Жұма мүбәрәк болсын!

24 views
Skip to first unread message

Islamdini.kz

unread,
Jun 4, 2026, 8:42:10 AMJun 4
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Аллаһ ризықтарға кепіл

Әзелде (басы жоқ ертеде) әр ризықтың үстіне кімдікі екені жазылып қойған. Бір адам Үндістанда, Ауғанстанда немесе Бағдатта болуы мүмкін. Аллаһу та'ала бізді жаратпай тұрып ризқымызды жаратты, сосын бізді жаратты. Сондықтан, жер бетіндегі ең ақымақ адам – ризқы үшін уайым жеген адам, өйткені ризықтың кепілі Аллаһу та'ала. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ризқың үшін уайымдама! Тағдыр етілген (маңдайыңа жазылған) ризқың сені табады» деп бұйырған.

Африкада адамдар аштықтан өлуде, басқа жерде көлік апатынан, тағы бір жерде зіл-заладан өлуде. Бұл жердегілерді өлтіретін аштық, құрғақшылық, апат, жер сілкінісі және сол сияқтылардың әрбірі бір себеп болып табылады. Ақиқатында ризқы біткен адам өледі. Ешкім ешкімнің ризқын жей алмайды, ешкім ризқын бітірмей өлмейді.

Исмаил Фақируллаһ хазрет бір жас шәкіртін бұлаққа су алып келуге жібереді. Бала жіберген жерге барады, бірақ ол жақта достары ойын ойнап жатқанын көреді. Қолындағы кесесін тастап балалармен ойнауға кіріседі. Арада екі сағаттай уақыт өткеннен кейін баланың есіне су апару керектігі түседі. Кесесін алып, су толтырып апарады. Бірақ келген кезде өзінен үлкен басқа шәкірттер «Сен қалай ұстазымызды сонша уақыт күттіріп қоясың» деп ұрып-соғады. У-шу болып жатқанда Фақируллаһ хазрет келіп қалып, не болғанын сұрайды. Балалар «Ұстазым, мына әдепсіз бала ойынға беріліп, суды екі сағатқа кешіктіріп әкелді. Сондықтан оған ұрсып жатыр едік» дейді. Сонда Фақируллаһ хазрет былай дейді:

«Балаға тиіспеңдер! Аллаһу та'ала әзелде барлық адамның ризқын бөліп, үстіне кімге тиесілі екенін жазып қойған. Бұл бала бұлаққа барған кезінде бізге тиесілі су әлі жолда еді, ол біздің ризқымызды күтті. Аллаһу та'ала бір ғафлет беріп, ұмыттырды. Біздің су бұлақтың аузына келген кезде есіне түсірді. Ол барған кезінде су толтыра алмайтын еді, өйткені ол ризық бізге тиесілі емес еді. Ешкім ешкімнің ризқын жей алмайды».

Барлық қайғылар, дерттер, қиыншылықтар, барлығы осы дүниеде қалады, ахиретке бармайды. Бірақ сүйіспеншілік, махаббат бізбен бірге ахиретке барады. Бір-біріне теріс екі нәрсе бір жерде бола алмайды. Дүние мен ахирет бір-бірінің терісі. Сондықтан нені таңдағанымызға, нені жақсы көргенімізге мұқият болуымыз керек. Нәсібі бар, ақылы бар адам әлбетте ахиретті таңдайды, дініміздің әмірлері мен тыйымдарына сүйіспеншілікпен мойынсұнады. Осы сүйіспеншіліктің арқасында бұл дүниеден иманмен кетеді, жәннаттың мәңгілік ниғметтеріне бөленеді.

Бұл діннің негізіешкімді ренжітпеу және барлық мұсылманмен жақсы мәміледе болу. Екі мұсылманның арасында төрешілік етіп, «Сенікі дұрыс, ал сенікі дұрыс емес» деп айта салу оңай, бірақ бұл жақсы қылық емес. Өйткені «сенікі дұрыс емес» деп айтылған мұсылманның көңілі ренжиді, аты өтірікшіге, жаманға шығады.  Мұсылман адам мұсылман бауырына мұндай нәрсе істей алмайды. Ең абзалыуәжі дұрыс емес болғанына керек болса өз мүлкінен беріп, бұл екі мұсылманның арасын татуластыру.

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdini_kz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 11, 2026, 8:13:55 AMJun 11
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Дұғаның қабыл болуы...

Халал табыс таба алу үшін алдымен ненің халал, ненің харам екенін біліп алу керек. Халал мен харам анық көрсетілген. Осы екеуінің арасындағы күмәнді нәрселерді білу болса өте қиын. Күмәнді нәрселерден тыйылмаған адам харамға түседі. «Мүмин» сүресінің 52-аятында: «Ей, пайғамбарым! Халал және таза нәрсе жеңдер және маған лайықты түрде ғибадат жасаңдар!» деп бұйырылған. Сондықтан пайғамбарымыз: «Халалдан табыс табу – әр мұсылманға парыз» деген.

Тағы бір хадис шәрифте: «Кімде-кім еш харам араластырмай қырық күн халал азық жесе, Аллаһу та'ала ол адамның көңілін нұрмен толтырады. Көңіліне (жүрегіне) өзендердей хикмет ағызады. Дүниеге деген сүйіспеншілікті көңілінен шығарады» делінген. Дүниелік табысқа жету үшін жұмыс істеу күнә емес. Дүниеге деген сүйіспеншілік, яғни дүниеге көңілмен байлану күнә болып табылады. Бір күні Сад бин Әби Уаққас хазрет пайғамбарымызға:

- Йа, Расулаллаһ! Аллаһу та'ала менің барлық дұғамды қабыл етсін деп дұға етіңізші, – дегенінде Расулуллаһ алейһиссалам:

- Дұғаларың қабыл болуы үшін халал азық жеңдер! – деп жауап береді.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жегені мен кигені харам болған көп адамдар бар. Сол адамдар қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болсын?».

«Харам жегендердің парыздары да, сүннеттері де қабыл болмайды».

«Он дирхам (күміс теңге) тұратын киімнің бір дирхамы харам болса, ол киіммен оқылған намаздар қабыл болмайды».

«Хараммен азықтанған дене отта жақсы жанады».

«Мүлкінің харамнан немесе халалдан келгенін ойламайтындар тозақтың қай жерінен тасталса да Аллаһу та'ала оларға жанашырлық танытпайды».

«Ғибадат он бөліктен тұрады, оның тоғыз бөлігі – халалдан табыс табу».

«Халалдан табыс табу үшін шаршап үйіне қайтқан адам күнәсіз болып төсегіне жатады. Аллаһу та'аланың сүйіктісі болып тұрады».

«Аллаһу та'ала былай деген: Харамнан сақтанатындардан есеп сұрауға ұяламын».

«Бір дирхам өсім алу және беру – отыз зинадан да артық күнә».

«Харам мүліктен берілген садақа қабыл болмайды. Егер сақтап қойса, тозаққа барғанша оған жолдас болады».

Бір күні хазреті Әбу Бәкір қызметшісі әкеліп берген сүтті ішеді, сосын ол сүттің халалдан емес екенін біліп саусағын тамағына салып, құсып, шығарып тастайды. Қиналып шығарғаны сонша, қасындағылар оны өледі деп ойлайды. Сосын: «Йа, Раббым! Қолымнан келгенін істедім. Асқазаным мен тамырларымда қалып қойған бөлшектерінен саған сиынамын!» деп жалбарынады. Хазреті Омар да Бәйт-үл-малдағы (мемлекет қазынасы) зекет түйелерінің сүтін қателікпен ішіп қойған кезінде дәл осылай жасаған. Абдуллаһ бин Омар хазрет: «Бүкір болғанша намаз оқысаңдар, қылдай болғанға дейін ораза тұтсаңдар, харамнан сақтанбайынша қабыл етілмейді, пайдасы болмайды» деген. Суфян Сәури хазрет былай дейді:

«Харам ақшамен садақа берген, мешіт салдырған, жақсылық істеген адам кір киімді зәрмен жуған адамға ұқсайды. Киімі одан сайын кірлейді». Сәһл бин Абдуллаһ Тустәри хазрет: «Харам жегендердің жеті ағзасы ол адам қаласа да, қаламаса да күнә істейді. Халал жегендердің ағзасы ғибадат етеді. Ол адамға жақсылық жасау оңай әрі ләззатты болады» дейді.

Халал жолмен табыс табудың маңызын көрсететін көптеген хадис шәрифтер және дін ғұламаларының сөздері бар. Сондықтан тақуа адамдар харамнан аса тыйылған. Олардың бірі Уаһһаб бин Уәрд хазрет. Қайдан келгенін біліп алмай ештеңе жемейтін еді. Бір күні анасы оған бір шыны сүт береді. Сүтті қайдан алғанын, ақшасын қалай тауып төлегенін және кімнен алғанын сұрайды. Барлығын тыңдаған соң бұл сүт сауылған қой қайда қоректенгенін сұрайды. Мұсылмандардың ақысы өткен бір жерде қоректенгенін біліп сүтті ішпейді. Анасы:

- Ұлым! Аллаһ саған рахмет етсін, іше бер! – дейді.

- Аллаһтың рахметіне күнә істеу арқылы қауышқым келмейді, – деп сүтті ішпейді.

Бишри Хафи хазреттен: «Не жеп, қайда күн көріп жүрсің?» деп сұралғанда: «Барлығының жеп жүрген жерінен жеп жүрмін. Бірақ, жеп күлген мен жеп жылағанның арасында көп айырмашылық бар» деді.

Қорыта айтқанда, ғибадаттар мен жасалған дұғалардың қабыл болуы үшін ауызға кіріп-шыққан нәрселерге аса мән беру керек. Яхия бин Муаз хазреттің айтқанындай:

«Аллаһу та'алаға мойынсұну қазынаға ұқсайды. Бұл қазынаның кілті – дұға, бұл кілттің тістері – халал азық».

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: C:\Users\Aueskhan\Desktop\image002.jpg

www.islamdini.kz

Сайтқа енгізілген жаңалықтарды, сұрақтарға берiлген жауаптарды және дiни мерекелерде кұттықтау хаттарды мүшелерiмiзге жiберiп тұрамыз. Дiни сұрақтар үшiн және сайтқа мүше болу үшiн мына адреске хат жолдасаңыз болады: in...@islamdini.kz

Егер e-mail адресiңiз сiздiң хабарыңыз болмай бұл сайтқа тiркелген болса немесе сайттан хат алуды тоқтатқыңыз келсе, мына адреске бос хат жолдаңыз: islamdinikz...@googlegroups.com

 

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 19, 2026, 1:24:47 AMJun 19
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Ол мені көрді

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Тозақтан құтылуды, яғни дұрыс мұсылман болуды не пенденің өзі таңдайды, дұға етеді, сұрайды, не Аллаһу та'ала сый ретінде беріп таңдайды. Құтылудың басқа жолы жоқ. Яғни Аллаһу та'ала хидаятты (дұрыс жолды) не әділетпен береді, не сый ретінде береді.

Бір кісі қолдарын жайып «Йа, Раббым, маған хидаят бер, мен дінімді дұрыс үйренгім келеді, мені қате жолдардан қорға!» деп дұға етсе, Аллаһу та'ала бұл құлын құтқаратыны нақты. Оның алдына сүйікті бір құлын немесе осындай бір әулиені жақсы көретін, оны танитын, кітаптарын оқитын бір шәкіртін кездестіреді, осылайша оны құтқарады. Бір адамның құтылуы үшін міндетті түрде жол көрсетушіге қажеттілігі бар. Басқаша құтылуы мүмкін емес. Әділетпен құтылу дегеніміз осы.

Кейбір адамдар бар, осылай дұға етуді мүлдем ойламаған болса да, өмірін қалыпты сүріп жатқан болса да, Аллаһу та'ала оны не жомарттығынан, не жақсы бір мінезі үшін, яки бір мұсылманның дұғасын алғаны үшін таңдап, хидаятқа қауыштырады. Ал кейбірлерін ешбір еңбексіз, себепсіз таңдайды. Яғни осылай таңдалғандар жерден көкке дейін жақсылық жасаса да, бұл ниғметтің шүкірін өтей алмас еді. Бұл Аллаһу та'аланың қайтарымсыз сыйы, ихсаны. Силсила-и алийа ғұламаларын жақсы көріп, олардың жолында болғандар осындай.

Жүнәйд Бағдади хазрет теңіздің жағалауында қолын жемге толтырып алған бір Мәжусиді (отқа табынатын адамды) балықтарға жем беріп жатқанын байқайды, одан былай сұрайды:

- Сен не істеп жатырсың?

- Балықтарға жем беріп жатырмын, сауабын аламын.

- Жақсы, бірақ сенің сауап алуың үшін алдымен калима-и шаһадат айтып мұсылман болуың, Аллаһқа және расулына иман келтіруің керек. Мұсылман болмаған адам жақсылық жасаумен сауап ала алмайды.

- Менің осы балықтарға жем беріп жатқанымды сен айтып жатқан Аллаһың көріп тұр ма?

- Әрине көріп тұр, Ол білмейтін, көрмейтін ештеңе жоқ.

- Олай болса, маған осының өзі жетеді.

Бірнеше жылдан кейін Жүнәйд Бағдади хазрет қажылыққа барады. Балықтарға жем беріп отырған адамның тауаф жасап жатқанын көреді. Одан «Бұл жерде не жұмысың бар?» деп сұрағанында, ол адам күлімдеп: «Көрді, көрді, ей Жүнәйд, Ол мені көрді» дейді. «Қалай көрді?» деген сұрағына былай жауап береді:

- Сен кеткеннен кейін ішімде бір нұр жарқырай бастады, қарасам, балықтардың бәрі калима-и шаһадат айтып жатты, мен де калима-и шаһадат айта бастадым. Раббымыз мені көрді, Ол көргендіктен мен осында келдім. Саған айтар бір насихатым бар: Ей, Жүнәйд, жақсылық жаса, теңізге таста, балық көрмесе де Халиқ (жаратқан) көреді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jun 26, 2026, 3:48:03 AMJun 26
to islam...@googlegroups.com

Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: Описание: cid:image001.jpg@01D159ED.A8AE4710

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Бүкіл аурулардың бастамасы жүйке жүйесінен. Өйткені барлық мүшелерді жұмыс істететін – жүйке жүйесі. Жүйке жүйесі де дененің басқарушысы болған жүрекке бағынышты. Олай болса, жүйке жүйесінің дұрыс, ретті жұмыс істеуі үшін жүректің шаттықта болуы керек. Аллаһу та'ала Құран кәрімде «Жүректеріңнің шипа табуын, шаттыққа бөленуін қаласаңдар, мені зікір етіңдер, Аллаһ деп айтыңдар» деген. Осы тұрғыдан жүйке ауруларының ең жақсы дәрісі – Аллаһ деп айту, яғни Оны еске алу.

Екі түрлі шипа бар: бірі нақты, екіншісі күмәнді. Нақты болған, яғни ем болу ықтималы 100% болған дәрі – Құран кәрім. Шынында Құран кәрімде «Бұл Құран – шипа» делінеді. Жазылуға үміт беретін екінші емделу жолы – біз білетін медицинадағы дәрілер. Олардың арасында да нақты ем болатындары бар.

Сүйікті пайғамбарымыз кейде тек медициналық дәрілер қолданатын еді. Кейде тек Құран кәрімдегі аяти карималардан пайдаланатын еді. Кейде екеуін де бірге қолданатын еді.

Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет: «Құран кәрімнің әрбір әрпінде жүз мың дертке жүз мың шипа бар» деген. Яғни бір адам арабша «әлиф» әрпін жазып, суға салып ішсе, шипа табады. Ал Бисмиллаһты жазса нәтижесі не болмақ?

Хазреті Омардың халифалық заманында бір адам келіп: «Ей, Әмир-ул мү'минин, бас ауруынан өліп бара жатырмын» деп хал-жағдайын айтады. Хазреті Омар ішке кіріп кетеді. Бір қағазға бір жазу жазып, қағазды бүктейді де: «Мұны шашыңның арасына қой. Абайла, басыңнан түсіп қалмасын. Бірақ қағазды мүлдем ашпа!» дейді. Басы аурып жатқан адам ашпайтынына сөз береді.

Әлгі адам қай кезде қағазды басына қойса, ауру тоқтайтын болады. Бірақ алған кезде қайтадан ауру басталады. Бұл жағдай ұзақ уақыт бойы жалғасады. Ақыр соңында бір күні жаман ой келе бастайды, өз-өзіне: «Басыма қойсам ауру тоқтайды, алсам, басым қатты ауырады, бұл қандай зат екен?» дейді. Айналада ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, қағазды ашады, хазреті Омардың тек «Бисмиллаһ» сөзін жазғанын көреді. Алайда қағазды ашу арқылы берген сөзін бұзғандықтан, бұдан былай ол қағаздың пайдасын көре алмайтын болады. Сондықтан, хикметін түсінбесек те, ғалымдардың насихаттарына бағыну керек.

Нәтижеде, Құран кәрім – абсолюттік шипа. Бірақ мұны пайдалану үйренуге емес, еш күмәнданбастан сенуге байланысты.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 3, 2026, 1:59:37 AMJul 3
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ең құнды ғибадат – намаз. Өйткені намаз Аллаһу та'аланы күнде еске түсіретін зікір. Зікір – еске алу, ойлау деген сөз. Бес уақыт намаз тек бес рет қана еске түсірмейді. «Намазға қанша уақыт қалды, әлі бір сағат бар, әлі жарты сағат бар, он минут қалды, дәрет алайын» сияқты ойлар арқылы Аллаһу та'ала күніне бес рет, бірақ әрбірінде бірнеше рет еске алынған, зікір етілген болады. Осылайша намаз Оны зікір етуге себеп болуда.

Жүректің (көңілдің) емі – зікір. Аллаһқа деген сүйіспеншілік Аллаһты зікір ететін жүректерге орналасады. Бұған себеп болатын – намаз. Намаздың ғибадаттар арасында ең құнды болуы осы себептен. Аллаһты зікір еткен жүректерден дүниеге деген сүйіспеншілік шығады. Дүниелікке деген сүйіспеншілік жүректен шыққан кезде Аллаһқа деген сүйіспеншілік өздігінен келеді. Дүниелікке деген сүйіспеншіліктің шығуы үшін Аллаһу та'аланың есімін көп айту, Оны еске алу керек немесе бір мүршиди кәмілді жақсы көру керек. Мүршиди кәміл басқа мемлекетте болса да, қайтыс болып кетсе де, фәйз береді. Осындай бір мүршиди кәмілді, мысалы Имам Раббани хазрет, Сәйид Абдулхаким Арваси хазрет сияқты Силсилә-и алия ғалымдарының бірін қатты жақсы көру керек. Ал оларды жақсы көру үшін олардың кітаптарын күнде аздап болса да оқу керек. Оқыған кезде оларға деген сүйіспеншілік жүрекке орналасады.

Нәпіс – Аллаһтың дұшпаны. Әр адамның ең үлкен дұшпаны – өзінің нәпсі. Нәфси әммара (тәрбие көрмеген нәпіс) өлмеу керек. Өйткені оның да пайдасы тиеді. Нәпіске қарсы жасалған жиһадты жеңген адам періштелерден жоғары болады. Сондықтан нәпіс өлмеу керек, тәрбиелену керек, әлсіреу керек. Әлсіреген кезде ол адамды алдай алмайды. Нәпісті әлсірету ғибадат жасау арқылы жүзеге асады. Нәпістің ең үлкен дұшпаны – ғибадат. Аллаһу та'ала мұсылмандарды қатты жақсы көргендіктен, намаз оқуды әмір етті. Намаз оқу – Аллаһу та'аланың сондай мейірімі, әр намазда нәпіс қор болады, әлсірейді, адамның жүрегін алдай алмайтындай болады. Осылайша адам нәпсінің зиянынан құтылады.

Ғибадаттардың қабыл болуы үшін Аллаһ үшін орындау, ал сахих болуы үшін шарттарына сай орындау керек. Мысалы намаздың сахих болуы үшін алдымен ғұсыл мен дәреттің сахих болуы керек. Дәрет қате алынған болса, намаз да қате болады. Осы тұрғыдан әуелі ғибадаттардың шарттарын үйреніп, соған сай орындау керек. Қабыл болуы үшін, яғни уәде етілген үлкен сауапқа қауыша алу үшін ықыласпен, яғни тек Аллаһ үшін орындау керек.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 9, 2026, 7:32:17 AMJul 9
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам «Кімде-кім Аллаһтың алдында қарапайымдылық, кішіпейілділік танытса, Аллаһу та’ала оны көтереді» деген. Кімде-кім өзін елге жоғары көрсеткісі келсе, оны тек өзі ғана жоғары деп санайды, ал басқалардың көзіне шаруасы біткен, еш құрметі қалмаған болып көрінеді. Бәрі оны мазақ қылады.

Муинуддин Чәшти хазрет «Бір адамның ішіне бастық болу, бұйрық беру арманы түскен болса, алдымен ғибадатына, содан кейін ықыласына зиян тиеді» деген. Яғни мансапқұмар болу, басшы болу арманының кесірінен ғибадаттарын және ықыласын жоғалтады. Осы себептен, мән беріп қарайтын болсақ, намаз оқитындардың мансаптары жоғарылаған сайын, ақырын-ақырын намаздары және ықыластары жоғала бастайды. Ғибадат етсе де, бұдан былай орындағандары шынайы ғибадат болмайды, себебі әлдеқашан жүрегіне бұларды жойып жіберетін микроп түсіп үлгерген. Солай жалғаса беретін болса, белгілі бір мансаптарға көтерілген кезде намазы да, дұғасы да қалмайды. Бұл өте қауіпті нәрсе.

Ибн Сәммак хазрет «Мансап, абырой құштарлығына берілгендер перғауынға ұқсайды. Перғауын мансабымнан айырылып қаламын деген уайыммен иман келтірмеген» деді. Яғни бұйрық беру, бастық болу, атақ-даңқ, мансап, абырой иесі болу арманы кімнің жүрегіне ұяласа, ол адам перғауын сипатында болыпты деген сөз. Өйткені перғауын мансабынан, атақ-даңқынан айрыламын деп иман келтірмеді. Гераклиус та осындай болған. Қол астындағыларға мұсылман болатындығын айтты, бірақ билік қолынан шығып кететіндігін байқады. «Мен сендерді сынайын деп айтқан едім, мұсылман болмадым» деді. Осылайша алдымен иман келтірді, кейіннен мүртәд болып діннен шықты. Сондықтан, Әһли сүннет ғалымдарының жолында дініміз үшін жасаған қызметтеріміз қаншалықты артса да, біз де соншалықты кішіпейілдік танытуымыз керек. Шәкірттік міндеттердің біріншісі әдеп, екіншісі қарапайымдылық. Хусейн бин Саид хазрет өзінің шәкірттеріне қатысты «Шәкірттеріміздің ешбірі тәкәппар бола алмайды, егер тәкәппар болса, ол онсыз да біздің шәкіртіміз емес» деген еді. Ал әдеп – жолдың негізі. Адамдар Нақшибәнди хазреттен «Ұстаз, жолыңыздың негізі, басы не?» деп сұраған еді. «Әдеп» деп жауап берді. «Ортасы ше?» деген сұраққа тағы да «Әдеп» деді. «Ал соңы не?» дегенде «Әдеп, өйткені ешбір әдепсіз адам Аллаһтың разылығына қол жеткізе алмайды, Аллаһтың досы, әулиесі бола алмайды» деп жауап берді.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 16, 2026, 6:56:34 AMJul 16
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ауру – Аллаһу та’аланың мойынға салатын арқаны, ал кедейлік болса – зынданы. Мұның екеуін де сүйіктілеріне береді» деген. Кейбір әулиелер аурудың ауыртпалығына шыдай алмаған, шарасыз қалған кездерінде «Ирхам йа Рабби – Маған мейірімділік ет, йа Раббым» деп Аллаһу та’алаға сыйынатын еді. Мұсылмандар да осылай істеу керек. «Мен қайғылы, көңілі ренжулі адамдардың қасындамын» деген хадис құдси «Аурулардың, дерттілердің, қарыздар адамдардың дұғасын қабыл етемін» деген сөз. Көңілі ренжулі адамдардан дұға алуға тырысу керек.

Бұйрық бергендей «Маған дұға ет!» деп қинап дұға еткізу дұрыс болмайды. Сондай бір әрекет жасау керек, бізге дұға етуі ол адамның ішінен шықсын. Бірақ бұлай дұға алу оңай емес. Алайда қабыл болатыны, дұрысы осы.

Убайдуллаһ Ахрар хазрет әр кездескен адамынан дұға алатын еді. Бір күні базардан қажетті заттарын алып жатқанда сатушының дұғасын алмастан ауылына қайтты. Сөйтіп қайтадан сол кісінің жанына барып, одан дұға сұрауды ұмытқандығы үшін кері қайтқандығын айтқанда, әлгі кісі қолдарын жайып: «Йа Раббым, бұл адамның көңіл көзін аш!» деп дұға етті. Убәйдуллаһ Ахрар хазрет сол дәрежесіне міне осы дұға арқылы жетті.

Көпшіліктің сүйіктісі, құрметтісі болған атақты бір адам бір әулиені зиярат етіп келеді. Сұхбаттасып отырғанда ол адам: «Мырзам, бұл қалай болғаны? Мен атақ-даңқы, мансабы қанша жоғары болса да басқаларды бұлай құрметтемеймін, бірақ сіздің есіміңіз аталғанның өзінде құрметтеймін және ішімнен сізге деген сүйіспеншілік келеді» деп сұрайды. Әулие кісі ананың дұғасын алудың маңызын айтып беріп, былай дейді:

«Алты жасымда ілім үйрене бастадым. Анам қайтыс болған күнге дейін бір рет болса да қолын сүйместен үйден шықпадым. Бір күні автобусқа кешігіп жатқан едім. Асығыспен үйден шықтым, жарты жолда анамның қолын сүймегендігім есіме түсті. Дереу кері қайттым. Үйге келгенімде анам: «Не боп қалды, бір нәрсе ұмыттың ба?» деп сұрады. «Иә, өте маңызды бір нәрсе ұмыттым. Қолыңызды сүюді ұмытыппын» дедім. Бұған анам: «Сен жындысың ба, балам, автобус кетіп қалды ғой» деді. Мен: «Кетсе кете берсін, қолыңызды сүйейін» дедім. Анам қолындағы кілтті жерге тастап, қолын жайып «Йа Раббым, мен балама разымын, сен де разы бол!» деп көз жасымен дұға етті. Міне осы дұғаның арқасында көптеген ниғметтерге кенелдім».

Бұл өмірден өткен адамдарымызды да ұмытпау керек. Сүйікті пайғамбарымыз: «Өлген адамның мазардағы жағдайы «көмектесіңдер» деп айқайлаған, теңізге құлап түскен адамның жағдайына ұқсайды. Батайын деп тұрған адам өзін құтқаратын адамды күткеніндей, өлген адам да әкесінен, анасынан, бауырларынан, достарынан келетін дұғаға үміттенеді» деген. Ең болмағанда «Фатиха» сүресін оқу керек. Егер біз өткендерімізге оқысақ, бізден кейінгілер де бізге оқиды.

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 23, 2026, 8:05:52 AMJul 23
to islam...@googlegroups.com

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Мұсылманға бұл дүние – қиыншылық жері. Рахатқа бөлену орны – ахирет. Әрі дүниеде, әрі ахиретте рахаттық болмайды. Сондықтан, қиыншылықтарға қарсылық білдірместен, төтеп бере алу керек. Бүкіл мәселе – бұл дүниеде жолаушы екенімізді ұмытпау. Өлімді ұмыту, тәубе-истиғфар жасамау – пәлекет.

Мұсылманның бір мақсаты болу керек. Мақсатсыз өмір сүретін адам күйзеліске түседі. Ислам дініне сенген, Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарына бағынған және үлкен ғұламалардың кітаптарын оқып, соған сай өмір сүруге тырысқан адам күйзеліске түспейді. Өйткені Ислам дінінде барлық қиыншылықтардың шарасы бар. Яғни Ислам дінінде шарасыздық деген нәрсе жоқ. Сондықтан күйзеліс те болмайды.

Жомарт болу дегеніміз – дүниелікке берілмеу деген сөз, бұл да дініміздің нышаны болып табылады. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Мұсылманның екі белгісі бар: жомарт және күлімдеген жылы жүзді болу. Кәпірдің де екі белгісі бар: сараң болу және қабағын асып жүру» деген.

Адам кімнен жақсылық көрсе, оны жақсы көре бастайды. Жақсылық көрген адамының құлы болады.

Бір әулие кісінің үйіне ұры түседі. Ұры үйдің ішін қанша ақтарса да, ұрлауға жарайтын ештеңе таба алмайды. Қайғыға түсіп, не істерін білмей тұрғанында, ұрының артынан әулие келіп «Асықпа» дейді. Ұры сасып қалады. Әулие «Таңертең көршілер түрлі тағамдар, азық-түлік алып келеді. Өзіңмен бірге жейміз. Ақша да алып келеді, оларды саған беремін, бірақ бір шартым бар, таңға дейін менің айтқандарымды істейсің» деп айтады. Сонда ұры «Не істеуім керек?» деп сұрайды. Бұған «Дәрет ал, бірге намаз оқимыз» деп жауаптайды. Ұры «Жарайды, алайда мен намаз оқуды білмеймін, өйткені өмірімде намаз оқып көрген емеспін» дейді. Әулие оған «Сен менің істегендерімді қайтала, соның өзі жеткілікті» дейді.

Осылайша таң атады. Көршілер таңғы ас алып келеді. Әулие кісі ұрыға «Ал кел, таңғы асымызды жейік» деп шақырады. Аш ұрының қарны тояды. Содан кейін бір атты кісі келіп, атынан түспестен алыстан айқайлап шақырады да, бір әмиян алтын лақтырады, «Ата, мынау сізге!» деп кетіп қалады. Ішінен дәл 250 дана алтын шығады. Әулие кісі мұны ұрыға беріп «Мә, бұл алтындар сенікі! Саған сөз бердім, ала ғой» дейді. Ұры таң қалумен қатар сасып қарап қалады да, әулиеге:

«Мен ұрымын, бірақ сіз менен асқан ұры екенсіз! Сіз менің жүрегімді ұрладыңыз. Бұдан былай бұл жерден ешқайда кетпеймін. Осында қалып, сізге қызмет етемін» дейді.

Осылайша әулиеге шәкірт болумен қадірленеді. Әулиелермен қандай да бір байланыс құрған адам олардан пайда көреді.  

image001.jpg
image002.jpg

Islamdini.kz

unread,
Jul 30, 2026, 7:14:22 AMJul 30
to islam...@googlegroups.com

Достықты тәрк ету

Хиджр – достықты тәрк ету, араздасу, ренжісу деген сөз. Мұсылманның дін бауырына ренжіп, ашуланып үш күннен көп араздасуы харам болып табылады. Мұсылмандар исламға мойынсұнбаса оларға араздау, мұсылмандық міндетіне шақыру парыз. Хадис шәрифте: «Мұсылманның мұсылманға үш күннен артық хиджр етуі, араздауы халал болмайды. Үш түннен кейін оған барып сәлем беруі уәжіп болады. Сәлеміне жауап берсе ортақ сауапқа ие болады. Жауап бермесе күнәсі оған болады» делінген.

Ерлердің де, әйелдердің де дүниелік іс үшін мұсылманның мұсылманға араздауы, яғни оны тәрк етуі, онымен байланысын үзуі жаиз емес. Мұсылман еместерге де дүниелік істер үшін араздау жаиз емес. Жылы жүзбен, жылы сөзбенен олардың да көңілдерін табу керек, ренжітпеу керек, кісілік ақыларына мән беру керек.

Бір күні Мәулана Жәлаладдин Руми хазреттерінің алдына бір-бірлеріне ренжулі екі адам алып келінеді. Хазреті Мәулана олардың татуласулары керектігін айтқаннан кейін былай дейді:

«Аллаһу та'ала кейбір адамдарды су сияқты таза, қарапайым, әрдайым төменге қарай ағатын және жұмсақ мінезді етіп, ал кейбіреулерді топырақ, тас сияқты қатты, қатаң етіп жаратты. Су топыраққа араласады, жемістердің өсіп-өнуін, жандылардың өмір сүрулерін қамтамасыз етеді. Сол сулардан рух пен денелерге азық дайындалып, пайдаларына жарайды. Су топыраққа бармаса, су мен топырақтан керегінше пайдаланыла алмайды. Ей, Нурәддин! Мына досың топырақ сияқты болып орнынан тұрмаса, татуласпаса сен су сияқты қарапайым болып, онымен татулас. Бір-бірімен ренжіскен адамның қайбірі екіншісінен бұрын татуласса, жаннатқа одан бұрын кіретінін барлығы біледі. Ол көбірек сауапқа ие болады. Нәтижесінде бұл татулықтан екеуің де пайда тапқан боласыңдар».

Мәулана Жәлаладдини Руми хазретті тыңдап отырған бір-бірімен араздаулы екі кісі, көбірек сауапқа ие болу үшін дереу бір-бірімен татуласады...

Араздасқан адамдардың үш күн толмай тұрып татуласқаны дұрыс. Қиын болмасын деп үш күн рұқсат берілген. Үш күн өткеннен кейін күнә жазыла бастайды және күн өткен сайын ол күнә арта береді. Күнәнің артуы татуласқанға дейін жалғасады. Үш күннен артық араздаған адам шапағат етілмесе, яғни кешірілмесе жаһаннамда азап көреді. Хадис шәрифте: «Саған араздаған адамға барып татулас! Зұлымдық жасағанды кешір. Жамандық жасағанға жақсылық жаса!» деп бұйырылған.

Күнә істеген адамға оған насихат ретінде сабақ болсын деп араздау рұқсат, тіпті мүстаһаб болады. Аллаһу та'ала үшін араздаған болады. Хадис шәрифте: «Амалдардың, ғибадаттардың ең құндысы – хубби филлаһ және буғди филлаһ» делінген.

Дауд алейһиссаламның алдына бір-біріне шағымданып екі адам келеді. Дауд алейһиссалам оларды тыңдап, мәселелерін шешіп, кетіп бара жатқанда Әзрейіл алейһиссалам келіп:

- Бұл екі адамның біріншісінің ажалына бір апта қалды. Екіншісінің өмірі бір апта бұрын біткен еді, бірақ өлмеді, - деді. Дауд алейһиссалам таң қалып себебін сұрағанда:

- Екіншісінің бір туысы бар еді. Ол бұған араздаған еді. Бұл оған барып көңілін аулады. Осыған орай оған Аллаһу та'ала тағы жиырма жыл өмір қосты, - деді.

Пайғамбарымыз алейһиссалам хазреті Әлиге былай деген: «Йа Әли! Жәбрейіл алейһиссалам, “Адам баласы болып жеті нәрсені істесем ғой” деп армандаған. “Бес уақыт намазды жамағатпен оқу, ғұламалармен бірге отыру, науқастардың көңілін сұру, жаназа намазын оқу, елге су тарату, араздағандарды татуластыру, жетімдерге мейірім ету.” Йа Әли, сен де осыларды істеуге тырыс».

Ата-и Хорасани хазрет былай деген:

«Бір шақырым алыста болса да барып науқастанған бауырыңның көңілін сұра. Екі шақырым алыста болса да барып, ренжіскен екі бауырыңды татуластыр. Үш шақырым алыста болса да барып, Аллаһу та'аланың разылығы үшін жақсы көретін бауырыңды қал-жағдайын сұра».

Қорыта айтқанда араздамау, ренжіспеу, ұрыспау керек. Достықты тәрк етпеу керек және араздағандарды татуластыруға тырысу керек. Мұса алейһиссалам Аллаһу та'аладан:

- Йа Раббым! Ренжіскен екі адамды татуластырған және сенің разылығыңды алу үшін зұлымдық жасамаған адамға қандай сауап бересің, - деп сұрағанда, Аллаһу та'ала: «Қиямет күні оларға сәлемет беріп, қорыққан нәрселерінен амандықта қыламын, үміт еткен нәрселеріне қауыштырамын» деген. 

image001.jpg
image002.jpg
Reply all
Reply to author
Forward
0 new messages