АСХАБИ КИРАМ – 225

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
May 13, 2026, 1:40:00 AM (6 days ago) May 13
to islam...@googlegroups.com

АСХАБИ КИРАМ КІТАБЫНДА ЕСІМІ АТАЛҒАНДАРДЫ ТАНЫСТЫРУ (63)

222) ШАБИ: Табииннің ұлыларынан. Есімі Амир. Жиырмасыншы жылы Басрада дүниеге келіп, 104 [м.723] жылы Куфада кенеттен қайтыс болды (рахимә-һуллаһу та'ала). Ата-бабасы Йемендік болғанымен Хамаданда тұрақтаған. Ол өзі Куфада орналасты. Ибнилмусәйяб Мәдинада, Хасан Басри Басрада, Мәкхул Шамда исламның сол дәуірде төрт тірегі секілді еді. Ол асхаби кирамнан бес жүз сахабаны көрді. Абдулмәлик тарапынан рум кайзеріне елші ретінде жіберілген еді. 76, 129, 170.

223) ШАФИИ: Мұхаммед бин Идрис Құрайши. Төрт мазһаб имамдарының бірі. Үлкен мүжтәһид. 150 [м.767] жылы Құдс маңындағы Ғазза ауылында дүниеге келіп, 204 [м.820] жылы Мысырда қайтыс болды. Карафе мазарында жерленген (рахимә-һуллаһу та'ала). Мәдинада Имам Маликтен білім алды. Бүкіл ілімдерде заманының теңдессіз ғұламасы болды. Уәра мен тақуалығы бәрінен көп еді. Имам Ахмед бин Ханбалдың ұстазы, 195 жылы Бағдатқа барып, екі жыл сонда қалды. Кейін Меккеге қайтты. 199 жылы Мысырға орналасты. Үлкен ғұламалар тарапынан өмірбаяны жазылған, бәрі тарапынан мақталып қошемет көрген. Усул-и фиқһ ілімінде екі кітап жазған кісі. Хадисте «Сүнән» және «Мүснәд» атты екі үлкен кітабы бар. «Исбат-ун нубуввә уә рәдди аләл бәрахимә», фиқһта «Әмали-и кәбир», «Фиқһул әкбар», «Китабул-ум», «Мәбсут» және «Мухтасар» кітаптары өте құнды. 18, 21, 25, 28, 29, 34, 42, 43, 50, 53, 54, 57, 59, 79, 83, 84, 135, 142, 182, 185, 202, 203, 223, 225, 227, 237, 267, 360, 362, 382, 387, 407.

224) ШАХ АББАС САФЕУИ: Шах Исмаил құрған шии Сафевидтер мемлекетінің көсемдерінің біріншісі және үш шах Аббастың біріншісі. 978 жылы туылды. 995 жылы шах болды. Исфаханды астана қылды. Иранды жат елдіктерден тазалады. 1038 [м.1629] жылы қайтыс болды. Өзбек сұлтаны Абдуллаһқа жеңіліп, Хорасанда өзбектерден тартып алған жерлерді және Гератты беріп қойды. Әһли сүннетке қарсы азғын дұшпан адам болған. 1033 жылы Бағдатты османлылардан алып, халқын өлтіріп, әкім Бәкір пашаны жанармайға батырып тірідей өртеді. Он жылдан кейін османлылар Бағдатты қайтарып алды.

Иранда ислам дінінен бұрын Пишданиян, Кияниян, Ишканиян және Сасаниян мемлекеттері бар еді. Біріншілері жұлдыздарға және күнге табынатын. Киянияннан Кәштасиб заманында Зәрдушт (Зороастра) есімді біреу миладтан 600 жыл бұрын Мәжус (отқа табыну) дінін құрды. Хазреті Омар заманында мұсылмандықты қабылдады. Мәмун халифаға қарсы шыққан Тахир Хорасанда мемлекет құрды. 46 жылдан кейін 253 [м.866] оның орнына «Бәни Ләйс» мемлекеті, 287 жылы Саманиян мемлекеті құрылды. Саманилер заманында парсы тілі күшейіп, араб әріптерімен жазыла бастады. 386 жылы Ғазнауилардың бір қолы болған Ал-и Субуктекин, ал 448 жылы Сәлжұқи мемлекеті құрылды. Шыңғыстан кейін Хасан Саббахтың батыния мемлекеті Иранда шииліктің жайылуына себеп болды. 653 жылы Шыңғыстың ұлдары Илханиян мемлекетін құрды. Бұл мемлекет 783 жылы Әмір Темірдің және ұлдарының, 873 [м.1488] жылы Аққоюнлы Ұзын Хасанның қолына өтті. 908 [м.1502] жылы шах Исмаил Сафевидтер мемлекетін құрып, шии ағымын ресми дін қылды. Әмірлерін қабыл етпеген мұсылмандарды ешкім көрмеген азаптаулармен өлтірді. 1360 [м.1941] жылы әкесінің орнына отырған Мұхаммед Рыза шах Пехлеуи сүнни мұсылмандарға да құқық пен еркіндік бергендіктен, Аятуллаһ Хумәйни оған қарсы қанды көтеріліс жасады. Шах 1399 [м.1979] жылы Ираннан Америкаға қашты. 1400 [м.1980] жылы рамазан айында Мысырда қайтыс болды. Иранда шии мемлекеті құрылды. Он мыңдаған мемлекеттік қайраткер және генералдар өлтірілді. 151.

225) ШАХ ЖИҺАН: Мұхаммед сахиб киран сани. Үндістандағы Темір ұлдары мемлекетінің патшаларының бірі. Жиһангир Сәлим шахтың ұлы. Мыңыншы жылы Лахорда дүниеге келіп, 1037 [м.1628] жылы патша болды. 1068 жылы баласы Евренгзиб Алемгир тарапынан тақтан түсірілді. Агра қаласында сегіз жыл қамауда болып, 1076 [м.1666] жылы қайтыс болды. Таж-Махалдың ішінде жерленген. Аса зор салтанат пен рахаттық ішінде билік құрды. Делхи қаласын көркейтіп кеңейтті. Отырған тағы бағалы гауһартастармен безенген болатын. Жұбайларының бірінің Агра қаласында қабірінің үстіне «Таж-Махал» деген өте көрнекті, аса сәнді, әшекейлі кесене салдырды. Баласы Алемгир 1118 жылға дейін сұлтан болып, өте діндар, мүбәрәк кісі еді. 151, 152, 386.

(Жалғасы бар...)

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages