен, Аббаси тарихшылары халифаларға жақсы көріну үшін қателіктерін асырып жазып, тіпті оны жамандау үшін хадис ойлап та шығарған. Дұшпан тарапынан жазылған кітаптар әлбетте осындай болады. Хазреті Османның халифалық істерінде қолданған және хазреті Әли кешірген адамды малғұн деп атауға дейін барып жамандады. Османлы тарих кітаптары уақыттың жақындығы мен шекара көршілігі тұрғысынан Аббаси тарих кітаптарынан аударылған, олардың әсерінде қалғандықтан, қолымыздағы кітаптарда қате мағлұматтар бар. Ақиқатында аббасилер әһли бәйтке қарсы дұшпандықта әмәуилерден әлдеқайда асып түскен. 121, 130, 139, 345, 350, 358, 365, 378. 158) МӘСРУК: Мәсрук бин Мәрзубан Куфи – тәбә-и табииннің ұлыларынан. Риуаяттары өте құнды. Екі жүз қырқыншы жылы қайтыс болды. Ибн Хажәр Аскалани «Тәхзиб-ут тәхзиб» кітабында оныншы томында ол туралы жазған. 31, 204. 159) МӘЙМУН БИН МҰХАММЕД НӘСӘФИ: Ханафи ғалымдарынан. 508 [м.1114] жылы қайтыс болды. Кәлам ғалымы. «Тәмхид» кітабы мәшһүр. Басқа еңбектері де бар. 118, 363. 160) МИҚДАД: Миқдад бин Амр бин Саләбә Кенди – Миһдад бин Әсуад есімімен танымал. Асхаби кирамның ұлыларынан. Алғаш иманға келгендерден және Хабешке хижрет еткендерден. Мәдинаға хижрет ете алмай, исламын жасырып Меккеде қалған болатын. Икримә қолбасшылығында мұсылмандарға қарсы жіберілген құрайш әскерінің сапында болып, соғыс басталғанда ислам тарапына өткен еді. Бәдір және басқа бүкіл соғыстарға қатысты. Мысырды жаулап алуға қатысты. Отыз үшінші [33] жылы хазреті Осман заманында Мәдинада 70 жасында қайтыс болды. Хадис шәрифпен мақталды (радиаллаһу та'ала анһ). 27, 68, 105, 113, 241. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |