|
«Мират-и каинат» кітабында жазылған: «Муауия (радиаллаһу анһ) Мекке жаулап алынған күні әкесі Әбу Суфянмен бірге Расулуллаһтың алдында иманға келді. Имандары күшті еді. Ол Расулуллаһтың хатшыларының бірі еді. Расулуллаһ бірнеше рет ол туралы: «Йа, Раббым! Оны тура жолда жүргіз және басқалардың да тура жолға түсуіне оны себепші қыл!» деген. Бір ретінде: «Йа, Раббым! Муауияға білім бер және есеп-қисапты үйрет! Оны азаптан қорға! Йа, Раббым! Оны мемлекеттерді басқарушы қыл!» деп дұға еткен. Бір ретінде де: «Ей, Муауия, мемлекеттерді басқаратын кезіңде жақсылық жаса!» деген. Ол өзі «Бұл дұғаны естіген кезімде халифа болатын күнімді күтіп жүрдім» деген. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) бір күні жануарына мініп, артына хазреті Муауияны отырғызды. Жолда: «Йа, Муауия! Маған қай дене мүшең жақынырақ?» деп сұрады. Ол «Ішім» дегенінде: «Йа, Раббым! Сен оны білімге және жұмсақ мінезге толтыр!» деп дұға етті. Хазреті Муауияның кешірімділігі мен жұмсақтығы көп болғаны соншалық, екі үлкен томдық кітапқа жазылған. Арабстанда төрт кемеңгер жетіліп шыққан. Біріншісі Муауия. Хазреті Омар Муауияға қараған сайын: «Араб билеушілерінен парсы патшалары секілді абыройлы, құрметті және мықты болған осы» дейтін. Ол жомарт болғаны сонша, хазреті Хасан қарызым көбейіп кетті дегенінде оған сексен мың алтын берген». [Хазреті Муауияның әһли бәйтке деген сүйіспеншілігі мен көмегі осыдан аңғарылады]. Құдыс қаласының бірінші жаулаушысы хазреті Омар, екінші жаулаушысы хазреті Муауия еді. Хазреті Муауия ислам мемлекеттерін Африкада, Туниста, Азияда Бұхарадан және Йеменнен Стамбұлға дейін кеңейтіп, осы ауқымды елдерді басқарды. Айбатты, нұрлы жүзді, сымбатты, көркем мінезді, сүйкімді, істерінде епті, абыройлы, құрметті ел басқарушы еді. Таза және жаңа киімдер киіп, ерекше аттарға мініп, салтанатты өмір сүретін. Бірақ асхаби кирамнан болғандықтан, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) берекетімен исламнан айрылудан қорғалған еді. Абдулхақ Деһлеуи хазреттің парсы тіліндегі «Мәдариж-ун нубуввә» кітабының 417-ші бетінде және «Мәуаһиб-и ләдунния» аудармасының бірінші том, 181-ші бетінде жазылған: «Әбу Суфян бин Харб Таиф соғысында көп қаһармандық көрсетті. Бір көзі көрмей қалды. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) одан: «Йа, Әбу Суфян! Қайбірін таңдайсың? Егер қаласаң, дұға етейін, көзін қалпына келсін. Егер қаласаң, Аллаһу та'ала саған жәннатта көз берсін» деп сұрады. Әбу Суфян: «Йа, Расулаллаһ! Жәннатта көз берілуін қалаймын» деп жауаптап, қолындағы көзін жерге тастады. Әбу Суфян хазрет Ярмук соғысында да көп қаһармандық көрсетті. Екінші көзі де шықты. Сол жақта шәһид болды». «Қысас-и Әнбия» кітабының 314-ші бетінде жазылуы бойынша, Мекке жаулап алынған соң Әбу Суфян мен оның ұлы Муауия Расулуллаһпен бірге Мәдинаға хижрет етті. Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Әбу Суфянды Нәжран ауылына әкім қылып тағайындады. Хазреті Муауияны уахи хатшысы қылды. Қысас-и Әнбияда 476-шы бетінде жазылғанындай, Ярмук соғысында мұсылмандардан үш мың адам шәһид болды. Араларында асхаби кирамнан көп адам бар еді. Әбу Суфянның да бір көзіне оқ тиіп көр болды (радиаллаһу анһум әжмаин). Абдулхақ Деһлеуи хазреттің «Мәдариж-ун нубуввә» кітабының екінші том, алты жүз сексен төртінші бетінде жазылуы бойынша, Шам әкімі Язид бин Әбу Суфян қайтыс болатын кезінде орнына бауыры Муауияны әкім қылды. Халифа хазреті Омар хазреті Муауияның әкім болғанын растады. Хазреті Омар қайтыс болғанға дейін төрт жыл және хазреті Осман, хазреті Әли, хазреті Хасан дәуірлерінде он алты жыл Шамда әкім болды. Хижреттің қырық бірінші жылы хазреті Хасанның халифалықтан бас тартуына орай заңды түрде халифа болды. Шамда жиырма жыл халифа болып, жетпіс сегіз жасында «Лакуа» (ауыз қисаюы) деген ауруға шалдығып қайтыс болды. Ол хазреті Османды шәһид еткен қылмыскерлерді ұстап дереу жазалау керектігін қалағандардан еді. Ал хазреті Әли халифалық істердің араласпауы үшін бұл жазаның кешіктірілуін қалады. Осыған орай хазреті Муауияны әкім қызметінен босатты. Имам Суютидың Имам Ахмедтің Мүснәд кітабынан алып жеткізген хадис шәрифінде Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уәсәлләм): «Йа, Раббым! Муауияға жазуды және есептеуді үйрет әрі оны азаптан қорға!» деген. Қысас-и Әнбия және құнды діни кітаптар «радиаллаһу анһ» деп қайыр дұға еткен және мақтап мадақтаған, соңғы демдеріне дейін исламға қызмет ету жолында еңбек сіңіргенін хабар берген Әбу Суфянға және ұлы Муауияға (радиаллаһу та'ала анһума) тіл тигізетіндердің және Расулуллаһтың осы екі сахабасын жамандайтындардың қаншалықты қате жолда екені жоғарыдағы жазулардан аңғарылуда. (Жалғасы бар...) |
|
Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com |