Қош келдің, Рамазан!

4 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Feb 18, 2026, 12:51:48 AMFeb 18
to islam...@googlegroups.com

cid:image001.jpg@01DA7237.827C4180

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!

Қасиетті Рамазан айы да келіп қалды! Бүгін (18.02.2026) алғашқы тарауих намазы оқылады. Ертең (19.02.2026) оразаның алғашқы күні ұсталады. Барша мұсылмандарды қасиетті Рамазан айымен құттықтаймыз!

Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, бірақ ғайбат айтқан, өтірік сөйлеген, адамдарды ренжіткен, харамдардан сақтанбаған кісі Рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Мұқият болыңдар! Рамазан айындағы сауап пен күнә еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, Рамазанда оқылған Құран кәрімнің әрбір әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».

«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүминдерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».

«Егер құлдар Рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың Рамазан болуын қалайтын еді. Өйткені онда көп сауап бар».

«Рамазан айында бір күнә істеген адам екі азап алады. Рамазанда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады».

«Рамазан айының күні мен түнінде Құран кәрімнің бір аятын оқыған адамға әрбір әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі».

«Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу та’аланы құрметтеген болады».

«Аллаһу та’ала Рамазан айында күнә істемеген адамның он бір айлық күнәсін кешіреді».

«Рамазан айты күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: «Ей, мүминдер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, бұлардың марапатын алыңдар». Намаздан кейін бір періште былай дейді: «Біліңдер, ей мүминдер. Бүгін күмәнсіз сый тарату күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні».

 

Оразаның парыздары

Оразаның үш парызы бар:

1) Ниет ету,

2) Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау,

3) Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

 

Оразаға ниет

Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.

Рамазандағы оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «Аллаһ разылығы үшін ертең ораза тұтуға ниет еттім», имсактан кейін «Аллаһ разылығы үшін бүгін ораза тұтуға ниет еттім» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғандықтан зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразаға жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күніне жеке-жеке ниет ету парыз болып табылады.

Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ертенгі оразаға ниет етіп қою жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін ішіп-жеудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза тұту сахих болмайды.

 

Ауызашарда

Күн батқаны анық болғаннан кейін алдымен әузу-бисмиллә айтып: «Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазийя уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады«Ей, кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел барша мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны білдіреді. Артынша «Йа Раббым, Сен үшін ораза тұттым және Сенің берген ниғметтеріңмен оразамды ашқалы тұрмын. Мені, ата-анамды және барлық мұсылмандарды кешіре гөр» деп айтып, мүмкін болса құрмамен немесе сүт, яки сумен ауыз ашқан жақсы.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жегеннен соң «Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл ажр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды. Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы:

«Аштық біттіТамырларымыздың сумен қауышу уақыты келді. Иншааллаһ сауап жазылды».

 

Өз қалаңыздың ораза кестесін төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз, принтер арқылы шығарып алуыңызға да болады:

«Ораза кестесі»

 

Бұл кестеде көрсетілген «Имсак» уақыты – ауыз бекітетін уақыт. Яғни ораза тұтатын адам «Имсак» уақытына дейін аузын бекітуі тиіс. Және «Ақшам» уақыты – ауызашар уақыты. Яғни кестедегі «Имсак» пен «Ақшам» деген уақыттар арасында ораза тұтылады.

 

Оразаны бұзатын және бұзбайтын, яғни ораза ұстаған адамға істеуге болатын және болмайтын нәрселерді мына сілтемелер арқылы көре аласыз:

«Оразаны бұзатын нәрселер»

«Оразаны бұзбайтын нәрселер»

 

Оразаға қатысты басқа да сұрақтарыңыздың жауабын сайтымыздағы «Ораза» бөлімінен көре аласыз.

(Сілтемелерге кіру үшін мышкамен көк жазудың үстіне басыңыз).

cid:image002.jpg@01DA7237.827C4180

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz 

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages