ШӘУАҺИД-УН НУБУВВӘ – 170

1 view
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Oct 5, 2022, 12:06:01 AM10/5/22
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

ИМАМ МҰСА КАЗЫМ БИН ЖАФӘР (радиаллаһу анһ) (3)

∙ Харун Рашид Әли бин Яктинге әдемі киімдер берген болатын. Ол киімдердің арасында қара жібек жіптен тоқылған алтынмен әшекейленген өте әдемі бір киім бар еді. Әли бин Яктин Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) қатты жақсы көргендіктен, киімдерге тағы біраз сыйлықтар қосып, бәрін оған жолдады. Мұса Казым сол әдемі киімнен басқа барлық сыйлықтарды қабылдады. Ол көйлекті кері қайтарып, сақтап қоюын және бір күні керек болатынын айтты. Әли бин Яктин бір күні құлдарының біріне ашуланып, қуып жіберді. Ол құл Харун Рашидке барып, «Тақсыр, Әли бин Яктин Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) имам ретінде көреді. Оған көп мал-мүлік жолдады. Тіпті сіз жіберген жібектен тоқылған, алтынмен әшекейленген көйлекті де оған берді» деді. Харун Рашид бұл хабарға ашуланып, Әли бин Яктинді шақырды. «Саған берген көйлекті не істедің?» деп сұрады. Әли бин Яктин «Ол көйлек менде» деп жауап берді. Харун Рашид «Оны дереу осында әкел» деп бұйырды. Әли бин Яктин бір құлын шақырып, «Менің сарайымда, пәлен бөлмеге бар, кілтін пәленше күңнен сұра. Сол бөлмеде сандық бар. Соны аш, ішінде мөрленген құты көресің. Сол құтыны осында әкел» деп бұйырды. Құлы дереу барып құтыны әкелді. Құтыны ашып, халифа ішінен әлгі көйлекті көрді. Хош иіс сеуіп қойған еді. Харун Рашид бұл жағдайды көріп, ашуы басылды. Әли бин Яктинге «Мына көйлекті орнына апарып қой, көңілің жай тапсын. Бұдан кейін сен туралы айтылған жаман сөздерге сенбеймін» деді.

∙ Имам Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) сүйгендердің бірі былай айтып берген: «Халифа Мәһди Имам Мұса Казымды (радиаллаһу анһ) Бағдатқа алғаш рет шақырған болатын. Мұса Казым маған базардан жолға қажет болатын біраз нәрсе сатып алуымды бұйырды. Түріме қарап «Сені өте қайғылы және мұңды көрдім, не болды?» деп сұрады. Мен «Қалайша қайғыланбайын, залымның алдына бара жатырсыз. Соңы не болатыны белгісіз ғой» дедім. Маған «Еш қорықпа, пәлен айдың пәлен күнінде кері қайтамын. Кешкі уақытта мені күт» деді. Ай мен күндерді санап жүрдім. Айтқан күні келіп, күн батуына аз қалған еді. Келе жатқан ешкімді көре алмадым. Шайтан жаман ой салды. Көңілімде күмән пайда болуынан қорыққан едім. Қатты қиналдым. Сол кезде Ирак тарапынан жолда алыстан біреулердің келе жатқанын көрдім. Мұса Казым (радиаллаһу анһ) алдында қашырға мініп келе жатқан еді. Мені «Ей, пәленше» деп шақырды. «Тыңдап тұрмын, ей, Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ұрпағы, айта беріңіз» дедім. «Көңіліңе күмән келуіне аз қалды, солай ма?» деп сұрады. Мен «Иә, солай болды» дедім. «Әлхамдулиллаһ, ол залымнан аман-есен құтылдық. Мені тағы сонда апарады. Бірақ ол кезде құтыла алмаймын» деді».

∙ Бір адам былай айтып берді: «Мәдинаға ғибадат ету үшін келіп, бір үйді жалдап тұратын едім. Мұса Казымның (радиаллаһу анһ) сұхбатына қатысып жүрдім. Бір күні қатты жаңбыр жауды. Қалың шапанымды киіп, Мұса Казым хазреттің мәжілісіне бардым, сәлем бердім. Сәлеміме жауап берді де, маған «Ей, пәленше, үйің құлап, заттарыңның бәрін басып қалыпты» деді. Дереу үйге бардым, айтқанындай үй құлаған екен. Заттарымды астынан шығару үшін жұмысшы жалдадым. Бүкіл заттарымды шығарып берді. Тек құмғаным ғана шықпады. Таңертең Мұса Казымның (радиаллаһу анһ) алдына бардым. Менен «Жоғалған заттарың бар ма?» деп сұрады. «Дәрет алатын бір құмғаным ғана жоғалды» деп жауап бердім. Ол мүбәрәк басын иіп, біраздан соң басын көтерді. «Менің ойымша сен оны бір жерде ұмытқансың. Бар, үйіңдегі күңнен сұра. «Құмғанды сен алған едің, оны маған әкел» деп айт, әкеліп береді» деді. Үйге қайтып, күңге бардым. «Құмғанды әжетханада ұмытқан екенмін. Сен алған екенсің, соны маған әкел, дәрет алайын» дедім. Дереу әкеліп берді».

(Жалғасы бар...)

cid:image002.jpg@01D6F40A.DC6F4BA0

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages