АСХАБИ КИРАМ – 171

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Sep 20, 2025, 4:26:32 AMSep 20
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (9)

8) АБДУЛХАКИМ СИЯЛКУТИ: Әкесі Шәмсәддин Мұхаммед. Үндістанның ұлы ханафи ғұламасы. Фақиһ еді. «Бәйдауи» тәфсиріне, Тафтазанидың «Ақаид-и Нәсәфи» шәрһіне, Ахмед Хайалидың «Шәрһи Ақаид» хашиясына, Дәуанидың «Ақаид-и Адуд» шәрһіне және «Мутаууәл» кітабына хашиялар жазған. «Исбат-ул уәжиб» кітабы да танымал. 1067 [м.1657] жылы қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). 144, 146, 147.

9) АБДУЛХАМИД ХАН II: Османлы патшаларының отыз төртіншісі және ең жоғары мәртебелісі еді. Ислам халифаларының тоқсан тоғызыншысы еді. 1258 [м.1842] жылы дүниеге келді. 1293 [м.1876] жылы халифа болды. 1336 [м.1918] жылы қайтыс болды. Ченберлиташта атасы сұлтан Махмұдтың кесенесінде жерленген. Ислам дініне жасаған қызметі санаумен бітпейді. Абдулазиз хан дұшпанадарға құрал болған адамдар тарапынан шәһид етіліп, кейіннен марионетка ретінде халифа етілген 5-ші Мұрат та тақтан түсірілгеннен кейін, орнына Абдулхамид хан келді. Еуропада белгілі бір топтар исламды жою үшін дайындаған жойқын жоспарларын қарқынды түрде жүзеге асыра бастағанда, ол олардың жолына кесе-көлденең шықты. Ақыл-парасаты, зеректігі мен білімі ерекше жоғары болғандықтан, ғасырлар бойы елге қарсы әзірленген жасырын, арам және жабайы қастандықты бірден сезді. Бұл қастандықты дайындағандарды және олар қолшоқпар етіп пайдаланған жалған батырларды биліктен алыстатты. Ислам білімдерін, яғни дін, ғылым және ахлақ білімдерін елдің түкпір-түкпіріне таратты. Көптеген білімді, мәдениетті дін адамдарын тәрбиелеп шығарды. Елді отыз бір жыл бойы әділдікпен басқарды. Білімді әрі адал жас ұрпақ тәрбиеледі. Әділетсіздікті, жамандықты, адамгершілікке жат әрекеттерді түп-тамырымен жойды. Осы себепті кейбір адамдар оған қас болды. Жылдар бойы қараланып, жалаға ұшырады. Кейінгі келген жас ұрпаққа толықтай бұрмаланып, басқаша таныстырылды.

Алайда әділ жазылған тарих кітаптарын оқығандар мен оның білімге, ғылымға, өнеркәсіпке, саудаға, адамгершілікке, қысқаша айтқанда адамзатқа қалдырған мұраларын көргендер бұл жала сөздерге алданбады. Оған тіл тигізген өтірікшілерден, ғалым, жазушы бейнесіндегі дұшпандардан және олардың айтқан өтіріктерінен жиіркенді. Оның ұлылығына таңданды.

Басында ол бір жыл бес ай бойы мемлекетті басқару ісіне араластырылмады. Елді бас уәзір (премьер-министр) Мидхат паша мен оның серіктері басқарды. Олар 24 сәуір 1295 [м.1877] күні Ресеймен соғысуға себеп болды. Бұл соғыс хижри 1293 жылға сәйкес келгендіктен, «93 соғысы» деп аталады. 93 соғысы Едирне бітіміне дейін тоғыз айға созылды.

Олар мүшир (маршал) дәрежесіне көтерген Сүлейман паша Шыпка асуында үлкен қателік жасап, ең таңдаулы түрік жасақтарының босқа қырылуына себеп болды. Бұл жеңілісті ерлік деп бағалап, оны бас қолбасшы етті. Алайда ол Филиппопольге (қазіргі Пловдивке), содан кейін Едирнеге қашты. Едирнеде де табан тірей алмай, бітім сұрады. Бітім тек Сұлтан Абдулхамид ханның королева Викторияға жолдаған телеграфы арқасында ғана мүмкін болды.

Ресейліктер мен болгарлар он мыңдаған түрік әйелдері мен балаларын қырды. Бір миллионнан астам түрік Болгариядан Стамбұлға қоныс аударды. Ол кезде Ресейдің халқы тоқсан миллион, ал Османлы халқы 64 миллион еді. Сұлтан Абдулхамид хан осы қасіретті көріп, Едирне бітімінен он үш күн өткен соң, 13 ақпан 1296 [м.1878] жылы мәжлис-и мәбусанды (парламентті) жауып тастады. Мемлекет басқаруын өз қолына алды. Мәжіліс мүшелерінің тек қырық пайызы ғана түрік болатын. Егер бұл парламент жұмысын жалғастырса, Османлы мемлекеті сол кездің өзінде-ақ бөлшектеніп, күйреуі мүмкін еді. Сұлтан Абдулхамид ханның алғашқы және ең үлкен жетістігі – осы пәлекетті дер кезінде байқап, алдын алуы болды.

Османлыларға қол қойдырылған 1878 жылғы 3 наурыздағы Айастефанос [Йешилкөй] келісімін Сұлтан Абдулхамид хан іштей қабылдай алмады. Данышпандықпен және аса айлакерлікпен ол 1878 жылғы 4 маусымда Англиямен құпия келісімге келді. Келісім бойынша, Кипр аралының басқару ісін Англияға берді. Бірақ аралдың табысы жыл сайын Стамбұлға жіберіліп отыратын және Кипр Османлы империясының бір бөлігі болып қала беретін. Мұның орнына Англия Айастефанос келісімін Түркияның пайдасына қайта қарауға көмектесетін болды. Осылайша Берлин келісімінде 1878 жылғы 13 шілдеде қол қойылып, жоғалтылған жерлеріміздің көбісі қайтарылып алынды. Бұл соғыста төленетін соғыс өтемақысы өте ауыр болды. Сұлтан Абдулхамид бұл мәселеге де дана шешім тапты. [м.1881] жылы «Дуйюн-и Умумия» (Мемлекеттік қарыздарды басқару кеңсесін) құрып, қарызды 252 миллионнан 106 миллион османлы лирасына дейін азайтты. Оның бұл жетістігі мемлекетке ең үлкен ұмытылмас қызметі болды. Ірі державалардың барлық қысымдарына қарамастан, Абдулхамид хан Берлин келісімінің Анадолының шығысында армяндарға автономия беретін бабын ешқашан жүзеге асырмады. Мидхат паша мен оның серіктері Ресейдің соғыс ашуына себеп болды. Соның кесірінен Румелия мен Анадолының көп бөлігі Ресейдің қолына өтті. Ішкі басқару істері масондардың қолында қалды. Исламды жою, дінге реформа жасау мақсаттары қойылды. Бұл үшін дін адамдары әдейі сауатсыз болып тәрбиеленді. Неміс тарихшысы Ханс Крамер өзінің әйгілі «Он тоғызыншы ғасыр» атты тарих кітабының үшінші томының жиырма алтыншы бетінде «dessen klugen Bruder Abdülhamîd II», яғни «Бесінші Мұраттың ақылды бауыры» деп мақтаған екінші Абдулхамид мемлекеттің апатқа ұшырай жатқанын, пашалардың масондарға қызмет ететінін көріп білген соң парламентті жапты. Өзінің ирада-и сәниясымен (ресми бұйрығымен) және мәжлис-и вукәла (уәзірлер кеңесі) шешімімен мәжлис-и мәбусанды (парламентті) демалысқа жіберді. Конституциялық жүйе және осы жүйені бекіткен 93-ші жылғы конституция (канун-и әсаси) жойылған жоқ. Бұл конституция 1908 жылы Конституциялық жүйе жарияланғанға дейін өз күшінде болды. Сұлтан Абдулхамид хан сенат мүшелерінің қызметін де тоқтатпады. Тірі қалған сенаторлар 1908 жылғы халық мәжілісіне қосылды. Сұлтан Абдулхамид хан мемлекет пен халықты 31 жыл бойы Аллаһу та'аланың әмірлеріне сай, әділдікпен басқарды. Халық бейбітшілікте, молшылықта, арзаншылықта, тыныштық пен шаттықта өмір сүрді.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages