Зүл-хиджа айының құндылығы

3 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 28, 2022, 11:42:53 PM6/28/22
to islam...@googlegroups.com

Зүл-хиджа айының құндылығы

Сұрақ: Зүл-хиджа айы туралы мәлімет бересіз бе?

Жауап: Құрбан айт болатын ай «Зүл-хиджа» деп аталады. Зүл-хиджа айының алғашқы күні 30 маусым, бейсенбі күні басталады.

Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде жасалатын ғибадаттардың қадірі мен маңызы өте жоғары. Бұл жөнінде хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Зүл-хиджаның алғашқы күндерінде тұтылған ораза – бір жыл ораза тұтуға, бір түнін ғибадатпен өткізу – Қадір түнін ғибадатпен өткізуге тең». (Ибн Мажа)

«Зүл-хиджа айының алғашқы 10 түнінде жасалған әрбір ғибадатқа 700 есе артық сауап жазылады». (Бәйһақи)

«Тәруия күні (арападан бір күн бұрын) ораза тұтып және күнә сөз сөйлемеген мұсылманды Аллаһу та’ала жұмаққа жібереді». (Рамуз)

«Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде  ораза тұтқан адам әр күніне адал мал-мүлкінен 100 құл азат еткен немесе Аллаһ жолындағы мүжаһидтерге 100 жылқы берген немесе қағбаға құрбандыққа шалуға 100 түйе жіберген адамның сауабын алады». (Р. Насихин)

«Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінің құндылығы мың күнге тең, ал арапа күні он мың күнге тең». (Бәйһақи)

«Аллаһтың алдында зүл-хиджаның алғашқы он күнінде жасалған ғибадаттардан асатын ізгілік жоқ. Бұл күндері тәсбихті (субханаллаһ), тахмидті (әлхамдулиллаһ), таһлилді (лә иләһә илләллаһ) және тәкбірді (Аллаһу әкбар) көп айтыңдар!». (Табарани)

Сахабалар «Йа, Расулаллаһ, бұл айдың алғашқы күндері жасалатын амалдар Аллаһ жолындағы жиһадтан да құнды ма?» дегендерінде пайғамбарымыз «Иә, жиһадтан да құнды болады. Бірақ жанын, малын аямай соғысқа барып шәһид болған адамның жиһады өте құнды болады» деп жауап берген. (Бұхари)

Хазреті Әбуддәрда былай деген:

«Зүл-хиджа айының алғашқы тоғыз күнінде ораза тұту, көп садақа беру керек және көп дұға мен истиғфар айту қажет! Өйткені, Расулуллаһ алейһиссалам «Бұл он күннің игілігі мен берекесінен мақұрым қалған адамға обал болсын» деді. Зүл-хиджаның алғашқы 9 күнінде ораза тұтқан адамның өмірі берекелі болады, мал-мүлкі көбейеді, бала-шағасы бәле-жаладан қорғалады, күнәлары кешіріледі, жақсылықтарына көп еселенген сауап беріледі, өлерінде оңай жан тапсырады, қабірі жарық болады. Жәннатта жоғары дәрежелерге жетеді». (Шира)

Әр аптада шаш, сақал, тырнақ алу сүннет болып табылады. Хазреті Ибн Абидин «Зүл-хиджа айының алғашқы он күнінде бұл сүннеттерді кешіктіру керек. «Құрбандық шалатын адам зүл-хиджа айы кіргенде шашын және тырнағын алмасын» деген хадис шәриф әмір (бұйрық) емес. Яғни бұл амалдарды құрбандық шалғанға дейін кешіктіру мүстаһаб (қосымша сауап) болып табылады» деген. Құрбандық шалатын адамның зүл-хиджа айының бірінші күнінен бастап құрбандық шалғанға дейін шашын, сақалын, мұртын және тырнағын алмауы мүстаһаб болады, бірақ уәжіп (міндетті) емес. Алған жағдайда күнә болмайды және құрбандығының сауабы азаймайды.

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages