ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 180

4 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Nov 12, 2022, 12:19:03 AM11/12/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ ХАДИ ӘЛИ БИН МҰХАММЕД (радиаллаһу анһ) (2)

∙ Халифа Мутәуәккил Имам Хадиды (радиаллаһу анһ) Мәдинадан Ирак тарапына шақырды. Серменрайға барған соң оны Хан-уссадық деген жаман бір жерге жайғастырды. Имам Хади хазреттің жақындарының бірі Салих бин Саид алдына кіріп, «Ұстаз, сізге жаным пида, олар сіздің қадіріңізді жасырып, нұрыңызды сөндіргісі келеді. Өйткені сізді осындай жаман жерге жайғастырды» деді. Имам Хади (радиаллаһу анһ) оған «Ей, Ибн Саид! Сен әлі осы дәрежедесің бе?» деді де мүбәрәк қолымен ишара етті. Одан кейінгісін Салих бин Саид былай баяндаған: «Сол мезетте бақшаның арасындағы зәулім сарайлар, өзендер, хор қыздар және маржандай тізіліп тұрған қызметшілер көрдім. Қайран болдым. Маған: «Ей, Ибн Саид! Біз қайда болсақ та, мыналардың бәрі бізбен бірге. Біз бұл жаман жерде емеспіз» деді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Жұбайым жүкті еді. Ұлым болсын деп Имам Хади хазреттен дұға сұрадым. Ол «Ұлды боласың, есімін Мұхаммед деп қой» деді. Ұлым туылды, есімін Мұхаммед деп қойдым».

∙ Тағы бір адам айтып берген: «Жұбайым жүкті еді. Ұл босансын деп Имам Хадиден (радиаллаһу анһ) дұға сұрадым. Ол «Көп қыздар ұл баладан қайырлы болады» деді. Қызым туылды».

∙ Бір адам Имам Хадиға (радиаллаһу анһ) «Куфа қазысы мені қинап жатыр» деп шағымданды. Ол «Оған тағы екі ай сабыр ет» деп бұйырды. Екі айдан кейін қазы қызметінен босады.

∙ Халифа Мутәуәккил үйінде көп құс асырайтын. Құстардың шуынан келушілердің дауысы естілмей, не айтқаны түсініксіз болатын. Келушілер де Мутәуәккилдің сөзін түсінбейтін. Имам Хади (радиаллаһу анһ) келіп ішке кіргенде құстардың шуы тоқтайтын, шыққан соң қайтадан сайрайтын еді.

∙ Үндістаннан сиқыршы келген болатын. Ғажайып, ерекше нәрселер көрсететін. Мутәуәккил оны шақырып, «Егер бір ойын көрсетіп, Имам Хади Әли бин Мұхаммедті масқара қыла алсаң, саған мың динар беремін» деді. Сиқыршы келісті де, «Жарайды, істеймін, бірақ тамақ және қасына бірнеше нан әкеліңдер және мені оның қасына отырғызыңдар» деді. Айтқаны орындалды. Имам Хади (радиаллаһу анһ) нан алмақшы болды. Сиқыршы бір нәрсе істеп еді, нан оның алдынан ұшып кетті. Мұны сиқыршы үш рет істеді. Ол жерде отырғандардың бәрі күлді. Бөлмедегі диванның жастығында арыстанның суреті бар еді. Имам Хади хазрет сол арыстанның суретіне ишара етіп, «Мынаны ұста» деді. Ол сурет жанданып, арыстанға айналды. Секіріп келіп сиқыршыны жұтып жіберді. Кейін қайтадан жастыққа барып, суретке айналды. Мутәуәккил сиқыршының қайтадан шығуы үшін Имам Хадиға (радиаллаһу анһ) әбден жалынса да, ол көнбей, «Уаллаһи, Аллаһтың дұшпандарын достарына айдағандарды мүлде көре алмайсыңдар» деді. Кейін ол жерден кетіп қалды. Бұл оқиғадан кейін сиқыршыны ешкім көрмеді.

∙ Бір күні Имам Хади (радиаллаһу анһ) халифаның ұлдарының бірінің үйлену тойының асына қатысты. Бәрі әдеппен отырған еді. Тек бір жігіт қана көп сөйлеп, күліп, әдепсіздік көрсеткен еді. Имам Хади хазрет оған «Ей, жігіт, қарқылдап күліп отырсың және Аллаһу та'аланың зікірінен қапы қалудасың! Алайда сен үш күннен кейін қабірде боласың» деді. Жігіт мұны естігенде бірден әдепсіздігін қойды. Кейін астан соң бәрі тарады. Ертеңіне жігіт ауырып қалды да, үш күннен кейін қайтыс болды.

∙ Тағы бір күні үйлену тойында отырған еді. Самира халқынан бір адам бос сөздер айтып, Имам Хади хазретке қажетті құрметті көрсетпеді. Имам Хади (радиаллаһу анһ) «Мына адамның үйінен жаман хабар келеді, мына асты жей алмайды» деді. Дастарханға ас қойылған соң әлгі адам қолын жуып, асқа отырған сәтінде қызметшісі жылап ішке кірді. Оған «Анаңыз шатырдан жерге құлапты, өлім аузында жатыр. Дереу барыңыз, өлмей тұрып көріп қалыңыз» деді. Адам тамақ жемей кетіп қалды.

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages